Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65

 

Әдебиеттер 

 

1. Жаримбетова Г.  Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. № 9, 

2008 ж. 3-4 б. 

2. Игембекова  Р.Е. Жобаны орындау әдістемесі. № 6, 2006 ж. 10-11  



184 

 

3. Жолдасов Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, 



№5, 2007. 

 

 

Идришева Жанат Кабылбековна, техн.ғ.к.,  аға оқытушы, «Өрлеу» БАҰО» 

АҚ филиалы, ШҚО бойынша ПҚ БАИ  

  

ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мектептегі  білім  беруді  және  жаңа  педагогикалық  технологияларды  оқыту 

үдерістеріне  енгізді  реформалау  оқущылардың  зияткерлік,  творчестволық  және 

адамгершілікке  тәрбиелеудің  ең  маңызды  жағдайлары  деп  қарастыруға  болады. 

Өйткені педагогикалық үдерістің, яғни оқытудың терең ұғымының мәні дамудың 

негізі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  жаңа  педагогикалық  технологияның  бірі  - 

жобалық  әдістемені  тиімді  қолдану  мен  оны  енгізу  мектептің  алдында  тұрған 

мәселе болып табылады [1].  

Жобалық  әдістеме  еселі  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды  компонент, 

сонымен  бірге  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  бөлек  және  дәстүрлі  емес 

тәсілдерін  қолдана  отырып,  тұлғалық-болжамды  амалдарды  жүзеге  асыруға 

бағытталған іс-әрекеттің белсенді тәсілдері болып табылады. 

Жобалық  әдістеме  жаңа  педагогикалық  тұлғалық-болжамды  технология 

ретінде  білім  беруде  гуманистік  көзқарастың  төмендегі  қағидаларын  бейнелейді 

[2]:  

- адамның тұлға ретінде, жеке адам даралығына ерекше назар аудару;  



- оқушылардың творчестолық ойлауын саналы түрде дамуын бағдарлаудағы 

айқындылық. 

Осы  технологиядағы  қызықтыратын,  сонымен  бірге  жобалау  әдісінің 

заманауи түсінігінің негізгі қысқа желісі «мен танып білетін, мен білетін, маған не 

үшін қажетті және барлық білімімді қайда қолдануға болады» деген сұраққа жауап 

алу болып табылады.  

Мектептегі  білім  беру  жүйесінің  өзгеруі  мен  жобалық  оқытудың 

дидактикалық құрылымы білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технология 

ретінде  жобалық  әдістеменің  мектептердегі  енуіне  себепкер  болды.  Соның 

нәтижесінде  соңғы  бес  жыл  көлемінде  мектеп  оқушыларының  ғылыми 

жобаларына  ғылыми  жетекші  ретінде  көмегімді  көрсетіп  келемін.  Осы  бағытта 

жұмыс  істегеннен  соң  оқу  үдерісінде  жобалық  технологияны  қолдану 

төмендегідей маңызды дидактикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:   

- мектептерде білім беру кезінде сабақтар оқушының белгілі бір білімдерді, 

шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырып қана қоймайды, оның сезіміне әсер 

ете  отырып,  практикалық  іс-әрекетке  әкеледі  де,  соның  нәтижесінде  оқушының 

уәжі артады;  

-  берілген  тақырып  бойынша  оқушылардың  творчестволық  жұмыспен 

айналысуына мүмкіндік  болады, өздігінен  қажетті  ақпаратты  тек  қана оқулықтан 

ғана емес, сонымен бірге басқа да көздермен жұмыс істеуге мүмкіндік болады.  

Жобалық  әдістің  дәстүрлі  әдістен  негізгі  айырмашылығы  оқушылар 

өздігінен ойлауға, мәселені шешуге және табуға, осы мақсатта әр түрлі салалардан 



185 

 

алынған  білімдерін  қолдануға,  шешімнің  әртүрлі  нұсқаларының  нәтижелер  мен 



мүмкін  болатын  салдарларын  болжауға,  себеп-салдарлы  байланыстарды  бекіте 

білуге үйренеді.   

Сонымен,  бірге  жобалық  әдістеменің  маңызды  айырмашылығының  бірі, 

мұғалімнің  рөлі.  Жобалық  әдістеме  бойынша  жұмыс  істеу  барысында 

педагогикалық  мәдениеттің  жаңалануы  болады.  Мұғалім  жаңа  кәсіби  ұстанымға 

дағдыланады.    Оқушы  мен  мұғалім,  мұғалім  мен  әкімші  арасындағы  серіктестік 

қатынастар нығаяды. Яғни: 

-  жобалық  жұмыста  барлық  үдеріс  оқушының  қызығушылығы,  тәжірибесі 

мен жеке қабілетіне бағытталады;  

-  жоба  шеңберінде  нақты  жұмыстар  бойынша  оқушылардың  жекеленген 

және ұжымдық жауапкершілігі артады;  

-  жоба  көлеміндегі  оқушылардың  бірігіп  жұмыс  істеуі  олардың  жұмысты 

аяғына  дейін  жеткізуге  үйретеді:  зерттеу  жүргізу  кезінде  нәтижелерді 

құжаттандыру, яғни күнделік жүргізу, газет үшін немесе конференцияларға мақала 

жазу,  зерттеу    нәтижелерін  жинақтау  мен  оларды  өңдеу,  аудио-  және  бейне 

жазбаларды әзірлеу және т.б. жұмыстарды атап өтуге болады.  

Химия  пәні  бойынша  оқушылардың  жоба  жұмыстарымен  айналысуы 

кезінде,  оқушылардың  танымдық,  шығармашылық  дағдыларының  дамуына,  өз 

білімдерін  өздігінен  құрастыру  икемділіктерін  қалыптастыра  отырып,  сыни 

тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі 

анықтау  үшін  маңызды  болып  табылады.  Ал  бұл  технологияның  кәсіби  өзін-өзі 

анықтаудағы  басымдылығы  мынада:  жоба  бойынша  жұмыс  істеу  кезіндегі 

құлшыныс,  оқушылардың  зерттеуге  деген  құштарлығы,  күнделікті  өмірмен 

байланысы,  оқушылардың  зерттеу  жұмыстарына  деген  бейімділігі,  қабілеті  және 

қызығушылығы,  ғылыми  ізденгіштігі,  топта  жұмыс  істеу  икемділігі,  өзін-өзі 

бақылауы,  білімнің  шынайы  өмірмен  байланыса  отырып,  бекуі,  белгілі  бір 

тәртіпке  үйренуінде.  Жоғарыда  аталғандардың  барлығын  жинақтай  келе,  оқушы 

мен  мұғалімнің  жобалық    жұмысы  мектептегі  оқушылардың  өздігінен  ізденуіне 

бағытталған.  Соның  нәтижесінде  баланың  оқуға  деген  ынтасы  артып,  өздігінен 

білім  алуына  бағыттай  отырып,  өз  бетінше  жетілуге  көмектеседі.  Жас  ұрпақтың 

тұлға  ретіндегі  талап  етілетін  келбеті,  баланың  автономдығы  мен  креативтілігі 

болғандықтан,  жобалық  әдіс  жаңа  жүзжылдықтағы  білім  беру  жүйесінің 

қажеттіліктерін  қамтамасыз  ететін  инновациялық  педагогикалық  технология 

ретінде қарастыруға әбден болады.  

Жоба әдістерін әзірлеу кезінде төмендегі талаптарды орындау қажет [4]:  

-

 



зерттеушілік,  шығармашылық  мақсатта  маңызды  мәселенің  болуы, 

оны  шешу  үшін  зерттеушілік  ізденістерді  талап  ететін  ықпалды  білімнің 

қажеттілігі;  

-

 



болжамды  нәтижелердің  практикалық,  теориялық,  танымдық 

маңыздылығы;  

-

 

оқушының өздік (жеке, жұптық, топтық) жұмысы;  



-

 

біріккен немесе жекеленген жобалардың соңғы мақсатын анықтау;   



-

 

жоба бойынша жұмыс істеу кезінде қажетті негізгі білімді анықтау; 



-

 

жобаның  мазмұндық  бөліктерін  құрылымдау  (кезең  бойынша 



нәтижелерді көрсете отырып); 

186 

 

-



 

«миға  шабуыл»,  «дөңгелек  стол»  әдістерін,  зерттеу  әдістерін, 

статистикалық  өңдеу  әдістерін,  шығармашылық  есеп  беру  және  т.б.  әдістерін 

қолдану.  Соңғы  талап  аса  маңызды  болып  табылады,  өйткені  ол  жобалық 

әдістердің  технологияларына  жатады.  сондықтан  зерттеушілік,  мәселелік, 

зерттеушілік  әдістерді  игере  алмай  отырып,  статистика  жүргізу,  алынған 

мәліметтерді  өңдеу  сияқты  әдістердің  шеберлігін  жүргізу  мүмкін  емес.    Бұл 

жобалық  әдістер  бойынша  табысты  жұмыс  істеудің  алғашқы  жағдайлары  болып 

табылады.  Осы  жағдайларды  шешу  кезінде,  Өскемен  қаласындағы  химия-

биология  бағытындағы  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  12  сынып  оқушысы 

«Наноқұрылымды  бентонит  саздарымен  ақаба  суларды  фенолдан  тазалау» 

тақырыбындағы  жобаны  Республикалық  ғылыми  жобалар  сайысында  қорғап, 

жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ғылыми жобамен оқушы 3 жыл көлемінде айналыса 

отырып,  өзінің  зерттеу  жұмысының  нәтижелерін  Семей  қаласында  өткен  бірінші 

Республикалық Ғылым фестивалында, Павлодар қаласында өткен Республикалық 

ғылыми-практикалық конференциясында баяндады.  

Таңдап  алынған  зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  өнеркәсіптік  кәсіпорынға 

таяу  орналасқан  кен  орындары  бар,  өнеркәсіптік  ақаба  суларды  табиғи 

алюмосиликаттарды  пайдалана  отырып,  арзан  және  нәтижелі  ақаба  суларды 

тазалау әдістерін іздеу қажеттілігінен туындады. мен анықталынады. 

Жүргізілген 

зерттеулердің 

мақсаты: 

өнеркәсіптік 

ақаба 

суларды 


органикалық  ластағыштардан,  соның  ішінде  фенолдан    тазалау  үшін    қолдануға 

мүмкін  болатын  арзан  табиғи  материалдарды  іздеу  және  бентонит  сазының 

органикалық заттарға қатысты сорбциялық қасиетін зерттеу, ақаба суларды фенол 

қалдықтарынан тазалау болып табылды. 

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін жүргізілген зерттеулердің міндеттері:   

-

 



жер беті суларының органикалық қосылыстармен ластану салдарлары 

мен көздеріне талдау жасау;  

-

 

табиғи сорбенттердің фенолдарды сорбциялау мен белсендіру тәсіліне 



байланысты, олардың құрылымы мен беттік қабаттың қасиеттерінің өзгеруін оқып 

үйрену;   

-

 

қышқылмен  және  термиялық  белсендірілген  Таған  кен  орынының 



сазымен  фенолмен  ластанған  ақаба суларды тазалаудағы үйлесімді  параметрлері: 

сорбенттің салмағы, жанасу уақыты мен ластанған ақаба судың концентрациясына 

байланысты  таңдау  және  сонымен  бірге  сорбентті  алдын  ала  өңдеудің  әсерін 

зерттеу;  

-

 

зерттеу  нәтижелері  бойынша  ақаба  суларды  фенолдан  тазалаудың 



технологиялық сұлбасын ұсыну. 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:  

-

 

Таған  кен  орынының  бентонит  саз  балшығының  құрылымдық 



сорбциялық  сипаттамасы  анықталынып,  органикалық  қосылыстарға  қатысты 

сорбенттің сорбциялық қасиеті сорбент пен органикалық қосылыстың арасындағы 

электрлі статикалық күштердің әсерінен болатыны ашып көрсетілді;  

-

 



табиғи  сорбенттерді  белсендіру  мен  оның  беттік  қабатында 

органикалық қосылыстарды сіңіру, оның құрылымдық және беттік қабаттарының 

өзгерісіне әкелетінін зерттеді; 


187 

 

-



 

нәтижесінде  қоршаған  ортаға  фенолдың  теріс  экологиялық  әсерін 

төмендетуге  мүмкіндік  беретін,  фенолдан  ақаба  суларды  тазалаудың 

технологиялық сұлбасы әзірленді. технологиялық сұлбаның макеті ұсынылды.  

Ғылыми  жұмыста  Өскемен  қаласындағы  (ЕртісТрансОйл  ЖШС)  ағаш 

талшықты тақталар жасау кәсіпорынының мысалында ақаба сулардың статикалық 

режимде  фенолдың  бентонит  саз  балшықтарына  сіңірілуі  зерттелінді.  Табиғи 

сорбент  ретінде  Шығыс  Қазақстандағы  Таған  кен  орынының  11  және  14 

көкжиегіндегі  бентонит  саз  балшығының  өздігінен  белсендірілген  түрі 

пайдаланылды.  Зерттеудің соңғы сатысында фенолдан ақаба суларды тазалаудың 

технологиялық сұлбасы негізінде технологиялық сұлбаның макеті ұсынылды. 

Сонымен, жобалық әдісті жүзеге асыру 10-11 сыныптардағы оқушылардың 

белгілі бір кәсіби маршруттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 

оқытудың 

бұл 

түрі 


тапсырмаларды 

өздігінен 

орындау 

дағдыларын 

қалыптастырады.  Өйткені  жобаны  құру  үдерісі  кезінде  оқушылар  бірін-бірі 

тыңдауға,  бір-бірімен  жұмыс  істеуге,  талқылауға  үйренеді.  Оқушының  топтық 

және  тұлғаралық    тиімді  дағдыларын  қалыптастырады  деп  қортынды  жасауға 

болады.  

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Инновационные 

педагогические 

технологии: 

Пособие 


для 

преподавателей. Модуль 1.-СПБ.,-2004. - 154 с. 

2.

 

Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий: В 2 т. – М.: 



НИИ школьных технологий, 2006. - 816 с. 

3.

 



Смирнов  С.  Д.  Педагогика  и  психология  высшего  образования.  От 

деятельности к личности. – М.: Академия, 2007. 

4.

 

Скоробогатова  Г.Г.  Проблемная,  проектная  и  модульно-блочная 



технологии в работе учителя. – М., Издательство МИОО, 2002. – 203 с. 

 

 



Каженова  А.М.,  Өскемен  қаласы  әкімдігінің  «№32  орта  мектебі»  КММ 

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 



Жаксылыкова  Г.И.,  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалы,  ШҚО  бойынша  ПҚ 

БАИ 


 

ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛЕРДІҢ 

ТИІМДІЛІГІ 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлесі 

қалыптасуда. Бұл  үдеріс  білім  бағдарламасының  өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім 

берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.  

«Өзін-өзі  тану  жолындағы  еңбек  –  ең  құнды  еңбек»  деп  көрсеткен  өз 

трактатында Дене Декарт.  Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, 

білік,  дағдысын  емес,  оның  тұлғасын,  білім  арқылы  дамуын  қойып  отыр.  Қазіргі 

уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың  тұлғалық  дамуына 

бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  ойластырып,  оқу  үдерісіне  еңгізуде. 


188 

 

«Жаман  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы  оқушының  өзін  ізденуге 



жетелейді,  ойлауға  үйретеді»  –  деп  неміс  педагогы  А.  А.Дистервег  айтқандай, 

сапалы  білім  беру  сенімді  болашақтың  негізіне  айналып  отырғанын  баршамызға 

аян. Мұғалім өзінің жаңашыл іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа 

педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде жүйелі пайдалану арқылы 

оқушылардың  білім  сапасын  арттыруы  қажет.  Сонда  ғана  жаңа  педагогикалық 

технологияларды меңгерген, өз іс-тәжірибесінде қолданған әрбір ұстаз өз сабағын 

басқаша қырынан, сапалы, нәтижелі түйінін байқай алады. 

Уақыт  ағымына  сай  білім  беру  жүйесі  де  өзгерістерге  бай  жаңашылдыққа 

құшағын айқара ашуда. Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу 

әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, дағдыны қалыптастыру, ізденіске 

баулу,  шығармашылық  пен  талапты  ұштап,  дамытуды  қажет  еткен  мақсат-

міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Оқушының 

шынайы  қызығуы  мен  өз  қажеттілігін,    сұранысын  қамтамасыз  етерлік 

шығармашылық  ізденіс  танымына  орай  құрылуы  қажет.  Бүгінгі  күннің  ұстазы 

алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман 

талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. «Білім беру жүйесін жаңғырту 

барысында  біз  үшін  келесі  іс-шараларды  жүзеге  асырудың  маңызы  зор. 

Біріншіден,  оқыту  үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды 

енгізу.  Арқаулық  педагогтік  білім  берудің  үлгі-қалыптарын,  мектептер  мен 

жобалар  оқытушыларының  біліктілігін  арттыруға  талаптарды  күшейту  қажет»  – 

делінген  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  2010  жылғы  Жолдауында.  Шын  мәнінде,  қазіргі  кезеңде  қоғамның 

өркендеп  өсуі  білім  жүйесінің  сапасын  жақсартуды,  жаңа  технологияларды 

кеңінен  қолдануды,  жаңа  формациядағы  ұстаздар  дайындау  арқылы  еліміздің 

білім  жүйесін  халықаралық  стандарт  деңгейіне  жеткізуді,  нарық  экономикасына 

бейімделген,  бәсекеге  қабілетті  білімді  де  білікті  мамандар  дайындауды  негізгі 

стратегиялық  межеге  жатқызады.  Осы  бағытта  Қазақстанның  әлемдік 

қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін шетелдік тәжірибелерді зерделеп, енгізу талабы 

туындап  отыр.  Әрбір  мемлекеттің  интеллектуалдық,  экономикалық,  парасаттық 

және  мәдени  қарымы  білім  сапасының  күйін,  оның  даму  тарихын  айқындайды. 

Сол  себепті  де,  қазіргі  мектептердегі  оқушылардың  бойындағы  функционалдық 

сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар 

аударылып отыр.  

Орта  білім  беру  жүйелерінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген 

анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  (конструктивті) 

теориялық  оқыту  тәсіліне  басымдылық  берілген.  Бұл  оқытудың  басты  бағыты  – 

ойлауды  дамыту  болып  табылады.  Яғни,  оқушы  өзінде  бар  білімді  түрлі  дерек 

көздері  арқылы,  мұғалімнен,  оқулықтан,  достарынан  алған  білімдермен  біріктіре 

отырып іске асырады. Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» – 

қазіргі  мұғалімнің  45  минуттағы  іс-әрекеті.  Бұл  жердегі  мұғалім  тарапынан 

берілген  дайын  білімге  оқушылар өздігінен  ары  қарай  дамыту, іздену, ойласу, ат 

салысу,  салыстыру,  пікір  алмасу,  пікір  таластыру  т.б.  жайлар  қолға  алынбайды. 

Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан 

көбіне  санада  механикалық  есте  сақтау  арқылы  алынған  білім  ойлаудың  төменгі 

деңгейінде  ғана  жүзеге  асырылады.  Ары  қарай  терең  ойлану  үрдісі  іске 


189 

 

асырылмайды.  Ал  сындарлы  оқытуда  керісінше,  мұнда  басты  басымдылық 



оқушыға  беріледі.  Мұғалімнен  гөрі  оқушы  көп  ойланып,  көп  талқылап, 

достарымен  көп  сөйлесіп,  әрекеттенуі  керек.  Ал  мұғалімнен  өз  сабақтарын 

оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп 

ұйымдастыру  талап  етіледі.  Мұндай  міндеттер  оқушылардың  оқыған  тақырып 

бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды 

ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін 

өрістетуге орайластырылып құрылады. 

Барлық  оқыту  үдерісін  ұйымдастырып,  көшбасшылық  жасайтын  мұғалім 

болғандықтан,  бағдарлама  ең  алдымен,  мұғалімге  қарай  бағытталады.  Өйткені 

мұғалімдер  ойлау  қабілеттері  жоғары  деңгейде  дамыған  оқушыларды 

қалыптастырғылары  келсе,  онда  алдымен  өздерінің  де  терең  ойлау  қабілеттерін 

дамытқан  жөн.  Сонда  ғана  біржақты,  «тек  менікі  дұрыс»  деген  сенімнен  гөрі, 

жаңашыл  идеяларға  деген  көңіл  көкжиектері  ашылып,  жаңаша  қалыптасуы 

мүмкін.  Бағдарламаның  басты  жаңа  бағыты  -  іс-әрекет  арқылы  зерттеу  болып 

табылады. Әрбір жаңашыл мұғалімнен өзі сабағында қолданған жаңа тәсілдердің 

дұрыс-бұрыс 

жағын 

терең 


талдап, 

зерттеу 


жүргізу 

талап 


етіледі. 

Бұрын  оқу  үдерісі  кезінде  бар  салмақ  мұғалімге  түсетін.  Ол  белгілі  шеңберде 

жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. 

Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін 

еркін  ұстауға,  ойлануға  мүмкіндік  жасалады.  Олар  өз  беттерімен  және  өзара 

әрекеттесе  оқып-үйреніп,  ортақ  бір  шешімге  келуге  бағытталады.  Сондықтан  да 

қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық 

сипатта болуы керек 

Бағдарлама  нұсқаулығының  алғашқы  бетінен-ақ:  «Бұл  бағдарламаның 

басым  бөлігі,  түрлі  тәсілдер  қарастырылғанына  қарамастан,  сындарлы  оқыту 

теориясы  негіздерін  қамтыған.  Дайын  білім  беруге  негізделген  «дәстүрлі»  әдіс 

арқылы  алынған  білім  оқушылардың  жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе 

алмайды,  сол  себепті  де  механикалық  есте  сақтау,  үстірт  білім  алу  жағдайлары 

орын  алады.  Дәстүрлі  оқытудан  алынған  механикалық  түрде  есте  сақталған 

мәліметтерді  емтихан  кездерінде  ұтымды  пайдалануға  болады,  бірақ  мән-

мағынасы  терең  меңгерілмей,  жай  ғана  жатталғандықтан,  тақырыпты  оқыту 

аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны 

өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең 

түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген 

жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету»  деген  сөздер  бар. 

Бағдарламаның оқушыға тиімді болары, оған білім мен тәрбие берудегі зор үлесі 

бары  түсінікті,  әрі  нақ  айтылған.  Бағдарламада  зерттеуші-психолог  Шульман 

түсінік,  дағды  және  тұтастықты  «мұғалімнің  үш  көмекшісі»  деген.  Оны  бас  – 

кәсіби  түсінік,  қол  –  оқытудың  тәжірибелік  дағдылары,  жүрек  –  кәсіби-өнегелік 

тұтастық  деп  түсіндіреді.  Бұдан  біздің  ұққанымыз,  әр  мұғалім  теория  мен 

тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, 

аяушылық,  құрмет  таныта  білуі  тиіс.  Бұл  біздің  біліктілігіміз  бен  рухани 

құндылығымыз  жоғары  деңгейде  болуы  керек  деген  сөз.  Біліктілікті  арттыру 

бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту 

барысында аралас түрде ұсынылады:  



190 

 

Мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет: 



-

 

баланың  бойындағы  құмарлығын,  қызығушылығын  жойып  алмай, 



оның  үнемі  алға  жылжуға  деген  табиғи  талап-тілектерін,  сұраныс  пен 

мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру; 

-

 

білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау



-

 

өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру; 



-

 

мұғалім  бала  бойындағы  шығармашылық  сапалардың  болатындығын 



мойындап, әрі қарай дамытуы керек.  

Бағдарламаға  сүйене  отырып,  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер  бойынша 

оқушыларға  алдымен  әр  сабақ  сайын  тренинг  өткізілсе,  сабақ  көңілдірек 

болатынына  көз  жеткіздім.  Тренинг  -  оқушы  назарын  жаңа  сабаққа  аударуда, 

қызығушылықтарын  арттыруда,  ынтымақтастық  қалыптастыруда  маңызды  тәсіл. 

Топқа  бөлу  барысында  оқушылардың  сабаққа  белсенді  қатысулары,  өз  ойларын 

ашық,  еркін  жеткізулері,  бастысы,  топта  оқушы  оқшауланып  қалмайтындығын 

көрсетті. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін 

тудырады.  Екіншіден,  ұйымшылдыққа  тәрбиелейді.  Үшіншіден,  бірін-бірі 

оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып 

ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бірінен-бірі 

үйренуге  септігін  тигізді.  Яғни,  топтық  жұмыс  оқушылар  арасында  әлеуметтік 

өзара  қарым-қатынасты,  тиімді  араласу,  проблемаларды  шешу  және  топ  ішінде 

шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі.  

Ғылыми  зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтің  маңызды  рөл  атқаратынын 

көрсетті.  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта 

оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне 

үлес  қосатындығын  атап  көрсетеді.  Мерсердің  зерттеуіне  сәйкес,  әңгімелесу 

оқушылардың  білім  алуының  ажырамас  бөлшегі  болып  табылады.  Оқушылар 

диалог  әдісін  қолдана  отырып,  білімді  бірлесіп  құру,  талқылау,  түсіну  мен 

дағдыларды  қалыптастыру  арқылы  білім  алады.  Мен  де  өзімнің  әр  сабағымда 

оқушыларға  сұрақтар  қою  арқылы,  тақырып  бойынша  өз  ойларын  ашық,  еркін 

айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, 

бір  бірінің  түсінуіне  көмектесетінін  көрсетсе,  сұхбаттасу  арқылы  өз  ойларын 

дәлелдеуге  тырысады.  Бұл  оқушылардың  қандай  деңгейде  екенін  түсінуге 

көмектеседі.  Біз  көбінесе  диалогтік  оқытуды  сұрақ  -  жауап  ретінде  қолданамыз. 

Яғни,  бала  теорияны  меңгерумен  қатар  тәжірибе  жүзінде  де  қалай  жасау 

қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар 

туындайды. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс 

жасайды.  Жұмыс  жасау  барысында  оқушыларға  көптеген  сұрақтарды  қоюға 

болады.  Мысалы,  кез  келген  сабақтың  басталуы  сұрақ  -  жауаптан  тұрады. 

Сұрақтардың  берілуіне  байланысты  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. 

Диалогтік  оқыту  оқушы  мен  оқушы  арасында  да  туындауы  мүмкін.  Мұнда 

оқушылар  бір-біріне  сұрақтар  қояды.  Бір-бірінің  жауабына  қанағаттанбаса, 

қосымша  да  сұрақтар  беруі  мүмкін.  Осы  орайда,  сұрақ  қаншылықты  маңызды, 

терең,  жан-жақты  толыққанды  жауапты  қамтитын  болса,  берілер  жауап  та  соған 

қарай болады, яғни, уақыт өте келер оқушылар өздері дағдылана бастайды. 



191 

 

Сын  тұрғысынан  ойлау  –  креативті  тұлғаны  қалыптастырудың  бір  жолы. 



Сыни  тұрғыдан  ойлануды  дамыту  –  әлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім 

берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, 

Куртис,  С.Мередит,  Чарльз  Темпл.  Жобаның  негізінде  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский 

теорияларын  басшылыққа  алады.  Сыни  тұрғыдан  ойлану  нәтижесінде 

оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалады.  

Білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  - 

заман  талабы.  Әр  мұғалім  өз  сабағын  түрлендіріп  өткізгісі  келеді.  АКТ-ға 

теледидар,  интернет,  ұялы  телефон,  ұтқыр  қондырғылар,  компьютер  немесе 

ноутбук  жатқызылса,  әрқайсысының  өзіндік  қолданылу  орны  бар.  АКТ  оқушы 

қызығушылығын  арттырады  және  есте  сақтауға  көмектеседі.  Өйткені  естіген, 

оқығанмен  бірге  көзбен  көру  де  берілген  ақпараттың  есте  жақсы  сақталуына  өз 

көмегін тигізеді.   

Бағалау  -  оқыту  үрдісінде  және  мұғалімнің  қолындағы  маңызды  да  әсерлі 

құрал  екендігі  рас.  Ол  бізге  тек  қана  оқушының  білім  деңгейі  мен  жетістіктері 

туралы ақпарат беріп қана қоймайды, оқушылармен кері байланыс орнату құралы 

болып  табылады.  Бұл  бағалау  жүйесін  өзгертуге  әкеледі.  Бір  мұғалім  оқытса  да 

оқушылардың  білім  игеру  деңгейлері  әр  түрлі  болып  табылады.  Әр  оқушының 

мұғалімді түсінуі мен тақырыпты қабылдауы әр түрлі, сол себепті жетістіктері де 

бірдей  емес.  Оқыту  үшін  бағалау  бұл  білім  алушылар  өздерінің  оқудың  қандай 

сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету 

керек  екендігін  анықтау  үшін  оқушылар  және  олардың  мұғалімдері  қолданатын 

мәліметтерді  іздеуі  және  түсіндіру  үдерісі.  Берілген  анықтаманың  маңызды 

элементтерінің  бірі  оқушылардың  деректерді  қолдануына  баса  назар  аударту 

болып  табылады.  Бұл  ретте,  мұғалімдер  жалғыз  бағалаушы  тұлға 

болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және 

өздерін  бағалауға  тартуы  мүмкін  және  мұғалімдер  бағалауды  белсенді  жүргізген 

кезде  оқушылар  беелсенді  қатысуы  керек.  Талпынғандар  ғана  білім  ала  алады. 

Білім  алушылар  өз  білімін  арттыру  үшін  бағалауды  үйренуі  қажет,  сондықтан 

оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы ақпаратқа сәйкес 

жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен 

әрекет етуді талап етеді. Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі 

уақытта  не  оқып  білгенін  жинақтау  болып  табылады.  Негізінен,  ол  тікелей 

келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды [1,59 бет]. 

 Білім  беруде  басты  көшбасшы  тұлға  –  мұғалімнің  өзі.  Жоғарыда  айтылған 

идеялардың  барлығын  қамтып,  бір-бірімен  тығыз  байланыстыра,  шебер  қолдана 

білсе,  ол  мұғалім  көшбасшылығы  болмақ.  «Нағыз  ұстаз  өзінің  білімділігімен, 

жүріс-тұрысымен,  жайдары  мінезімен,  тіпті  сырт  пішіні,  киген  киімімен  де 

оқушысына  жақсы  мағынада  қатты  әсер  етеді»,  –  деген  екен  Мәлік  Ғабдуллин. 

Оқушы 

өзінің 


ұстазына 

қарап, 


еліктеп 

өседі. 


Оқушы бойындағы көшбасшылық қасиеті: 

-

 



топтық жұмыс кезінде оқушының топтарды басқаруы

-

 



жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі; 

-

 



мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы; 

-

 



топтық жұмыстарды жүргізуде көмекші болуы; 

-

 



сынып оқушыларын бір іске жұмылдырып, ұйымдастыра білуі; 

192 

 

-



 

тапсырылған  істі  жауаптылықпен  орындауы  сияқты  іс-әрекеттерінен 

байқауға болады.  

Әр  сабақ  сайын  оқушылардың  орнын  ауыстырып,  топқа  бөлу  де,  топтасып 

жұмыс  жасау  да,  ақпараттық  технологияны  жиі  пайдалану  да,  сыни  тұрғыдан 

ойлату  да,  қажымай,  талмай  дарынды,  талантты  оқушыны  анықтап,  оның 

дарындылығын одан әрі дамыту да, шығармашылық тапсырмаларды көптеп беру 

де  оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын  арттырып,  білім  беру  жүйесінде  оң 

нәтижелер береді деп ойлаймын.  

  

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет