Пайдаланылған әдебиеттер
Пивнев Е.С.. Теория управления. Томск: ТМЦДО. - 246 с. , 2005 - перейти
к содержанию учебника.
Коваленко В.А., Болезни разума, СПб, (Издательство ЛЭТИ», 2010 г. 60-
61.
Блэкмор С. Третий репликатор эволюции: гены, мемы – что дальше? //Нью
Сайентист В.2719. 31.07.2009.
Источник: http://vikent.ru/author/1653/
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары - заманауи
қазақстандық білім негізінде
Хамза З.
Атбасар қаласы
Мәңгілік ел ! Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам
туралы идеясын ұсынды. Яғни, еліміздің өркениетті 50 елдің қатарына кіру
үшін осы президентіміздің көтерген «Мәңгілік ел» туралы идеясын жалпы
Тәуелсіз Қазақстан қоғамында, оның әрбір саналы азаматтары терең түсініп
қолдау керектігін атап өткен.
Мәңгілік елді құру үшін экономикамызды өркендетіп, жаңа технологияны
пайдалана отырып, өндірісті және индустриализацияны нығайту мәселесі өте
маңызды орын алатынын айқындады. Сонымен қатар ауылшаруашылығын
қарқынды дамыта отырып, өркениетке бет бұрыс жасау қажеттілігіне ерекше
назар аударды. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өркениетті 50 елдің
қатарына кіру үшін қажымай еңбек ету керек. Ол үшін әрбір адам өзі еңбек
еткен мекемеде немесе білім саласында ізденушілікпен өзін-өзі дамыту
жоспарын өзінен бастап, талмай еңбектенсе, бұл да еліміздің Мәңгілік елге
айналуына кішкентайда болсын септігін тигізеді деп ойлаймын.
Мәңгілік ел идеясын іске асыру үшін - жер шарындағы барлық елдермен
экономикалық қарым-қатынасты жоғары деңгейде ұйымдастырудың қажеттігі
туындайды.
Экономиканың
негізгі
салаларына
дамыған
елдерден
инвестицияны көп мөлшерде тартып, оны өндіріспен қатар, ауылшаруашылық
салаларына (агроөнеркәсіпке, мал шаруашылығына) жаңа технологияларды
молынан қолдана білу мүмкіндігін туғыза отырып, оны ғылыми тұрғыда
өркендетеді. Осы жұмысқа Қазақстандағы белгілі ғылыми институттарындағы
белгілі ғалымдарды тартып, олардың теориялық және практикалық
тәжірибелерімен молынан пайдаланған жөн. Себебі, өркені жеткен елдердің
артынан озық ғалымдар мен заманауи технологиялар еркінен жетілген. Осы
178
себеппен біздің де елімізде нанотехнологияларды қолданумен қатар, оларды
ойлап құрастыру мәселесі өте күрделі түрде жетілгені өте маңызды деген
ойдамын.
Қазақстан Республикасын Мәңгілік елдің қатарына қосу үшін
Отанымыздағы білім саласына жаңа заманауи оқыту, білім беру технологиясын
дамыту мен қолдана білу бәрінен маңызды. Оның себебі, жаңа
компьютерлендіру, яғни (ақпараттандыру) заманында жастарға тез әрі ғылыми
ақпаратпен қамтамасыз ету өте маңызды деп ойлаймын. Жастарға жаңа
технология мен техниканы меңгерту үшін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз
ету басты мәселенің бірі болып табылады.
Мәңгілік ел болу үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,
білім мен ғылымның негізгі рөлді атқаратыны онсызда белгілі болып отыр.
Мәңгілік елді құру үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
денсаулығы және әлеуметтік тұрғыдан мемлекеттің жоғарғы дәрежедегі
қамқорлығында болуы шарт. Мәңгілік елді құру үшін жер шарындағы барлық
елмен, соның ішінде көрші (Ресей, Қытай) ұлы державалармен түсіністікте,
сыйластықта, достық, бейбітшілік қарым-қатынаста болу маңызды рөл
атқаратынын есте шығармаған абзал деген ойдамын. Себебі, еліміздің
тыныштығы, халқымыздың бейбіт өмір кешіп жатқанын жоғары бағамен
бағалауымыз керек дегім келеді.
1.Ұлттық идеяның құндылықтары.
Қазақстан Республикасында көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері
тіршілік етіп, тату-тәтті өмір кешеді. Оның негізі қазақ халқы ешқашан ешкімді
жатсынбағаны. Оларға адамзаттың ең маңыздысы құрметпен сыйластық
негізінде орнаған қарым-қатынас жасап келгені тарихтан бәрімізге белгілі
болып отыр. Оған мысал ретінде:
І. Патшалық Ресейден ІІ Екатерина патша құрған кезеңде ішкі Ресейден
және Украинадан орыс шаруаларын қазақтың ең нұрлы-сулы, шырайлы
жерлеріне көптен әкеп қоныстандырды.
ІІ. Дүниежүзілік ІІ соғыс ( Ұлы Отан соғысы ) кезінде де Қиыр шығыстан
кәрістерді ішкі Ресейден көптеп қазақ жеріне қоныстандырды.
ІІІ. Осы соғыс жылдарында Кавказ халықтарын (шешен, инғұш, қарашай,
балқар, дағыстан және т.б.) сияқты тау халықтарын да қазақ жеріне көптеп
(күштеп) әкеліп қоныстандырды.
Осы күшпен қоныстандырылған халықтар қазір қазақ халқымен тату-
тәтті, тең құқықты, сыйластықта бейбіт өмір сүріп жатқанын бәріміз көріп
отырмыз.
Бұл жағдайда біздің қазақ халқының өте ертеден кішіпейіл, адамгершілігі
мол басқа ұлтқа деген сыйластығы, кеңпейілділігімен қатар ерекше жомарт
халық екендігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан барлық халықтар Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқықтарымен қорғалған тең дәрежеде
жұмыс істеп, оқып білім алып жатқандары барлықтарыңызға мәлім.
Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың біріккен ұлттар
179
халық Ассамблеясы толық қарқынды жұмыс жасайды.
Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың ( өзге ұлт өкілдерінің ) тең құқылы
бейбіт қазақ халқымен тең дәрежеде өмір сүріп жатқанына қазақтардың ұлттық
идеологиясының құндылықтарының маңызы өте зор міндет атқарғандығының
негізі болып табылады.
Қазақ халқы:
І.Өзге ұлтты еш уақытта кемсітпеген.
ІІ.Өзге ұлт өкілдерін қатты сыйлай білген.
ІІІ.Оларға барлық жағынан қамқор болған.
ІҮ.Өзге ұлт өкілдері қазақ халқымен тең дәрежеде қарым-қатынас жасаған.
Ү.Олардың ұлттық құндылықтарына түсінушілікпен қараған.
ҮІ.Өзге ұлттың қуаныш-қайғысын бірдей бөліскені қазақ халқының
ұлттық идеологиясының негізгі құндылығы болып табылады.
Заманауи қазақстандық білім негізі.
Қазақстан Республикасынң негізгі заңында көрсетілгендей осы елдің
азаматтары ұлтына, наным-сеніміне қарамай тегін білім алуына құқылы деп
көрсетілген.
Заманның ағымына сай білім-ғылымда жаңалықтар ашылып, қоғам әр
түрлі дәрежеде өркендеуде. Дегенмен, қоғамның өркені бір қалыпта
тұрмайтыны белгілі болғандықтан, қазіргі ақпараттық кеңістік кеңейген
заманда жаңа озық технологиялар заманына бет бұрды десек қателеспейміз.
Сонымен қатар адамзат баласына жаңа заманауи технологиялармен білім
мен ғылымды меңгерту тепе-тең құбылысқа айналғанына барлықтарымыздың
көзіміз айқын жетті. Сондықтан қазіргі өркениетті қоғамда жастарымыздың
білімдері мен бағыт-бағдарламалары заманауи ақпараттық технологияның даму
толқынымен бірге толқығаны өте маңызды мәселенің бірі болып табылады
дегім келеді. Осы тұрғыдан қарастыра келсек, оқушыларға білім беру бойынша
заманауи технологиялардың маңызы зор болып келеді, яғни оқушыларға
теорияны ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, жобалау, жетілдіріп, дамыту жағына
келгенде заманауи технология арқылы жүзеге асатыны бәрімізге мәлім болып
табылады.
Озық технологияларды жастармен жұмыс жасау барысында атқаратын
рөлін басқадай ешбір затпен теңестіруге келмейтінін өзім түсіндім. Дегенмен де
жастармен жұмыс жасау барысында ескеретін бірнеше әдіс-тәсілдерге
тоқталсам;
І.Оқушыларды қазіргі заманауи кәсіптік-техникалық мамандықтарға
қызығушылықтарын арттыру ;
ІІ.Балалардың негізгі қабілетіне қарай мамандық таңдау құқығын беру;
ІІІ.Қазіргі заман талабына сай ақпарат кеңістігін пайдалана отырып, сабақ
жүргізу;
ІҮ.Сабақты балалардың қызығушылығы мен қолдауларына қарай
ұйымдастыру;
Ү. Қалаған мамандығына байланысты пәндерді ғана терең үйрету;
ҮІ.Оқушыларға теория мен практиканы байланыстыра үйрету;
180
ҮІІ.Қазақстандағы соңғы сұранысқа ие болған мамандықтарды көбірек
дайындау;
ҮІІІ.Оқушылардың өзіндік шығармашылық (практикалық) жұмысын
көбірек ұйымдастыру;
ІХ.Жаңа әдістемелік технологияларды тиімді пайдалана отырып, сабақты
заманауи тұрғыдан ұйымдастыру қажет дей келе, өзімнің пікірімді «Мәңгілік
ел» идеясы халықтың және болашақ ұрпақ жастардың санасына жеткізіліп,
еліміздің тамыры мықты, ақылды да білімді жастары мол болуға үлес қосу
арқылы «Мәңгілік ел» мүддесі тереңінен қалыптасып, болашақта бейбіт өмір
кешетінімізге нақты сенемін!
Отбасылық құндылықтар – мәңгілік елдіктің негізі
Г.Т. Қажиева
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
ҚР ББЖКБАРИ, Әдістемелік қамтамасыз
ету және инновациялық даму бөлімі бастығы, магистр
Жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымы ХХ ғасырдың аяғында Бiрiккен
ұлттар ұйымының адам құқығы туралы құжатында енгізілген болса отбасылық
құндылықтар адам жаратылысымен бірге дамып, қалыптасатын адамдардың
өмір сүру дәстүрмен тығыз байланысты ұғым.
Отбасы - мемлекеттің бір бөлшегі, туыстық қатынаста құрылымданатын
топ. Отбасы жағымды өнегелердің, ұлттық дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы
құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері
арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады.
Отбасы қызметі тәрбиелік, шаруашылық-тұрмыстық, эмоциональдық,
рухани қарым-қатынас, бастапқы әлеуметтік бақылау т.с.с. қызметтерден
құралады.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз отбасы мүшелерінің қарым-
қатынасындағы үйлесімді білдіреді. Әр отбасының қалыптасқан өзіндік дәстүрі
мен құндылықтары болады. Жалпы отбасылық құндылықтарды дәстүрлі,
заманауи, өнегелі отбасылық құндылықтар деп жіктеуге болады.
Отбасылық дәстүрдің құндылығын Ж.Аймауытовтың “Баланы бұзуға, не
түзетуге себеп болатын бір шарт – жас кезінде көрген үлгі-өнегесі” деген
сөзінен айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар ұлы ағартушының “Баланы
іспен емес – сөзбен, үлгімен емес – ақылмен үйреткен адам сорлы” – деген
тұжырымы отбасылық тәрбие мәселесінің мәнін ашып терең ашып көрсетеді.
Ұлы ғалымның айтуы бойынша, ата-бабаларымыз ұстанымындағы «Сегіз
қырлы, бір сырлылық» ұғымының бастауы олардың үлгі-өнегесінен алынған.
Яғни, сегіз қырлылық - ата-баба үлгісіндегі тектілік, ақылдылық, біліктілік,
зеректік, қырағылық, батырлық, сабырлылық және адалдық болса бір
сырлылыққа бектік жатады. «Бектік» ұғымы мәрттік, бекзаттық, ұлықтық
ұғымдарымен сай келеді.
Ж.Аймауытов өзінің «Тәрбие» атты мақаласында «Тәрбие екі түрлі - дене
181
тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі. Хайуан денесін тәрбиелейді, ал адам баласы
денесін тәрбиелеумен қатар жанын (рухын), ақылын, сезімін, жігерін, мінезін
тәрбие қылуы керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңаржақтау
болады» деп көрсетеді.
Бүгінгі таңдағы осы аталған дене тәрбиесі мен рух тәрбиесінің қатар
жүрмеуі, құндылықтарға деген көзқарастардың өзгеруі отбасы мәселелеріне де
ықпалын тигізбей жатқан жоқ. Әлеуметтік институт ретіндегі отбасы рөлінің
төмендеуі тікелей осы мәселеге, тәрбиенің жүйесіздігіне қатысты деп айтуға
болады.
Ежелгі халықтық дәстүрге негізделген отбасы нағыз өмір мектебі іспетті
үлгі-тағылым ордасы болып табылған. Ал тәрбиенің өзегі - ізгілік,
адамгершілік, мейірімділік, еңбекқорлық, намысқойлық сияқты т.б. адами
бағалы қасиеттер болып табылды.
Оның бір мысалы, ХIV ғасырда Жетісу аймағында өмір сүрген ұлы ғұлама
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” өсиетнамасы. Бұл кітапта
отбасы құндылықтары туралы пікілері, ой толғамдар жазылған. Өтейбойдақ өз
еңбегі арқылы ерлі-зайыптылардың адал некелі болуын, отбасында гигиеналық
ережелердің берік сақталуын, баланы түрлі аурулар мен тіл-көзден сақтау
қағидаларын қалдырды. Сондай-ақ, жеті атаға дейін туыс адамдардың өзара қыз
алыспауы да Өтейбойдақтың Жәнібек ханға жасаған ұсынысымен заңды түрде
жүзеге асырылған және күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпай отбасылық,
туыстық дәстүрдің құндысы болып қалыптасты. Өтейбойдақ өсиеттері
халықтық үлгі-өнеге, тыйым сөздермен үндес.
Бала тәрбиесінде жас ерекшелігі мен жыныстық ерекшелігіне назар аудару
басты мәселе болып саналған. Жеті жастан асқан соң, қыз негізінен шеше
тәрбиесінде қалып, ұлдың түздегі тәрбиесіне әке, үйдегі тәрбиесіне шеше
жауапты болған. Даланың данышпандық мектебінің үлгілері әрине тарих болып
қатталып, осы күнге жетіп отыр.
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Қандай да
бір ұлт өз алдына дербес өмір сүруден қаларда ең алдымен ұлтгық киімінен,
бітім болмысынан, одан кейін салт-дәстүрінен жеритін көрінеді. Ең соңында
өзінің ана тілін ұмытады екен.
Ал бүгінгі білім беру жүйесінде жас ұрпақты өмірге даярлау бойынша
қызмет етіп келе жатқан тәрбие саласы бірқатар тоқыраушылықтарды бастан
кешіруде. Бұған әлеуметтік құрылылымдар: қоғамдық институттар, діни
ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектеп, отбасы т.б. өзіндік әсерін
тигізуде.
Тәрбиеленушілер мен ұстаздар, ата-аналар арасындағы тәрбие қарым-
қатынасындағы бірізділіктің жеткіліксіздігі, қабылданып жатқан мемлекеттік
құжаттардың, тұжырымдамалардың білім беру жүйесіндегі тәрбиенің ұлттық
идеологиялық ұстанымдары мен ұйымдастыру тактикасын анықтауда маңызы
зор болғанымен, білім беру мекемелерінде толыққанды жүзеге асырылып
жатпағандығы ұлтымызға тән асыл қасиеттерді жастарымыздың бойына
дарытып, сіңіре алмауымызға ықпал етуде.
Дегенмен де, ата-ананың, қоршаған ортаның, мектеп ұжымының қарым-
182
қатынасын дұрыс жолға қою арқылы білім беру саласын реттуге болады. Ұлдар
мен қыз балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған маңызды
шаралар, тиісті мамандар жұмысы, әкенің ұлымен, ананың қызымен жақын
сырласуы көптеген мәселелерді шешетіні айқын. Балалардың бойындағы
өзгерістерді дер кезінде байқай білу, оның бойында, әңгімесінде байқалатын
өзгешеліктерге мән беру балалардың оқуға, білімге ынтасын арттыратыны
шүбәсіз.
Тәрбие саласында әр халықтың өзіндік генетикалық, этнопсихологиялық,
тарихи-әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктеріне тән туындап отыратын
проблемелары мен ұрпақ тәрбиесіне арналған моральдық - этикалық ережелері
бар.
Қазақ халқындағы тәрбиенің қай түрін алсақ та, өскелең ұрпақтың ұлттық
сана сезімінің өршіл болып қалыптасуына әсер етеді.
Рухани адамгершілік тәрбие арқылы әдептілік, ар намыс, шындық пен
әділеттілік, ынтымақ пен бірлік, жолдастық, достық, мейірімділік,
қайырымдылық ізеттілік, қонақжайлылық, парасаттылық тәрізді қасиеттерді
бала бойына дарыта аламыз. Эстетикалық тәрбие беру өнерге құштарлықты,
сымбаттылық, сұлулық пен әсемдікті сезінуге, қабылдауға баулиды. Ақыл-ой
мен сезім тәрбиесі арқылы дүниетанымы кеңиді десек, еңбек тәрбиесі арқылы
ептілікке, шеберлікке, жауапкершілік пен ұқыптылыққа, табандылық пен
төзімділікке үйренеді.
Тәрбиенің түп қазығы имандылыққа тәрбиелеу, бұл тәрбие арқылы
баланың бойына өзінің жаратылысына сай салт-санасы, әдет-ғұрыпы, өмірлік
дағдылары, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде жан жақты мәдениетті,
өзгермелі өмір жағдайларына бейім тұлғаны қалыптастыру үшін салауатты өмір
салтын ұстану дағдыларын қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты
жүйесін құруымыз қажет.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда білім беру ұйымдарындағы тәрбие
орталықтарын құру, оқу-тәрбие мазмұнын оқушының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құру және сыныптан тыс жүргізілетін
қолданбалы курстар, әр бағыттағы үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын
құруды өрістету.
Оқу-тәрбие үдерісінде кітапхананың маңызы зор. Өкінішке орай кітапхана
құжаттамалық жұмыстардан әрі аса алмай жатқан жағдайлар бүгінгі күні
көптеп көрініс беруде. Осы орайда кітапхана жұмысын жандандыру
мәселелерін жолға қоюымыз қажет. Кітапхана баланың кітапқа деген
қызығушылығын оята алатын іс шаралармен өткізумен қатар, сыныптан тыс
қосымша білім берудің негізгі ошағы болуы шарт. Кітапханада тәрбие
саласының барлық бағыттары бойынша қызықты іс-шараларды: әдеби оқулар,
қойылымдар, кештер, конференциялар, еңбекке баулу шаралары атқарылуы
тиіс.
Қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру да ескерусіз қалып жатқан
мәселе дейтін болсақ ,осы бағытты жолға қоюда «ҚР Бала құқықтарын қорғау»
туралы заңның баланың міндеттері туралы 20 бабын басшылыққа ала отырып
183
негізгі мектеп ережелерін анықтау, оқушылардың өзіне-өзі қызмет жасау
ережелерін енгізу, пән сабақтарын еңбекпен ұштастыру жұмыстары мәселе
тетігін табуға көмектеседі деп айта аламыз.
Бүгінгі күнде ауылдық жердегі мәдени ошақ – мектеп, ал зиялы қауым
өкілдері – мұғалімдер. Әр мұғалім өзіне артылған болашақ алдындағы
жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін, өзінің қаншалықты ықпалды
екенін сезіне алған жағдайда ғана болашақ жақсармақ.
Осы орайда мектепте, ауылда «Ата-аналар мектебі» орталықтарын құра
отырып, ата салтын, дәстүрін кең көлемде насихаттауды жолға қою мен
«Аталар бірлестігі», «Әжелер бірлестігі», «Аналар бірлестігі», «Әкелер
бірлестігі» т.с.с ұжымдарды арқылы салт-дәстүрлерді насихаттау, әдептілік-
әдемілік дағдыларын қалыптастырсақ игі іс болар еді. Б.Момышұлы
атамыздың «Ұлды ұлша тәрбиелесең ұл болады, құлша тәрбиелесең құл
болады» деген ұлағатты сөзін ескергеніміз жөн болар. Үйде анасы, мектепте
әйел адамдар тәрбиелейтін жеткіншек ұлдарымыздың көп жағдайда түсініксіз
кейіпте болуы да ойландыратын мәселенің бірі. Бүгінгі күні мұғалімдер
қауымының 90 пайызға жуығы әйел адамдар екенін ескерсек, ата-аналардың
мектеп жұмысына араласуы ұл тәрбиесі мен қыздар тәрбиесін жүйелеуге
ықпалы тиері сөзсіз.
Қорыта айтқанда, әрбір баланы мейірімді, инабатты адам, бауырмал
отбасы мүшесі, шығармашыл дара тұлға, жауапкершілгі мол азамат, салауатты
да салиқалы тұлға болып қалыптасуы үшін жауапкершіліктің біздерге
жүктелетінін естен шығармағанымыз абзал. Білім беру жүйесіндегі тәрбие беру
ісін дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық құндылықтар негізін басшылыққа ала,
ізденісімізді ұлғайта отырып, іс тетігін шешуге тиіспіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы, Санат, 1995 ж.
2.
М.Жұмабаев «Шығармалар» Алматы, Білім, ІІ-ІІІ том, 1996 ж.
3.
С.Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері», Алматы, әл-Фараби,
1995.
4.
Әбенбаев С.Ш. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» – Алматы: Дарын,
2004
5.
Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян» - Араб қарпінен көшіргендер –
К.Елемес, Д.Мәсімхан. – Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.
6.
А. Нүсіпоқасұлы, Ә. Жапарұлы. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін:
Халықтық дәстүр тәрбиесі» - Алматы: «Өнер», 2011, 140 б.
7.
Совет-Хан Ғаббасов. «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», Алматы:
Алматыкітап, 2014.
8.
http://alashainasy.kz/alashuni/alemdeg-en-kanyi-taza-ult--kazak-tarihi-
etnografiyalyik-payyim-61110/
184
Жаңа қоғамның патриотын қалыптастыру
Айдос Бекмағамбетов
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Астана қаласы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Жоғары сынып оқушылары өз бетімен өмір сүруге қадам жасаудың
баспалдағында тұрғандықтан, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан
қалыптасудың белсенді кезеңін бастан кешіреді. Бұл кезең - тұлғаның толысуы
мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз
организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама
тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-
әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар
тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп, жоғары сынып оқушыларында
бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз
қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жоғары сынып
оқушылары оларды бағалауға өте ерекше ден қояды да, өзінің мінез-құлқын
саналы түрде жасалған немесе меңгерілген өлшемдер мен нормалар негізінде
құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Сондықтан жоғары сынып оқушыларына үлкен жауапкершілік артылады,
себебі ол жаңа әлеуметтік құндылықтарды қолданушы болып табылады, оның
ішінде айрықша роль патриоттық қасиеттерге бөлінеді. Мұның өзі бүгінгі таңда
жасөспірімдердің патриотизмін қалыптасыру мәселесінің ерекше көкейкесті
болып отырғандығын дәлелдейді.
Патриотизм, патриоттық сезімдер әрбір адамның өз Отанына, еліне, туған
жеріне қатынасын сипаттайды және Отанға деген сүйсіпеншілікті білдіреді,
оған өз елінің мүдделері мен тарихи тағдырына қамқорлық, ол үшін өзін
құрбан етуге даярлық; өз еліне сенімділік, оның әлеуметтік және мәдени
жетістіктерін мақтан ету; өз елінің тарихи өткенін, дәстүрлерін, әдет-
ғұрыптарын, тілін құрметтеу; өзінің туған және тұратын жерін жақсы көру;
қоғамның әлеуметтік кемшіліктеріне төзбеу жатады.
Қазіргі таңда патриотизм ұғымы жаңа тұрғыдан кеңейіп, басқа ұлттар мен
халықтардың мәдени құндылықтарын игеру үшін «ұлттық патриотизм»,
«қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық», «толеранттық», «ұлтаралық
қатынастар мәдениеті» ұғымымен байланыста қарастыруды көздейді.
Ж.Н.Қалиев өз зерттеуінде «ұлттық патриотизм», «қазақстандық
патриотизм», «ұлтжандылық» ұғымдарының мәнін ашып, оларды жалпы
патриотизммен байланыстыруға талпыныс жасаған.
Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен,
өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерiмен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа
сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды атажұртым деп
185
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде
жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді [1].
Д.С.Құсайынова «қазақстандық патриотизмді» адамның өзін республика
халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен
берілгендік сезімі, халық пен елдің мүддесін қорғауда азаматтық парызын
түсінуі және намысын ұстай білуі деп анықтай отырып, қазақстандық
патриоттық тәрбиенің мақсатын бөліп көрсетеді.
Қазақстандық патриоттық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаның,
әлеуметтік, ұлттық топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуын
анықтайтын саяси-моральдық, кәсіби, денешыңдау қасиеттерін қалыптастыру.
Оның жүйесіне мүліктік элементтер, рухани құндылықтар, адами элементтер
жатады. Нәтижесінде Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс,
Отанның экономикалық, ғылыми, саяси-моральдық, әскери және спорттық
саладағы мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылу, саяси-идеологиялық, әскери
қорғанысқа даярлық қалыптасады [2].
Ү.К.Санабаев өз зерттеуінде қазақстандық патриотизмнің мынадай
ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
- біздің халықтардың көпұлттық құрамына негізделе отырып,
қазақстандық патриотизм өз мәні бойынша интернационалды;
- қазақстандық патриотизм біздің халықтың бай рухани-
адамгершілік әлеуетін бөліп көрсете отырып, жоғары ізгілендіру негізін
құрайды;
- ұлттық мүддені қорғауға деген шексіз ұмтылыс, Отанның
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өзін құрбан етуге даярлық қазақстандық
патриотизмнің халықтық сипатын айқындайды;
- бай дәстүрлер қазақстандық патриотизмнің сабақтастығын
анықтайды;
- ортаның қандай да бір факторының қолайсыз әсеріне
шыдамдылық қабілеті, басқа пікірлерге, дінге, мінез-құлықтарға төзімділік
қазақстандық патриотизмнің толеранттығын білдіреді [3].
Толеранттық (лат. tolertantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға жауап
әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің
нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн
қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай – ұстамдылықтан,
сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз
әсерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады [4].
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең
құқылығы, өзара сыйластық, өзара көмек, гуманизм, т.б. өркениетті қатынастар
принципінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол санада ұлттық мүдделер
мен басқа халықтардың мүдделері қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты
дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениеті дегеніміз ұлттардың қамсыз-
мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани-парасат ортасының
және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер, әрі сол себептердің
нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады.
186
Жоғары сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастыруда патриотизм
адамның өзінің туып өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен
достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған
біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік арқылы өзіндік сананы
дамытудың мәні зор. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде
тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас
болып табылады. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу
нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты
мемлекеттің - Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан
Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен
жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының
белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса ғана іс-әрекетке айналады. Сондықтан
оқушылардың алғашқы әскери даярлық курсынан білімді жақсы меңгеруінің өзі
Отанға пайдалы болуға талпынуының белгісі болып табылады. Ал Отан
дегеніміз - әрбір адамның өзі туып-өскен өлкесі, туған-туыс, жақындарымен
бірге тұратын елді мекені. Сондықтан Отан ұғымын ең алдымен туған өлке
ұғымымен байланыста қарастыру қажет. Отанға деген сүйіспеншілік әр
адамның кіндік қаны тамған туған жері, елі, өлкесіне деген сүйспеншіліктен,
құрметтен басталады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді өзінің туған өлкесінен бастау
керек. Туған өлке материалдары дегеніміз әркімнің өз үйінің табалдырығын
аттап шыққанда табаны тиіп, қолымен ұстап, көзімен көріп жүрген жердің
тарихы, географиясы, халқы, жеткен жетістіктері мен құндылықтары болып
табылады. Оқушылар неғұрлым өзінің туған жерінің табиғатымен етене
жақын жүріп, табиғи құбылыстарды зерттеп білуге құштар болса, олардың
жан-дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады, әрі Жер-ананың қадір-қасиетін
білген адам өзін оның перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен қарайды.
Мектеп оқушыларын, яғни елдің ертеңгі азаматтарын оқытып-тәрбиелейтін
орында географиялық өлкетану үйірмесі жұмыстарын бағдарламалық
тұрғыда қарап, бұл бағытта дәйекті іс жүргізілсе, патриоттық тәрбиенің
нәтижелі болатындығына күмән келтіруге болмайды.
Жоғары сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастыруда әскери
даярлық пәні маңызды роль атқарады. Бұл пәнді оқыту барысында
оқушыларға берілетін әскери-патриоттық тәрбиенің тереңдеуіне, Отанымыздың
саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды халқының игілігі
үшін еңбек етуге, егеменді еліміздің мүддесін қорғауға даярлауға мүмкіндіктер
бар.
Алғашқы әскери даярлық пәнін оқыту барысында жоғары сынып
оқушыларының патриотизмін қалыптастыру үшін мынадай міндеттер өз
шешімін табуы тиіс:
- жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің негізгі
бағыттарын анықтау;
- оқыту, тәрбиелеу, дамыту және жастардың Отанды қорғауға
психологиялық даярлығының бірлігін қамтамасыз ету;
- патриотты және азаматты тәрбиелеу проблемасына бірігей көзқарасты
187
қалыптастыру;
- жастарға әскери даярлық пен әскери патриоттық-тәрбие беруді
ұйымдастыру мен іске асыруда мемлекеттік органдардың ролін анықтау;
- жастарға әскери істің негіздерін оқытудың түрлері мен әдістерін
жетілдіру;
- жастарда жоғары патриоттық сананы, ұлттық мақтаныш сезімін,
мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау бойынша азаматтық және конституциялық
міндеттерді орындауға даярлықты қалыптастыру.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қалиев Ж.Н. Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде
оқушыларға патриоттық тәрбие беру. - пед.ғыл.канд. ...автореф. - Астана, 2005.
2.
Құсайынова Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу. - пед.ғыл.канд. ...автореф. - Алматы,
1999.
3.
Санабаев У.К. Педагогические основы воспитания патриотизма у
военнослужащих внутренних войск МВД РК. - автореф. дисс. канд. пед. наук. –
Караганды, 2004.
4.
Педагогика және психология сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |