Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата03.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#6741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Список использованной литературы: 
1.  «О  трансляции  опыта  Назарбаев  Интеллектуальные  Школы  в  рамках  обновления 
содержания общего среднего образования». Астана 2015г. 
2. Анатолий Гин «Принципы педагогической техники». Издательство «Дрофа», 2004г 

16 
 
КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДЫҢ МӘНІ 
 
Сулейменова Зауре Екпиновна
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ аға оқытушысы 
Педагогика және психология магистрі 
 
Кез  келген  мемлекеттің  өркендеуі  оның  білім  беру  саласының  жағдайына 
негізделеді,  ал  білім  беру  процесіндегі  маңызды  фигура  -  ұстаз  тұлғасы.  Мұғалімнің 
негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, 
дамыған  шығармашыл  тұлға  ретінде  қалыптастыру.  Осындай  жауапты  міндеттерді 
сапалы  деңгейде  атқару  үшін  әр  мұғалім  өзінің  білімін  жетілдіріп  отыруы  қажет. 
Мұғалімнің  кәсіби  дайындығы  кезінде  жинақтаған  білімдері  бір  қалыпта  сақталып 
тұрмайды.  Қоғамның  дамуына  байланысты  мұғалімнің  білімдері  де  жаңарып, 
толықтырылып  отыруы  керек,  себебі  қоғамның  экономикалық  дамуына  байланысты 
жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі 
оқушылардың  сұраныстары  да  жоғарлай  түсуде.  Сондықтан  әр  мұғалімнің  кәсіби 
жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. 
Өздігінен  білім  алу  -  мұғалімнің  тұлғалық  өсуінің  негізі.  Қазіргі  кездегі  үздіксіз  білім 
беру  мәселесі  де  адамның  бір  алған  білімімен  қанағаттанбай,  оны  заманына  сай 
толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана 
қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер 
адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз 
болып  қалады.Тәрбие  мен  өзін-өзі  тәрбиелеужеке  тұлғаны  қалыптастыру  процесінің 
ажырамас  екі  жағы  деуге  болады.  Тәрбие  барысында  ықпал  адамға  басқа  адамдар 
тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге 
байланысты  туындайды.  Яғни,  адамның  тұлға  ретінде  дамып  қалыптасуында  сыртқы 
тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор. 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  -  бір  мақсатқа  сәйкес  адамның  өз  тұлғасын  өзі 
қалыптастыруы,  адамның  өзін  дамытудағы  маңызды  күштердің  бірі.  Ол  тәрбие 
процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі. 
Көптеген  психолог-педагогтардың  зерттеулері  бойынша  жеке  тұлға  қоршаған 
ортаны  өзгертудегі  белсенді  күштердің  бірі  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  өз  тұлғасын 
өзгертуде  де  үлкен  роль  атқарады.  Бұл  мәселемен  тікелей  айналысқан  педагогтар 
А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болған. 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  процесінде  адам  тәрбиелік  процестің  белсенді  субъектісі 
ретінде  қарастырылады.  Әр  адамның  өз  өмір  жолына  көз  жүгіртіп,  өткен-кеткенді  ой 
елегінен  өткізіп,  болашағына  үңіліп  көрген  сәттері  болған  шығар.  Өміріндегі  кейбір 
сәтсіздіктердің  себебін  анықтауға  байланысты  ойларға  терең  бойлап,  өз  мінез-құлқьін, 
көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай 
құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын 
зор жетістіктерге жеткізіп жатады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-
ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік 
бірдей  жастағы  балалардың  бәрінде  біркелкі  кездесе  қоймайды,  ол  адамдардың 
психологиялық  ерекшеліктеріне,  олардың  жалпы  талаптарды  орындауға  деген 
даярлықтарының деңгейіне байланысты. 
Қай кезден бастап адам өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде 
оқушылардың  өзін-өзі  зерттеулері  әсіресе  жеткіншек  жаста  көп  байқалады.  Оны  осы 
жастағы балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, 
өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін 
бастауларынан  және  тағы  басқа  өзгеше  іс-әрекеттерінен  аңғарамыз.  Жеткіншек  жастағы 
балалар  өздерінің  жеке  «Менін»  қалыптастыруға,  көпшілік  ішінде  өзінің  алатын  орнын 

17 
 
анықтауға  тырысады  және  көптетен  танымал  тұлғаларға  (артист,  әнші,  ақын,  боксер, 
футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді. 
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек 
жаксы  жақтарын  ғана  танытқысы  келеді.  Сондықтан  өзін-өзі  тәрбиелеу  процесінде 
ұжымныңатқаратын  ролі  жоғары.  Педагогикалық  әдебиеттерде  тұлғаның  өзін-өзі 
тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:  
Біріншісі,  ұжымның  өзі  балалардың өзін-өзі  тәрбиелеу  процесін  ұйымдастыруға 
жалпы жағдайлар туғызады . 
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады . 
Адам  өзін  қоғамның  бір  бөлігі  ретінде  сезініп,  өзінің  зор  мәнін  жете  түсінгенде 
ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына 
өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қоғамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік 
мақсатым  қандай?»  деген  сұрактарға  жауап  іздестіруге  тырысуы  керек.  Бұл  мәселе 
қазіргі  көптеген  ғылымдардың  ең  маңызды,  көкейкесті  сұрақтарының  бірі.  Ежелгі 
математиктердің  бірі  Фалес  айтқандай:  «Бәрінен  де  өзіңнің  кім  екеніңді  білу 
қиын».Әрине, басқаларға жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның 
бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің 
басқалардың  да,  өзінің  де  денсаулыгына  зиянды  екенін  біле  тұра  сол  жағымсыз 
әдеттерінен  құтыла  алмай  қиналып  жүреді.  Ондай  адамдар  өз  ерік-жігерін  өз  ырқына 
көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды. 
Адам  өз  бойында  қандай  қасиеттерді  қальштастырып,  қандай  жағымсыз 
жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс 
істеуі  керек.  Мысалы,  кейбір  адамдар  өздерімен  көп  жұмыстар  жүргізіп,  әр  түрлі 
жағдайларда өздерін сынап, ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен 
арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады. 
Б.Б.Айсмонтастың  пайымдауынша  өзін-өзі  тәрбиелеу  -  дамуды  қамтамасыз 
ететін  ішкі  рухани  факторлар  арқылы  бізге  дейінгі  ұрпақтардың  асыл  тәжірибесін 
меңгеру процесі. 
Адамның  ішкі  қабілеттерінің,  күш-жігерінің  мүмкіндігі  өте  зор.  Кейбір 
адамдарда  мектепті  нашар  бітірген  балалар  жоғары  оқу  орындарында  да  орташа 
студенттер  қатарынан  аса  алмайды  деген  теріс  көзқарас  қалыптасқан.  Болашағын 
алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар 
оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады. 
Адамның  ішкі  әлеуетінің,  мүмкіндіктерінің  ауқымы  өте  кең,  өмірде  өзіне 
лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп 
түрлері,  қаншама  өнер  түрлері,  қаншама  еңбек  пен  іс-әрекет  түрлері  бар  болғанымен 
солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. 
Сондықтан  -  «талантсыз  адам  жоқ,  өз  орнын  таппайтын  адам  бар»  деген  дұрысырақ 
болар. 
Адам  өзінің  табиғи  күш-қуатын,  ерік-жігерін,  ой-өрісін,  зор  мүмкіндіктерін 
барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, 
ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне 
басқалардың  емес,  өзінің  жауапты  екенін  түсінуі,  ар-ұят,  намыс,  адамгершілік 
сезімдерінің  басым  болуы,  өмірлік  мақсатына  жетудегі  табандылығы  мен  құлшынысы 
оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер. 
Психологиялық  -  педагогикалық  әдебиеттерде  өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістері  әр 
түрлі  топтастырылып  келеді.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  толып  жатқан  әдіс-тәсілдерінің 
көпшілігі  Абайдың  қара  сөздерінде  де  жан-жақты  қарастырылатыны  мектеп 
қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс. 
Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін 
ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-
өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.  

18 
 
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері 
Өзін  өзі тану 
Өзін-өзі меңгеру 
Өзін-өзі 
ынталандыру 
Өзін-өзі бақылау 
Өзін-өзі талдау жасау 
Өзін басқалармен салыстыру 
Өзін-өзі бағалау 
Өзін-өзі сендіру 
Өзін-өзі қадағалау 
Өзін-өзі бұйрық беру 
Өзін-өзі иландыру 
Өзін-өзі құптау 
Өзін-өзі көрсету 
Өзін-өзі  мақұлдау 
Өзін-өзі  мадақтау 
Өзін-өзі жазалау 
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз 
алдына  нақты  міндеттер  қоюын,  ол  міндеттердің  орындалуы  бойынша  өткенді  ой 
таразысына  тартьп  өзіне  есеп  беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, 
өзін  арнайы  қадағалау  негізінде  айқындалған  өз  бойындағы  өзгерістерді  жүйелі  түрде 
тіркеп жазып жүруді жатқызады. 
Ұстаздық  жұмыспен  айналысатын  адамдар  өзін-өздері  тәрбиелеу  арқылы 
ұстамдылыққа,  шыдамдылыққа,  сабыр  сақтауға,  өз  ерігі  мен  эмоциясын  басқаруға 
үйренеді  және  осылайша  өз  мінезіндегі  кейбір  жағымсыз  жақтарынан  арылады. 
Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз еркін 
өзіне  бағындыра  отырып,  байыппен  әдепті  сақтау  негізінде  педагогикалық  қарым-
қатынас  орнатуға  тырысады.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  нақты  бағдарламасын  жасау  және 
оны  іске  асыру  өте  жауапты  да  күрделі  іс.  Адамның  жауапты  міндеттерді  шешуге 
тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады. 
Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп  беру 
қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы 
өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды.  
Өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістері  мен  тәсілдерінің  ішінен  өзіңізге  ең  қолайлысын 
таңдап  алған  дұрыс.  Көпшілігіміз  табысқа  жеткендердің  іс-әрекетіне  еліктейміз  де,  өз 
мінез-құлқьмыздағы  ерекшеліктерді  ескермейміз.  Педагогтар  баланың  жеке 
ерекшеліктерін  білу  және  соған  лайық  тәсілдер  қолдану  –  тәрбиенің  маңызды  шарты 
екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің 
табиғи  ерекшелігін  білу.  Көздеген  сапаға  жету  үшін  ең  әуелі  өз  мінезіңіздің  жақсы 
жақтарын  іске  қосу  керек.  Кемшіліктеріңізді  бейтарап  қалдырып,  назар  салмаған 
дұрыс. 
Өздігінен  білім  алу-  адамның  білім  беру  мекемелеріндегі  жүйелі  оқытудан  тыс 
өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың 
кәсіби  біліктіліктерін  жоғарлатудың  негізгі  формасы.  Бұл  бағытта  мұғалімдер  озық 
педагогикалық  тәжірибелерді  зерттеп,  мектептегі  немесе  тұрғылықты  жердегі  басқа 
кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс 
істейді.  Өздігінен  білімді  жетілдірудің  ұжымдық  түрлері  ретінде  мүғалімдердің 
біліктіліктерін  жетілдіру  институттарын,  әдістемелік  бірлестіктердің  жұмыстарын 
атауға  болады.  Өздігінен  білім  алу  барысында  жас  мұғалімдер  қазіргі  жаңа 
педагогикалық  технологияларды,  білім  берудің  негізгі  бағыттарын  зерттеп  олардың 
практикальқ маңыздылығымен танысады. 
Өздігінен  білім  алудыңатқаратын  негізгі  қызметтеріретінде  М.Князеваның 
мынандай топтамасын келтіруге болады: 

 
Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау. 

 
Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау. 

 
Компенсаторлық-мектептікбілімнің 
олқылықтарын 
толықтыру, 
өз 
біліміндегі кемшіліктерді жою. 

 
Дамытушылық -   өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, 
шығармашылық сапаларын дамыту 

 
Әдіснамалық  -  кәсіби  біліктілігін,  білімдерін  жетілдіру,  дүниенің 

19 
 
тұтастығын түсіне алу. 

 
Коммуникативтік      -      түрлі      кәсіптер,      ғылымдар,      адамдар 
арасындағы байланыстарды орната алу 

 
Шығармашылық — шығармашылық жұмысқа үйрену. 

 
Жаңашылдық      —      қалыптасып      қалған      пікірлерге      жаңаша 
көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу. 

 
Психологиялық  - зиялы адамдар  қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар 
қауымының бір бөлігі ретінде сезіну. 

 
Геронтологиялық    -  жасы    ұлғайған  адамдардың    өздігінен  білімдерін    
жетілдірулері        арқылы        заманауи        жаңалықтарданхабардар  болып 
отыруы. 
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  адам  өздігінен  білімін жетілдіріпотыруы арқылы 
бәсекеге  қабілетті,  еркін  жан-жақты  дамыған  тұлға  бола  алады.  Өздігінен  білім  алу 
процесінің  құнды  жақтарының  бірі  ретінде  тұлғаның  жеке  танымдық  белсенді  іс-
әрекетпен  шұғылдануын  атауға  болады.  Бұл  процесте  адам  мақсат-міндеттерді  өзі 
анықтайды,  өзі  білім  алу  құралдарын  іздестіреді,  өзі-өзіне  мұғалім  болып,  өзін-өзі 
білімге жетелейді. 
Өздігінен  білім  алудың  тағы  бір  маңызды  ерекшелігі  ретінде  адамның  білімді 
ізденудегі  құлшынысының,  ынта-ықыласының  барлығы  адамның  өз  еркінен 
туындайтынын,  сырттан  келетін  ешқандай  ықпалдардың  болмайтындығын  атап  өтуге 
болады. 
Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта 
және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы 
болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, 
Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады: 

 
Кітапханадагы  электрондық  және  кітап  қоры,  интернет  жүйесін 
пайдалану; 

 
Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу; 

 
Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру

 
Қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру; 

 
Өздігінен  білім  алудың  құзіретінде  әр  адамның  әуестенушілігін,  хоббиін 
қарастыруға болады. 
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі 
әріптестерінің  алды,  ұжымның  абыройлы  тұлғасы,  өзінің  құзіреттілігімен,  бәсекеге 
қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға 
қолдау көрсете алады.  
 
Пайданылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с. 
2.
 
Введение  в   педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, 
и др. - М., 2000. - 208 с. 
3.
 
Елканов 
С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего 
учителя. М., 1989. 
4.
 
Жаманкулов М. Ұстаз психологиясы. Алматы, 1990. 
5.
 
Жарықбаев Қ. Ұстаздык еткен жалыкпас. А., 1987. 
 
 
 
 
 
 

20 
 
ЖАҢАША ОҚЫТУ ЖӘНЕ АЙМАУЫТОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МҰРАСЫ 
 
 
Сагындыкова Гульдана Мырзабековна
магистр, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  
«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы 
Аембаева Аяжан Ешимбаевна,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  
«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы 
 
Бұған дейін жасалғандардың бәрін 
одан да жақсырақ етіп жасауға болады 
Генри Форд 
 
Білім  –  елдің  зияткерлік  капиталын  қалыптастырушы  стратегиялық  ресурс. 
Осыған  байланысты  білім  Қазақстанның  барлық  даму  стратегияларында  аса  маңызды 
басымдықтардың  бірі  ретінде  айқындалған.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  2014  жылғы  17 
қаңтардағы  «Қазақстан  жолы:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан 
халқына  Жолдауында  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіруде  білім  беру 
маңызды рөл атқаратынын айта келіп, басым бағыттарын белгілеп берді. Осы бағытта 
білім  сапасын  арттыру  ісіне  ерекше  мән  беру  қажеттілігі  артты.  Сапалы  білім  беру 
педагогтердің  шеберлігі  мен  іскерлігіне  байланысты.  Ал  педагогикалық  шеберлік  пен 
іскерлікті  дамытуда  жаңа  технологияны  қолданудың  маңызы  зор.  Оқытудың  жаңа 
педагогикалық  технологиясы  –  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі  дамытып,  тәрбиелей 
білетін,  заман  ағымына  ілесе  алатын  кәсіби,  білікті,  жан-жақты  жеке  тұлға 
қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз 
қабілетіне  қарап,  өзін-өзі  дамыта  отырып,  өзіне  сын  көзбен қарауға  мүмкіндік  береді. 
Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. 
Бүгінгі  күні 
Қазақстан  Республикасында  орта  білім  мазмұнын  жаңарту 
шеңберінде  бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  педагогика  кадрларының  біліктілігін 
арттыру  курстары  елімізде  жаппай  ұйымдастырылды.  Бұл  біліктілікті  арттыру 
курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық 
білім  беру  жүйесіне  арналған  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  бағдарламасымен 
таныстыру  болды.Бағдарламада  білім  беру  саласындағы  өзгерістердің  шарттары  мен 
алғы  шарттары  қарастырылды  және  білім  саласындағы  халықаралық  үрдістер  туралы 
сөз қозғалады. Сонымен қатар бастауыш сынып пәндері бойынша бағдарламадағы оқу 
мақсаттарына  қол  жеткізу  мақсатында  критериалды  бағалау  жүйесін  түсініп,қолдана 
білуін  қамтамасыз  етумен,  мұғалімдердің  бойында  жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптастыру  жолдары 
қарастырылды.  Бұдан  соң  мұғалімдер  сауат  ашу,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті, 
математика,  дүниетану,  жаратылыстану  сияқты  пәндік  аспектілерін  меңгере 
алды.Мұғалімдер  білім  беру  бағдарламасына  негіз  болған  теориямен  танысып  қана 
қоймай,бұл  теорияны  тәжірибе  жүзінде  іске  асыруға  қабілетті болуын  қамтамасыз  ету 
үшін оқыту тәжірибе жүзінде  және белсенді түрде өтті. 
Бұл  үшін  е
ресектерді  оқытуда 
қолданылатын  пәрменді  тәсілдердің  бірі–Дэвид  Колбтың  (1984)оқуциклі  қолданылды. 
Циклдетөмендегі мәселелер қамтылған: 
 

21 
 
 
Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді 
қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын 
жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ  –ны  қолдану,  коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу, 
жеке,  жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты, 
шығармашылықты  қолдана  білуді  және  оны  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  тиімді 
оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу,  модельдеу,  бағалау  жүйесі,  бағалаудың  тиімді 
стратегиялары)  курс  барысында  қарастырылды.  Жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасының  ерекшелігі  спиральді  қағидатпен  берілуі.  Оған  оқу  мақсаттары 
зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында қолдану.
 
Ең 
бастысы 
бұл 
бағдарлама 
шетелдік 
жүйемен 
құрылғанымен 
Ж.Аймауытовтың 1929 жылғы «Комплексті оқыту жолдары» атты еңбегіне негізделген. 
Бұл  мектепке  және  оқуға  байланысты  қазақ  тілінде  жазылған  алғашқы  құралдардың 
бірі  екен.  Автор  баланың  білімге  деген  ынта-ықыласын,  зейін-зердесін  арттыру  үшін 
мұғалімдерден  төмендегi  шарттарды орындауды талап  етеді.  Олар:  жаңа  берілетін 
білімді  баланың  бұрын  меңгерген  біліміне  негіздеу,  оқушылардың  жаңа  білімді 
меңгеруіне  бағытттайтын  проблемалық  сұрақтар  қоя  отырып,  олардың  назарын  жаңа 
білімге  бағыттау,  басы  артық,  қажетсіз  мағлұматтарды  айтудан  сақтану,  салыстыру, 
теңеу,  ұқсату,  сияқты    тәсілдерді  қолдану  арқылы  балалардың  білімге  деген 
қызығушылығын  арттыру.    Тәсілдері  үнемі  жаңартып  жандандырып  отыру, 
көрнекілікті пайдалану т.б. дидактикалық әдіс-тәсілдерді сөз етеді.  
Жазықсыз жапа 
шеккен, 
қазақ әдебиетi 
мен 
мәдениетiнiң 
көрнектi 
қайраткерлерiнiң  бiрi  Ж.Аймауытов  (1889-1931)  педагогика,  психология  саласында 
құнды  ғылыми-зерттеу  еңбектерімен  қатар  жазған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында 
баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, 
білім  берудің  шарттарын  көрсететін  педагогика  бөлімі  "дидактикаға"  көп  назар 
аударған. 
Ж.Аймауытов баланың ақылын, 
сезімін, 
ерік-жігерін, 
мінезін тәрбиелеу  
керектігін  атап  көрсетті.  Баланың тіл байлығын  арттыруға   ерекше  көңіл бөлді. 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің берілу жайы да 
өзгеше.  Бағдарлама  оқушының  төрт  тілдік  дағдысын:  тыңдалым,  айтылым,  оқылым, 
жазылым  жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  төрт  дағды  оқу  жоспарында  спиральдік 
жүйемен  орналастырылған  және  бір  –бірімен  тығыз  байланысты.  Яғни,  жыл  бойына 
бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене 
түседі. 
Тәжірибе
- белсенді оқу 
- нақтылау
Рефлексия
- болған жағдайды шолу
- талқылау
Абстрактілік ұғыну
- теория
- түсінік беру
Эксперимент
- басқа тәсілмен 
орындау
- жаңа түсінікті қолдану

22 
 
Сонымен  қатар  Ж.Аймауытов  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  үлкен  мән  беріп, 
баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек 
көрсету  мәселелеріне  терең  тоқталған  ғалым.  Бүгінгі  о
қушы  өзінің  мектеп 
қабырғасында  алған  білімін  өмірінде  қажетке  асыра  білуі  керек.  Сол  үшін  де  бұл 
бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған.  Ұстаздарға  үлкен 
жауапкершілік міндеттелді. 
 
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу 
үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер  тынымсыз  еңбектену  керек. 
Жаңартылған  оқу бағдарламасы аясында тек  өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, 
бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей 
алады.  Бұл  жерде  де 
Ж.Аймауытовтың  жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде,  оның  жеке 
тұлғасын, 
өзіндік «мәнін»  
қалыптастыруда 
мұғалімнің 
рөлі 
айрықша  
екендігін көп мән   бөлгеніне  назар  аударып  отырмыз.  Ал,  бірінші  сыныптан  еңгізіліп 
жатқан  «Жаратылыстану»  пәніне  қарасақ  атақты  педагог-ғалымның  мына 
тұжырымдамасы  ойға  келеді  «...Алдымен  балалардың  өздеріне  күнделікті  өмірден 
жақсы таныс өз жұртының  тұрмыс-салты,  тыныс-тіршілігіне  байланысты  тарихты 
оқытудан бастағанды жөн... басқа жұрттың тарихқа керек жерлерін ғана алу керек» деп 
тұжырымдайды. 
Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың «Тәрбие дегенiмiз бiр адамның 
екiншiбiр адамға жасайтын ықпалы» немесе А.С.Макаренконың «Адамдарды   қоршаға 
орта 
тәрбиелейді. 
Адамның 
тұтыну 
заттары, 
табиғи 
құбылыс 
т.б. 
бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн  тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi  – адамдардың қарым-
қатынасы,  әсіресе  ата-аналар    мен  ұстаздардың  ықпалы  ерекше»  деген  сияқты 
таныс пiкiрлер  жиi ұштастырылады.  
 Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi 
қозғалып, 
өзгерiп,  
өсетiн, өркендейтiн тiрi адам  
болғандықтан, 
бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды. 
«Сабақ үйреншiктi 
жай шеберлiк   емес,  ол үнемi  жаңаны табатын   өнер.  Сыннанн  өткен  тиімді  деген 
жолдарды  ғана  нұсқайды»  -  деп,  оқыту,  білім  беру  әдістерінің    догма  емес,  ізденуден 
туатын іс-әрекет екенін екенін дұрыс атап өткен.  
Бүгінгі  күні  барлық  елдер  жоғары  сапалы  білім  жүйесімен  жұмыс  істеуде. 
Өйткені  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың  талабына 
сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс  –тәсілдермен  оқытып,  ой  –өрісі  кең, 
саналы, еркін азамат  етіп тәрбиелеу қажеттілігі  де осы себептен туындап отыр. Оның 
үстіне  білім  берудің  жүйесін  қарқынды  дамытқан  бұл  үрдістің  жалпы  білім  беретін 
мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.  
Жаңаша оқудың маңыздылығы да, мәні де, осында. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет