Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет37/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық [1] 29-бет. 



2.

 

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 



тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.  

3.

 



Жаңа білім беру жүйесі – Уикипедия.  

4.

 



 Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары. Білімділер сайты.  

 

 

ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ПӘН САБАҚТАРЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУШЫЛЫҚ-ЗЕРТТЕУШІЛІК 

ӘРЕКЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

                                        Байғожина Алма Қортайқызы

 №14 орта мектебінің қазақ тілі мен 

                                  әдебиеті мұғалімі  

                                         



«Естігенімді - ұмытамын,  көргенімді - есте  сақтаймын, 

өз  істегенімді  — меңгеремін».    

Конфуций 

 

      Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі  – 



дүниежүзілік   білім    әлеміне   ену.  Бұл   салада   білім   беру   ісінің  мазмұнын   жаңа  

бағытқа    бұрып,  құрылымдық    жүйесін    жаңарту,  өзгерістер    енгізу    —    білім  

реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  

Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, 

жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  

шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  

талаптар    алдыңғы    орынға    шығады:  креативтілік,  белсенділік,  жауапкершілік,  ой-

өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы. 

     Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтардың алдында  

тұрған негізгі  проблемалары: 

 

Баланы  оқи  білуге  үйрету; 



 

Баланы  ойлауға  үйрету; 



 

Баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау. 



Осыған    орай    мектеп    білімі    түбегейлі    жаңартылып,  мұғалімнің    қызметінің 

мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр  педагогтың  міндеті – оқушының  

шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  

туғызып,  оның    шешімін    табуға    бағыттау,    жаңаны    іздеуге,  жүйелі    зерттеулерге  

талдау  жасауға    талпыныс    беру.  Осы    қажеттіліктерді    оқушыларға    меңгерту  

барысында  жобалық  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді. 

Мақсаты:    оқушыларға    жобалық    оқыту    технологиясының    әдіс-тәсілдерін  

үйрету,  сабақтар    барысында    және      сабақтан    тыс    уақытта    оқушылардың    жоба  

жұмыстарын    ұйымдастыру    тәжірибесін    талдау,  оның    тиімділігін    анықтау. 

Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін 

таба  алатындай  білім  беру  әдіс-  тәсілдер  жиынтығы  болып  келетін  оқыту 

технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету. 

Міндеттері: 

 



оқушының ғылыми — зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру; 

276 

 



 

жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәрбие 

 

үрдісінде қолдану; 



 

оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру; 



 

оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын 



қалыптастыру; 

 



оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға 

 



жәрдемдесу; 

 



оқушының шығармашылығын дамыту

 



оқушы дамуына мониторинг жүргізу. 

Күтілетін  нәтиже:  жеке  тұлғаға  ,  тәжірибеге  бағытталған,  үздіксіз  білім  беру 

принциптеріне  негізделген  танымдық  іс-  әрекетті  ұйымдастыру  формаларын, 

әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау. 

ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі 

– мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  

іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған. 

Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасауға  

мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  

да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда. 

Бұл    технология    әлемдік    педагогикада    жаңалық    емес.  Ағылшын    тілінен  

аударғанда    «cooperative    learning»  —  «бірге  үйрену»,  ал    латын  тілінен  аударғанда 

«projectus» —  «алдын  ала»  деген  мағынаны  білдіреді  деген  екі  ұғым  бар. 

Жобалау    технологиясы  –  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ  

ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған  — Джон Дьюи 

атты  психолог  және  педагог,  философ.Дьюидің  ілімін    жалғастырушы  —  Колумбия 

университеті  жанындағы  мұғалімдер    колледжінің  профессоры  Уильям  Херд 

Килпатриктің  ойынша,  балаларды  өз    жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру 

арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген 

бойжеткенді  мысалға    алайық.  Егер  ол  кейін  өзі  киетін  көйлегі  үшін  жанын  аямай, 

ерінбей, аса  қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, 

тігіп  кисе  –  бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»  деген    екен 

Килпатрик. 

Уақыт  өте  келе  еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі    біртіндеп 

«тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен  еніп отыр. 

Бірақ  оның  негізгі,  түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек  –  оқушыны  

білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты  проблемаларды 

шеше білуде қолдануға үйрету. 

Жоба  –  мұғаліммен    ұйымдастырылған    және    оқушымен    өз    бетінше    проблема  

шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі. 

Бұл    технологиялық    оқудағы    мұғалім    мен    оқушының    іс-әрекеттері    түбегейлі  

өзгереді.   

Оны  салыстырып  көрелік: 

 Жобалау  технологиясын қолданудағы  негізгі  алдыға  қояр  мақсат – оқушылардың  

қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  

жетілдіру,  ақпараттық    бағдарлау    біліктілігін    қалыптастыру    және    сыни    тұрғыда  

ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы әр  түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  

бейімдеу. 



277 

 

Егер  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  



орындай  алса – ол  болашаққа дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады. Әртүрлі  

жағдаяттарда    дұрыс    шешім    қабылдай    отырып,  әртүрлі    адамдармен    тіл    табыса  

отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт-бағдар  бере  алады. 

Жобаның  тиімділігі – көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  

ізденіске,    іскерлік    пен    танымдық    ынтаға,  шығармашылық    қабілетті    жетілдіру  

арқылы    түрлі    мәселелерді    шеше    білуге,  тапқырлыққа,  жаңа    ғылыми    ізденіске  

жетелеуде. 

Жобалау  технологиясының  негізінде – оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  

дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар  жатыр. 

Жобалық  оқытуды  қолдану  үшін:  

 

оқушының коммуникативтік  дағдылары  қалыптасуы  қажет; 



 

сауалдар  қою (басқа  оқушының  пікірін  білу, ақпарат  жетіспегенде 



 

мұғалімнен  сұрау); 



 

дауысымен  басқару



 

өз  көзқарасын  білдіру (барлығына  түсінікті  түрде  өз  ойын  ашу, 



 

дәлелдеу);  



 

келісімге  келу; 



 

оқушының  ой — өрісінің  дамуы, «ақыл – ой  толықтығы»; 



 

талдау,  біріктіру әрекеттерінің  дамуы; 



 

салыстырмалы  талдау  жасау; 



 

негізгіні  бөліп  көрсету; 



 

жалпы  әрекет  әдісін  табу, оны  қолдану  мүмкіндігі;  



 

өзіндік  бағалау  әрекеті 



 

өзінің  және  басқаның  жұмысын  шынайы  бағалау



 

нәтижені  және  оқу  міндеттерінің  шешілу  барысын  бағалау  дағдысы; 



 

кемшіліктерді  көру.  



Зерттеушілік  әрекеттердің  міндеттері: 

Проблемалық ойын  ситуацияларына  оқушылардың  енуі; 

Проблемалық    ситуацияның  шешілу    жолдарын    табуға    қажеттіліктің    туындалуы  

(мұғалім – оқушы); 

Зерттеушілік  әрекеттерге  үйрету (практикалық  тәжірибелер) 

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері: 

Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау; 

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  

жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру; 

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау 

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау

Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары: 

Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?» 

Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?» 

Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау» 

Орындау  —  «жүзеге  асыру» 

Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?» 

Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?» 

Жобалаушылық-зерттеушілік әрекеттік дағдыларын өз тәжірибемде қолдану үлгілері: 


278 

 

        Өз  тәжірибемде  қолданып  жүрген  технологиям  –  рухани  жан  дүниесі  бай,  жан-



жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  мен  қалыптастыру  мәселесі  Абай  Құнанбаев, 

Ыбырай  Алтынсарин,  Мағжан  Жұмабаев,  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Жүсіпбек 

Аймауытовтардың  шығармаларының  негізгі  арқауы  болған.  Әсіресе  ұлы  ғұлама 

Абайдың  еңбектерінде  адам  бойындағы  негізгі  қасиеттер:  қайрат,  ақыл,  жүректің 

сапалық деңгейіне  қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын 

«Толық адамды», түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-

жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.   

(Абайдың қара сөздері, сабақ үлгісі) 

Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  жолдарын  үш  кезең  арқылы  жүзеге 

асыруға болады: 

Бірінші  кезең-жаңаны,тың  нәрсені  дамыту,түпкі  идеяны  табуға  ұмтылу.  Бұл  кезеңде 

әдеби-  шығармашылық тапсырмалар  беріліп,төмендегідей  талаптар  бойынша  жұмыс 

жүргізіледі:шығарманы  бөлімдерге  бөліп,тақырыбын  жазып  келу;  кейіпкер  тобын 

ажыратып,олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру;шығарма мазмұнына сай қанатты 

сөздерді  ойлап  жазу;әңгіменің  белгілі  бір  бөлімінің  көркемдік  ерекшелігіне  талдау 

жүргізу. 

Екінші кезең-қиял,ұшқыр ой қалыптастыру.Бұл кезең –оқиға құрудың,образ жасаудың 

мүмкіндігі  бар  кезең.  Мұнда  оқушыға  ертегі,әңгіме,мақалдарды  жалғастырып  жазу 

және  аяқтау  тапсырылады.  Оқушы  қиялға  ерік  беріп,оқиғаны  дамыта  отырып 

шығармашылық  жұмыс істейді.Өз бетінше іздену-шығармашылық қабілетін ашудың 

көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра 

түсеміз. 

Логикалық 

ойын 

дамытатын 



тапсырмалар 

сөзжұмбақ,ребус 



шешу,жұмбақ,мақал-мәтел,қанатты сөздер құрастыру/ 

Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері / Мәтінді өндеу,берілген 

мәтіннен диалог құрастыру,мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру/ 

Өз  ойынан  еркін  тақырып  құрастыруға  берілген  жұмыс  түрлері 

/Өлең,ертегі,әңгіме,шығарма жазу/ 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз 

қолына беріп отырған дұрыс.Бұл орайда сыныпты топқа бөліп,тақырыпқа сәйкес өлең 

құрастыру,қанатты  сөз  ойлап  табу,шағын  мөлтек  сыр  жазу  тапсырылады  /  «Туған 

жерге қарыздармыз», «Менің Отаным-Қазақстан», «Қыздарға әсемдік жарасады»/. 

Үшінші кезең-тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы 

белгілі бір шығармаға өзіндік козқарас білдіріп,пікір / рецензия/ жазады,мәтінге әдеби-

теориялық толық талдау жүргізеді,кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды,әңгіме жазады. 

Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады. 

Сабақ  үдерісінде  баланың  ізденушілік-зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыруды 

басты  назарда  ұстау  керек.  Бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  білігінің  жаңа  мәселені 

шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге 

ықыластанады,әрекеттенеді.  Сабақ  үдерісінде  мұғалім  ұйымдастырушы,бағыттаушы 

адам  рөлінде  болуы  тиіс.  Әр  оқушыға  өз  ойын,пікірін  айтуға  мүмкіндік 

беріледі,жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. 

Әдіскер-ғалым    Қ.Тасболатов  «Проблемалық  ситуация  тудыру-оқушыларға  сұрақ 

қойып,оны  шешу  ғана  емес,мұндағы  сұрақ  әдетте  қойылып  жүрген  сұрақтардан 

мүлдем  өзгеще.  Ол  сұрақ  оқушыға  бейтаныс,  өздігінен  ізденіп,  өзінше  қорытынды 



279 

 

жасай  білетіндей  сұрақ  болуға  тиіс»  дейді.  Бұл  орайда  оқушыға  танымдық  сұрақтар 



қоюдың маңызы зор. 

Жеке жоба фазаларында/қадамдарында не ескерілуі керек? 

Таңдалған тақырып оқушыны қызықтыру керек. Оқушы белгілі бір топқа бөлінгенде, 

ол  топта  оның  достары  болғандықтан  емес,  тақырып  оны  қызықтырғандықтан  сол 

топта жұмыс істеуі керек. 

Жоспарланған тақырып белгіленген уақытта игеріле алуын естен шығармау керек. 

Проблеманы шешуде/тақырыпты игеруде қандай материал және ақпарат қажет? 

Презентация мақсаты тыңдармандарға жоба нәтижесін көрсету. 

Презентация ауызша және еркін өтеді. 

Презентацияға  түрлі  көрнекі  құралдарын  қолдана  аласыз:  сурет,  газет  қиындылары, 

презентация плакаты, powerpoint-презентациясы. 

Жобаны қорытындылағанда мыналар ескеріледі: 

Біз тақырыпты дұрыс таңдадық па? 

Уақыт және жұмыс жоспарын дұрыс жасадық па? 

Жұмыс жоспарлағандай өтті ме? (егер жоқ-онда неге?) 

Біз презентациямызды жақсы дайындадық па? 

Презентацияда қолданған материалдар, құралдар көрнекі болды ма? 

Келесі жолы қалай жақсырақ жасаймыз? 

Біз топта қалай жұмыс жасадық? 

Егерде топта жұмыс ойдағыдай өтпесе, онын себебі неде? 

  Жоба құжаты: 

Жоба жазбаша мәлімдемемен көрсетіледі. 

Жоба мәлімдемесі жоба папкасында жинақталады. 

Жоба мәлімдемесіне мыналар кіреді: 

-оқушы аты-жөні, телефон нөмірі, сыныбы, оқу жылы, жобаның  тақырыбы 

-әр жоба фазасына/қадамына мәтін 

-әр мәтінде сен қалай жұмыс істегеніңді және жоба нәтижесін суреттейсің 

Жобаны  бағалау:  мұғалім  жоба  құжаттарын  мынадай  жағдайларды  ескере  отырып 

қарайды: 

I.

 



Жоба идеясы: 

Мақсаты/тақырыбы көрсетілген бе? 

Тақырыпшалар дәл көрсетілген бе? 

II.


 

Жобаны жоспарлау: 

Уақытты дұрыс бөлдін бе? 

III.


 

Жобамен жұмыс: 

Әр жұмыс қадамдарын мұқият жасадың ба? 

Сенің басқа оқушылармен жұмысың қалай өтті? 

Сен жұмыс және уақыт жоспарыңды басшылыққа алдың ба? 

Сенің жоба нәтижең қандай? 

IV.

 

Жобаны презентациялау: 



Сен еркін презентацияладың ба? 

Презентация құралдары жақсы, түсінікті болды ма? 

V.

 

Жоба құжаты: 



Сен жобаның барлық фазаларын суреттедің бе? 

Сенің жоба мәлімдемеңнен сенің қандай тәжірибе алғаныңды көруге 

болады ма? 

Жоба папкасы дұрыс жасалған ба? 



280 

 

  - Көрнекі 



  - Түсінікті 

VI.


 

Қорытынды: 

Жобаның өтуі жайлы ойладың ба және жіберілген қателерден  болашақтағы жобалар 

үшін қорытынды жасадың ба? 

      Жобалау әдісі шынайы практикалық нәтижеге бағытталған проблемалық, зерттеу, 

іздестіру әдістерін қарастырады. 

    Дүние  жүзінің  барлық  елдерінде  жобалар    әдісі  кең  қолданылады,  себебі,  ол  бір 

проблеманы  шешу  барысында  оқушылардың  алған  білімдерін  практикада  қолдану 

мүмкіндіктерін береді. 

Сонымен,  оқушыларға  дайын  өнімді  қабылдайтын  ғана  емес,  өз  бетімен  ізденетін, 

дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі.  

 

Әдебиеттер тізімі  

1.

 

Абай  мұрасы-мәңгілк мұра «Педагогика жыршысы» 



2.

 

Оқыту әдістемесі (қазақ әдебиеті)  



3.

 

Жобалау технологиясы  



4.

 

Ақпараттық технологиясы. 



 

 

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МҰҒАЛІМ ТҰЛҒАСЫН ДАЙЫНДАУ ЗАМАН 

ТАЛАБЫ 

 

Абдрахманова Рысты Темиртасовна,                                                                                                                                                                                                            

Жуманбаева Айгүл Оразовна, 

                                                                                  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы 

                                                                         «Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ 

                                                                               ДБО тренерлері, 

                                                                                     Аембаева Аяжан Ешимбаевна, 

мұғалімнің кәсіби дамуын  

педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу  

кафедрасының аға оқытушысы 

 

 

«Мұғалімдік мамандық–бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-



шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен 

педагогикалық өнер–ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады». 

В.А.Сухомлинский 

 

           Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, 



сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше 

деп  білемін.  Қазіргі  білім  берудің  басты  мақсаты    да  сол  жан-жақты  дамыған,  жан 

дүниесі  рухани  байыған,  еліне  елеулі,  халқына  қалаулы  бола  аларлық  жеке  тұлға 

қалыптастыру  болып  отыр.  Жеке  тұлғаны  дамытып  қалыптастыру  үшін  олардың 

өзгермелі  әрекеттерін    айналадағы  нақты,  таныс  объектілерді  зерттеуімен 

байланыстырудың маңызы зор. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен 

білігін игерту–бүгінгі білім беру саласының маңызды  міндеті болып саналады. 

Бізде  «Ұстазы  жақсының-ұстамы  жақсы»  -  деген  ұғым  бар.  Яғни  жақсы  ұстаз 

болу  үшін  өз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,  әрбір  қатынасушының  педагогикалық 


281 

 

үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға 



қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін 

ауытқушылықтарды  дер  кезінде  түзете  алуы,  яғни  құзыретті  тұлға  болу  керектігіне 

назар 

аударылады. 



Жаңа  тұрпатты  мұғалім  үш  түрлі  құзыреттілікке  ие  болуы  тиіс:  әдіснамалық, 

жалпымәдени,  пәндік-бағыттылық.  Педагогикалық  қызметтің  шығармашылық 

бағытталуы,  біріншіден,  мұғалімге  мамандығы  үшін  мәні  бар  күшті  және  әлсіз 

жақтарын  (өзін-өзі  тануын,  эмоционалдық  қалпын,  коммуникативтік  және 

дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін 

(ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық 

қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім 

берудің  даму  тенденцияларын  бағдарлай  алу  сияқты  мәселелерді  қарастырумен 

байланысты.  Міне  осы  қасиеттердің  барлығына  ие  болу  үшін  Қазақстан 

республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстары 

бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  мақсаттарымен  және 

міндеттерімен үйлестіру қажет. 

Осы Бағдарлама оқытумен оқу үдрістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін  

жүргізу  үшін  қажетті  білімнің    болуын    көздейтін,  мұғалімнің  кәсіби  дамуына 

қойылатын  заманауи    талаптарға  сәйкес  келеді.  Бұл  тәсіл  негізгі  төрт  қағидатқа 

негізделген,  олардың  ішінде  негізгісі  «Балалар    қалай  оқиды?»    қағидаты  болып 

табылады, ал қалған үшеуі төмендегі түсініктерді білдіреді: 

 

нені оқыту керек? 



 

оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек? 



Бағдарламаны  меңгеру  мұғалімдерден  оқыту  саласына  қатысты  көптеген  

зерттеулермен  танысып,  талдау  жасауды,  қарастырылған  зерттеулерді  қажеттілігіне 

орай сынып сабақтарында пайдалану барысында туындаған сауалдар, қалыптасқан ой 

пікірлері  мен  тәжірибесін  әріптестері  және  тренерлер  алдында  ортаға  салып,  кәсіби 

пікірталастарға  қатысуын талап етеді. 

    


Сонымен  жаңа  тұрпатты  мұғалім  дегеніміз–кәсіби  білім  мазмұнын  үздіксіз 

жетілдіріп  отыратын, оқу  үдерісін басқару  қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және  кәсіби 

сапасы  жоғары,  озық  технологияларды  меңгерген,  оны  қалауынша  пайдаланатын 

құзыретті тұлға. 

    

Қазіргі  күнде  әр  ұстаз алдында  үнемі ізденіс  үстінде  жүретін  оқу үрдісінде  өз 



ойларын толық ашық айтып жеткізетін,алған білімдерін өмірде  қолдана білетін,  кез-

келген жағдайда пайдалана отырып,стандарттық емес жағдайларда өз бетімен шешім 

қабылдай алатын шығармашыл шәкірттер дайындау міндеті тұр. 

 

Оқытудағы Кембридж бағдарламасымен білім беріп жатқан біздің мақсатымыз 



дәстүрлі  білім  беру  үрдісіне  жаңа  бағыт  өзгеріс  енгізу  деп  ойлаймын.  Қазірде  білім 

игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін 

ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен 

меңгереді, үйренеді. Негізгі қағида «не білу» емес, «не жасай білу».   Басқару біліктері: 

ұйымдастыра отырып  басқару, ынталандыру, мақсат қою, мәлімет беру, жорамалдау, 

болжау,  іс-әрекетті  ұйымдастыру,  бақылау,  іс-әрекет    нәтижелерін  түзету  және 

қадағалау болып келеді. Оқушыға сабақ қызықты болғанда ғана  ол пәнді меңгереді, 

оқып үйренуге талпынады.     

 Әр  педагог  жаңа  кәсіби  көзқарастар  қалыптастыру  кезеңінде  мақсаттарын 

анықтай білуге міндетті оларға әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру, жаңа шығармашылық 



282 

 

ойлардың тууы, жаңалықты практикада қолдану, курсқа дейінгі білім мен жаңа білімді 



салыстыру, рефлексия жасай алуы. 

       


Мектепке  соңғы  уақытта  келген  жаңашылдық  бастамалар  мұғалімдердің 

белсенді белгілі бір бөлігін өз тәжрибелерін сыни тұрғыдан қайта қарап, өзі айналысып 

жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай орындалуын оймен зерттей білуге, өз кәсіби 

өмірбаянындағы салмақты жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады. 

«Бұл әрекеттегі менің мақсатым не?»  -  «Не жасауым керек?»  -  «Қалай?»-  «Бұдан не 

шығады?» сұрақтарын өзіне үнемі қоя және оларға дұрыс жауап бере алатын мұғалімде 

кәсіби шығармашылық болатындығы сөзсіз. 

Психологтар  мұғалімнің  шығармашылығын  дамытудың  қысқаша  формуласын 

«тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады.  Мұғалімнің кәсіби 

әрекетінің өн бойында төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден-

мұғалімнің  оқушының  ойын,  сезімдері  мен  іс-қимылдарын  түсіну  бағытындағы 

әрекеттесуінде;  екіншіден  –  оқушылардың  жас  ерекшеліктері,  даму  мүмкіндіктерін 

ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден- оның 

өз әрекетін, сол әрекеттің субъектісі ретінде өзін талдауда.      

Заман талабының сұранысы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру 

тәсілі мен сапасын арттыруды, жаңашылдықпен ілгері жүргізуді талап етеді. Ғылыми 

іс-әрекет ретінде білім мазмұнына оқушылардың шығармашылық танымдық әрекетін 

ұйымдастыру,  құрылымы  арқылы  енеді.    Іс-әрекет  формалді  түрде  әр  түрлі  болады 

және меңгерілетін материал сипатымен, мұғалімнің жеке адамдық ерекшеліктерімен, 

оқушылардың дайындық деңгейімен анықталады. Оқушылардың белсенді іс-әрекетін  

арттырудың  негізгі  құралы,  өздігінен  жұмыс  істеудің  әр  түрлі  формалары  болып 

табылады, соның бірі кері байланыс тәсілі әр деңгейлі тапсырмаларды талдап түсіну 

мұғалім  мен  оқушының  бірігіп    жұмыс  жасауына  әкеледі,  оқыту  тәсілдерін, 

формаларын,  құралдарын  таңдау  құқығы  болады.  Өзін-өзі  жетілдіру,  дамыту,  өзінің 

ойын  жүзеге  асыруға    қол  жеткізу  үшін  терең,  берік  ғылыми  ізденістің  іргетасы 

қаланады. 

Өзін-өзі ұйымдастыру жүйесі ретінде, тек адамның ғана табиғи құрылымының 

заңдылығы берік және тұрақты. Адам өзін-өзі сезінгенде ғана қоршаған әлемді сезіну 

және  түсіну  үшін,  адамзаттың  жасаған  көп  тәсілдерімен,  әдістерін  қолдана  алады. 

Адамның  табиғатпен  байланысының  негізгі  формасы    және  ішкі  жан  дүниесінің 

қажеттілігі    болып  өздігінен  әрекеттенуі  болып  табылады.  Қабылдау,  есте  сақтау, 

түсіну,  пайымдай  алу,  елестету  біздің  әр  уақыттағы  ішкі  жан  дүниеміздің  әрекеті 

арқылы  жасалады,  мұның  бәрі  зерделеу    танымдық  іс-әрекетті      дамытуда  маңызды 

роль  атқарады.  Сонда  ғана  мұғалімнің  педагогикалық  әрекетінде  шығармашылыққа 

жол ашылады. 

Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты  жан-

жақты,    білімді  етіп  қалыптастырудың  бірден-бір  жолы-оқушыға  білімді  терең 

игертудің тиімді  әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда 

мұғалімнің  біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік 

біліммен  терең  қаруланған,  педагогика  мен  психологияны  жетік  меңгерген  шебер 

мұғалім керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет