Бір минуттық эссе Бір минуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың бір
жүйесі. Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.
Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?
Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?
Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі
жайлы хабарлайды.
Оқушылармен жеке әңгімелесу Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін
байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.
Бір сөйлеммен барлығын айтып беру Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не?
Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап
беретін бірақ сөйлем құруларын ұсынады.
Қысқа тест Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін
және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты
мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
Берілген дұрыс немесе қате жауаптардың ішінен таңдау
арқылы орындайды.
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы Күнделікті
өзін-өзі
бағалау
журналы
мұғалім
оқушылардың сабақ барысында қабылдаған білімін,
дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды
қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін
құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу
деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай
жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.
Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс) Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны
үшін мақтайды, осылайша ауызша кері байланыс
орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды
немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне
болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы
қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі
қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар
жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі
керек деп ұйғарады.