Кентпаева Т.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Дарынды
балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-
интернаты, Өскемен қаласы
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ХХІ ғасыр адамзат баласын әлемдік білім кеңістігіне қарыштай қадам
бастырып, ғылым мен техниканың тілін меңгертіп қана қоймай, сондай-ақ рухани
мұралар мен мәдени мұралар жанданып, ұлттық қазына көзіне айналды. Елбасы
Н.Назарбаевтың: «Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға
жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі
бүгінгі таңдағы «көкірегі сезімді, тілі орамды»ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар
қауымы үшін үлкен мақсаттар мен міндеттерді жүктейді. [1,3]
Бүгінгі ақпараттық технологияның өмірімізге қарқындап енген шағында
оқушының қызығушылығын туғыза отырып, білімнің де сапасын арттыра түсуге
мол мүмкіншіліктер жасалып отыр.
Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту» тұжырымдамасында:
«Білім саласын реформалау жолында шығармашылық тұрғыда ойлай алатын,
танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан
жоғары адамгершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды
қалыптастыру идеясы болуға тиіс»-деп атап көрсетілді [2,3]. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында: «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуына көңіл бөлу, жеке тұлғаның дарындылығын дамыту
қажет» делінген [3,7]. Яғни, ұстаздар қауымы үшін әр баланың қабілет көзін
танып, дарын көзін ашу мақсаты көзделген.
Мемлекеттік құжаттар, ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, бүгінгі білім беру
үрдісінің алдағы басты мақсаттары мен міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға
болады:
-білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беру;
-дарын көзін ашу, Оқушылардың дарыны, қабілеттерін дамыту;
207
-оқушыға субьект ретінде қарым-қатынас жасай отырып, оны жан-жақты
жетілдіру;
-оның «Мен» менталитетін қалыптастыру;
-терең білімді, тәрбиелі, рухани бай, ұлтжанды, халқының үлгі әдет-салтын
құрметтеуші жеке тұлға қалыптастырушы;
-туған тілін терең меңгерген, тілі дамыған, сондай-ақ шет ел тілдерін де
игерген жан-жақты білімді өнерпаз тәрбиелейді [4,8].
Ежелден «Өнер алды – қызыл тіл»-деп, сөз өнерін пір тұтқан ата-
бабаларымыз бір ауыз сөзге тоқтаған, шаршы топтың алдында аузымен құс тістеп,
сөз барымтасына түскен даналарымыздың өзі «аталы сөзге арсыз да тоқтайды»,-
деген ұстаныммен өмір сүрген. «Өнер алды – қызыл тіл»,-деп сөз өнерін ерекше
пір тұтқан ата-бабаларымыз бір ауыз дуалы сөзге тоқтаған, телісі мен тентегін
аталы сөзге бағындырған, дауласқалы отырған, жауласқалы отырған елді «тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінмен» тоқтатқан халықпыз. Яғни, қазіргі жаһанданған
заманда ұрпағымызды бабалармыздың нақыл сөздерімен, даналарымыздың
шешендігімен, ақындарымыздың жырымен, сөз өнерімен тәрбиелеудің маңызы
зор.
Қазақ тілі сабағында дарын көзін ашудың, ғылыми ізденіске жетелеудің бір
жолы – шығармашылық тапсырмалар. Өз іс-тәжірибемізде қазақ тілі сабағында
оқушыларға танымдық іздендіруші, шығармашылық бағыттағы тапсырмалар
ұсыну арқылы оқушы білімін өнімді деңгейге, яғни, шығармашылық деңгейге
дейін жетелеп келеміз.
«Шығармашылық» сөзіне ғалымдар тарапынан анықтамалар берілген.
Соның ішінде орыс ғалымы М.Поташник былай анықтама береді:
-
«жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-
Іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ нәтижелі өнім» [5,78].
А.И.Кочетов: «Творческая деятельность – это процесс создания новой
информации или продукции с высокими показателями их количества и качества с
наименьшей затратой времени и сил», - деп шығармашылық іс-әрекетке түсінік
береді.
Ал педагог ғалым Г.Ю.Ксензова: «Творчество – это атрибутное свойство
любой личности, неотъемлимый компонент ее структуры. Если лишают
творческого начала, он перестает чувствовать себя личностью», - дейді [6, 125].
Өз іс-тәжірибемізде шығармашылық жұмыстарды оқушыға ұсынар алдында
төмендегі мәселелерді ескереміз:
-
Оқушылардың білім деңгейлеріне назар аудару, деңгейлік
тапсырмалар ұсыну;
-
Оқушылардың қызығушылығына түрткі болатын шығармашылық
тапсырмалар беру;
-
Моделге, жобаға, КЖТ-ға негізделген тапсырмаларда көмек-нұсқаулар
ұсынып отыру.
Төменде өз іс-тәжірибемізден туындаған қазақ тілі сабақтарында
оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмалардың үлгісін
ұсынып отырмыз.
Тақырыбы: Есептік және реттік сан есімдер
Тапсырма: «Жеті – киелі сан» тақырыбында іздену, зерттеу жұмысы.
208
2. Төмендегі бағаларды толтырып, өзара үндестіктерін табыңдар.
7 ата
7 қазына
7 жоқ
7 күн
7 жетім
3. «Сан есімдер көркем әдебиетте...» Өздерің оқып жүрген көркем
әдебиеттен сан есімдерге мысалдар келтіру.
Төменде өз іс-тәжірибемізден туындаған пәнаралық байланысқа негізделген
шешендік өнерді оқытудың инновациялық технологиясын ұсынып отырмыз.
Шешендік өнерді оқытудың тиімді жолы ретінде конструкторлық жобалап
оқыту технологиясының (КЖТ) үлгісін ұсынып отырмыз
Б1 бағыты бойынша тапсырмалар:
1.
«Шешендік өнердің шығу тарихы» тақырыбында ғылыми реферат
әзірлеңдер.
2.
Сөзбен сурет салған бабамыз сөз өнеріне ерекше баға берген екен.
Өздерің қалай баға берер едіңдер?
Асан қайғы
Өзімше
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады....
3.Төмендегі ғалымдар пікірлерін оқып, өз пікір-болжамыңды жаз.
Қай пікір жаныңа жақын, несімен?
Ғалымдар пікірі
Өз пікір, болжамым
Б2 бағыты бойынша тапсырмалар:
1.
Орхон-жазба ескерткіштерінің зерттелуі жайлы ғылыми еңбектермен
жұмыс жасап, ғылыми хабарлама әзірлеңдер.
2.
Өз қалауларың бойынша, төмендегі бір тақырыпқа ғылыми жоба
жазуға талаптаныңдар.
-«Күлтегін» жырының жанрлық ерекшелігі.
-«Ежелгі дәуір әдебиеті және жыраулық дәстүр».
3.
Іздендіру, зерттеу, салыстыру жұмыстары:
Күлтегін
Қобыланды
Алпамыс
Үндестігі
Ерекшелігі
Жеті
ата
7
Жеті
күн
Жеті
қазын
Жеті
жоқ
Жеті
қазын
Жеті
жетім
209
3. «Ежелгі дәуір әдебиетіндегі азаттық сарын» (ой толғау).
4.
Қорқыт - өмір жырын толассыз жырлаған жырау, даналық сөздер
авторы (ғылыми реферат).
Б3 бағыты бойынша тапсырмалар:
1.
Ғылыми еңбектермен жұмыс, ғылыми жоба, ғылыми хабарлама
әзірлеу.
Хабарламалар:
-Әл Фараби және сөз өнері.
-Қашқари және қазіргі қазақ тілі.
2.
Қаламгермен «Өнер жарысы».
Баласағұни
Өзімше
Тіл – елшінің қылышы.
Білімді адам тілін билей алады.
Б4 бағыты бойынша орындалатын тапсырмалар:
1.
«Шешен кім?» моделін толтыру
«Қазақ тіліндегі теңеулердің маңызы». Теңеулерді тауып, орнына баламасын
жазыңдар. Дәлелдеме-пікір.
2.
Жоғарыдағы ұсынылып отырған модельдің әр нүктесіне анықтама
мысал тауып, ерекшелігін дәлелде.
Анықтама
Мысал
Дәлелдеме
3.
«Шешендерше толғансам...» тақырыбында ой толғау.
4.
«Кім шешен?» іскерлік ойыны.
Б5 бағыты бойынша орындалатын тапсырмалар:
1.
Іздендіру, зерттеу бағытындағы тапсырма:
Шешендік
сөз
Ертегі
Мәтел-
мақал
Батырла
р
Айтыс
Лиро-эпостық
жыр
2.
«Шешендік өнер және халық ауыз әдебиеті» ғылыми хабарлама.
3.
«»Шешендік өнер және ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алған
афоризмдер» (реферат).
Б6 бағыты бойынша орындалатын тапсырмалар:
1.
Шешендік өнерді зерттеушілер мен шешендік өнер жайлы деректерді
жинап, ғылыми хабарлама әзірлеу.
2.
Шешендік өнерге анықтама берген ғалымдар пікірін жинақтап,
өздеріңше анықтама-болжам жасаңыздар.
Ғалымдар анықтамасы
Өзімше
А.Байтұрсынов
Ш.Уәлиханов т.б
Б7 бағыты бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Төмендегі тақырыптардың біреуіне ғылыми жоба жазуға талаптан.
1.
«Қазақ әдебиетіндегі би-шешендер»
2.
«Көркем әдебиеттегі шешендік өнер»
3.
Қазіргі кезең әдебиетіндегі шешендік оралымдар.
210
3.
Төмендегі
сызбаны
басшылыққа
алып,
хабарлама-мәлімет
жинақтаңыздар.
Шешендер
Қай кезде өмір
сүрді
Даналық афоризмдер
толғаулары
Құрылымы
Б8 бағыты бойынша орындалатын тапсырма:
1.
«Шешендік өнер және Мен» (өз концепциясын құру)
2.
«Шешендік өнер – тәрбие құралы» (эссе).
3.
«Шешендерше толғансам...» (жыр толғау)
Шешендер Шығармасы Романтикалық үн
Оптимизм
Азаматтық
сарын
Әдебиеттер
1.
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 15 наурыз, 2007ж.
2.
Қазақстан
Республикасының
«Орта
білімді
дамыту»
тұжырымдамасында.
3. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 3-бап. Алматы, 2001
4. Жанабілова А.К. Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық
технологиясы. Өскемен, 2008ж.
5. Ксензова Г.Ю Перспективные школьные технологии. – М.: Наука, 2001. –
205 с.
6. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. – Минск. 1986. -
327 с.
7. Бітібаева Қ, Құдайбергенова Г, Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың
инновациялық технологиясы. - Өскемен, 2002.
8. Бітібаева Қ.О. Жас ұрпақты сөз өнерімен қауыштыру жолдары. Өскемен
қ. ШҚО БАИ баспасы, 2011.
Кульниязова А.С., тренер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы
бойынша ПҚ БАИ»
ЗАМАНАУИ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ БІЛІМ
МАЗМҰНЫНА ЕНГІЗУ
Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты
мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар
бала бойына рухани – адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті,
қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббаты, сұлулықты,риясыз қызымет
етуді, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі
өмірде басты мақсаттардың бірі.
Заманауи ғылымдағы рухани бастауларды жаңғырту мәселесі, бүкіл
әлемдегі барлық білім беру жүйесі білім алушының жеке басының таңдауын тірек
211
етіп отыр. Жастар білімнің көмегіне сүйене отырып, мансапқа – байлық пен
әлеуметтік жағдайға қол жеткізуді мақсат етеді. Рухани-адамгершілік –
адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік,
басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды,
сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке
жатады.
Сондықтан мұғалім оқушыларға риясыздық көшбасшылықтың негізі
екенін көрсеткісі келсе, бұл одан шеберлік пен сенімділік және жеке басының үлгі
болуын талап етеді. Риясыздық- айтылған ойларға қарамастан, жабайы бәсеке мен
жанталаса байлық қуған дәуір етек алған заманауи мәдениетке сіңіспейді. Қазіргі
өмір сүру мақсаты - тезірек мансапқа жетіп, бір түннің ішінде байып шығу. Бұдан
туындайтыны әлеуетті көшбасшылардан жеткешіліктің тиімділігі риясыздыққа
байланысты екендігі туралы терең ойлануды керек етеді.
Рухани-адамгершілік білім нәрімен сусындаған әр адам өзін, өзі арқылы
өзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы толысқан, бойында «ар-
ұждан», «ізгілік», «сүйіспеншілік» секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуымен
ізгі қоғам құруға қатыса алады. АДАМ –табиғатынан қайырымды, ізгілік нұрын
себуге жаратылған.
Тұлға өзін-өзі өз шегінің аясында тануы қажет. Ғылыми таным өзін-өзі
тануға кері бағытты ұстанады, өйткені ол танымның объектісі мен субъектісін
тікелей қарама-қарсы ұғым ретінде қарастырады, объектіні (адамның ішкі жан
дүниесін) сырттан таниды, яғни объективті таным». Мұнда «Мен» өзін ешқашан
сырттан емес, ішкі жан дүниесінен біледі». «Адам тұжырымдамаға немесе ғылыми
теорияға сәйкес өмірмен емес, терең тұлғалық-субъективтік өмірмен өмір сүреді».
Әр бала – керемет рухани күш иесі».
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол
шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының
бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген
мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек.Мұғалімнің мұндай
көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын
көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
«Руханиатсыз және рухани білімсіз ғылым – аса қауіпті және бос.
Сондықтан да зайырлы және рухани білімдердің бірлесуі қажет. Надандық –
барлық қасіреттер мен проблемалардың себебі. Сондықтан да біз шынайы, жанды
білімге ұмтылуымыз қажет.
Заманауи ғылым адамды тән-жан-рух үштігінің тұтастығы ретінде түсінуге
қайта бет бұрды. Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын
тіршілік иесі”.«Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі
түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...» Көкірек
көзі адамның табиғи қасиеттерінің ішіндегі ең бір тылсымы мол тамаша сипаты
болып табылады. Жүрек тәрбиесімен көкірек көзі ашылған адам таңғы-махшар
нұрын да, тіршілік атаулының болашақ өмірлерін де, тіпті табиғаттың түсінікке
сыймайтын сырларын да, бар болмысы арқылы сезінуімен қоса, тіпті көзбен көріп,
қолмен ұстағандай көріпкелдік жасайтындары жайлы мысал көп». Ұлы
ғұламалардың ой тұжырымынан мысалдар келтірсем.
Сократ (469-399 б.э.д.). Адамдар білім арқылы өздері көптеген жақсылыққа
қол жеткізеді және керісінше өтірік көріністер арқылы көптеген ақымақтықты
212
сезінеді. Өзін-өзі білетін адам біледі, өзі үшін не жақсы, және қолынан не келеді,
не келмейді соның айырмашылығын байқайды.
“Мен ештеңе білмеймін...дегенмен мен сенімен бірге ойланамын және
ізденемін” Ал менің білгенімді сен мүлдем білмейсің деген екен Сократ, бұдан
шығатын қорытынды әрбір адам өзінің жан дүниесіне үңіліп өзін –өзі танып, өз
жүрегінің үнін тыңдай алатындай санасы биік, ойы таза, жүрегі мейірім деп соғып,
барша адамзатты «АДАМ» деп қабылдайтын түсінігі қалыптасқан кемел адам.
Әл-Фараби (872-930). Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі
математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған.
-Адамның мұрат-мақсаты неде?–Бақытында.
- Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?- Білім мен мінез-құлық арқылы.-
Білім қандай болуы керек?
-Білім –ол барлық жан атаулыны білу және оны жаратушыны да. Бұл-
қайырымды мінез-құлықтан.
-Бұл білімді қалай ұғамыз? - Оны зерттеу, тәрбиелеу өнері, оқу арқылы
ұғындыруға болады. Бақыт-әрбір адам ұмтылатын мақсат. Әрбір адам өз
мақсатының биік шыңына тек қана келісті мінез –құлқы арқылы ғана жететіні
сөзсіз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931). Ақын, жазушы, аудармашы,
композитор, тарихшы және философ.
Адам баласын тәрбиелеуде ғылымға Ар-ұят ғылымын ендіру қажет.Бұл
туралы ғалымдар ойлану қажет. Оны барлығы үшін міндетті түрде «оқыту пәні»
ретінде дайындау қажет. Бүгінгі күнде бұл «Өзін-өзі тану» пәні ретінде Қазақстан
Республикасында барлық білім ордаларында міндетті мета пән ретінде
жүргізілуде.
Рухани - адамгершілік –міне мектептің ақиқаты. Ол мектептің барлық
жеріне орнығу керек, оның барлық бұрыштарына, оның барлық кеңістігіне,
барлық пәнге, барлық көрнекіліктерге, барлық бағдарламалар мен оқулықтарға,
әдістер мен тәсілдерге. Ол әрбір тәрбиеші мен мұғалімнің санасы мен жүрегін
толтыру керек. Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл
берілген. Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы – ең ардақты, ең қиын
және ең маңыздысы деп атап көрсеткен Ш.А.Амонашвили.
Әдебиеттер
1. Методика преподавания дисциплины в школе «Самопознание». Учебно-
методическое пособие для учителей. Алматы, 2013
2.
Методическое пособие по оформлению и организации деятельности
учебного кабинета «Самопознание», Алматы, 2009
3.
-Өзін-өзі тану. Оқулық. 1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010
4.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы,
2010
213
Мұқашева М.Қ., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, дарынды
балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-
интернаты, Өскемен қаласы
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ
САУАТТЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ тілін оқытудың ең маңызды, киелі мақсаттарының бірі – оқушыларды
сауаттылыққа баулу болып табылады. Ал сауаттылыққа баулу мұғалімнен жүйелі
де жанкешті еңбекті талап ететінін айтпай-ақ түсінікті. Қазақ тілін оқыту
тәжірибесіндегі ең күрделі мәселе – алған теориялық білімді тәжірибеге пайдалана
білу, қолдана білу. Сондықтан да жазба жұмыстарын түрлендіріп, оның оңтайлы
әдіс-тәсілдерінен ізденіп, үнемі оқушыларды жаттықтырып, алған білімдерін
тәжірибеге қолдана білуге үйретудің маңызы ерекше болып келеді.
Қазіргі оқулықтар жаттығу жұмыстарына, әр түрлі мазмұндағы мәтіндерге
кенде емес. Алған білімді тәжірибеде қолдана білу үшін оқушыларды үнемі
жаттығу жұмыстарына жегіп тастаудың тиімділігі зор деуге болмайды. Бұл жерде
жаттығу мәтінін сұрыптап ала білудің маңызын ескерген жөн. Оқушылардың
ынтасын, қызығушылығын арттыратындай, білімді өз ізденістері арқылы алуға
түрткі жасайтындай мәтіндер алуды назардан шығармау керек.
Сауатты жаза білу ең алдымен орфографиялық ережелерді меңгерту арқылы
жүзеге асатын үдеріс екені түсінікті.
Емлені меңгертудің тиімді жолдарын көрсетуде ғалымдар ізденістері
баршылық. Әсіресе орыс ғалымы Ф.Н.Буслаевтың орфографиялық дағдыны
игеруде бірізділікті сақтау жөніндегі талабы құптарлық: «Оқушылар көрсеткенді
әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек»-деген ғалымның бұл
тұжырымына сүйенсек, оқушыларға жаңа білім меңгертуде жүйеліліктің
маңыздылығына көз жеткіземіз [1,51].
Ал ғалым Қ.Жолымбетов орфографияны меңгертудің тиімді жолдарын
төмендегіше көрсетеді: «Орфографияны үйретуде оқушының сөздік қорын байыту
шешуші орын алады. Оқушылардың сөздік қоры неғұрлым мол болса,
орфографиялық сауаттылығы да соғұрлым жетіле түседі. Сол арқылы білімі
артады, ойлай білу қабілеті дамиды» [2,52].
Қ.Жолымбетовтің
пікірінен
шығатын
қорытынды,
оқушыларды
сауаттылыққа, орфографиялық ережелерді меңгертіп, оны тәжірибеде қолдана
білуге дағдыландыруда тіл дамыту жұмыстарының маңызы зор екен. Себебі,
ғалым оқушылардың сөздік қоры қаншама мол болса сауаттылығы да арта түседі
деген ой тастайды.Тәжірибе анықтағандай сөздік қоры бай оқушы ұшқыр
ойлылығымен ғана емес, ауызша, жазбаша сөйлеу дәрежесінің артықшылығымен
де ерекшеленеді.
Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілген жұмыстар баланың тек ойлау
қабілетінің дамуына ғана емес, сондай-ақ шығармашылық ізденістеріне де жол
ашады. Оны өтіліп жатқан тақырыппен байланыстыра отырып, жүйелі түрде
жүргізу негізгі мақсатқа қол жеткізбек. Оқушының тілін ұстартуда,
шығармашылық жұмыстарға жұмылдыруда, жазба жұмыстарының маңызы
айрықша. Бұл жұмыстар тікелей оқушының дербес іс-әрекетіне, ой еңбегіне,
214
ізденісіне негізделеді. Ол оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, дарынын,
қабілетін дамытуға да түрткі жасайды.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады десек, сол сөзді нақты,
жүйелі, ойлы түрде қолдану, оны ережеге сай дұрыс жаза білуге дағдыландыру да
көп еңбектенуді қажет етеді. Атақты ғалым С.И.Ожегов былай дейді: «Высокая
культура речи – это умение правильно, точно и выразительно передавать мысли
средствами языка. Высокая культура речи заключается не только в следований
нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не только точное средство
для выражения своей мысли, но и наиболее доходчивое (т.е. самое подходящее для
данного случая) » [3,5].
Осы жерде ғалым С.И.Ожеговтың тіл дамыту туралы тағы бір пікіріне орын
берген жөн сияқты. «Однако развивать речь – не значит только предоставлять
детям случаи возможно больше говорить или писать, давать материал и темы для
устных и писменных выступлений и ставить отметки за ответы, за изложения и
сочинения. Детей надо учить речи» [4,8].
Ғалым ең бастысы тілді оқыту, тілді үйрету керек деген ой тастайды. Қазақ
тілін оқытудың қай тақырыбында болмасын оқушылардың жас ерекшелігіне
ерекше көңіл бөліп отырған жөн. Ең алдымен тақырыпты меңгертудің әдіс-
тәсілдерінен ізденуді мақсат етпей, оқушының жаңа білімді қабылдауына жағдай
туғызуды мақсат етіп, соның тиімді әдіс-тәсілдерінен ізденген жөн. Мысалы,
интерактивті әдіс-тәсілдерді басшылыққа алудың тиімділігі зор. Іскерлік
ойындарын оңтайлы пайдалана білу мақсатқа жетудің бірден-бір жолы деп
есептеуге болады. Мысалы, тіл дамыту жұмыстары арқылы сауаттылыққа баулуда,
орфографиялық ережелерді меңгертуде «Ойлан, ізде, тап» ойынына жүгінуге
болады. Бұл ойын оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін, мұғалімге беймәлім
іскерлігі, қабілетін ашуға әрі олардың жеке бас қасиеттерін қалыптастыру,
дамытуға да түрткі жасайды. Ең алдымен, оқушыларға «Ойлан, ізде, тап»
ойынының шарттарын, жүру тәртібін түсіндірген жөн. Көмек-нұсқау ретінде ол
балалардың алдында жатады: Үлгі:
пайдалан
тап
ізде
ойлан
- Берілген модельге назар аудар. Ол жүйелі төрт қадамнан тұрады.
- Бірінші қадамыңды алдыңдағы тапсырманы түсінуге, мақсатқа қалай жету
жолдарын ойлауға арна.
- Екінші қадамыңды таза ізденіске арна, бұл қадам таза еңбегіңе арналады.
- Үшінші қадамың – шешуші қадамың, өйткені өз бетіңмен тапсырма
орындайсың, мақсатқа жетуге еңбектенесің.
- Төртінші қадамыңды жеңіс қадамы деуге болады. Тапқаныңды
пайдаланысың, қолданасың, соған өзің жол ашасың.
215
Тапсырма:
1.
Мұғалімдеріңнің көмегімен, өз қалауларың бойынша топқа
бөлініңдер.
2.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» бөлімінен кісі,
жер аттарын теріп алыңдар да жазып қойыңдар.
3.
Жазылу емлесін түсіндіріңдер. Жазылу мен айтылуын төмендегі үлгі
бойынша орындаңдар. Орфографиялық нормамен қоса орфоэпиялық нормаға да
яғни дыбыс үндестігіне де ерекше көңіл бөліңдер.
4.
Эпопеядан өздерің теріп алған кісі, жер аттарына ұқсас атаулар ойлап
тауып, оны да жоғарғы мазмұнда талдаңдар.
Жұмысты орындау үшін төмендегі үлгіні басшылыққа алыңдар.
Үлгі:
Кісі
аттары
Жазылуы
Айтылуы
Өздерің
тапқан
үндес
атаулар
Жазылуы
Айтылуы
Қамысбай Қамыс+бай
Екі түбірден
құралған кісі
аты.
Қамыс+пай Айтбай
Айт+бай
Айт+пай
Ескерту: түсінікті ауызша беруге де болады.
І топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 6-7 бет)
Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмеді.
Бірақ оның Байтасқа айтқан бір сөзінде Құнанбай тапсырған бір жұмыспен барып
келе жатқаны мәлім боп еді. Бала шәкірт ауылға асыққан, лепірген күйіне қайта
келіп, тағы да тебіне жөнелді. Үлкендер қорыққан Есембай да, тіпті ұрылар да
Абайға сондайлық жат, суық боп көріне алмады. Ұры десе, осы елдің өздеріндей
қазақтары.Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» деген Есембай –
Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары.
ІІ топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 8-бет)
Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты,
аттарын қан сорпа қылған қалпында, кешкі екінді кезінде Көлқайнардағы
Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді.
Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Жайлауға
қарай Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты.
...Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр.
Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан
мен Айғыздың аулы.
ІІІтоп. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 12 бет)
Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз. Абай есіктен
кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. Үлкендер
де мұның сәлемін дауыстап алды. Кісі көп емес, Құнанбай мен Майбасар,
Жұмабайдан басқа осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері: Байсал, Бөжей,
Қаратай, Сүйіндік екен. Және осылардың жанына ерткен жас жолдасы тәрізді
Байсалдың немере інісі – бала жігіт Жиренше бар. Абайдан жасы үлкендеу болса
да, ол құрбыша ашна еді.
216
Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды.
Бұл топтың тапсырмада ерекше назарға алатын бір мәселе, мұғалім мәтінді
сұрыптап алғанда оқиға желісін сақтауға тырысуы керек. Үзінді болса да
оқушылар алдындағы мәтіннің мазмұнын түсінген дұрыс. Ол үшін ұжымдық
оқыту бойынша оқушылар жұптасып, алдыдағы мәтін мазмұнын бір-біріне оқып,
түсіндіргені жөн. Тапсырмаға кіріспес бұрын, мұғалім оқушылардың
қызығушылығын арттыру, жұмысты орындауға деген ынталарын туғызу үшін
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы туралы тұжырымды түрде әңгімелеп берген
жөн. Ал төрт топ өзіне берілген үзіндіні жұптаса отырып бір-біріне түсіндіруі
керек.
Іскерлік ойынына негізделген бұл жұмыстың тиімділігін төмендегідей
саралауға болады:
- Іскерлік ойыны оқушылардың қызығушылығын туғызатын әрі күрделі де
маңызды тапсырманы орындаудың жеңіл, оңтайлы жолын қарастырады;
- Оқушыларды сауаттылыққа баули отырып, тіл дамыту үрдісі жүзеге асады;
- Алған теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге түрткі жасайды;
- Ең бастысы, оқушыларды өз-өзін оқытуы, ізденуі, табуы, пайдалануы
сияқты іс-әрекеттерге дағдыландырады.
- «Абай жолы» сынды ұлы туындыны тани бастайды, оқырмандық
қызығушылықтары артады.
Достарыңызбен бөлісу: |