Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың
асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни, «Мәңгілік
Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі
жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Сондықтан да,
мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі
мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек.Отаным, елім Тәуелсіз Қазақстаным
дейтін азаматтарымыз көп болғай.Отанымыз – Қазақ елі – Қазақстан аман болсын.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Қазақстан Республикасы гүлдене
берсін!
ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ!
Слам Толхын,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Березняковка ОМ Зеренді ауданы,
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтай білуіміз керек.«Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең
абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! (Нұрсұлтан
Назарбаев)№Елбасы 2014 жылғы Жолдауында қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік
220
Ел ата - бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға
белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын
алатын Тәуелсіз мемлекет атануы еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.Біз бұл арманды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық
идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз
үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға
қол жеткізуді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры,
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналды.Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың
перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел! - делінген. Сонымен
қатар, Президентіміз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан –
2050» стратегиясының түпқазығы етіп алынғандығын алға тартты. «Тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін баршамызға мәлімдеді. Бұл әлем
кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара
алауыздық пен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға
жіберді. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен
елдер қаншама?
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол
сабақтың түйіні біреу ғана, ол - Мәңгілік Ел», - деді Елбасы.Мәңгілік Ел идеясын,
ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық
қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз
ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы.
Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы – бірлік
екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік,
ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени,
рухани бірегейлігін дамыту, ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы
тиіс.
Сондықтан да «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін
философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туындайды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ
халқының тарихи санасын қалыптастырып, дамытуға бағытталған. Осындай бір
алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара
туралы» Заңын жатқызуға болады. Бұл «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты
нық қадам деп қабылдауымыз керек. «Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі –
Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы
мен татулығы, бір - біріне деген сыйластық қарым - қатынасы. Этнос және дінаралық
келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел
ғана алға қойған мақсат - мұраттарына жете алады.«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге
асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың
ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың
үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының
негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен
өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады.
Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік,
мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге
қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл - билік, үлкен саясат.
Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық
221
намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы
тиіс.«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын - бүгінгі
жастар. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды,
патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін, этностарды
біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс. Ел мәртебесіне, оның асқақтығы мен
биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және
сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс.«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт
зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі - ұстаздар.
Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып,
танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым - бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің
өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне
тәуелді.Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде
және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу
жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр
Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға
мақтанамыз.
Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті
қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз
болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-
2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Тәуелсіз
елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты
жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек.. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның
ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз
"Мәңгілік ел" боламыз.
Қазақстан жастары, яғни мектеп оқушылары-болашаққа деген үкілі үміттің тірегі.
Олардың озат ойлары мен кемел білімдері-елімізді биік шыңдарда көрінетін тың
мақсаттарға апаратын құдіретті күш.
7 басты құндылығымыз:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық
өсім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік
мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың
ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі
мен үндесу идеясын көрсетеді.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.
222
МӘҢГІЛІК ЕЛ- ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ, БІРТҰТАС ЕЛ
Сұңқар Тоқтарханқызы,
тарих пәнінің мұғалімі
Свободный ОМ Есіл ауданы
Шығысымен күн атырып, батысымен күн батырған қазақ елі - Алтай мен
Атырау арасын аттың жалында , түйенің қомында көшпелілікпен мекен етіп келді.
Ұлан – ғайыр қазақ жерін иемдену көршілес отырған қай елдің болмасын басты
арманы еді. Тарих беттеріндегі үздіксіз соғыстар мен қақтығыстар
бабаларымыздың қасиетті жерімізге дұшпанның аяғын бастырмауының басты
мақсаттары болғандығын көреміз. Мемелекет бірден қалыптаспайды. Ол
құрылады. Керей мен Жәнібек ойға алған «Мәңгілік мекен » тұжырымдамасы
1465 жылы жүзеге асты. Керей мен Жәнібек құрған хандық бүгінгі біздің кемел
мемлекетіміздің айқын көрінісі. Тұрақты мекенді сақтап қалу жолында елу жыл
күшін, ісін берген түркілер көсемі - Тоныкөк, Білге , Күлтегіннің басты мақсаты
қасиетті жерді кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Желмаясына мініп алып «Жерұйық»
іздеген Асан қайғы бабамыздың асыл арманы - жанға жайлы бейбітшілік мекен
еді . Бабалар арманы - қасиетті жер ананы қорғап , ел бірлігін сақтап қалу болатын.
Осы орайда ойымызға Қаздауысты Қазыбек бидің мына бір сөзі келеді. Ол ұлттық
болмысымыз бен қасиетті жеріміз туралы былай дейді:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай білген елміз- деп дұшпандарына өткір тілмен сөз тастайды.
[2] Қазақ дұшпанға шын көңілін берсе де, жері мен елін бермеген. Ана
сүтімен дарыған намыс пен ар- ождан жер ананы қорғауға септігін тигізді. Осы
сөзімізге дәлел «Қара қазан, сары бала» қамын күйттеген өр мінезді Махамбет,
дұшпанына ақ найзасын «Атойлап» жұмсаған қазақтың Қаракерей Қабанбай ,
Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлары жер ана алдындағы перзенттік
парыздарын орындау мақсатында егеулі найзаларын қолына алып, өмірлерін ат
үстінде соғыспен өткізді. Бәрі де кемел елдің баянды болашағының дұрыс қалануы
үшін бас көтерді. Батырлық , жаугершілік дәуір өтіп қазақ жері патшалық отарлау
дәуірін бастан кешірді. Отаршылдық саясаттың айқын көрінісі - қазақтың шұрайлы
жерлерін иелікке ала бастауы жер ананың бауырына жылынып, су ішкен жанашыр
жандардың ашуын туғызды.
Солардың қатарынан
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған ен далам.
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен қай балаң?
Көл қорыған қызғыштай,
223
Сен десе салам байбалам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам –
Ұйқы беріп, қайғы алам.- деп жердің өзге біреудің қолына кетіп бара жатқанын
ашына жырлайды. [4] Үздіксіз кескілескен ұрыстың нәтижесі бабалар арман –
мұраты - бостандық пен тәуелсіздікке алып жетеледі. Бабалар мұрат еткен
қасиетті жер мен ондағы халықтың бір мекенде тұрақтауы бүгінгі таңда еліміздің
тұңғыш президенті мақсат еткен «Мәңгілік ел» концепсиясымен тұжырымдалады.
Бұл тұжырым сонау көне тарихтан бастау алған ел болуға қадам басқандардың басты
мұраты. Елбасы бұл туралы өз сөзінде «Біздің жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік
Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.
Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан -
2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры» - деп түйіндеген болатын. [1] Бабам қазақ ешқашан өздігінен
барып өзгеге соқтықпаған. Ал соқтыққан дұшпандарына есе қайтарған. Осы
уақытқа дейін елдің ыдырамауына елдің бірлігі мен татулығы ұйытқы болған.
Біздің басты құндылығымыз
– қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың
өкілін бауырына баса білген дана, мейірімді халық. Бүгінгі күні қазақ жерінде мекен
еткен этностар тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Тағдырлас ұлттар бейбітшілікпен даму
мақсаттарын бір жерге тоғыстырды . Бұл бағытта Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы атқарып жатқан жұмыстары айтқан сөзімізге дәлел бола алады.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына аяқ басқан қазақ елінің мақсаты нық, таңдап алған
жолы айқын. Осыдан 25 жыл бұрын тәуелсіздікті енді қолына алып даму жолын
жоспарлаған Қазақ еліне біраз дамыған елдер күдікпен қараса, бұл күнде сенімді
экономикасы дамып келе жатқан дамушы ел қатарында көреді. Кезінде « Есім
хан салған ескі жол» , «Қасым ханның қасқа жолы» атты ел дамуындағы маңызды
стратегиялық құжаттар « Мәңгілік ел» идеясын жандандыра түсті. [3] Бұл
заңдардың бүгінгі жалғасы тәуелсіз елдің бекіткен «Ата заңы» , «Қазақстан
2030» , «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламалары бабалар мақсатын жүзеге
асыруға бағытталды. Бұл бағытта қыруар шаралар атқарылды. Оның бір жемісі -
қазіргі елордамыз - Астана қаласы. Сәулетті құрлыстарымен айшықталып келе
жатқан Астанамыз әлем елдерінің назарын өзіне аударып отыр. Бұл да болса
тәуелсіз мемлекетіміздің зор жетістігі мен мақтанышы десек артық болмас.
Көнеден бүгінге дейін қазақ жері мен елін сақтап қалуға ұлт жанашырлары мен
патриоттары барын салды. Бізге қасиетті жер ана шынайы патриоттық сезім мен
елге деген шынайы махаббаттың арқасында жетті. Жоғарыда айтқан тарихи
оқиғалар мен тарихи ұлттық сана тарих сабағымен тікелей сабақтасып, қабасып
жатады. Оқушы бойына тарихи құндылықтарды сіңіруде тарих сабағының
атқаратын рөлі зор.
Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті,
қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен
айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз
өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен
еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны
мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!
224
Елдің келешегі бүгінгі жастар сондықтан жастардың бойына ұлттық
құндылықтар мен патриотизмді сіңіру керек. Елбасымыз: «Біздің жастарымыз
ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел,
тәуелсіздігіміз баянды болады.» - деген еді . [1] Жастардың ойы мен санасын улап
жатқан кейбір діни радикальды ағымдарға қарсы тұратын күш – ол рухани сана
мен терең білім. Осы бағытта мектептегі дінтану сабақтары ислам дінінің
құндылықтары мен маңыздылығын түсіндіруге бағытталған. Діни сауатсыздық
кемел елдің болашақ дамуына кері әсерін тигізеді. Діни ағымдардың жетегінде
кетіп , жарқын өмірін құрбан еткендер- діннің құндылықтары мен маңыздылығын
жетік түсінбегендер болып табылады. Оларға қолданылатын жаза да жеңіл
болмайды. Сол үшін қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов «Ел боламын десең
бесігіңді түзе» -дейді. Діни сауатты, тарихи құндылықтарды терең меңгерген, өз
елінің нағыз патриотын тәрбиелеу - тарих пәні мұғалімдерінің қоғам алдындағы
басты міндеті екені даусыз.
Заман ағымы жаңа инновациялық бағытқа бет бұрды. Ескінің орнына жаңаны
игеру - заман талабы. Дамыған елдермен терземіз тең болу үшін біздің қоғамға
жаңа инновациялық технологияны меңгеру керек. Осы орайда Елбасымыздың мына
бір сөзі ойымызды дәлелдей түседі.
«
Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі
билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз». [1]
Біздің ұлттық санамыз көне тарихымызды дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді
ұмытпай, рухани дүниемізді жаңашыл көзқарастармен байыта түсу. Біздің бастау
алған жеріміз көне тарихтың қойнауы адамзат тарихпен қалыптасады, өмірде тарих
болып қалады. Біздің жасап жатқан істеріміз «Мәңгілік елдің» ертеңгі жоспары.
Ертеңгі елдің ұрпағына бүгінгі Мәңгілік елдің көші бұзылмай сол қалпында жетсе
, біздің Отан – Ана алдындағы перзентік парызымыздың өтелген қарызы. Отан
алдындағы борышын жете түсінетін жастар еліміздің тұтқасы. Өткен мен бүгінгіні
таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ,
жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының
беріктігі – болашақтың мықты болуына негіз.
Тарих сабағында оқушылардың елін, Отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын
ояту- тарих мұғалімінің басты парызы. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз –
дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын!
Пайдаланған әдебиеттер
1.
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған
жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар
2.
EI.kz ««Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі» 08.10.2014 жыл
3.
Хабар арнасы Ирак Елекев «Көкейкесті » бағдарламасы Амангелді Айталымен
сұхбат 18 тамыз 2015 жыл
4.
Бабалар сөзі: Жүз томдық. - Астана, "Фолиант", 2006. Т. 29: Тарихи жырлар. - 2006.
- 400 бет
5.
Шешендiк шиырлары:(шешендiк сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы).-Алматы:
ҚайнарҚайнар,1993.-240 с.
225
МАҚСАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ!
Сыздыкова Ләззат Молдағалиқызы,
кітапхана меңгерушісі
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде
оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы
Көкшетау қ.
«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел,
лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел –
жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.»
Н.Назарбаев
Мәңгілік ел… Елдің елдігін, ерлігін тану , оның тарихы мен салт – дәстүрі мн әдет-
ғұрпын тану арқылы мәңгілік өміршең ел екендігін тануға болады. Мен де өз елімді
осындай елдер қатарына қоса аламын. Себебі атадан – балаға мирас етіп қалдырар
аталы сөзі бар, аманат етіп қалдырар байтақ даласы бар, қойнауы байлыққа толы ұлан
асыр жері бар, тағлымы мол тарихы бар, қай жағынан оқысаң қазақ деген аты
халқымның мәңгілі ел атануына толық негізі бола алады. Мәңгілік елімнің тағлымы
мол тарихын әріден шолсақ, бүгінде мемлекет көлемінде тойланып өткен қазақ
хандығының 550 жылдығын айтуға болады. «Қазақ хандығының кезеңі- ат жалында
күн кешкен Алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан
шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты.
Осынау бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп,
ризашылығын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде
сақталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзінен аталарымыздың ұрпақ
алдындағы аталық борышы мен парызын адал атқарғандығын байқаймыз.
2
Иә, осы «Қазақ даласына» ХV ғасырда күннің шығысынан күннің батысына
дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін
қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Алаш арысы Мағжан
Жұмабаевтің «Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің тәңір берген несібі ғой» деп
жырлауының өзі қазақ халқының тарихының қатпар-қатпар сырлы беттерін меңзеп
тұрған жоқ па? «Кезінде
қазақ - тарихсыз, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты
таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған» деп
айтылған кейбір кереғар пікірлерге тойтарыс беру үшін мемлекет тарапынан жасалып
жатқан үлкен шара деп айтуға болады. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай
негізделеді десеңіз, «ең алдымен қазақта бұрын-соңды ұлттық мемлекет болмады деп
жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстың кейбір элементтері ғана
ұшырасқан.Оның өзінде бұл – біртұтас құрылым емес; әрбір ру, әрбір аймақ өз басына
би болған; бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ» деген пікірлер
шыққандықтан, бұл сөздер әлі де айтылып жүр. Егерде ата-бабаларымыздың тасқа
қашаған таңбалары, ұрпағына қалдырған аманаты болмаса, бүгінгі күні осы
мемлекеттіктің тарихын дәлелдей алмас едік, айтылған пікірлерге тойтарыс жасай
алмас едік.
1
Ежелден түркі тілдес, көршілес, аралас жасаған түркі тайпалары ұзақ тарихи
дәуірді бастан кешу арқылы табиғи түрде «Қазақ хандығы» аталып ел болып
226
құрылған. «Қазақ» деген аттың ертеде ру-тайпа атынан қазақ біртұтас халық атына
айналуы және Қазақ хандығының құрылуы барысы сияқты тарихи оқиғалар жөнінде ел
ішінде көптеген аңыз-деректер де сақталған. Қазақ хандығының қалай құрылғаны,
қандай дәуірлерді бастан кешіргені туралы тоқталудан бұрын алдымен хандарының
ақылшысы болған қоғам қайраткері, философ, ойшыл Асан қайғы жайлы аңызға
тоқталу керек болады. Қазақтың бұл ірі аңыз кейіпкері халық қамын, ел болашағын
ойлап, үнемі мұңға батып жүргендіктен, замандастары оны «Асан қайғы» деп атап
кеткен екен. Асан қайғы атамыз екі хандық аумағында яғни, Орта және Кіші жүз
мекендеген қазақтардыңда ортақ ойшылы, философы болды.
Аңыз – деректерге сай «Тауарих хамсада» жазылуынша, қазақты үш жүзге бөлген
қазақтың тұңғыш хандары Әз- Жәнібек, Керей, Хақназар,Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке
хандар. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы арқасында қазақтың әдет-ғұрып
заңдары қалыптасты. Яғни «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдары халықтың кемелдену дәуірі болғандығын
дәлелдейді.
2
Тәуке хан негізін қалаған « Жеті жарғы» заңына сол дәуірде қазақ үш жүзінің
атақты үш төбе биі Ұлы жүз биі –Төле, Орта жүз биі – Қазыбек, Кіші жүз биі - Әйтеке
«жер дауы», «құн дауы» деген екі тарау қосып толықтырады. «Жеті жарғы» заңы бүкіл
қазақ халқы атқаруға тиісті заң болғандықтан, 13-18 ғасырлардағы көшпелі ел, өзі
ортақ мойындаған заңдарын табиғи түрде өзі бағынатын жол- жосынға айналдырған.
Ендеше осындай ел басқару заңы бар, оны орындау жолдарын қадағалайтын халық
қабылдаған билері бар халықты мемлекет болмаған деп атау негізсіз.
Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ
Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең
даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан
болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ.
Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.
Атап айтсақ, елдің еркіндігі мен елдігін сақтаудағы азаттықты аңсаған Махамбет, елдің
тарихын әріден зерттеп орыс патшалығына «қырғыз» емес «қазақ» деп дәлелдеген
Шоқан, ұлтының сауатсыздығын жойып, ел қатарлы қыламын деп мектеп ашқан
Ыбырай сынды аталарымыздың ерлігін қалай ұмытамыз.Алты Алаштың басын қосып
азаттықты арман еткен «Бес арыстың» еңбегін қалай ұмытамыз Кеңестік дәуірдегі
солақай саясатқа ырық бермей, елдің елдігін астыртын болса да сақтап қалуға
тырысқан адал азаматтар мен қоғам қайраткерлерінің жүректілігін, қалай
елемейміз.Бүгінде тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық десек те еңсемізді қайта көтеру
үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге
тура келді. Бұл жолда жасалып жатқан жобалар мен жолдаулар, ізденістер мен жоғары
жетістіктер дәлел бола алады.
Тәуелсіздіктің 25 жыл тарихында жасалған елеулі істер - еліміздің елдігінің айғағы.
Елбасы ұсынған жолдауларды негізге ала отырып, дамыған елу елдің қатарына
қарыштап қадам басып келе жатырмыз. « Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдаудадағы « Жаңа бағытты жүзеге асыруда
бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. тағлымы мол тарихымызбен,
ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай
асамыз» деген Елбасының ұраны мемлекетіміздің мәртебесін арттырудың жаңа идеясы
болып табылады. « Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген қағидаға сүйенер болсақ,
бесіктегі ұрпақтың болашағын жарқын етуде елбасының жолдауларының да маңызы
ерекше.
227
Мемлекеттер арасындағы бәсекелестікке төтеп бере алатын мемлекетті жасайтын
бүгінгі жас ұрпақ. Оларға жол көрсетіп, білмегенін үйрететін алдыңғы буын ағалар.
Осы ағалар рухын қолдай отырып, аталар ерлігін есте сақтаймыз. Тарих қойнауындағы
қазыналы деректерді тани отыра, « Қазақстан жолы -2050» - дегі бір
болашақты үміт етіп, бір мақсатқа жұмыламыз. Өткендер өткен сар жолмен, бүгінгілер
салған дара жолмен, болашаққа нық қадам басамыз.
3
Иә, тарих - үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих бұл адамзатты, әлемді, өткен өміріне
кеңістік пен уақыт аралына саяхат. Өз халқыңның тарихын білу барлық адамдар үшін,
оның ішінде біздер өскелең ұрпақ тәрбиелеушілер үшін, қасиетті парыз.
«Осы парыздарды орындау барысында бүгінгі күннің жастары не істей алады?» деген
сұрақты өзімізге қояр болсақ, алдымызда ел болашағы мен экономикасын көтеру
жолында атқарар істер ауқымы үлкен.
Бұл істерді бағындыру үшін өз жолымызды дұрыс таңдау қажет. Дұрыс таңдау- өз
жүрегің қалаған мамандығыңды таңдау. Сол мамандық бойынша білім алып, елге
сіңірер еңбегіңді, қоғамға қосар үлесіңді таңдау.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен жоғары қоя білген Алаш
ардақтыларының өнегелі өмірі бізге тағлым болуы тиіс.
Елбасының Қазақстанның болашағының жарқын болатындығын болжамдаған :
«Қазақстан халқы бірде –бір елге килікпеген, бейбітсүйгіш. Менің арманым мен ойым
да Қазақстанның мәңгілігі. Біз осындай болу үшін барлығын жасаймыз»- деген сөзін
басшылыққа ала отырып, мәңгілікті жалғастыруға үлес қосуымыз қажет.
Бүгінгі жас ұрпақ Ұлт Көшбасшысынан әкелік қамқорлығына бөленген және ол
баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз Елбасының қымбат қасиеттерінен үлгі-
өнеге алуға тиіспіз. Президенттің бойындағы лидерлік ұтқырлықты өзіміздің
бойымызға жинақтауымыз керек. Қазірден бастап жастарға сапалы білім беру арқылы,
ақыл-ойымызды толықтырып отыруды басты міндет санауымыз қажет. Себебі,
Елбасымыз үнемі айтатынындай, жастар – елдің болашағы. Еліміздің өркендеуі мен
көркемделуі біздің қолымызда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге «Мәңгілік Елдің»
есігін ашып берді. Жүрегімізде үміт басым. Менің замандастарым Елдің, Елбасының
сенімін ақтайтын ұрпақ сомдап шығарары анық.
Мәңгілік ел бұл ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бері аңсаған арманы болса, сол
арман жүзеге асып, тәуелсіздігіміз қолымызға тиген уақытта оны ұстап тұрудың өзі
мәңгілік елдің ұлттық идеясы болуға тиіс.
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-
2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол -
барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да,
бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген
құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Қазақ хандығының 550 жылдық тойының атап өтілуі- бұл халқымыздың Егеменді,
Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы,тілі, діні, салт-дәстүрі
ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін, байлығын
бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастыруы тиіс және ұрпақтан-
ұрпаққа мұра етіп қалдырамыз.
Сол себепті басқа елдермен терезесі тең халық болуға
өзімізді –өзіміз қамшылап, қолымызда тау қопарар күш барын, жүрегімізде ел деп
соғар жігер бар екендігін дәлелдейміз.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
228
Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған патриот ақын Мағжан Жұмабаевтың
аманатын орындап, ел сенетін, ел тізгінін нық ұстайтын жастарды тәрбиелейтін
боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |