Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39

 

88 
 
ДОШКОЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
 
БАЛАБАҚША МЕН АТА
 - 
АНА БІРЛЕСІП БАЛАЛАРДЫ 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
 
 
Агыбаева Д. Г., 
тәрбиеші, білімі арнаулы орта 
Астана қаласы МҚКК № 55  
«Қарақат» балабақшасы 
ПЕРЕЙТИНА САЙТ
 
Қазіргі  таңда  адамға  қойылатын  басты  талап  –  асыл  да  ізгі  адамгершілік 
қасиеттерді  бойына  сіңірген,  ұлағатты  азамат  болып  шығу.  Өйткеніадам  – 
өзініңадамгершілігімен, 
қайырымдылығымен, 
адалдығымен 
және 
әділеттілігімен ардақты. Адамгершілік – адамныңруханиарқауы. 
Балабақша - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның 
жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ 
ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық 
қасиеттерді  сіңіре  білсек,  сонда  ғана  біз  ұлттық  рухы  дамыған  Отанының 
гүлденуіне  өз  үлесін  қоса  алатын  азамат  өсіре  аламыз»  деген  болатын. 
Елбасымыздың  өскелең  ұрпаққа  жаны  ашып,  оларға  қамқорлық  жасап 
отыруымыз  туралы  анық  айтқан.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай 
адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек.  Халықта 
«Ағаштүзуөсуүшіноғанбұтақкезіндекөмектесугеболады,  ал  үлкенағашболғанда 
оны  түзетеалмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына 
жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды 
қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер 
шешуші рөл атқарады. Яғни, баланың рухани – адамгершілік дамуы балабақша 
мен  отбасы  арасындағы  қарым  –  қатынастыңтығыздығы  артқан  сайын 
ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау 
үшін,  өзінді  керекше  жағдайлар  жасалады.  Мәселен,  ойындаұнамды  әдеттер, 
өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте – еңбек 
сүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай  -  ақұйымшылдық, 
жауапкершілік  қасиеттер,  патриоттық  сезімдер  жайлы  мағлұматтары 
қалыптасады. 
Мектепке  дейінгі  жылдарда  бала  ересектер  дің  жетекшілігімен  жақын 
адамдарымен,  құрдастарымен,  заттармен,  табиғатпен  қарым  –  қатынас 
жасаудың, тәлім – тәрбие алудың бастапқыт әжірибесіне ие болады. Бала ата - 
ананың  қамқорлығы  мен  махаббатына,  олардың  қарым  -  қатынасы  мен 
еркеліктеріне  мұқтаж.  Ата  –  ананың  балаға  деген  махаббаты  мен  олардың 
қамқорлығы  баланың  да  жауапты  үнқатуын  шақырады,  бала  ата  –  ананың 
сөзіне  құлақ  салып,  тәрбиелі  болып  өседі.  Егер  бала  махаббат  пен  қамқорға 
бөленсе,  ол  өзінің  қандай  екеніне  қарамастан  жақсы  көретінін,  өзгелер  үшін 
қажетті  де,  сүйікті  жанекенін  түсінсе,  ол  өзін  қорғанған,  біреуге  қажеттілігін 
түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.  

89 
 
Адамгершілік  тәрбиесінің  маңызды  заңдылығы  балаларды  ұжымда 
тәрбиелеу  заңдылығы.  Ұжым  –  бұл  баланың  жекебасын  қоғамдық  бағытта 
қалыптастыру  мектебі.  Мұнда  оның  жеке  қасиеті,  қабілеттілігі  және 
адамгершілік  сапаларыне  ғұрлы  майқын  көрінеді.  Адам  бойындағы  асыл 
қасиеттер туралы Сара Алпысқызы Назарбаеваның ашқан «Өзін – өзі тану» оқу 
іс  –  әрекеті  бойынша  көп  деректер  алуға  болады.  Балаға  тәжірибе  жүзінде 
көптеген  жағдаяттар  берілген,  сол  жағдаяттарды  шешу  арқылы  бала 
адамгершілікке  тәрбиеленеді.  Адамның  адамгершілік  тазалығы  ең  алдымен 
оның  әрекетінде  көрініс  табады.  Ұжымда  бала  өзінің  білімін,  айналадағы 
дүниеге,  іс  –  әрекетке  көзқарасын:  көмеккөрсетуге,  нәтиже  шығаруға, 
құрбыларына  қамқорлық  жасауға,  рахымдылыққа,  қарапайымдылыққа,  еңбек 
етуге ұмтылуын көрсетеалады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр 
баланың  мінез-құлқынаізгі  ықпал  жасауы  үшін  балаларды  бірлесіп  қызмет 
жүргізудің  алуан  түрлеріне  біріктіруді  міндеттейді.«Жұмыла  көтерген  жүк 
жеңіл»  демекші  бала  тәрбиелеудегі  осындай  міндеттерді  іске  асырушылар  – 
балабақша тәрбиешісі мен ата - аналар. 
Мектепке  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеу  барысында  ата  – 
анамен  балабақша  бірігіп  жұмыс  жасау  қажет.  Әрбір  баланың  болашағы  үшін 
алаңдау  -  біздің  міндетіміз.  Қазіргі  замандағы  жастардың  қатігез  немесе 
мейірімсіз 
болуы 
кішкентай 
кезінен 
балаға 
көңіл 
бөлмеуімізден. 
Балабақшадағы балаға кішіпейілділік, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық 
сынды  құндылықтарды  бойына  сіңіре  білуіміз  қажет.  Тәрбиеші  мен  ата  –  ана 
баланың  тәрбиесіне  келгенде  тығыз  байланыста  жұмыс  жасап  отырған  жөн. 
«Махаббат,  достық,  бауырмалдық  -  адамның  ең  бір  асыл  қасиеттері»,  -  деп 
Ғабит  Мүсірепов  атамыз  айтқандай  ең  бірінші  бала  махаббат  деген  сөздің 
мағынасын  біліп,  достыққа  адал  болып,  бауырмалдылыққа  баулысақ,  біз 
мақсатымызға жетеміз. Осындай асыл қасиеттерібар бала ешқашан қателіктерге 
жол  бермейді.  Ата  –  ананың  мейірімін  мен  тәрбиешінің  бауырмалдығын  бала 
өзіне алу керек. Тәрбиеші мен ата – ана бірігіп іс- шараларға араласып өтырған 
дұрыс.  Балаларымыздың  болашағы  үшін  қолымыздан  келгенше  аянбай  еңбек 
етуіміз керек. «Бала – ата – ананың мәуелі ағашы», - деп бекер айтылмаған, осы 
мәуелі  ағашымызды  сындырып  алмай  әрі  қарай  бұтақтарын  қатайтуымыз 
қажет
Балабақша  мен  отбасы  ынтымақтастығының  бірнеше  формалары  бар. 
Балабақша мен отбасы байланысының басты формасы - ата- аналар жиналысы. 
Онда көптеген  мәселелер,  мысалы  күнделік өмір,  еңбек,  демалыс, балалардың 
бос  уақыты,  кәсіптік  бағдар,  оқу  және  тәрбие  жұмысы  т.б.  талқыланады. 
Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады. Ата – ана мен тәрбиеші 
бірігіп,  баланы  жан  –  жақты  зерттегені  дұрыс.  Болашақта  балаларымыздың 
мейірімді, адамгершілігі мол болып шығу керек. Екі жақта тәрбиенің арқасында 
болашағымыздың  жарқын  болатынына  сенімдімін.  «Еліміздің  күші-  патшада, 
сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- 
адамгершілігімізде  болуы  керек.  Ол  үшін  Ақанның  осы  үш  қасиетін  бала 
бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. 
 

90 
 
Әдебиеттер: 
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Алматы, 2013, №5 
2. Самопознание, KZ » № 2 февраль, 2010 (2) 
3.  Отбасында  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  кейбір  мәселелері. 
Алматы, 1985.  
 
 
ДИАЛОГ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
 
 
Аукенова Назира Жеңісқызы, 
бастауыш сынып мұғалімі 
«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын  
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Алматы облысы Панфилов ауданы Кішішыған ауылы. 
Aukenova.nazira@mail.ru  
 
1. Тақырыптың өзектілігі: Диалог оқу мен оқытудың басты құралы 
2.  Баяндаманың  мақсаты:  Диалог-сабақта  оқушылардың  қызығушылығын 
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады 
3.  Зерттеудің  міндеті:  оқушылардың  тақырып  бойынша  және  сындарлы 
сөйлеуге  ынталандырады;  оқушылардың  шынайы  қызығушылығы  мен 
сезімдерін  анықтайды;  білімге  құштарлықты  дамытады  және  зерттеуге 
ынталандырады;  оқушыларға  білімін  қалыптастыруға  және  вербалдандыруға 
көмектеседі;  оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлауына  ықпал  етеді; 
оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,  басқа  оқушылардың  идеяларын 
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді; әңгімелесу және ой елегінен өткізу 
көмегімен  ойын  жинақтауға  көмек  береді;  оқытудағы  қиындықтар  мен 
түсінбестіктерді анықтайды  
4.  Жұмыс  болжамы:  сабақтарда  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер  модулі 
бойынша  сабақ  үрдісіне  қалай  оқу  керектігін  және  диалогтік  оқыту  әдісін 
қолдана  отырып,  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыс  жасау  арқылы  жүзеге  асыру. 
Өмірдің  өзі  қарым  –қатынас  пен  диалогқа  түсу.  Яғни  сұрау,  тыңдау,  жауап 
беру, араласу, түсінісу. Екі жақтың ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасын 
ұғыну. 
5.  Практикалық  маңызы:  Материалдарды  жан-жақты  жинап  кеңінен 
қарастыру 
6.  Зерттеу  әдістері:  аудан,  ауыл  кітаханаларынан,  баспасөз  беттерінен, 
нұсқаулықтан, интернет желілерінен мәліметтер жинау.  
7.  Ғылыми  жұмыстың  жаңалығы:  диалогтік  әңгімені  қалыптастырып, 
күнделікті  ойталқыларда  «салауатты»  келешек  мүмкіндіктерін  анықтап, 
оқушылардың  дамып  келе  жатқан  идеяларымен  жұмыс  жасауларына  және 
түсінбеушіліктерін жеңе білулеріне көмектесу.  
8. Ғылыми жұмыстың қорытындысы: Диолог арқылы оқушылардың терең, 
қомақты  білім  алуына  көп  үлес  қосатынына  көз  жеткізу.  Бұл  оқушыларға 

91 
 
берілетін  білім  сапасының  артуына,  оқушыларды  зерттей  отырып,  оларды 
ерекшеліктеріне сәйкес оқытуға, өзіндік «менін» қалыптастыруға әсер етеді. Әр 
оқушы  –  жеке  тұлға.  Сондықтан,  біз,  алдағы  уақытта  жеке  тұлғаға  сіңіретін 
білімді 
қолжетімді, 
түсінікті, 
өзіндік 
ізденіске, 
шығармашылыққа 
жетелейтіндей мүмкіндік туғызу. 
Маманның  сапасы  мұғалімнің  біліктілігіне  тікелей  байланысты.  Мен  өз 
біліктілігімді  арттыру  мақсатында  2013  жылы  Алматы  қаласындағы  «Өрлеу 
біліктілікті  арттыру  орталығында»  ІІІ  деңгей  курсын  оқыдым.  Курстың 
мақсаты:  орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген 
оқыту әдіс-тәсілдерін үйреніп, оны жүзеге асыру. 
Интерактивті  әдісті  қолдана  отырып  әр  сабағымның  әр  тапсырмасына 
сыни  тұрғыдан  ойлаудың  стратегияларын  кіріктіре  отырып  өткіземін.  Курсқа 
дейінгі  сабақтарымда  топтық  жұмыс  жарыс  түрінде  ғана  өткізіліп  жүрді. 
Мұғалім  сабақта  45  минут  бойы  сөйледі.Оқушылардың  ойлануына,  ізденуіне 
ешқандай жол ашылмады. Әрбір сабағымды дәстүрлі сабақтағыдай тақырыпты 
баяндап, оқушыларға  айтып  беруден  емес,  жаңа  сабақтағы  негізгі ұғымды ала 
отырып,  оқушылар  бұған  дейінгі  өз  білімдерін  сынап,  ЖАДА  –на  сүйене 
отырып,  өз  білімдерін  сыныптастарымен  бөлісті.  Сабақтарда  оқыту  мен 
оқудағы  жаңа  тәсілдер  модулі  бойынша  сабақ  үрдісіне  қалай  оқу  керектігін 
және  диалогтік  оқыту  әдісін  қолдана  отырып,  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыс 
жасау арқылы жүзеге асырдым.  
Өмірдің өзі қарым –қатынас пен диалогқа түсу. Яғни сұрау, тыңдау, жауап 
беру, араласу, түсінісу. Екі жақтың ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. 
Диалог-сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар, 
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. (Мерсер, Литлтон 2007)  Мен өз 
тәжірбиемде  балалардың  білім  алуы  осы  диалог  түрінде  іске  асады  деп  айтар 
едім.  Өйткені,  сабақтың  бүкіл  барысы  бойынша  оқушы  мен  оқушы,  мұғалім 
мен  оқушы  диалогқа  түсу  арқылы  жүргізіледі.  Сабақтың  ұйымдастыру 
кезеңінен  бастап  мысалы  психологиялық  ахуал,  топқа  бөлу,  үй  тапсырмасын 
пысықтау кезінде де жаңа білім алу барысында жұптық, топтық әңгіме жүргізу, 
қорытынды  кезеңінде  ойындар  ойнау,  ребустар  шешу  барысында  диалог 
арқылы білім алады. Сондықтанда диалог оқу мен оқытудың басты құралы деп 
білемін.  Осының  дәлелі  ретінде  мен  әр  сабағымда  диалогтік  оқудың  әңгіме- 
дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлерін оқушылармен біріге отырып 
жүргіземін. Ана тілі пәні бойынша өткізген сабағымда «Алып бала» тақырыбы 
бойынша  оқушыларға  өз  бетінше  мәтінмен  жұмыс  тапсырылды.  Мәтінді  оқи 
отырып,  мазмұнын  бір-біріне  әңгімелеп  берді.  Берілген  тапсырма  бойынша 
мысалы «Мәтін неліктен алып бала деп аталған?» деген сұраққа «Мұқан өлген 
өгізді  жар  басына  шығарып,  ауылға  дейін  арқалап  алып  барады,  мәтін  сол 
себептен  оның  күштілігіне  қарай  алып  бала  аталған»  -деп  жауап  береді.Бұл 
тұста  әңгіменің  жұптық  әңгіме  түрі  жүргізілді.  Яғни,  жұп  болып  отырған  екі 
бала  тапсырманың  жауабын  бірлесіп  отырып  іздестіріп,  ой  қорытады.  Осы 
сабағымда  декламация  үлгісі  бойынша  тест  жұмысын  жүргіздім.  Оқушылар 
постерге  өз  ойларын  түсіру  барысында  «Батылдық  жүректе  ме,  әлде  білекте 

92 
 
ме?»  деген  сауал  тасталды.  Бұл  мәселе  бойынша  бірлескен  түсінік 
қалыптастырып,  пікір  алмасады,  бір-бірінің идеяларын  талқылайды  және  олар 
ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Олар бірігіп отырып ойланады. 
Өз  идеясын  дауыстап  айтып,  болжамдарын  ұсынып,  талас  тудырады.  Өз 
идеяларын  дәлелдеу  үшін  «сондықтан  да»,  «бәлкім»,  «мүмкін»  деген  сөздерді 
пайдаланып өз идеяларын дәлелдеуге тырысады. Осылайша оқушылар бір-бірін 
тыңдап,  өз  жауаптарын  талдайды,  ой  қорытындылайды.  (Нұсқаулық  40  бет) 
Мысалы  үй  тапсырмасына  «Алып  бала»  мәтінін  оқып,  әңгімелеу  берілді.  Бұл 
тапсырманы «Ыстық орындық» ойыны арқылы жүргіздік. «Ыстық орындықта» 
отырған  оқушыға  «Мұқан  неше  жасында  ауыл  адамдарын  таң  қалдырды?» 
деген  сұраққа  «14  жасында  өгізді  көтеріп  таң  қалдырды»  деп  жауап  берді. 
Сұрақтарды дұрыс және жүйелі түрде қоя білуді және жауап бергенде қойылған 
сұрақтарды талдай отырып, дәлелдеп жауап беруді үйренеді. 
Сыныпта  сұрақ  қоюдың  үлгісі  «бастама  –жауап-кейінгі  әрекет»  нысаны 
бойынша  қойылған  сұрақ  екендігі  анықталған.  Әңгімеге  бастама  жасайтын 
және  оны  бақылап  отыратын  мұғалім.  (Mercer,1995)  Сұрақ  қою  маңызды 
дағдылардың  бірі,  сондықтан  да  дұрыс  сұрақ  қою  оқушылардың  білімін 
тереңдете түседі. 
Оқушыларға  сұрақ  қойғанда  жауап  бере  алмайтын  кездеріде  кездеседі. 
Ондай  уақыттарда  топтың  басқа  мүшелерінен  көмек  сұрауға  тура  келеді. 
Сұрақты  қайта  бағыттау  арқылы  «Бір-біріңе  көмек  беріңдер,кім  көмектесе 
алады?» деп сыныптағы немесе топтағы оқушыларды көмекке шақырамын.  
Бұл диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың мыңызын қарастыратын 
болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім: 

 
оқушылардың 
тақырып 
бойынша 
және 
сындарлы 
сөйлеуге 
ынталандырады; 

 
оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; 

 
білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;  

 
оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі

 
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; 

 
оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі; 

 
оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,  басқа  оқушылардың  идеяларын 
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді

 
әңгімелесу  және  ой  елегінен  өткізу  көмегімен  ойын  жинақтауға  көмек 
береді; 

 
оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды  
(Мұғалімге арналған нұсқаулық 41-42-бб.) 
Оқушылардың  ойлауын  жоғарырақ  деңгейде  дамыту  мақсатында 
қойылған  сұрақтар  нақты,  сыни  тұрғыдан  ойлауды  талап  ететіндей  дәрежеде 
қоюға  тырыстым.  Мысалы  «Мәтінді  әрі  қарай  жалғастырып  көр», 
«Нұрмағамбеттің  орнында  болсаң  не  істер  едің?»  деген  сияқты  сұрақтар 
оқушының сыни тұрғыдан ойландырды. 
Александер  тәжірибелерінің  зерттеулеріне  сүйене  отырып  мүмкіндіктер 
заңдылығына  және  оқушылардың  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  қазіргі  білім 

93 
 
жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету үшін қолданылуы мүмкін әдістер 
ретінде  «Зерттеушілік  әңгіме»  немесе  «дәйектеу»  арқылы  талқылауға  тарту 
және «диалогтік білім беру» мен «қолдау» әдістері арқылы оқушының өздігінен 
білімін  жетілдіруге  бағытталған  жұмыс  түрін  ұйымдастырдым  (жыл  бойы 
өтілген  тақырыптарға  сүйене  отырып  сұрақтар  дайындау  немесе  әр  пән 
бойынша  тақырыпты  бекітуге,  қорытуға  бағытталған  жұмыстарда,  топтық 
жұмыстарда). Әр жұп дайындаған сұрағын қойып, бір-бірінен жауап алды.  
 
 
Мәтін мазмұны бойынша  
 
 
 
Оқушылар өздері дайындап 
оқушыларға тапсырмалар  
 
 
 
келген сұрақтарды талдауда  
беріліп жұппен талқылау  
 
 
 
барысында. 
 
Сабақ барысында Жасұлан мен Санжар жұп болып, берілген тапсырманы 
орындады.  Оларға  мәтінді  өз  беттеріңше  жалғастырып  көріңдер  -  деген 
тапсырманы  бердім.  Қабілеті  төмен  оқушы  Санжар  сабақта  өзінің  жұбының 
көмегімен  өз  ой-пікірін  айтты.  Жұптық  жұмыс  өзіне  сенімі  жоқ  оқушыларға 
сенім  тудырады  екен.  Мен  жұппен  жұмыс  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын көтеретінін көрдім. Оқушыларға тапсырма бере отырып, жыл 
мезгілдеріне  байланысты  топтарға  бөлінді.  Олар  бір-бірінен  «Қай  мезгілде 
туылдың?»,  «Туған  күнің  қашан?»-деген  сұрақтар  қоя  отырып  бір-бірімен 
диалогқа  түсті.  Ыстық  орындықта  отырған  оқушыға  сұрақ  қоймай  керісінше 
ыстық  орындықта  отырған  талантты  және  дарынды  оқушым  Саида  сынып 
оқушыларына  «Нұрмағамбеттің  шын  аты  кім?»,  «Ол  неліктен  батыл  бала 
атанды?»  т.б.  сұрақтар  дайындап  әкелді.  Жаңа  тақырып  мазмұнын  түсіну 
барысында оқушылар жұппен,топпен диалогқа түсу арқылы мәтін идеясын аша 
білді. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының 
жауабын  түзетуге  көмектесу  үшін  қойылды.  Сұрақты  қарапайым  етіп  қою 
арқылы, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ 
жауап  беруге  мүмкіндік  жасалды.  Сынақтан  өткізуге  арналған  сұрақтар 
оқушыларға  анағұрлым  толық  жауап  беруге,  өз  ойларын  анық  білдіруге,  өз 
идеяларын  дамытуға  көмектесетіндей  етіп  құрылды.  Сондай  –  ақ  «сіз  мысал 
келтіре  аласыз  ба?»  деген  сияқты  сұрақтар  тапсырманы  орындау  барысында 
оқушыға  бағдар  беріп  отырды.  Қайта  бағыттау  әдісі  арқылы  сұрақты  басқа 
оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындарың бар ма?» деген 
сияқты  сұрақ  қою  арқылы  оқушыларды  бағыттап,  жетелеп  отырдым. 
Сабақтарда ББҮ кестесі арқылы балалар өздерінің бүгінгі тақырып бойынша не 

94 
 
білетіндерін  және  нені  білгісі  келетіндігін  өзімен-өзі  диалогқа  түсе  отырып 
кестеге түсірді. 
Білемін 
Білгім келеді 
Үйрендім 
 
 
 
Бұл сызбада оқушылар бар білгенін сызбаға түсіріп, ойларын жинақтайды. 
Осы  сабақта  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  пайдалану  жүзеге 
асырылды.  Оқушыларға  Бекзат  Саттархановтың  Сиднейдегі  жеңісі  жайлы 
видеоролик көрсетілді. ББҮ кестесі толтырылды. Күн шұғыласына топтастыру 
жұмыстары жүргізілді. «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулінің негізінде 
сыныпта 
диалогтік 
әңгімені 
қалыптастырып,күнделікті 
ойталқыларда 
«салауатты»  келешек  мүмкіндіктерін  анықтап,  оқушылардың  дамып  келе 
жатқан  идеяларымен  жұмыс  жасауларына  және  түсінбеушіліктерін  жеңе 
білулеріне көмектесе алдым және дамыту мақсатында пайдаландым. Выготский 
когнитивті  дамудың,оқушылар  өздерінің  «Жақын  арадағы  даму  аймағында» 
(ЖАДА)  жұмыс  жасағанда,  жақсаратындығын  атап  көрсеткен  (Мұғалімге 
арналған  нұсқаулық  39  бет)  Оқушыларға  спорт  жеңімпаздарының  суреттерін 
жинап  альбом  жасау  кезінде  үлкендердің  көмегіне  жүгініп  тапсырманы 
орындауда жаңаны үйренуде қолдау тапты.  
Диолог  арқылы  оқушылардың  терең,  қомақты  білім  алуына  көп  үлес 
қосатынына  көз  жеткіздім.  Бұл  оқушыларға  берілетін  білім  сапасының 
артуына,  оқушыларды  зерттей  отырып,  оларды  ерекшеліктеріне  сәйкес 
оқытуға, өзіндік «менін» қалыптастыруға әсер етеді. Әр оқушы  – жеке тұлға. 
Сондықтан,  біз,  алдағы  уақытта  жеке  тұлғаға  сіңіретін  білімді  қолжетімді, 
түсінікті,  өзіндік  ізденіске,  шығармашылыққа  жетелейтіндей  мүмкіндік 
туғызуымыз керек. Бұл - заман талабы. Олай болса, бәсекеге қабілетті тұлғаны 
қалыптастыру,  дамыту,  шыңдау  біздің  қолымызда.  Бар  күш-жігерімді  осы 
мақсатта жұмсап келемін.  
Әдебиеттер: 
1.
 
Мерсер, Литлтон.2007.  
2.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық 39, 40,41,42 бет.  
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ 
МАТЕМАТИКАДА
 
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
 
 
Байтемирова Шолпан Ырысбекқызы, 
тәрбиеші, Астана қаласы МҚКК  
№ 55 «Қарақат» балабақшасы  
 
Егемен  еліміздің  жарқын  болашағы  болар  жас  ұрпақ  –  бүгінгі  біздің 
балаларымыз. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түсен 
жоқ.  
Алаштың  ардақты  ұлы  А.Байтұрсынов  «бала  білімді,  тәрбиені  өз  бетімен 
алмауы  керек.  Ал  мұндағы  мұғалімнің  қызыметі-балаға  орындалатын  жұмыс 

95 
 
түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп 
отыру» деп жазады. 
Қоғам  дамуында  білім-беру  ең  маңызды  мәселе  екендігі  белгілі.  Қазіргі 
кезде білім берудің негізгі мақсаты – жан – жақты білімді, өмір сүруге биім, ой- 
тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. 
Логикалық тұжырым теориясы 
Логикалық  тұжырым  теориясын  ең  алғаш  грек  философы  Арестотель 
негізін  қалаған.  Логика  (грек  тілінен  алынған  logike  сөз,  ой,  ойлау,  ақыл-ой) 
ойлаудың  заңдылықтары  мен  түрлері  туралы  ғылым.  Обьективтік  пікірлерге 
негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен 
заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық 
процесс.  Бұлардың  ішінде  психология  мен  логиканың  орны  ерекше. 
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу 
жолын,  яғни  жеке  адамның  ойлау  ерекшелігі  мен  заңдылығын  қарастырса 
логика  –бүкіл  адамзатқа  ортақ  ой-әрекет  заңдары  мен  формаларын 
айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, 
дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді. 
Н.  Ф.  Талызина  «мектепке  дейінгі  балалар  ойнай  отырып,  логикалық 
қабылдау  арқылы  оқуды  және  математиканы  таным  қызығушылығын 
меңгереді.  Бұдан  бірте-бірте  ойыннан  кейін  оқу  әрекеті  орын  алады»  -  деген 
пікір  айтты.  Ойын  барысында  берілген  тапсырмаларды  шешуде  балалардың 
ақыл-ойы  дамиды.  Міне,  осыдан  баланың  логикалық  ойлау  қиялдау  қабілеті 
шыңдалады, дамиды. 
А. С. Макаренко «бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін 
еңбектің,  жұмыстың,  қызыметтің  қандай  маңызы  болса,  өскен  сон  жұмыстада 
көп жағынан сондай болады» сондықтан болашақ қайраткерлерді тәрбиелеу ең 
алдымен ойынан басталады. 
Ойын-  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қажетті  әрекетінің  бірі. 
Баланың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталады.  Ойын  арқылы  баланы  білім  алуға 
оқуға  қызықтыра  отырып  тұлға  дамуын  қалыптастыруға  болады.  Қарапайым 
математикада  қолданылатын  логикалық  ойын  түрлері  балалардың  ойлау 
қабілеттерің  арттырып,  ойлау  дағдыларын  шындай  түсетіні  белгілі.  Ойында 
бала әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Балалар ойын 
үстінде  алға  қойған  мақсатты  тез  әрі  жылдам  орындайды.  Ойын  балаларды 
қызықтырып,  уақыт  өткізудің  құралы  болмай,  балаға  берілген  білім  мен 
тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Оқыту тәрбиелеу жұмысын ойын түрінде 
ұйымдастырып,  баланың  логикалық  ойлау  қабілетін  аттыруға  жағдай  жасау. 
Бала  ойын  негізінде  ойлай  отырып,  тапсырмаларды  өзінше  орындап,  өз 
ойындағысын  айта  алған  жағдайда  ғана  бала  еркін  ойлап,  өзіне  сенімді,  ерік-
жігері,дүние  танымы  кеңейген,  сөйлеуі  жақсы  қалыптасқан  ,  болашаққа 
қызығушылығы бар дара тұлға ретінде жан –жақты дами алады. 
Баланың  ақыл-ойының  дамуы  тек  белгілі  бір  білім  көлемінде  ғана  емес, 
жалпы тәлімдік – тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте 

96 
 
сақтау,  елестету  т.б.  қабілеттерең,  танымдық,  іскерлік  ,  шығармашылық 
қасиеттерінің дамуын қамтиды. 
Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балаға  алғашқы  білім  беру,  тәрбиелеу 
жұмыстары  барысында  түрлі  әдіс  –  тәсілдері  ойын  түрлерінде  үйлестіре 
қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық 
ойлау қабілетің дамыту. 
Логикалық  ойлау  –  адамның  интеллектуалдық  қабілеттерінің  негізін 
құрайды. Ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. 
Логикалық  ойлаудың  қисындылығы  олардың  шындыққа  сай  келуінде. 
Логикалық  ойлауға  түскен  құбылыстың  себептері  мен  салдары,  ұғымдар 
арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. 
Пікір  алмасу  кезінде  немеселогиканың  көмегімен  бір  пікірден  екінші  пікірді 
шығарамыз. 
Мектепке  дейінгі  балалардың  логикалық  ой-өрісін  арттыруда,  логикалық 
есептер  шығар  және  логикалық  ойлауға  арналған  тапсырмалардың  ерекше 
маңызы  бар.  Логикалық  есептер  шығару  және  жұмбақ  суреттер,  ситуациялық 
тапсырмалар,  дидактикалық  ойындар,  сөз  жұмбақтар  тек  күнделікті  оқу  іс-
әрекетінде  ғана  емес  түстен  кейінгі  уақытта  ойын  түрінде  қолдануға  болады. 
Логикалық  тапсырмалар  беру  арқылы  логикалық  ойлаудың  дамытуына 
бағыттауға  болады.  Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда 
логикалық  тапсырмалар  орындаудың  маңызы  зор.  Логикалық  тапсырмалар 
балаларды 
белсенділіке 
тәрбиелеу, 
өз 
бетінше 
жұмыс 
істеуге 
дағдыландыру,сондайақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында 
пайдаланылады.  
Логикалық  тапсырмалар  арқылы  балалардың  шығармашылық  қабілетін 
дамыту үшін негізгі бағытта іске асырылады: 
1.
 
Қызығушылығын арттыру; 
2.
 
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; 
3.
 
Шығармашылық ізденісін дамыту. 
Логигалық  тапсырмалар  арқылы  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру  мақсатында  іздену  тапсырмалары  мен  логикалық  тапсырмаларды 
орындату. 
Балалардың ойлауы мынандай жолдармен дамиды; 
1.
 
Ақыл ой әрекеті үстінде; 
2.
 
Білімді меңгеру; 
3.
 
Тіл үйрету; 
4.
 
Жылдам есептеу; 
Қызықты  математиканы  оқытудың  әрбір  кезеңінде  балалардың 
бағдарламалық 
материалды  оқып  үйренгендей  қабылдауға  терең  де  берік  білімдеріне,  іс-
әрекеттеріне  және  дағдыларына,  сонымен  бірге,қызықты  математиканы 
оқытудағы  қызығушылығын  дамытуға  да  байланысты  болады.Топ  балалары 
бірдей емес.Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор 
балалар 
да 
бар. 
Оларды 
жеңіл,біріңғай 
тапсырмалар 
орындау 

97 
 
жалықтырады.Сондықтан  белгілі  бір  ережені  меңгеретін  жаттығуларды 
орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі 
қажет. 
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын,  
ой  ұшқырлығын  дамытады.Бұл  балалардың  түрлі  мазмұнды  есептерді 
шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше 
шешімдерін  табуға  жетелейді.  Әрбір  сабақ  қызықты  есептер  мен 
аяқталып,логикалық  есептер  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  күрделене 
түсуі қажет.Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет 
етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.  
Қорыта  келе,  аталған  жұмыс  түрлері,  бала  үшін,  оның  танымын, 
логикасын  арттыру  үшін  өмірде  қажетті  екенін  көрсетеді,  яғни  олардың 
шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет