МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Абдихаева М. К.,
Математика пәнінің мұғалімі,
№16 орта мектеп, Астана қ.,
abdi_maira_1970@mail.ru
Педагогикалық инновация – мектептегі даму үдерісінің, жаңа
технологияларды, жаңа білім беру практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Педагогикалық инновация – бұл оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға,
тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған өзгеріс.
Білім берудегі инновациялар, жалпы тұрғыда жаңаны енгізу,
қолданыстағыны өзгерту, жетілдіру және жақсарту ретінде түсіндіріледі. Бір
мектеп немесе бір мұғалім үшін болатын жаңалық, басқалар үшін өтіп кеткен
кезең болуы мүмкін. Жаңалық барлық уақытта нақты – тарихи сипатта болады.
Сондықтан мұғалімге білім беру саласындағы жаңалықтарға уақтылы ілесе
отырып, өзінің білім берудегі инновациялық қызметін іске асыруы керек.
Мұғалімнің
инновациялық
қызметінің
негізгі
функцияларына
педагогикалық үдеріс пен оның компоненттерінің прогрессивтік (ақаусыз деп
аталатын) өзгерістері жатады:
мақсаттағы өзгерісі (мысалы, оқушының дербес дамуы жаңа мақсат
болып табылады);
білім беру мазмұнының өзгеруі (жаңа білім беру стандарттарын қараңыз),
жаңа оқыту құралдары (компьютерге оқыту), тәрбие берудің жаңа
идеясы,
оқытудың жаңа тәсілдері мен амалдары, кіші сыныптардағы оқушыларды
тәрбиелеу.
Қазіргі таңда мектеп өміріне «заманауи педагогикалық технологиялар»,
«инновациялық үдерістер» деген ұғымдар берік енді. Әрбір мұғалім өз
79
жұмысында әр түрлі әдістерді, педагогикалық технологияларды қолданып
көреді және ең жақсы нәтиже берген әдісті таңдауы қақ.
9 - сынып оқушысының сауалнама бойынша жауабында: «Мен өз бетімше
ойлауға мүлдем қабілетсізбін, сараптап талдау жасау, қорытынды шығару,
шешімдерде өз нұсқаларымды ұсыну мүлде қолымнан келмейді. Менің
қолымнан не келеді? Оқулықтағы мәтінді айтып беру, дайын шаблон немесе
дайын формула бойынша есепті шығару, ең бастысы – өз бетімше ойлау
қабілетім жоқ.» Бұл қызға не айтуға болады? Осындай жас кезден бастап өзінен
өзі түңілуінен қалай қорғауға болады?
Көп жылдық жұмыс тәжірибеміз, егер оқушылардың тек жадын ғана емес,
сонымен қатар логикалық ойлау қабілетін дамытса, онда барлық оқушылар
терең, берік және ең бастысы саналы түрде білім алуға қабілетті екенін
дәлелдейді. Балаларды берілген мәселені шешудің жолдарын іздеумен
«ауырта» білу керек.
Жасыратыны жоқ, мұғалім келесі жағдайға өте жиі
кездеседі: ол көрнекті құралды көрсетіп, түсіндіруге тырысады. Бірақ кейбір
оқушылар оны естімейді, өйткені олардың басы мүлде бос емес, ойы басқа
жақта. Олардың ойына, санасына қалай «жетуге», оларды қалай сабаққа
«қайтаруға» болады? Сыныпқа проблеманы ұсынып, содан кейін оны шешу
үшін оқушылардың өз пікірін сұрау керек.
Проблемалық жағдай құру – бұл проблемалық оқытудың тек басы ғана.
Бұдан әрі оқушылар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс:
• жағдайға талдау жасау;
• оқу-танымдық проблеманы дәл тұжырымдау;
• сауатты болжам жасау;
• проблеманы шешу үшін оқушының білімінің жеткілікті екенін тексеру.
Келесі қадам – бұл алынған білім негізінде жорамалды дәлелдеу. Оқушы
өзінің жетістіктерін мақтаныш ететініндей нәтиже алынғанда, мұғалім өз
жұмысына қанағаттана алады.
Математика сабағындағы проблемалық диалог технологиясы келесі
әмбебап сұрақтарды шеше алады. Реттеуші – мәселелерді шеше білу.
Коммуникативтік – диалог жүргізу. Танымдық – мәтіннен ақпарат алу,
логикалық қорытындылар жасау.
Мұғалімнің мақсаты - жаңа педагогикалық технологияларды қолдана
отырып, оқушыларды оқуға үйрету. Ал тәжірибе көрсеткендей, білім берудің
жаңа технологиялары қолданыста болғанда ғана игерілуі мүмкін.
Өз сабақтарымда бірінші кезекте пәнге деген танымдық қызығушылықты
дамытуға тырысамын, оқушының белсенді ойлау әрекетіне барынша көңіл
бөлемін. Проблемалық жағдайдың шешімін белсене іздеу, ойлап табу, өзі
ұғынып түсіну - танымдық қызығушылықты оятудың басты шешімі болып
табылады. Проблемалық жағдай, әдетте, ойлау үдерісінің бастапқы кезеңі
болып табылады. Түсіну қажеттілігі туған кезде адам ойлана бастайды.
Проблема немесе сұрақ туындағанда, таң қалғанда немесе түсініксіз жағдайға
тап болғанда, қарама-қайшылықтар пайда болғанда ойлау үдерісі туындайды.
Осылай болу үшін проблемалық жағдайларды пайдаланамын және оларды
80
шешуге көмектесемін.
Мысал үшін, геометрия сабақтарында «Үшбұрыш»,
«Төртбұрыш» тақырыптарды зерделеу кезінде есептерді шеше отырып, белгілі
басқатырғыштар «Танграм» мысалында қағаздан фигураларды құрастыруды
қолданамын. Мысалы, жеті фрагментті пайдаланып а) параллелограмма; б)
үшбұрыш; в) тіктөртбұрыш; г) трапецию құрастыру.
Проблемалық жағдай туғызу мұғалімнен арнайы әдістемелік тәсілдерді
меңгеруді талап етеді. Проблемалық жағдайларды келесі үш топқа бөлуге
болады: танымдық (теориялық ойлау), бағалау (сыни тұрғыдан ойлау),
ұйымдастырушылық – өндірістік (практикалық ойлау).
Танымдық проблемалар
салыстыру, гипотезаларды ұсыну және ұсыныстар арқылы шешіледі.
Нәтижесінде ғылымда жаңа заңдар мен тұжырымдар, жаңа ұғымдар пайда
болады. Бағалау проблемалары заттар мен еңбек нәтижелерін сынай бағалауды
талап етеді.
Ұйымдастырушылық – өндірістік мәселелерді шешу бізді қоршаған
шындықтағы оң өзгерістерді әр түрлі жолдармен іздеуге байланысты және
практикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ тәжірибеде алған
білімдерін қолдануды іздестіруге әкеледі.
Осы проблемалық жағдайды толығырақ қарастырайық. Әр сабақта
оқушыларды түсініктердің анықтамасын өз бетінше табуға тартуға болады.
Заттың немесе құбылыстардың елеулі ерекшеліктерін оқушылар бақылаудың,
сипаттамалардың негізінде береді.
Мысалы, оқушылар «тіктөртбұрыш» ұғымы
меңгеріп, квадрат ұғымын зерделеуге ауысады, яғни «квадрат» ұғымын
анықтау қажет.
Тақтаға мұғалім әр түрлі жағдайда орналасқан өлшемі, түсі әр
түрлі бірнеше квадраттарды салады. Осы фигуралардың барлығына ортақ
қасиетін тауып, «квадрат» ұғымын анықтау керек. Бірнеше рет қайталанған
кейін оқушының санасында бұл ұғымды анықтау әдістемесі, қоршаған
шындықтың таным құралы ретінде бекітіледі.
Бағалау проблемалық жағдайды ұйымдастырудың негізгі мақсаты –
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Заттар мен құбылыстарды
бағалау өмірдің барлық саласында кездеседі. Дұрыс, сын көзбен бағалап ойлау
барлық адамдарға қажет. Әдетте, оқушыларға сабақта жалған пайымдауларды
жоққа шығаруға тура келеді. Осы жұмыс үдерісі барысында олар жоғары
бақылаушылық танытып, және салыстыру арқылы қатесін табу керек. Егер
мұғалім оқушыларға үнемі қатесі жөнделген тапсырмаларды ұсынса, онда
нәтижесінде оқушыларда хабарламаларға, нұсқауларға және тапсырмаларға
толық сенімділік туындайды. Мұндайды болдырмас үшін, оқушылардың талдау
білу, қателерді табу және негіздей білу қабілетін дамыту қажет. Осы
дағдыларды оқушыларға бірте-бірте сіңіру қажет: алдымен қатесі бар пікірлерді
анықтауға үйрету, содан кейін қателерді теріске шығаратын дәлелдерді таңдау
және соңында, кеңінен және дәйекті түрде тұжырымдарды теріске шығаруға
үйрету керек. Пікірді жоққа шығару – бұл оның жалған екенін айқындау;
келтірілген дәлел логикалық заңдар мен ережелерге дәлме-дәл сәйкес келуі
тиіс. Мұғалім қателерді іздеу үшін әр түрлі тәсілдерді: өзара тексеру,
рецензиялау және пікірталас сияқты амалдарды пайдаланады.
81
Оқу-ұйымдастырушылық – өндірістік жағдай оқушыларды өндірісте
белсенді қызмет етуге дайындауға ықпал етеді, практикалық ойлауды
дамытады, мүмкін болатын қиын жағдайлардан шығудың жолын табуға
үйретеді. Әр түрлі пәндер бойынша болатын сабақтарда оқушыларды еңбекке
дайындау, мамандық таңдауға үйрету қажет, практикалық қызмет үдерісінде
туындайтын проблемаларды шешуге даярлау керек. Сонда ғана оқушылардың
білімдері тереңірек және берік болады, жаңа деректермен толығады.
Менің мұғалімдік міндетім оқушыларды тек қана түсінуге емес, сонымен
бірге ойлай білуге үйрету. Ол үшін мен сабақта оқушының қабілетін
дамытамын. Бұл оқушыларға өз бетімен білім алуына көмектеседі. Егер сабақта
проблемалық жағдай құрылса және оларды оқушылар көмегімен шешсе, онда
үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Белгілі білім мен іс-әрекет тәсілдерінің
көмегімен жағдайды шешу мүмкін болмаса, онда ол проблемалық деп аталады.
Проблеманы шешуде ең бастысы – оқушылардың қызығушылығын тудыра
білу. Мұғалім бұл жағдайды шешуге көмектеседі. Келесі жағдайға тоқталайын.
Мысалы, «Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу» тақырыбын өткенде, ауызша
есептеу бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды қамтиды, сонымен
бірге мысалдарда бөлімдері әртүрлі бөлшектер де кездеседі. «Бөлімдері әртүрлі
бөлшектерді қалай қосамын», - деген сұрақ туындап, проблемалық жағдай орын
алады. Егер оқушылар проблеманы шешуге қажетті біліммен қаруланған болса,
проблеманы шешу сәтті болады. Оқушылар бөлімдері бірдей бөлшектерге амал
қолдануды біледі, сондықтан бұл жағдайды оқушылардың өздері шеше алады.
Мысалы, «Ромб» тақырыбын өткенде оқушылар параллелограмм түсінігімен
таныс, сондықтан тақтаға өлшемдері, орналасуы және түстері әр түрлі бірнеше
ромбтар суретін салу жеткілікті, сонда оқушылар өздері ромб анықтамасын
тұжырымдай алады. «Трапеция» тақырыбын өткенде тақтаға әр түрлі дөңес
төртбұрыштарды салудан бастаймын. Олардың арасында оқушыларға белгілі
фигуралар: квадрат, тіктөртбұрыш, параллелограмма және жаңа төртбұрыш
трапеция бар. Балаларға оларды атау, анықтамаларын беру ұсынылады, ал
белгісіз төртбұрышты «трапеция» деп атауға және оның анықтамасын
оқушылардың өздері беру сұралады.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, стандартты емес есептерді
шешуге ықпал етеді деп санау қалыптасқан, осындай есептер оқушылардың
қызығушылығын тудырады, белсенді ойлау, өз бетінше шаблонды емес шешім
іздеу іс-әрекетін қалыптастырып, жандандырады. Әрбір мәтінді есептерді,
белгілі бір оқыту әдістемесін қолданып, шығармашылық етіп жасауға болады.
Кейде оқушылардың өзіне шешудің басқа жолдарын табуды ұсынамын.
Есептерді шешудің түрлі тәсілдерін іздестіру кезінде оқушылардың бойында
танымдық қызығушылық қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды,
ғылыми-зерттеу дағдылары пайда болады. Оқушы есепті шығарудың кезекті
әдісін тапқаннан кейін, әдетте, үлкен моральдық қанағаттандыру алады.
Мұғалімге, есептердің дайын шешімін ұсыну емес, оларды шешудің әр түрлі
тәсілдерін іздеуді ынталандыру өте маңызды.
82
Әр сабақта оқушыға, мектептегі оқу кезінде, денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету қажет, оған қажетті білімді қалыптастыру, салауатты өмір
салты бойынша іскерліктер мен дағдыларды, күнделікті өмірде алған білімдерін
қолдануды үйрету керек. Балаларда ырықсыз зейін басым. Оқушы өзіне қызық
нәрселерге ғана назарланады, ұнатады, сондықтан мұғалімнің міндеті –
оқушыға шаршау, алаңдап отыру, қанағаттанбаушылық сезімдерді жеңе білуге
көмектесу. Сабақтың бірінші минутынан, сәлемдесуден бастап мейірімділік,
жағымды эмоциялық көңіл-күй, т. б. жағдайларды құру қажет, себебі
оқушыларда мұғалімнің эмоционалды көңіл-күйін бағдарлау интуитивті түрде
дамыған. Бұл мағынада, математика сабағының басталуын ұйымдастыру да
жоғары дәрежеде болуы керек.
Мектеп оқушыларын бағалауда денсаулық сақтайтын технологияларға
үлкен көңіл бөлінеді. Бағалау кезінде орындалған жұмыстың алынған
нәтижесіне ғана емес, оқушының көрсеткен табандылық дәрежесі ескеріледі.
Шаршаудың алдын алу мақсатында оқу еңбегін дұрыс ұйымдастырудың
маңызы үлкен болып табылады.
Барлық оқушыларға математиканы игеру оңай
емес, сондықтан стресстің алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Жұппен, топпен өз орындарында, сонымен қатар тақта алдындағы жұмыстар
жақсы нәтижелер береді. Сабақта әр түрлі шешу тәсілдерін пайдалануға,
қателесуден және дұрыс емес жауап алудан қорықпауға дағдыландыру,
стресске қарсы күресу сәті болып табылады. Сабақтың соңында жаңадан
игерілгенді ғана емес, сабақта не ұнады, қандай сұрақтарды қайталаған дұрыс,
қандай тапсырма орындау қажеттігін сұрауды және демалыс – бұл іс-қимыл
ауысымы екенін ұмытпау керек. Жоспарлау кезінде сабақты бірсарынды
болдырмау керек, сондықтан, сабақта іс-әрекет түрлерін өзгертудің маңызы зор.
Әдебиеттер:
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕР
АРҚЫЛЫ
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ
Танатарова П. Б.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы
бойынша ПҚ БАИ, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім
мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі
өзгертуді, жаңартуды талап етуде. [3]
83
Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы инновациялық әдіс -тәсілдерді меңгеру. Қазіргі таңда
оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында
пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Осыған орай, “инновация” ұғымын қарастырсақ, оған әртүрлі анықтамалар
берілген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация-
нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным
ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім
мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені
тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені
байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту,
сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама
берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы
ұсынады.
Заманауи өзгерістің толассыз туылуына және өзгеріс периоды уақытының
қысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты.
Егер әлдебір өзгертулер, тапқырлықтар, жаңалықтар қоғамда жалпы қолданыла
бастаса, онда ол жаңалық ашудың шындап толық іске асқанын көрсетеді. [6]
Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
өміріндегі
түбірлі
өзгерістерге
байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында
да едәуір өзгерістер болып жатыр десек, осындай өзгерістің бірі – «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жанынан ашылған
«Педагогикалық шеберлік» орталығы мен Кембридж университетінің бірлесіп
ұйымдастырған педагогтердің біліктілігін арттырудың 3 айлық деңгейлік курсы
біліктілікті арттыру жүйесіне енгізілген реформа болды. Оның дәлелі ретінде
қазіргі таңда елімізде деңгейлік бағдарламалар курстарының, қазіргі кезде
"тиімді оқыту мен оқу" бағдарламасының жүргізілуі.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту, елімізде асқақ руханият пен
азаматтықты өркендету үшін атқарылатын жауапты іс-ұшан теңіз. Осындай
ауқымды істі ұйымдастыру мәселесі ең алдымен, педагогтерді қайта даярлау
ісімен тығыз байланысты. [1] Олай болса, мектеп жұмысы мен оқушы
жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011)
десек, мұғалімдердің деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру ісінде
өз
үлесімді
қосып
жүргендіктен,
сындарлы
оқыту
теориясының
тұжырымдамалық негізін меңгерту барысындағы тәжірибеммен бөліскім
келеді.
84
Қай салада болмасын мамандардың біліктілігін арттыру басты назарда
болады. Ең негізгі кезең ол осы бағдарламаны мұғалімдерге үйрету, меңгерту
кезеңі.
Педагогтердің біліктілігін арттыру саласында көп жылдар жұмыс атқарған
тәжірибемде қысқа мерзімді курстарда өткізген сабақтарым көбіне лекция
түрінде жүзеге асатын. Тәжірибеге, мұғалімдерді өздігінен ізденуге үйретуге, өз
пікірін ортаға салып, әріптестерімен ой бөлісуіне жағдай жасау мәселелеріне
көңіл бөлмейтінмін. Ондағы менің мақсатым: өзім түсіндіру арқылы
тақырыптың мазмұнын ашып, оларды өзім беретін жаңа ақпаратпен
қаруландыру болатын. Ақпараттық – техникалық құралдарды пайдалану тек
қана слайдтарды көрсету және талдаумен шектелетін. Тренингтерді, топтық
жұмысты аракідік пайдаланатынмын.
Деңгейлік курс барысында мен көп нәрсеге қол жеткіздім, яғни
жұмысымның мазмұнын бүгінгі талапқа сай жауап беретіндей етіп
инновациялық бағытта өзгертуім керек екенін түсіндім. Себебі, менің алдымда
еліміздің болашағы, ертеңі жас буынды оқытатын мұғалім отыр. Жаңа мектепке
тың идеямен қаруланған, жас ұрпақтың болашағына үлкен жауапкершілікпен
қарайтын, жаңалыққа жаны құмар мұғалім қажет. Жаңа дәуірдің жаңа
форматты мұғалімін даярлайтын біз, тренерлер қауымы болғандықтан, жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибемізде өзіміз қолданып, оны іс жүзінде
көрсету, оны мұғалімдердің үйренуіне жағдай жасау біздің міндетіміз деп
есептеймін.
Осы курста сабақ беру кезінде көптеген интербелсенді әдіс-тәсілдерді
қолданып өткізген сабақтарым мазмұнды да табысты болды деп айтар едім.
Солардың кейбіріне тоқталсам: М, ролдік ойындар, сценарий жасау, ми
шабуылы, көзқарасыңды ұстан, құмырсқа илеуі (броундық қозғалыс), аквариум,
ойлан-жұптас-пікірлес, қос жазба күнделігі, пирамида құру, ЖИГСО, кубизм,
желпуіш, фишбоун, фишпул, кері байланыстың кейбір түрлері: бес саусақ,
еттартқыш-сандық-қоқыс тастағыш, репортер т.б.
Әрбір тренинг - сабағымда мұғалімдердің миына шабуыл жасау
мақсатында «Ми шабуылын» өткізу дәстүрге айналған. Жаңа тақырып өтер
алдында сол тақырыпқа байланысты тыңдаушылардың пікірін білу мақсатында
осы әдісті қолданамын. Онда жаңа тақырыпты анықтайтын проблемалық
сұрақты ортаға тастап, тыңдаушылардың жауаптарын тақтаға баған етіп жазып,
тұрамын. «Ми шабуылында» кез-келген пікір қабылдана береді, берілген
жауапты дұрыс емес деп айтуға болмайды.
М. Қалай ойлайсыздар, Lesson Study деген не? Бұл терминді олардың
көбісі естімегендіктен, тыңдаушылар үшін проблемалық сұрақ болды. Сұраққа
тыңдаушылар көптеген жауаптар айтты, мен оны тақтаға баған түрінде жазып
тұрдым. Мұғалімдер Lesson Study туралы нақты білмесе де жақын жауаптарды
айтты. М:сабақты жоспарлау,оқушыларды зерттеу, сабақты талдау, білім
деңгейін арттыру, үлгермеушімен жұмыс сияқты жауаптар берді. Соңынан өзім
жауаптарының қаншалықты жақын келетінін қысқаша айтып өттім. Сабақтың
аяғында қай жауаптар дәл келетінін өздерінің таразылайтынын ескерттім.
85
«Аквариум әдісі» көбіне жаңа тақырыпты меңгеру барысында жүргізіледі.
Мұнда мәтін тыңдаушыларға оқуға беріліп, осы әдіс арқылы талданады, яғни өз
түсінгендерін, білгендерін ортаға салады. Тыңдаушылар үлкен шеңбер болып
айнала отырады, ортаға 2 адам балық роліне енеді де, бір-біріне қарама-қарсы
отырып, диалог құрылады, яғни өз пікірлерімен бөліседі. Мұнда сыртта
отырғандар диалогқа араласа алмайды. Соңынан аквариумның сыртында
отырған көрермендер балықтардың пікіріне өз ойларын қосады.
Жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін
үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық
көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу
оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы
диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына
көмектесетін амал екенін меңзейді. [7]
Диалогтық оқыту дегеніміз не? тақырыбын өту барысында «Бірге
ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз» ресурсы бойынша 3 мұғалімге ортаға шығып
диалог құру тапсырмасын бердім. Онда 3 тыңдаушы ортада бір-біріне қарап
отырады да, белгілі бір тақырып төңірегінде диалог құрады. Қалғандары
есептеу кестесі арқылы осы диалогқа баға береді.
Осы тақырыптың «Тиімді сұрақтар әзірлеу» ресурсы бойынша 1 топқа
ролдік ойын дайындау тапсырылды. Ондағы ролдерді тыңдаушылар өзара
бөлісіп, сценарий бойынша кішігірім көрініс жасады.
Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study -ді қолдану
тақырыбын бекіту ретінде «Кубизм» әдісі жүзеге асырылды. Онда кубиктің әр
қабырғасындағы сұрақтарды Lesson Study –ге орайластырып құрастырдым да,
оларға жауаптар берілді. Мысалы, Не? деген сұрақ беті түссе, Lesson study
деген не? Қашан? деген сұрақ түссе Lesson study қашан пайда болды? , Қайда?
Lesson study қайда қолданылады? Қалай? деген сұрақты Lesson Study-ді қалай
жүзеге асырамыз? деген т.с.с. сұрақтарға жауап айтады.
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісінде берілген сұрақ немесе тапсырманы
әуелі өзі жеке ойланып, қағазға түсіреді, содан кейін өз ойын жұбымен
талқылайды.Соңында бүкіл аудитория алдында пікірімен бөліседі. Оқытуды
жоспарлауда
ОүБ
әдістемесін
пайдалану
тақырыбында
_L3W3D2
Критерийлерді талқылау ресурсын талдау үшін әуелі топтарға 2 жауап
таратылып берілді де, «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша №1
тапсырманы орындау және экраннан көрсетілген сұрақтарға жауап беру
тапсырылды. Ол үшін әуелі жеке өзі ойланып, одан соң жұптасып талқылады.
Соңынан бүкіл аудитория алдында өз ойлары мен жауаптарын жариялады.
Пирамида құру әдісі. 12_L3W3D2_Бағалар жөнінде сәтті түсініктеме беру
үшін жасалатын қадамдар ресурсы бойынша әр қадамды әр топқа бөліп бердім,
олар өз қадамдары жайлы толық мағлұмат беріп, тақтада салынған пирамидаға
қадамдарды ретімен жазды. Нәтижеде ортақ үлкен пирамида (1-схема)
құрастырылды.
86
1-схема
Фишпул әдісі аквариум әдісіне ұқсас, мұнда тыңдаушылар екі шеңбер
құрады да, ішкі шеңбердегілер өз ойларымен бөліседі. Өзін-өзі бағалау және
өзін-өзі реттеу жайлы түсініктерін дамыту мақсатында 19_L3W3D2_Өзін-өзі
бағалау және өзін-өзі реттеу ресурсы Фишпул әдісі арқылы талданды. Бұл әдіс
арқылы мұғалімдердің өзін-өзі бағалау жайлы, оның өзін-өзі реттеумен
байланыстылығы және өзін-өзі реттеу аспектілері жайлы түсініктері тереңдеді.
Сабақтарды қорытындылау мақсатында «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісімен
«Оқушы үшін бағалаудың маңызы» тақырыбында топтық талқылау өткізілді.
Жиынтық
және
қалыптастырушы
бағалаудың
ұқсастықтары
мен
айырмашылықтарын қаншалықты білетінін анықтау және салыстыру
дағдыларын қалыптастыру мақсатында Венн диаграммасын толтыруды
тапсырдым. Бұл әдіс тиімді болды, себебі суммативті және формативті
бағалаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өздері жазып, білімдерін
бекітті.
Игеруге қиындық келтіретін күрделі тақырыптарды ЖИГСО әдісін
қолдану арқылы меңгертуге тырысамын. Мұнда мәтін бірнеше бөлікке бөліп
беріледі, ол әуелі жанұя тобында, содан кейін жұмысшы тобында талқыланып,
соңында қайта жанұя тобында талданған соң тақырып меңгеріледі.
Қос жазба күнделігі әдісі - лекция мазмұнына зейін аударып, өз қатысын,
қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын әдіс. Мұнда қағаз бетін 2-ге бөліп, сол
жағына "үзінділер", оң жағына "түсіндірме" деп жазады. Сол жағына өзінің
назарын тоқтатқан мәселені сөз тіркестері немесе фразалар, сөйлем түрінде
жазады. Ал, оң жағына сол жақта жазылған үзінділерге түсіндірме жазады.
Кері байланыстың Бес саусақ түрінде қағазға алақандағы бес саусағын
бастырып сызып, әр саусаққа өз ойын жазады. М: бас бармақ - маған ұнағаны,
Сұқ саусақ -жаңадан не үйренгені, Орта саусақ -білгісі келгені, аты жоқ саусақ -
10 баллдық жүйедегі аудиторияның психологиялық атмосферасы, шынтақ -
жалғастыратынын жазады.
Репортер әдісі де кері байланыстың түрі, онда бір тыңдаушы репортер
ретінде аудиториядағылардан интервью алады.
6. Деңгейлерін
анықтау, оқушыларға
жұмыстарын қайтару
5.Оқушының ойлануы мен
жауабы.
4. Мақсатты анықтау
3. Жетістікті анықтау
2.Бастапқы жоспар дайындау
1.Жетістік критерийлері туралы айту
87
Бұл әдістер қазіргі таңда менің сабақтарымнан үнемі көрініс тауып жүр.
Осы әдістердің барлығы да мұғалімдердің қызығушылығын тудырады, оның
дәлелі мұғалімдердің мектептегі тәжірибе кезеңінде өз сабақтарында қолдануы.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды
рөл атқаратынын көрсетті. [7] Олай болса, әрбір сабағымда мұғалімдердің
көңіл-күйлерінің көтеріңкі, бір-бірімен ынтымықтастық қарым-қатынаста
болуын назарда ұстап, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында,
мүмкіндігіне қарай, тақырыппен байланыстыра отырып, тренингтер, сергіту
сәттерін өткізіп отырамын.
Ж. Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзін ескере отырып, әрбір сабағыма бір
жаңалық енгізіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, дамытуға ерекше көңіл бөліп
отырамын. Мол тәжірибе жылдар өте жинақталады. Олай болса, «көре-көре
көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген нақыл сөзге «сабақты
өте-өте шебер боласың » дегенді қосқым келеді.
Өркениеттің қарышты қадамы мен техниканың ғарышты қамту аумағы
артқан сайын мектептегі күнделікті жоспарланған білім көлемі өскелең ұрпақты
қанағаттандыра қоймайтыны баршаға аян. Ендеше білім мазмұнын жаңғырту
процесі педагог қауымның көзқарасын түбегейлі өзгертумен қатар жүргізілуі
тиіс. Сонда ғана шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер реформаны
шын мәнінде алға жылжытуы және де оның негізгі бағыттарын біз ойлағаннан
әлдеқайда жылдам жүзеге асыруды жалғастыра берері хақ. [1]
Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялықәдіс-тәсілдерді меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда
педагогтерді қайта даярлау, олардың кәсіби дамуын жетілдіру мәселелері –
кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай жаңа педагогикалық
инновацияларды, дер кезінде қабылдап, өңдеп,нәтижелі пайдалана білу - әрбір
педагогтің негізгі міндеті болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіне қажет жаңару
оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Әдебиеттер:
1. Н.Сәрсенова. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа
технологияларын енгізудің тиімді жолдары. А, 2007 ж
2. А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.А, 2013ж
3. Н.Қошқарбеков. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары.
4. «Заманауи мұғалім: жаңашыл тәжірибе мен кәсіби дамудың жаңа бағыттары»
конференциясының материалдары, Өскемен, 2013
5.Интернет материалдары
6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Достарыңызбен бөлісу: |