Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет22/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61

Литература 

1.«Мәңгілік Ел» и отечественная история, 2014г. 

2.С.Абдрахманов,  «Мәнгілік  Ел»  –  национальная  идея  и  государственная  идеология 

Казахстана», «Казахстанская правда» 

3.Пути реализации национальной идеи «Мәңгілік Ел» в школах.   О.К. Имангазыевна 

4.Абильмажинова Б.А. статья «Воспитание казахстанского патриотизма и 

гражданственности»  

 

 

 



 

 

 



 

 


163 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА 



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

 



Белгібаева Нұргүл Тезекбаевна,  

тарих пәні мұғалімі              

Березняковка ОМ Зеренді ауданы 

 

 



«Мәңгілік ел» тұғырым туған елім. 

                                                                       Неткен дархан дария айдын көлің 

                                                                       Көз жетпейді қарасам шалқарыңа. 

                                                                       Мақтанамын осындай ел барына. 

                                                                       Менің елім мәңгілік халқым асыл. 

                                                                       Мәңгі елімнің байлығы асып тасыр. 

                                                                                  Халқым шаттық көңілмен өмір 

сүріп, 

 

Халқымның  «Әке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  деген  даналық  пікірін 



ойлап  қарасақ,  ата-бабаларымыздың  асқар  таудай  ақылында,  өз  өмір  тәжірибесінен 

өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, 

халқына  қалаулы болу  сияқты  жақсы қасиетті  ұрпақтан-  ұрпаққа  дарыса  деген асыл 

арманы екен. 

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде алдымен осынау ата бабаларымыздың 

ұрпағына берген тәрбиесіне жүгініп содан үлгі алуымыз керек сияқты.Себебі тәрбие 

отбасынан басталады емеспе нағыз ер азаматтарымыздың елін,жерін қорғауына ондағы 

ұрпағына берген өсиетіне қарап біз еліміздің осынау жерді аман сақтап халқымыздың 

үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетіп өсуінің өзі бір төбе емеспе. 

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-

тайпаларымыздың  өз  жерін  еш  жауға  бастырмаған,  ұлын  құл,  қызын  күң  еткізбеуге 

батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, 

садақ  ұстап  қол  күшіне  сеніп,  найзаның  ұшына  үкі  таққан  ұлдары  мен  қыздарының 

жауынгерлік  үлгісі  бізге  аманат  болып  жеткен.  Отанымызды  қорғаған  еліне  деген 

сүйіспеншілігі,  ерлер  сияқты  қолына  қару  алып,  ат  құлағында  ойнап  жүріп  жауын 

жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы 

да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен 

елімді-жерімді  қорғадым,  -  деген  Тұмар  падиша  осындай  байтақ  та  бай  дархан 

Отанымызды  жұдырықтай  жүрегіндегі  ерлік  сезіммен  қорғаған.  «Тар  қолтықтан  оқ 

тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне 

түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. 

Сан  ғасырлық  тарихымызда  мақтан  тұтар,  бүгінгіміз  бен  келешегіміз  үшін 

ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз 

болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-

қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ 

хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын 

ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер 

дәстүрлерін;  ата-бабаларымыздың  халқымызға  тән  шаруашылық  жүргізу  жүйесін 

қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке 


164 

 

қосқан  үлесін,  батырларымыздың  ел  тәуелсіздігі  мен  ата-қоныс  тұтастығын  сыртқы 



жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.  

Алла  Тағала  біздің  елімізге  осыншама  кең  жерді  нәсіп  еткенін  түсінуге 

ұмтылсақ,  ұшқан  құстың  қанаты  талатын  осынау  ұлан  ғайыр  Алтай  мен  Атырау 

аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен  қорғап келген. 

Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар 

Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы 

көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің 

ұлттық сана-сезімімізді көтереді.  

Мәңгілік  ел  –  бұл  біздің  Қазақстан  халқы  ұрпақтарының  алдындағы 

жауапкершілік,  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  мемлекеттің  қатарына  ену  мәртебесі 

белгіленген  және  бұйырған  лайықты  және  ұлы  Қазақстанды  дамытудағы  біздің 

стратегиямыз. Біздің Мәңгілік елді жасауымыздың басы тәрбиенің жаңа құндылықты 

моделі болып табылады, себебі білім беруде басқа саладағы сияқты барлық халықпен 

бірге ел тағдырын жасайтын балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге 

лайық үлгі қажет. 

Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінің  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске 

асыруда тәрбие жұмысының басым бағыттары анықталды: 

 



жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие 

 



·рухани-адамгершілік тәрбие 

 



ұлттық тәрбие 

 



зияткерлік тәрбие 

 



еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау 

 



дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты 

 



·экологиялық тәрбие 

 



·көпмәдениетті тәрбие 

 



·көркем-эстетикалық тәрбие 

 



·көшбасшылық қасиеттерді дамыту 

 



отбасы тәрбиесі. 

Қазақстандық патриоттық тәрбие беру үшін ең алдымен  отбасынан бастау керек 

сияқты.Отбасында жаңа туған балаға әр күн сайын қанына сіңіре отырып еліне, жеріне 

деген  сүйіспеншілікті  айтып  ондағы  ата  бабамыздан  келе  жатқан  қасиеттерді  айтып 

отырсақ ол бала нағыз елін сүйген тұлға болып өсуіне кепілдік бере аламыз. 

Екіншіден мектепке келгенде сол отансүйгіштік қасиеттерді ұстаздар берсе оған 

мысал ретінде батыр тұлғаларымыздың ерліктерін айтып отырса әрине нұр үстіне нұр 

болып ол азамат елін,жерін,халқын сүйіп өсетіні рас. 

 

Сондай-ақ  құзыреттілік  көзқарас  –  тәрбие  мақсаттарын  анықтаудың,  тәрбие 



процесін  ұйымдастыру  мен  оның  нәтижелерін  бағалаудың  ортақ  принциптерінің 

жиынтығы,  оқушыларға  олардың  табысты  әлеуметтенуін  қамтамасыз  ететін 

құзыреттіліктердің қалыптасуы. 

Кешенді  көзқарас  –  тәрбие  процесінің  басты,  маңызды  жақтарын  көрсететін 

тәрбиенің бірлігі мен тұтастығы. 

Әлеуметтік  көзқарас  –әлеуметтік  шынайылықтың  тұлғаның  мақсаты  мен 

міндеттеріне  бүкіл  өмір  бойы  ықпал  етуі,  осы  ықпалдың  адам  және  қоғам  үшін 

педагогикалық салдарлары. 



165 

 

Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамдардың санасымен және тұлғалық 



мағынасымен  әлемге,  өзге  адамдарға,  өз  өзіне  және  т.б.  қатынастарын  анықтайтын 

жалпыадамдық және ұлттық құндылықтар. 

Жаңа  білім  мазмұнына  өту  жағдайында  тәрбие  процесін  ұйымдастыру 

принциптері: 

Ізгілікке (гуманизм) бағытталған принцип– педагогтің өзіндік дамудың жауапты 

және  дербес  субъектісі  ретінде  тәрбиеленушімен  бірізді  қатынасы,  оның  тәрбие 

процесінде  тұлғамен  және  ұжыммен  адамгершілік  қарым-қатынас  негізіндегі  өзара 

қатынас стратегиясы. 

Тәрбиенің диалогтық принципі – бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтау мен 

тұлғалық-құнды  мақсатты  іске  асыруда  міндеттемелер  мен  ынтымақтастықтарды 

орындау, өзіндік менеджментке қабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан 

өткізу  үшін  балалардың  түрлі  бірлестіктері,  соның  ішінде  жетекшілердің 

тәжірибелерін 

қалыптастыруда 

педагогтер 

ұйымдастырған 

мүмкіндіктерді 

пайдалануды болжайды. 

Мәдени 

сәйкестік 



принципі–тәрбие 

мәдениеттің 

жалпыадамзаттық 

құндылықтарына  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  ұлттық  мәдениеттердің 

нормаларына негізделуі тиіс. 

Тәрбиенің үздіксіздігі принципі– тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде тұлғаның 

жан-жақты  дамуы,  оның  күші  мен  қабілеттерін,  кәсіби  және  жалпымәдени  өсуін 

барынша  толық іске  асыруы үшін оның  шығармашылық әлеуеті мен  мүмкіндіктерін 

арттыру. 

Табиғи сәйкестік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; 

табиғи  және  әлеуметтік  процестерінің  өзара  байланысы;  тәрбие  жұмысында  білім 

алушылардың жынысы мен жасын ескеру. 

Тәрбиенің  тұтастық  принципі  оқу  және  оқудан  тыс  іс-әрекетінің  бірігуімен 

қамтамасыз етіледі: оқу іс-әрекеті қазақстандық сәйкестілігінің когнитивті құрамдасын 

қалыптастырады; сабақтан тыс іс-әрекетте әсерлі-құндылықты мінез-құлық құрамдасы 

дамиды. 


Этникалық принцип– этникалық мәдениеттердің бірігуі негізінде жалпыұлттық 

мәдениеттің гүлденуіне, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол 

жеткізуге ықпал ететін мәдениет жасаушы орта қалыптастыру. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: 

 

Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс мотивациялы- құндылықты аясын; 



 

оқушы  жастарда  қазақстандық  патриотизмді,  азаматтық  сананы,  толеранттылықты 



және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін; 

 



жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтардағы  мәдениет  негіздерін,  ана  тілі  мен 

мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; 

 

рухани  дамыған  және  жоғары  адамгершілікті  тұлға  қалыптастыруда  отбасы 



институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; 

 



өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты 

әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс. 

Сонымен,  Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінің  жалпы  векторы  білімді, 

адамгершілікті,  жігерлі,  көшбасшылық  қасиеттері  бар,  таңдау  жасау  жағдайында 

өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа 

қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Мәңгілік Ел» — Қазақстан-

2050  Стратегиясының  басты  мақсатына  қол  жеткізуге  белсенді  қатысатын  адамды 

қалыптастыруға бағытталған. 



166 

 

Қорыта  айтатын  болсақ  және  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келсек 



Қазақстандық  патриотизмді тәрбиелеуде әр баланың,әр адамның санасының елі үшін 

оның көреюі мен өркендеуі үшін қызмет жасауы үшін барлық қоғам болып жұмыла 

жұмыс  жасауымыз  керек  деп  ойлаймын.Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл  демекші  бұл 

процес  отбасынан  басталып  мектеппен  жалғасып  ЖОО  мен  қоғаммен  аяқталуы 

керек.Сонда ғана біз нағыз елін сүйген  патриот азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз. 

 

Қолданылған әдебиеттер 

1.

 

ҚР Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы қаңтар 2012 жыл. 



2.

 

Назарбаев  Н.Ә.Білім  қызметкерлерінің  ІІІ  сьезінде  сөйлеген  сөзі    «Егемен 



Қазақстан»,№ 205 2002 жыл. 

3.

 



Теория активизации учебной деятельности школьников Шамова Т.И. Маркова А.К. 

4.

 



Теория целостного педогогического процесса Хмель Н.Д. 

5.

 



Мыңбаева А.К. Садвакасова Э.М. Иннавационные методы обучения или как интересно 

преподавать. Чебное пособие.- 8-е изд.доп.- Алматы. 2013. 

6.

 

Морева Н.А. Технология профессионального образования.- М. Академия. 2005 



 

 

ВОСПИТАНИЕ КАЗАХСТАНСКОГО ПАТРИОТИЗМА В  РАМКАХ 



НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ «МАҢГІЛІК ЕЛ» 

 

Билялова Кульбаршин Тасымовна

                                                                            учитель истории СШ №17  г. Кокшетау 

 

В условиях современной глобализации  возникает  и укрепляется позиция, 

которая рассматривает сохранение культурного своеобразия, идентичности как 

высшее  проявление  цивилизации.  Развитие  современного  Казахстана 

невозможно  без  изучения  истории  и  культуры  народа,  без  понимания  истоков 

этнического  развития,  приоритетных  духовных,  нравственных  ценностей 

казахской  культуры.  В  духовной  истории  прошлого  казахского  народа  заложены 

глубинные  истоки  национальной  идентичности,  которые  составляет  ценностно-

смысловую основу исторического процесса и конкретной этносоциальной реальности. 

Духовные  ценности,  накопленные  за  длительную  историю  развития  казахской 

культуры  должны  составить  историко-культурную  основу  современной  культуры. 

Кочевой образ жизни наложил отпечаток и определил уникальность культуры народа, 

его  менталитета,  обычаев  и  традиций.  Духовный  мир  казахов  веками  вбирал  в  себя 

многие культурные влияния, переплавляя и ассимилируя их в своих исконных степных 

традициях.  Эти  традиции  были  столь  прочны,  что  ни  политические  катастрофы  и 

войны,  ни  культурная  экспансия  великих  соседей  (Китай,  Россия),  ни  арабское  и 

монгольское  влияние,  ни  исламизация  не  смогли  изменить  их  коренным  образом. 

Причина этой жизнеспособности и жизнестойкости кроется, видимо, в том, что способ 

хозяйствования  и  тип  цивилизации  оставались  практически  неизменными  на 

протяжении  многих  веков.  Изучая  историю,  невольно  приходишь  к  мысли,  как 

поразительно сильно было желание наших предков сохранить свои традиции, обычаи, 

верования.  Номады  ревностно  оберегали  свою  самобытность:  не  впустили  в  свой 

менталитет влияние обычаев китайцев или монголов. Духовно-нравственные ценности 

казахского  этноса  отражают  такие  добродетели  как  гостеприимство,  терпимость, 



167 

 

великодушие,  человеческое  общение  и  т.  д.  Это  то  ядро,  которое  заложено  в 



генетической  памяти  казахов  и  передается  от  поколения  к  поколению.  Богата 

традициями казахская культура. Устные народные традиции, творчество акынов и 

жырау всегда несли большой воспитательный потенциал. Традиционная казахская 



культура  отличалась  высокой  преемственностью  в  вопросах  нравственного 

воспитания  подрастающего  поколения,  духовного  совершенствования  личности. 

Именно  устное  народное  творчество  являлось  средством  коммуникации  поколений, 

оно  несло  на  себе  нагрузку  своеобразного  института  духовности  и  нравственности, 

являлось  средством  народного  воспитания.  Устное  народное  творчество  можно 

назвать энциклопедией народной жизни, произведения его имели огромное влияние на 

духовно  -нравственное  формирование  детей  и  молодежи.  В  условиях  почти  полной 

неграмотности  эти  произведения  играли  весьма  важную  роль  в  формировании 

личности от самых малых лет до глубокой старости. Посредством их из поколения в 

поколение  закреплялись  традиционные  ценности  общества.Как  отмечает  Нысанбаев 

А.Н.  многие мыслители казахского народа в своем творчестве        проблеме духовно-

нравственных  ценностей  отводили  важное  место  и  их  идеи  «служат  источником 

возрождения казахской национальной культуры и духовности в начале ХХ1 века». В 

творчестве  аль-Фараби,  например,  дается  свое  видение  по  вопросам  добра, 

справедливости,  нравственности.  Абу  Наср  аль-Фараби  духовное  возрождение 

человека  рассматривает  через  становление  его  добродетельности.  Под  понятием 

добродетели 

мыслитель 

интегрирует 

высшие 


ценности 

человека. 



Аль-

Фараби рассматривает добродетель как средство нравственного улучшения человека, 

а под добродетелью характеризует все, что способствует достижению счастья и добра. 

«И  человек  этот  благодаря  тому,  что  переливается  от  него  в  его  воспринимающий 

разум,  становится  мудрецом,  философом,  обладателем  совершенного  разума,  а 

благодаря  тому,  что  протекает  от  него  в  его  способность  воображения,  -  пророком, 

прорицателем  будущего  и  истолкователем  текущих  частных  событий  -  все  это 

благодаря  тому  существованию,  в  котором  он  познает  божественное.  Подобный 

человек  обладает  высшей  степенью  человеческого  совершенства  и  находится  на 

вершине  счастья.  Этот  человек  является  тем,  кому  известно  любое  действие,  с 

помощью  которого  можно  достичь  счастья...»    В  памятнике  тюркской  культуры 

«Диване  лугат  ат-турк»  Махмуда  Кашгари  запечатлены  этические  ценности  и 

нормы поведения, специфическое мировосприятие 

тюркских народов в Х1 веке, 

впитавшее в себя все предшествующее наследие предков. Кашгари обращает внимание 

не  только  на  важность  знания,  воспитания,  нравственности  в  общественной  жизни 

людей,  но  и  на  роль  языка  как  мощного  рычага  в  регуляции  отношений  между 

родами. Родной язык, по мнению М.Кашгари, важное средство общения и сближения 

тюркских  народов,  концентрированное  выражение  социального  и  духовного  опыта 

нации.  Эта  мысль  ученого  весьма  актуальна  сегодня,  в  условиях  суверен-

ного Казахстана. Разумеется, не следует абсолютизировать определенные позитивные 

черты  этнической  культуры,  так  как  в  современном  мире  индивид  оказался 

вовлеченным  в  пространство  идентификации,  создаваемое  не  только  ценностями 

традиционной культуры, но и глобальными тенденциями развития общечеловеческой 

цивилизации.  Но,  тем  не  менее,  настало  время  определить  всю  полноту  и  багаж 

духовных  ценностей,  накопленный  в  этнокультурном  пространстве  на  протяжении 

длительной  истории.  Именно  развитие  духовно-нравственных  ценностей  является 

обязательным основанием для создания и формирования национальной идентичности, 

обеспечит  конструктивную  перспективу  современного  казахстанского  общества. 



168 

 

Научные  поиски  и  развитие  культуры  показывают,  что  корни  духовных  ценностей 



необходимо искать в недрах человеческой жизни, в этнической культуре народа, его 

менталитете,  в  основаниях  нравственности.  В  целом,  фундаментальное  основание 

этого  явления  составляют  взаимосвязанные  между  собой  различные  факторы, 

способствующие 

становлению 

и 

развитию 



духовности, 

к 

которым 



относятся: образованность, гуманность, моральность, эстетичность, философское 

и психологическое основания, искусство и творчество. Возрождение национальных 

ценностных приоритетов возможно только через духовно-нравственное обновление и 

формирование  основ  нравственных качеств каждого отдельного человека.  Проблема 

взаимодействия  между  родителями  и  детьми  неотъемлемо  связана  с  проблемой 



передачи семейных ценностей. Это определяется не только социально-экономическим 

кризисом  семьи,  но  и  изменением  самого  института  семьи.  Под  воздействием 

процессов урбанизации связи между поколениями становятся слабыми и неглубокими. 

Уже сегодня степень доверия между поколениями становится меньше. 

Проблема  взаимоотношений  родителей  и  детей  сегодня  стоит  очень  остро.  Дети 

перестали заботиться о своих родителях.  Потеря связи между поколениями говорит о 

падении  нравственности  не  только  в  обществе,  но  и  в  семье,  которая  приводит  к 

негативным    социальным  и  психологическим,  а  в  итоге  демографическим 

последствиям. 

Главное  в  межпоколенных  отношениях  –  способность  каждого 

поколения адаптироваться безболезненно в единое социокультурное пространство без 

жесткой  иерархии,  без  насилия,  неуважения  со  стороны  «отцов»  к  детям,  с 

обязательным  утверждением  авторитета  пожилых  людей  и  доверия,  любви  к 

растущему человеку.     Традиционные семейные ценности являются основой для того, 

как  дети  растут,  развиваются,  учатся,  и  в  дальнейшем  эти  ценности  передаются  от 

одного поколения к другому. 

     Идентификация  большинства  молодежи  с  Казахстаном  как  своей  Родиной  играет 

доминирующую  роль  в  укреплении  казахстанской  государственности.  Именно  это 

ощущение  формирует  гражданскую  идентичность,  чувство  патриотизма.  Реалии 

сегодняшнего  дня  подтверждают,  что  в  обществе  сформирован    значительный 

социокультурный  пласт  в  лице  молодежи,  поддерживающий  идею  казахстанской 

государственности посредством казахстанской гражданской идентификации. 



 

Список использованной литературы 

1.  Казахстан  в  глобальном  мире:  вызовы  и  сохранение  идентичности.  Институт 

философии и политологии КН МОНРК. Алматы, 2011. 

2. С.ВКортуновГлобализация и национальная идентичность. М., 2009. 

3.  Мухлынкина  Ю.В.  Этническая  идентичность  в  эпоху  глобализации/Научные 

ведомости  Белгородского  государственного  университета.  Серия:  Философии. 

Социология. Право, 2008, №4. 

 

 



 

 

 



 

169 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ - БІЛІМДІ 



БОЛАШАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА 

Ғибадат Амангүл 

математика пәні мұғалімі, математика магистрі 

Березняковка орта мектебі Зеренді ауданы 

 

Мәңгілік ел - ата - бабамыздың сан ғасырдан бергі ұлы  арманы. Басынан қилы – 

қилы ауыр тағдырды өткерсе де, «Қазақ елі» Аллаға шүкір, тәуелсіз елдер қатарында 

25 жыл өмір сүріп келеді. Осы аз ғана уақыттың ішінде еліміз көптеген экономикалық 

дамыған елдермен терезесі тең, еңсесі биік дәрежеде тұрады. Тәуелсіздіктің арқасында 

тұрмысымыз  қуатты, түтініміз түзу, ертеңге деген сеніміміз нық болды. Осындай кең 

байтақ,  жазиралы  дарқан  еліміздің  аспанында  көк  туымыздың  еркін  желбіреуі 

елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі деп білемін.  

Елбасының  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 

жолдауында  ең  бастысы  -  еліміздің  рухын  көтеретін,  ұлы  мақсаттарға  жеткізетін 

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты 

ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  «Мәңгілік  Ел»  идеясы. 

Тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің 

жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік 

ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік 

қазақтың  перзенті.  Ендеше,  қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  -  Мәңгілік  ел»,  -  деді 

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев. [1].  

 «Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?  

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын 

ұлттық  сана-сезімнің  жүйелі  жиынтығы.  Ол  қоғам  ықпалдастығының,  тұлғаның 

әлеуметтенуінің  және  әлемдік  қауымдастықта  мемлекеттің  өзіндік  теңесуінің  зор 

мүмкіндіктерін  қамтитындықтан,  мемлекет  дамуының  әр  кезеңінде  қажет. 

Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі 

бола  отырып,  ұлттық  идея  мемлекеттің,  қоғамның  және  азаматтардың  өмірін  ұзақ 

мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен 

қатар, ықшам формула болып табылады. [1].   

Болашақ жастардікі – оны құратын, әрі дамытатын, сол дамыған елдің жемісін 

көретін  де  жас  ұрпақ.  Осы  жолда,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруда  ұлт 

зиялыларына, яғни ұстаздар қауымына жүктелер міндет өте зор. Ұрпақтың жұлдызын 

жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де 

-  білім.  Ілім  мен  ғылым  -  бұл  қоғамдық  мүдде.  Өркениеттің  өлшемі  де,  мемлекеттің 

келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. [2]. 

Еліміздегі  өзгерістер,  қайта  жаңғырулар  білім  беру  жүйесіне  де  айтулы 

реформалар  мен  жаңа  мақсаттар  әкелді.  ХХІ  ғасырда  адамдар  жаңа  технологияның 

тасқынының  куәгері  болды.  Компьютер  мен  интернет,  жаңа  байланыс  құралдарын, 

жаңа  материалдар  мен  қызмет  көрсетулер,  жаңа  ғылыми  жаңалықтар,  осының  бәрі 

қазіргі қоғамға әсерін тигізді және таң қалдырды. 

Қоғамдағы  жаңа  өзгерістер  және  оның  тез  ақпараттандырылуы  мен  даму 

жылдамдығы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  да  түбегейлі  өзгертіп,  қоғам 

қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласына  төмендегідей  міндеттерді 

қойып  отыр:  білім  сапасын  арттыру,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену,  білім  беру 

жүйесін  ақпараттандыру,  интернет  желісін  пайдалану,  электрондық  оқулықтар, 



170 

 

мультимедиалық 



технологияларды 

пайдалану, 

теллекоммуникациялық 

технологияларды  пайдалану,  қашықтықтан  басқару  және  т.б.  Бүгінгі  байланыс 

құралдары қатты жетілді. Жаңа өмірге бейімделуде ақпаратты жүйелерді, компьютер, 

интерактивті тақта және интернетті білудің маңызы өте зор.[3]. 

Сонымен қатар, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман 

дайындау.  Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің 

шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне 

жол  таба білуі. Ұстаз атана  білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза  ұстау  -  әр 

мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін 

адам.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың 

барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған, 

толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. [4]. 

Мен  ауданымыздағы  шәкірттерді  сапалы  білім  нәрімен  сусындатып  жүрген 

Березняковка орта мектебінің математика пәні мұғалімімін. Мен үшін басты мақсат - 

ел  ертеңінің  сап  қырандары,  болашағымның  алтын  тұғырлары  оқушыларымның 

жеңісті  білімдері  мен  келешекке  деген  қадамдарының  мықты  болуы.  Әр  сабағымда 

шәкірттеріме  бабамның  аңсап  кеткен  тәуелсіздігі  жайлы,  елбасымыздың  құрған 

«Мәңгілік Ел» идеясындағы жасап жатқан қажырлы еңбегі жайлы мақтанышпен айтып 

отырамын.   

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды 

тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері  барған  сайын  күрделеніп  бара  жатыр.  Басты 

міндеттің  бірі:  орта  мектепті  бітірген  оқушы  өмірге  белсене  араласа  отырып, 

ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, 

оларды  өзі  қызмет  ететін  салаларына  қатыстыларын  іс  жүзіне  асыра  білуі,  өмірде 

қолдана  алуы.  Сонымен  қатар  оқушылар  мектеп  қабырғасында  жүріп  -  ақ  әлемдік 

құрылым  қалыптасуының  негізгі  ғылыми  ұстанымдарын,  ойлаудың  әдіс-тәсілдерін, 

Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.  

ҚР-ның  үздік  білім  беру  жүйесінің  тәрбие  тұжырымдамасында  басым 

бағыттардың  бірі  болып  патриоттық  тәрбиенің  бекітілуі  де  бекер  емес.  Шынында, 

ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті 

күтуге  болмайды.  Ендеше,  патриоттық  тәрбие  -  тәрбиенің  басты  бағыттарының 

бастауы дегім келеді. [6]. 

Отансүйгіштік  сезімі  туа  біте  пайда  болатын  қасиет.  Сәбидің  бойында  ең 

алдымен  анасына,  өз  отбасына,  өз  үйіне,  туған  жеріне  деген  жылы  сезімнен  бастау 

алатын,  тұлға  есейген  сайын  біртіндеп  ұлт,  халық,  әлеумет,  мемлекет  деңгейіне 

көтеріле  беретін  бұл  сезім  адамның  бүкіл  ғұмырына  жалғасып  жатады.  Қазақстан 

Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты 

міндет  –  осы  мемлекеттің  өркендеп  өсуі,  халықтың  әлеуметтік,  экономикалық 

жағдайын  көтеру.  Қазақстанды  –  Отаным  деп  таныған  әрбір  азаматтың  осыған  өз 

мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев 

өзінің Жолдауында нақты көрсетті.  

Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беру  барлық  пәндердің  үлесіне  жатады. 

Сондықтан пәнге оқушылардың ынта - ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр 

түрлі  жаңа  әдістемелік  технологияларды  қолданып  сабақ  өткізу  тиімді.  Бұл 

оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып 

жауапкершілікпен  қарауды,  ой  елегінен  өткізіп  ойлануды  қалыптастырады, 

бағдарламалық  материалдарды  жеңіл,  тез  меңгеруге  септігін  тигізеді.  «Патриотизм 

дегеніміз  -  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық–



171 

 

мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту 



дегеніміз-жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм 

мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және 

болашағымен  қарым-қатынасты  білдіреді.»  Осыған  байланысты  сабақ  берудің  ең 

негізгі  мақсаттарына  төмендегілер  кіреді.  Бірінші  –танымдық,  екінші  -  тәрбиелік, 

үшінші  -  дамытушылық.  Осы  мақсаттарды  орындау  үшін  мемлекеттік  стандартты 

басшалыққа  ала  отырып,  өз  тәжірибемде  оқушылардың  өз  бетімен  білім  алу 

дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен 

алған  білімдерін  іс  жүзінде  пайдалана  білуге  үйрету  бағытында  жұмыс  жүргізіп 

келемін. 

Қорыта  айтқанда,  оқушылармен  осы  жоғарыда  баяндалғандай  тағы  да  басқа 

әдістерді  қолдана  отырып,  оқушының  көкейіне  осындай  іс  -  әрекеттерімен  ой  сала 

білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат 

елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.  

Осы  мақсатта,  мен  өркениетті  елдегі  дамыған  Қазақстанды  ертеңгі  нұрлы 

болашаққа,  кемел  келешекке  апаратын  білімді,  мәңгі  өлмейтін  халықтың  ұрпағын 

тәрбиелеп отырмын деп зор сеніммен айта аламын.  

Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және 

«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  барысында  тиімді  пайдалана  алуға  баулу 

жолында  еліміздің  жарқын  болашағы  үшін  аянбай  қызмет  етіп,  ХХІ  ғасыр 

Қазақстанның  «Алтын  ғасырына»  айналуына  сүбелі  үлес  қосып  келе  жатқанымызға 

мақтанамыз. 

Білім  -  барлық  уақытта  жоғары  құндылықтардың  бірі  болған.  Тек  білімді, 

сауатты адам ғана келешек тізгінін тұтқасын қолына ала алады. «Бүгінгі ұрпақ білімді 

болса, ел ертеңі жарқын болмақ», - деп Елбасымыз айтан еді. 

 Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу 

жолындағы игі істеріміз арта берсін! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет