Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65

 ӨТШТ-  бұл  негізгі  оқыту  бағдарламасын  өзгертпей,  оны  барынша  тиімді 

ету үшін қолданылатын ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі.  

Балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілетін  қалыптастыру,  басқаша 

айтқанда әртүрлі әрекеттер кезінде ерекше, күтілмеген оқиғаларды тиянақты шеше 

алатын, шығармашыл тұлғаны дайындау-бұл педагогтың ең негізгі мақсаты. 

Балабақша  педагогтары  балалармен  жұмыста  технологияларды    мектепке 

дейінгі ұйымның мақсат, міндеттеріне сәйкес таңдап алулары керек. 

 

 

Сейлханова  Б.К.,  психология  пәнінің  оқытушысы,  Өскемен  медициналық 

колледжі  



 

БОЛАШАҚ МАМАНДАР  ДАЯРЛЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ БІЛІМ 

БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

 

Қоғамда  ересек  адамның  өз  ісінің  шебер  маманы  болуы  әрқашан 

дәріптеледі.  Осыған  байланысты  жастарға  кәсіби  білім  беру,  олардың  мамандық 

меңгеруіне  жағдай  жасау  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  маңызы  зор  іс  болып 

саналады. Кәсіби білім беру – қоғамдағы ең маңызды әлеуметтік тәжірибе саласы.  

Кәсіби  білім  беру  –  тұлғаның  маман  ретінде  ғылыми  негізде 

ұйымдастырылған даму процесі және нәтижесі. Сонымен қатар, кәсіби білім беру 

тұлғаның  мамандықтың  нақты  бір  түрін  меңгеру  процесі  және  нәтижесі  болып 

табылады. 


243 

 

Кәсіби  білім  беру  қоғамның  келешегін  анықтайды.  Болашақ  мамандардың 



жетекші  іс-әрекеті  нақты  бір  мамандық  түрін  меңгеруге  бағытталған  кәсіби-

танымдық  іс-әрекет  (Э.Ф. Зеер)  немесе оқу-кәсіби  іс-әрекет  (И.А.  Зимняя)  болуы 

тиіс.  Себебі,  аталмыш  іс-әрекет  түрі  ғана  болашақ  мамандардың  кәсіби  білім 

меңгеруіне  психологиялық  негіз,  құзіреттілік  тұрғы  бола  алады.  Оқу-кәсіби  іс-

әрекетті  жетілдіру  болашақ  маманның  субъект  ретіндегі  белсенділігіне 

байланысты  болады.  Сондықтан,  оқу-кәсіби  іс-әрекет  болашақ  мамандардың 

жетекші  іс-әрекеті  ретінде  тек  кәсіби-бағдарлы  ғана  емес,  ол  субъект-бағдарлы 

сипатпен анықталынуы қажет. Тек сонда ғана кәсіби білімді тереңдетіп меңгерту; 

даралап және саралап кәсіби білім беру қағидалары жүзеге асырылады. 

Кәсіби  білім  беру  мен  оқу-кәсіби  іс-әрекетті  ұйымдастырып,  жетілдіру 

арқылы  болашақ  мамандардың  тұлғалық  болмысында  жаңа  психологиялық 

қасиеттер,  яғни,  жаңа  психологиялық  құрылымдар  түзіледі. Болашақ  мамандарда 

жоғары  білім  алу  арқылы  пайда  болатын  жаңақұрылымдар  Б.Г.  Ананьев,  Е.И. 

Степанова, Ю.П. Поваренков және т.б. зерттеулерінде тағайындалған. Оқу-кәсіби 

іс-әрекет арқасында студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуында пайда болатын 

психологиялық жаңақұрылымдардың негізгілері: 

-

 

дербестік;  



-

 

әлеуметтік кемелдену; 



-

 

танымдық және кәсіби іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдері; 



-

 

әлеуметтік-кәсіби құзіреттілік; 



-

 

кәсіби маңызды қасиеттердің дамуы; 



-

 

кәсіби сәйкестік (идентификация); 



-

 

жігіт-қыз арасында болатын екеуара жақын қатынастардың орнығуы. 



Мамандық  кәсіби  білім  беру,  дайындау  және  іс-әрекет  арқылы  нақты  бір 

кәсіби  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  қажетті  арнайы  білім,  икемділік  және  дағды 

кешенін  меңгеру  нәтижесі  болып  табылады.  Осыған  байланысты  маман 

дайындаудың үлгісі жасалады. 

Алайда, маман дайындау үлгісін маман үлгісінен шығады. Сондықтан, еңбек 

психологиясында  маман  үлгісі  анықталып,  ғылыми  тұрғыда  негізделеді.  Маман 

үлгісі зерттеушілердің ғылыми ұстанымдарына байланысты негізінен екі  нұсқада 

құрастырылады. 

1. Маманның кәсіби іс-әрекет үлгісі. Бұл үлгіге кәсіби іс-әрекет түрлерінің; 

кәсіби  іс-әрекет  салаларының;  кәсіби  іс-әрекет  құрылымының;  кәсіби  іс-әрекет 

жағдаяттарының  сипаттамалары  кіреді.  Оған  қоса,  кәсіби  іс-әрекеттің  типтік 

міндеттері мен оларды шешу тәсілдері; кәсіби қиыншылықтар маманның кәсіби іс-

әрекет үлгісіне қамтылады. 

2.  Маман  тұлғасының  үлгісі.  Бұл  үлгіде  кәсіби  іс-әрекетті  ұйымдастыруға, 

жүзеге  асыруға  және  жетілдіруге  қажетті  тұлғалық  сапалар  мен  психологиялық 

қасиеттер  бейнеленеді.  Сонда,  маман  тұлғасының  үлгісі  –  оның  кәсіби 

міндеттерінің  тиімді  орындалуын  және  өзін-өзі  дамыту  процесін  қамтамасыз 

ететін сапалардың жиынтығы.  

Ал,  маман  дайындау  үлгісі  кәсіби  іс-әрекетті  меңгеруге  қажетті 

студенттердің  оқу  әрекеттері  мен  танымдық  қызмет  түрлерін  қамтиды.  Сонымен 

қатар,  маман  дайындау  үлгісінде  жоғары  мектепте  кәсіби  білім  беруді  реттейтін 

оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; тәрбиелік іс-шаралар; еңбек ортасымен 



244 

 

байланыс  формалары;  маманның  квалификациялық  сипаттамасы  басшылыққа 



алынады. 

Маман  үлгісінде  де,  маман  дайындау  үлгісінде  де  басты  құраушы 

профессиограмма болып табылады. 

Кәсіби  білім  беруде  іс-әрекет  түрлерінің  сипаттамасы;  еңбек  түрлерінің 

міндеттері;  іс-әрекетке  қажетті  білімдер,  икемділіктер  және  дағдылар  кешені; 

маманның  тұлғалық  сапалары  мен  психологиялық  қасиеттері  маңызды  орын 

алады.  

Кәсіби  білім  нәтижесінде  алынатын  мамандықтың  өзін  зерттеп,  білу 

профессиография  барысында  жүзеге  асырылады.  Бұл  «профессиография»  ұғымы 

мамандықты меңгеру процесін; мамандықтың психологиялық сипаттамасын және 

мамандықты  жобалауды  қамтиды.  Сонымен  қатар,  профессиография  кәсіби  іс-

әрекетке  қойылатын  психофизиологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік-

экономикалық  талаптарды  ескере  отырып,  мамандықты  зерттеу,  сипаттау  және 

жобалау  технологиясы  болып  табылады.  Профессиография  жүргізу  нәтижесінде 

профессиограмма құрылады.  

Профессиограмма  –  «мамандық  туралы  және  мамандық  иесіне  қойылатын 

талаптар  жүйесі  туралы  білімдер  жиынтығы».  Психология  ғылымдарында 

профессиограмманың  мазмұны  мен  құрылымы  түрліше  анықталады.  Солардың 

арасында  К.К.  Платонов,  Ю.В.  Котелова  сынды  ресейлік  ғалымдар  құрастырған 

кешенді  профессиограмма  көп  танылған.  Онда  еңбектің  психологиялық, 

психофизиологиялық,  психофизикалық,  әлеуметтік,  технологиялық,  техникалық, 

экономикалық,  медицианалық,  санитарлық-гигиеналық  сынды  еңбектің  маңызды 

сипаттамалары  барынша  ескеріледі.  Олай  болса,  профессиограмманың  құрамы 

ауқымды  болады.  Нақтысында,  профессиограмманы  сипаттаушы  бөлшектер 

мыналар: 

-

 



кәсіби іс-әрекеттің мақсаты; 

-

 



кәсіби іс-әрекеттің тәсілдері; 

-

 



еңбек нәтижелерін бағалайтын өлшемдер; 

-

 



еңбек құралдары; 

-

 



еңбек жағдайы;  

-

 



еңбектің маманға тигізетін ықпалы; 

-

 



маманның құқықтары мен міндеттері;   

-

 



іс-әрекетке қажетті білімдер, икемділіктер және дағдылар кешені;  

-

 



кәсіби маңызды сапалар; 

-

 



маманның денсаулық жағдайына байланысты шектеулер; 

-

 



еңбектің маманға тигізетін пайдасы; т.с.с.  

Жалпы,  психологияда  профессиограмма  кәсіби  іс-әрекеттің  психологиялық 

нормалары  мен  талаптарының  және  маман  тұлғасының  сипаттамасы  ретінде 

қарастырылады.  Сондықтан,  профессиограмма  табысты  еңбек  ететін  маманның 

жалпыланған,  эталондық  үлгісі  ретінде  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  негізге 

алынады. 

Профессиограмма  кәсіби  білім  беру  процесін,  болашақ  мамандардың  

мамандықты  меңгеру  жағдайын  басқару  үшін  құрастырылады.  Сондықтан,  оның 

мазмұны  болашақ  мамандарды  өздерінің  таңдаған  мамандықтарына,    кәсіби  іс-


245 

 

әрекетіне бағдарлау, мамандыққа бейімделу, мамандықты игеру, т.с.с. міндеттерді 



шешуге тәуелді болады және өзгертуге келеді.   

Профессиография  мақсаттарына  байланысты  түрлі  профессиограммалар 

жобаланады. Е.М. Иванова профессиограмманың төрт түрін ажыратады: 

1)

 



ақпараттық профессиограмма

2)

 



диагностикалық профессиограмма; 

3)

 



болжаушы профессиограмма; 

4)

 



әдістемелік профессиограмма. 

Қазіргі  кезде  профессиограмманың  бұл  түрлерінің  қатарына  аналитикалық 



профессиограмма  қосылды  (Е.М. Иванова).  Онда мамандықтың  жеке  бөлшектері 

мен  адамның  кәсіби  маңызды  сапалары  қамтылмайды.  Аналитикалық 

профессиограммада  мамандық  құрылымының  жалпыланған  нормативті  және 

морфологиялық көрсеткіштері және кәсіби іс-әрекеттің психологиялық құрылымы 

бейнеленеді. Сонда, аналитикалық профессиограммада екі блокты ажырату керек: 

1)

 



адамнан  тәуелді  болмайтын  және  қоғамдық  тәжірибе  ретінде 

жинақталған кәсіби іс-әрекеттің объективті белгілері сипатталады; 

2)

 

адамның  іс-әрекет  мен  оны  жүзеге  асыруда  маңызды  болатын 



сапалары. 

Сонымен қатар, Э.Ф. Зеер профессиограмманың екі түрін көрсетіп, оларды 

қазіргі кезде маңызды орын алады деп есептейді: 

1)

 



білімге бағдарланған профессиограмма; 

2)

 



жобалаушы профессиограмма. 

Білімге 

бағдарланған 

профессиограмма. 

Білімге 


бағдарланған 

профессиограмма  мамандықтың  субъектілік  негізі  туралы  тұжырымдамаға 

арқаланып,  құрылады.  Соның  арқасында,  болашақ  маман  іс-әрекеттің  толымды 

субъектісі  ретінде  дамып,  жетіледі.  Олай  болса,  маман  әрқашан  субъектілік 

ерекшеліктермен сипатталуы қажет.  

Білімге  бағдарланған  профессиографияны  зерттеушілер  (Э.Ф.  Зеер,  В.В. 

Бажутин,  З.З.  Кирикова,  Н.В.  Крохина,  және  т.б.)  профессиограмманың  мәнін, 

құрылымын 

және 

оны 


құру 

технологияларын 

анықтаған. 

Олар 


профессиограмманы  күрделі  құрылым  ретінде  ұсынады.  Бірнеше  құраушы 

бөлшектерден тұратын профессиограмма икемді, көпжақты болады. Әрі, құрылым 

түріндегі  білімге  бағдарланған  профессиограмма  көп  нұсқалық    қағиданы  жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай профессиограмманы білім беру 

мекемесіндегі  модернизациялық  процестерге;  кәсіби  білім  берудің  мақсат-

міндеттеріне;  квалификацияға  қойылатын  талаптарға  сәйкестендіріп,  қажетті 

кәсіби және әлеуметтік құзірет модульдерімен толықтыруға болады.  

Сонымен,  профессиограмма  кәсіби  білім  берудің  тәжірибеде  маңызды 

болатын 

мәселелерді 

шешудің 

пәрменді 

құралы 

болып 


табылады. 

Профессиограмма  маман  дамуына  икемделе  алатын  бағдарлық  негіз  болып 

табылады. 

Профессиограммадан кәсіби білім беру бағыты және еңбек мазмұны туралы 

мәліметтер ғана шықпайды. Сонымен қатар, профессиограмма болашақ маманнан 

кәсіби іс-әрекетте маңызды болатын психологиялық сапаларын анықтайды. 



 

Әдебиеттер 

246 

 

1.



 

Климов  Е.А.    Пути  в  профессионализм  (Психологический 

анализ):Учебное  пособие.  М.,  Московский  психологосоциальный  институт; 

Флинта, 2003.320-с. 

2.

 

Маркова  А.К.    Психология  профессионализма.  М.,  Международный 



гуманитарный фонд “Знание”, 1996. 312-с. 

3.

 



 Зеер Э.Ф. Психология личностно ориентированного профессионального 

образования. – Екатеринбург, 2000. 

4.

 

Муравьев  Е.М.    Компетентностный  подход  как  одно  из  оснований 



обновление образования//Народное образование, №5, 2003, 55-64-б 

 

 

Тауанова Б.П., магистрант, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ   

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН 

ДАМЫТУДА  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Қазіргі  таңда  педагогикалық  ортадағы  ең  «сәнді»  термин  «құзірет»  болып 



табылады.    Құзірет    дегеніміз  (латынша  “competentia”  –  компетенция)  –  құқы 

бойынша    қандай  да  бір  мекеменің    немесе  адамның    өкілет  шеңбері,  адамның 

танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері. Ғылыми  әдебиеттерде құзіреттілік дара  

тұлғаның    бойындағы  өзара    сапалардың  (  білім,      білік,  дағды,  іскерлік,  әрекет  

тәсілі.) жиынтығы болып табылады. Жалпы  алғанда құзіреттілік  дегеніміз – жеке 

тұлғаның  белгілі    бір    мәселені  шешудегі  өзара    байланысты  білім,    білік 

дағдыларының жиынтығы  және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет  саласына 

сай  құзіреттерді  меңгеруі [1, 16]. 

Педагогикалық  тұрғыдан  құзіреттілік    дегеніміз  –  оқушының  алған  білімі  

мен  дағдыларын тәжірибеде, күнделікті  өмірде қандай  да  бір  практикалық және  

теориялық проблемаларды  шешу  үшін қолдана алу  қабілеттілігі. 

Құзіреттілікті  жүргізуді ұйымдастыруды, үндеуді мұғалім өзі іске асырады. 

Қолда бар ақпаратты жалпылау, талдау және тарату да мұғалімнің жұмысы болып 

есептелінеді. Себебі оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын мұғалім. Педагогикалық 

құзіреттілік білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, 

дәл  ақпарат  алу  мақсатында  жүргізіледі.  Педагогикалық  құзіреттіліктің    негізгі 

идеясы – бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың іс-әрекетін бағалауды басқару 

болып  табылады.  Білім  беру  мекемелерінде  құзіреттіліктің  нысанына  сынып, 

мұғалім, оқушы, сол сияқты білім беру процесінің жеке бағыттары алынады. 

Мұғалім – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын  қалап  жатқан  маман. 

Өйткені ел  болашағының кілті бүгінгі  жас  ұрпақтың қолында. Қазіргі  қоғамға  

жан-жақты    дамыған,  ізденімпаз,  шығармашылыққа  құштар,  қабілетті,  кәсіби  

құзіретті, педагогикалық үрдістің шебері, жаңа  идеяларға  құштар педагог қана  өз 

ісінің шебері  болуы  мүмкін. Ал пән мұғаліміне  келетін  болсақ, білімнің өзіндік  

құндылығын  анық  түсінген,  мәдениеті    жоғары,  өз  пәнінің  шебері,  алдындағы  

дәріс    беретін    тұлғаға  рухани    өсуінің  мотивациясын  қалыптастыратын, 

педагогикалық  әдістермен  қаруланған  кәсіби    шебер    болуы    тиіс.  Ұстаз 

оқушылардың  іс-әрекетін    болжап,  ұйымдастырып,  кемшіліктерін  уақытылы  

түзетіп, нәтижеге  үнемі жетіп  отырған кезде ғана құзіретті  бола  алады. Кәсіби  


247 

 

педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап  ететін қазіргі  заманда ұстаздың 



әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін  қажетсінеді [2,76-79].  

Қазіргі  педагогика  ғылымында  негізгі  базалық  ілімдердің  бірі 

«құзыреттілік»  болып  отыр.  Құзыреттілік  дегеніміз  –  тұлғаның  бойында  білім, 

дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты 

өсіп  отырған  талаптармен,шапшаң  технологиялық  өзгертулермен,соның  ішінде 

академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. 

Бүгінгі күнде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның 

білім  беру  мекемелеріне  қойылатын  жаңа  талаптарды  анықтауда.  Техникалық 

прогресс  пен  ғылыми  ақпарат  көлемнің  ұлғая  түсуі,  мектептегі  білім  беру 

мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта 

қарау,  мұның  бәрі  мұғалімнің  кәсіби  біліктілігі  мен  тұлғасына,  бүкіл 

педагогикалық  үрдістің  тұлғалық  бағдарлануына  қойылатын  талаптардың  сөзсіз 

арта  түсуіне  алып  келеді.  Бүгінгі  таңда  мектептің  оқу  үрдісін  жетілдіру  үшін 

инновациялық  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін  өмірдің  өзі 

дәлелдеп отыр.  

Білім  берудегі  инновациялар  –  қоғамның  тұрақты  өзгеріп  отыратын 

мұқтаждықтарына  сәйкес  оның  дамуының  қажетті  және  табиғи  шарты.  Бір 

жағынан  құндылықтардың  сақталуына  ықпал  етсе,  екінші  жағынан,  олар  барлық 

екі  нәрседен  бас  тартып,  әлеуметтік  қайта  жасалымдардың  негізін  өздері  алады. 

Осыдан  келіп,  оқу  үрдісін  қазіргі  деңгейде  жүргізуге  талпынғандарға  арналған 

ерекше талаптар туындайды. Ол талап – құзіреттілік. Ол барлық уақытта қарама-

қайшылықтар  болған  жағдайда  іске  асырылады.  Білім  берудегі  құзіреттілік 

педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады. 

Абай  шығармашылығын  оқыту,  бұл  әрине,  әдебиет  сабағымен  біте 

қайнасқан байланыста. Жаңа заман талабына сай жаңа мазмұнға бай жаңа әдістер 

жүйесі  қажет.  Абай  шығармаларын  оқытуда  құзіреттілік  терминін  пайдалану  тек 

тиімді оң нәтижені берері анық. 

Әдебиет – ең алдымен ана тіліміздің аясындағы сөздерді ұтымды да ұтқыр 

түрде қолдануға үлкен көмегін тигізеді. Осы жерде «бөтен сөзбен шұбарланбаған» 

кемеңгер  данышпанның  өлеңі  болсын,  қара  сөзі  болсын  танымдық  мән  берері 

сөзсіз. 

Тілге  құрмет  –  сол  тілді  білумен  ғана  шектелмеуі  тиіс.  Сөйлеуші  сөз 

жақсысын дұрыс тере білуі, таңдап қолдануы, ойын дәл, анық жеткізе білуі қажет. 

Осы айтылған сөздерге Абайдың мына өлең жолдары дәлел:  

«Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы,  

Қиыннан қиыстырарер данасы.  

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,  

Теп-тегіс  жұмыр  келсін  айналасы»,  Абайдың  сөз  зергері,  үлкен  стилист, 

классиктігінің  негізі  осында  деп  түсіне  білу  қажет.  Ұлы  ақынның  сынды  көркем 

сөз шеберінің тіл туралы айтқан пікірі: 

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 



Ол  ақынның  сөз  білмес  бейшарасы»,  -  деп  тіл  қадірін  кетірушілерге  соққы 

береді. 


248 

 

Тіл тазалығын сақтау –ана тілін ардақтайтын әр азаматтың қасиетті борышы. 



Көбіне,  айтар  ойын  шашыратып,  тілді  шұбарлап,  айтар  көрікті  ойдың  өңін 

қашырады, мәселе, ойындағысын түсінікті, жүйелі түрде жеткізе білу. 

Алынған  өзекті  тақырыпты  басшылыққа  ала  отырып,  өзін-өзі  бағалай 

білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, 

алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беретін оқушы құзырлығын дамыту 

қажет. 


Құзіреттілікті  пайдаланудың  тиімділігі  –  оқушының    құзіреттілігін  

арттырып  ғана қоймайды, сонымен  қатар: 

 

Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына  бағытталады. 



 

Мұғалім мен оқушылар  арасында ізгілікті,қарым-қатынас  орнайды. 



 

Оқушының  өздігінен жан-жақты білім   алуына жағдай жасалады. 



 

Оқушы ойын ашық айта алуға ,пікір айтуға,алмасуға үйренеді. 



 

Алған  білімге  сын  көзбен  қарауға,  білімді  сапалы  түрде  алуға  



дағдыланады. 

 



Мәселенің ең  негізгі  түйінін  табуға  дағдыланады. 

 



Оқушылардың  шығармашылық белсенділігі артады [3, 43]. 

Осыдан  барып  өзара  қарым-қатынас  жасау  әрекеті,  яғни  коммуникативтік 

құзіреттілік туралы айта кетуге болады. 

Қазіргі 


таңда 

білім 


беру 

жүйесінде 

оқушының 

(субъектінің) 

коммуникативтік  қабілетін  дамытуға  да  көп  көңіл  бөлінуде.  Коммуникативті 

қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруды қажет етеді. 

Құзіреттілік  жалпы  қабілеттілікте  байқалатын,  оқу  үрдісінде  және 

әлеуметтендіруде  пайда  болатын,  өз  бетімен,  табысты  іс-әрекетке  қатысуымен 

білімі  және  іс-тәжірибесіне  негізделген  жеке  тұлғаның  интеграциялық  қасиетін 

қарастырса,  онда  коммуникативтік  құзыреттілік  өз  ана  тілін  және  басқа  тілді 

білуді қарастырады. 

Ал  жаңа  білім  парадигмасына  сүйене  отырып,  дайындық  кезінде  «білім» 

парадигмасының  орнына  «құзіреттілік  амалы»  келетінін  ұмытпаған  жөн,  ал  ол 

қазақстандық  мектеп  үшін  дәстүрлі  болып  табылатын  жалпы  білім  беру 

мақсаттары мен мазмұнын жоққа шығармайды, қайта байытып жаңартады. 

Құзіреттілік  амалы  –  білім  беру  нәтижесіне  ден  қоятын  амал,  бұл  жерде 

нәтиже ретінде ақпарат көлемін игеруді емес, адамның алған білімін қолдана, жаңа 

білім  тудыра  отырып,  түрлі  проблемалық  ахуалдарда  өз  бетімен  әрекет  етуін 

қарастырады.  Құзіреттілік  амалы  –  оқу  үрдісін  практикалық  нәтижелерге 

бағдарлайтын білім берудің әрекеттілік сипатын жүзеге асырушы амал [4, 91]. 



 

Әдебиеттер 

 

1.

 



ҚР Мемлекеттік жалпы Білім беру стандарты 2010 

2.

 



Құдайбергенова  Қ.С.  “Құзырлық  амалының  негізгі  ұғымдары” 

Алматы, 2007. 

3.

 

Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, 



№ 3, 2004. 

4.

 



Пособие  для  учителей.  Ведение  в  коммуникативную  методику 

обучения языку – Оксфорд-пресс,1997. – 48 л. 



249 

 

Тугельбаева И., информатика пәні мұғалімі, Қаратоғай орта мектебі, ШҚО  



  

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУ ҮРДІСІН  АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ 

МАҢЫЗЫ

 

 

Отандық  білім  беру  жүйесінде  білім беру  үрдісін  ақпараттандыру  және  



жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту  -  оқу  – 

тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен 

сапасын жоғарлату 

мақсатында бүгінгі білім берудің өзектілігіне айналуда.   

Оған  дәлел,  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың:  «Қазіргі  заманда  жастарға 

ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім 

беру өте қажет»,- деген пікірі дәлел.  

Білім  беруді  ақпараттандыруда  компьютерлік  техниканы,    интернет, 

компьютерлік  желі,  электрондық  және телекоммуникациялық  құралдарды, 

интерактивті құралдарды, 

электрондық 

оқулықтарды 

оқу үрдісіне 

тиімді 


пайдалану арқылы білім сапасын көтеру біздің де назарымызда. 

«Білім  берудегі  АКТ»  ұғымы    «оқытудың  жаңа  ақпараттық 

технологиялары»,  «қазіргі  ақпараттық  оқыту  технологиялары»,  «компьютерлік 

оқыту технологияларымен» тығыз байланысты.  

Ақпараттық  –коммуникациялық  технологияны  (АКТ)  бәсекеге  қабілетті 

ұлттық  білім  беру  жүйесін  дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік 

ортаға  енудегі  сабақтастыққа  қолдану  негізгі  мәнге  ие  болып  отыр.  Білім  беруді 

ақпараттандыру,  білім  салаларының  барлық  қызметіне  ақпараттық  технологияны 

енгізу  және  ұлттық  модельді  қалыптастыру  қазақстандық  білім  беруді  сапалы 

деңгейге көтерудің алғы шарты.  

Ақпараттық–коммуникациялық 

технология 

электрондық 

есептеуіш 

техникасымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға, 

модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  тақтаны  қолдануға, 

интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына  негізделеді. 

Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.  

Қазіргі    таңда  оқушы-  ақпаратпен    қаруланған,  жан-жақты  дамыған  тұлға. 

Оның    білімдік    қабілеттерін    дамыту  үшін  біздер,    мұғалімдер  жан-жақты 

біліммен қаруланған маман болуымыз қажет. 

«Балаға  білім  бергенде,  алыстан  жақынға,  таныстан  жатқа  көшіп,      жаңа 

білімді  ескі  білімге  байлап  беру керек», -деп атақты педагог Мағжан Жұмабаев 

айтқандай,  бүгінгі  информатиканы  оқыту    үрдісінде  жаңа  көзқараспен    қарау  

керек. 


Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі 

көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.    

 Жылдан-жылға  білім  беру  ісі  ерекше  қолға  алынып  отыр.    Мектептерде 

жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр. 

Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік, 

дағдының  көлемі  күннен-күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Мектептің  білім 

беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын 

арттыру,  білім  беру  үрдісін  интенсификациялау  мен  модернизациялаудың  тиімді 



250 

 

тәсілдерін  іздестіру  жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Бұл  жұмыстардың  тиімділігі 



мен  нәтижелілігі  бірнеше  оқу-әдістемелік,  психологиялық-педагогикалық 

мәселелердің  шешімін  ғылыми  түрде  негіздеуді  талап  етеді.  Оларды  бірнеше 

бағыттарға бөлуге болады: 

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-

әдістемелік жолын анықтау; 

-  оқушылардың  тәжірибелік  іс-әрекетінде  ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың әдістемесін жасау; 

-  мұғалімдердің  ақпараттық  технологияларды  меңгеру  және  оқу  үрдісінде 

пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру; 

оқушыларды  білім,  білік,  дағдыны  меңгеру  үшін  ақпараттық 



технологияларды пайдалануға үйрету; 

- мектептің материалдық - техникалық базасын нығайту. 

Білім  берудегі  Кеңестік  кезеңнен  қалыптасқан  ескі  жүйені  бұзу  үшін 

оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс: 

1)

 

Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру; 



2)

 

Ұжымдық іс- әрекетті ортақ қарым- қатыныс құралы ету; 



3)

 

Деңгейіне қарап саралып, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.  



Бұл ретте әр педагогтің сабақты интерактивтік бағытта қызықты, тартымды 

өткізуі  керек.  Информатика  пәнінің  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  әрбір 

сабаққа қойылатын басты талаптарды ескеруіміз қажет: 

-

 



оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; 

-

 



сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру; 

-

 



ақпараттық технологияның өмір үшін маңыздылығын баяндау, тиімді 

пайдалану, сезімдерін ояту; 

-

 

балалармен ынтымақтастықта болу; 



-

 

сабақтың өмірмен байланысын нығайту; 



-

 

мұғалімнің  сабақтағы  жаңашылдық,  шығармашылық  әрекетін  тиімді 



ұйымдастыру. 

Тәжірибе  барысында,  әр  информатика  пәні  мұғалімі  сабақ  өткізген  кезде 

оқушыларға  сапалы  білім  беру  үшін  жаңа  технологияларды  пайдалана  отырып, 

сонымен  қатар  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  арқылы  білім  берсе, 

оқушылардың  қызығушылығы  мен  білімнің  сапасы  артатынын  байқауға  болады. 

Осы  ретте  интерактивті  құралдарды  сабаққа пайдаланғанда  дидактикалық 

бірнеше мәселелер шешіледі: 

 



пән бойынша базалық білімді  меңгеру; 

 



алған білімді жүйелеу; 

 



өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 

 



жалпы оқуға деген ынтасын арттыру. 

Аз-кем  сабақ  берудің  тәжірибесінде  интерактивті  оқытудың  мәнін  қытай 

халқының «Маған айтсаң - мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең - есімде қалады,  

өзіме істетсең – үйреніп аламын», деген нақылының орынды айтылғанын байқауға 

болады. Біздің пәнге айтып, көрсеткеннен гөрі өзіне үйреткен өте тиімді. Себебі, 

ауызша ақпараттан гөрі бірден практикалық тапсырмаларға көшіп, оқушының өзі 

тәжірибеде сынап үйренгенде ғана білім сапасы артады.  


251 

 

Информатиканы  оқытудың  білім  беру  –  дамытушылық  мақсаты  – 



оқушының  шығармашылық  қабілетін,  жеке  тұлғалық  қасиетін  қалыптастыруға, 

ақыл-  ойын,  ойлау  өрісін,  ынтамен  дамытуға,  яғни  қызмет  субъектісі  ретінде 

қалыптастыруға  бағытталған.  Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын 

информатика  пәнінің  кіріктірілген  сабақтарында  пайдалану  оқушының 

шығармашылық,  интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде 

пайдалана білу дағдыларын қалыптасуына әкеледі.  

Компьютерлік  техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық 

мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін 

жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. 

Информатика  пәнін оқытуда кез келген  сабақ  – ол оқу үрдісінің  бір  бөлігі, 

сондықтан  да  оқып  үйретуді  ғылыми  танымда  нақтылықтың  критерийі  ролін 

атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде  – оқуға 

ынталылықты, оған оң  көзқарасты, айналадағы  ортаның  құбылыстарын  түсіндіру 

үшін  теориялық  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдысына  қалыптастыруға 

тиіс.  Бірақ  біз  ауқымды  желілер  технологияларын    қолдана  отырып  бұл 

материалдарды  түсіндіру  кезінде  оқушылардың  жаһандық  ақпараттану  әдісін, 

компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. 

Интернет  желісінде  жұмыс  істеу  де  оқушыларымызға  әлемдік  білім  мен 

ғылым  жетістігінен  хабардар  болып, оны  игеруіне шексіз мүмкіндіктер  ашатыны 

хақ.    


Информатикада  ақпараттық    технологияны  қолдануда  оқушылардың  пәнге 

деген 


қызығушылығын 

арттырып 

қана 

қоймай, 


үлкен 

ізденіспен, 

шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: 

 



Компьютерде еркін жұмыс жасайды; 

 



Компьютер желілерімен байланыс жасайды; 

 



Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды; 

 



Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады; 

 



Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады

 



Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; 

 



Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. 

Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  информатика  пәні  мұғалімі  тек  ақпараттанушы 

ғана емес, оқушының  жеке  тұлғалық  және интеллектуальды дамуын  жобалаушы. 

Бәсекеге  қабілетті,  функционалды  сауатты  оқушыларды  қазіргі  қоғамның 

түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеп тәрбиелеуде оқу үрдісін  ақпараттандыру 

қашан да өзекті екені сөзсіз.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет