Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.03.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8627
  1   2   3   4   5   6   7

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Б. Ахметова  

 

 

АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 

(ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2014 

 

 

УДК 81’25=(512.122:111) 



ББК 81.432.1-9 

А 94 


 

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 

Ғылыми кеңесі шешімімен баспаға ұсынылған 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

Түселбаева Ж.А.; педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті 

Латыпова З.Х.; филология ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті 

 

 



 

А 94    Ахметова А.Б. 

Аударма  теориясы  мен  тәжірибесінің  негіздері  (қазақ  және  орыс  тілдеріндегі)  дәріс  

курсының оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2014. – 90 б. 

 

ISBN 978-601-267-296-1 



 

«Аударма  теориясы  мен  тәжірибесінің  негіздері  (қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі)» 

атты  оқу  құралы  ағылшын  тіліне  аударуы  бойынша  он  екі  шақты  дәріс  курсы  көлемінде 

құрастырылған.  Аталмыш  оқу  құралының  дәріс  материалдары  жоғары  оқу  орындары  шет 

тілдері  мен  аударма  ісі  факультеттерінің  студенттері  мен  болашақ  тілші  мамандарына 

арналып, ауызша-жазбаша аудару үрдісі барысында (қазақшадан ағылшын тіліне, керісінше, 

ағылшын  тілінен  қазақшаға)  аударма  ісін  терең  түсініп,  тәжірибеде  шеберлік  жақтарын 

арттыруға көмегін тигізетіндігі сөзсіз. 

Оқу    құралы  он  екі  шақты  дәрістен  құрастырылып,  әр  дәріс  соңында  өз  білімін 

тексеретін сұрақтар, мәтіндер жинағы мен жаттығу материалдары беріліп отыр. 

Аударма  теориясын  тиімді  меңгеру  мақсатында  оқу  құралы  тестік  сауалдар  мен 

қосымша  тексеру  кілтпен  толықтырылған.  Негізінен,  «Аударма  теориясы  мен  тәжірибесіне 

кіріспе» атты құралы шет тілін қазақ тілі арқылы меңгеретін буынды студенттеріне, сондай-

ақ, өз бетінше аударма ісімен қызыға айналысып жүрген оқырман қауымға арналады.  



 

 

УДК 81’25=(512.122:111) 

ББК 81.432.1-9 

 

 



 

ISBN 978-601-267-296-1 

 

 

 



 

 

 



© А.Б. Ахметова, 2014  

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2014 



 

 



Алғы сөз 



 

«Аударма  теориясы  мен  тәжірибесінің  негіздері  (қазақ  және  ағылшын 

тілдеріндегі)»  атты  оқу-әдістемелік  құралы  жоғарғы  оқу  орындары 

студенттеріне  шет  тілі  мен  аударма  ісі  бойынша  білім  берудің  жұмыс 

бағдарламасына сай, он екі шақты дәріс материалдары негізінде аударма ісінің 

түрлері  мен  ерекшеліктері  жөнінде  теориялық  мәліметтермен    қамтылып, 

болашақ  тілші  мамандарына  бұл  саланы  тиімді  меңгеруге  өзіндік  үлесін 

қосатындығы сөзсіз. 

Аталмыш  дәріс  курсының  басты  мақсаты-  студенттердің  аударма  ісімен  

айналысу барысында, екі тілдер төңірегіндегі (қазақ-ағылшын) әр тілдің өзіндік 

ерекшеліктерін дұрыс танып, тиімді пайдалануы болып табылады. 

Оқу  құралы  шет  тілі  мен  аударма  ісі  бойынша  білім  алып  жатқан 

студеттерге  аударма  ісінен  ғылыми-теориялық  мәлімет    беріп,  олардың  бұл 

күрделі саланы жоғарғы деңгейге жеткізуді мақсат етеді. 

Егемен  елдің  мемлекеттік  мәртебесін  алып  отырған  ана  тіліміздің  әр 

сөзін,  әр  сөз  тұлғасын,  тұтас  сөйлемді  уақыттың  сұранымына  сай,  шет  тілі  - 

ағылшын  тіліне  аудара,  еркін  жеткізе  білетін,  немесе,  керісінше,  ағылшыннан 

қазақшаға  сапалы  аудару  әр  тілдің    сөз  орамдарын  дұрыс  қолдана  алатын 

мамандарды  даярлау  арқылы  еліміздің  қарқынды  дамуына  үлес  қосқанымыз 

деп білеміз.  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Аударма теориясына кіріспе 



 

1.

 

Аударманың негізгі мәліметтері. 

2.

 

Аударма дегеніміз не? 

 

Аударма  –  бір  тілден  екінші  бір  тілге  жазбаша,  немесе  ауызша 

аудалырған  (еркін  аударма,  сөзбе-сөз,  көркем,  іс  қағаздарын,  ғылыми  т.б.) 

мәтін. 



 

Аудармашы – бір тілден екінші тілге аударумен шұғылданатын маман. 

 

Аудармашылық  –  аударманы  кәсіп  етушілік,  аудармамен  қызыға 

шұғылданушылық 



 

Ауызекі – адамдар арасында ауызша, ауызша сөйлесу 

 

Ауызекі тіл - әдеби тілдің ауызба-ауыз сөйлеу кезінде көрінетін стильдік 

түрі 



 

Ауызекі  сөйлесу  –  екі  адамның  жүзбе-жүз,  бетпе-бет  әнгімелесуі, 

тілдесуі. 



 

Әдіс – 1. еңбек етіп үйренудің әр түрлі амалы, жолы «әдісін білген алып 

та жығады, шалып та жығады». 

2.  ғылымды  танып  білудің,  оны  жастарға  үйретудің  тәсілі.  Оқытушы 

оқыту әдісін жақсы білуі керек. 



 

Теория  –  қандай  да  болсын  құбылысты  түсіндіруге  бағытталған 

ұғымның,  идея  мен  белгісі  бір  көзқарастың  тұжырымдалған  қорытындысы, 

соған әсер ететін ғылыми принципті білдіретін ілім.      

 

Тілмаш  –  бір  тілден  екінші  тілге  ауызекі  қолма-қол  аударатын  маман 

адам, аудармашы 



 

Тілмашсыз – тілмашы жоқ тілмаш қатыспай аудару ісі 

 

Тілмаштық – тілмаш болушылық тілмаштық қызмет 

 

Тілшілік  –  тілші  болушылық,  тілші  қызметін  атқарушылық.  Мысалы: 

«Қасымдағы досымның қызметі – тілшілік» (С. Мәуленов)»  



 

Түпнұсқа  –  алғашқы  негіз,  бастапқы  нұсқа.  Еңбектерінің  түпнұсқалары 

сақталмаған 



 

 

 



№1 ДӘРІС  



 

Аударма туралы ғылымның тарихы 

 

Қазіргі  тіл  білімі  арқылы  меңгерілетін  көптеген  күрделі  мәселелердің 

арасында  тіл  аралық  қатынастар  қызметінің  лингвистикалық  аспектілерін 

«аударма»  немесе  «аударма  қызметі»  деп  аталатын  меңгеру  саласы  маңызды 

орын алады. 

Аударма – бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында 

адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар «әр түрлі 

тілдер»  ұжымдарымен  қатанасуға  көмектесетін  «билингвтер»  де  пайда  болды. 

Жазба  тілінің  шығуымен  осындай  ауызекі  «тілші-толмач»  аудармашыларға 

жазбаша  түріндегі  де  ресми,  діни  және  іскери  түрдегі  әр  түрлі  мәтіндерді 

аударатын аудармашылар қосыла бастады. 

Басынан  бастап  аударма  маңызды  әлеуметтік  адамдар  арасындағы  тіл 

аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды. 

Жазбаша  аудармаларды  тарату  адамдарға  басқа  халықтардың  мәдени 

мұраларына  қол  жеткізуді  кеңейтіп,  мәдениет  пен  әдебиеттерін  байытуға, 

әсерін тигізуге мүмкіндік берді. 

Шетел  тілдерін  білу  -  бұл  тілдердегі  кітаптардың  түпнұсқасын  оқуға 

мүмкіншілік  береді,  бірақ  бір  ғана  шет  тілін  меңгеріп  алудың  өзі  әркімнің 

қолынан келмейді. 

Алғашқы  аударма  теоретиктері  ретінде  өздерінің  тәжірибесін 

қорытындылауға  ұмтылған  аудармашылардың  өздері  болды,  бірақ  та  кейде 

кәсіби  бойынша  әріптестерінің  тәжірибесі  де  осыған  қосылды.  Өздерінің 

«аудармашылық  ісін»  көрсетуге  барлық  кезеңнің  атақты  аудармашылары 

болған  еді,  дегенмен  олардың  білдірген  көзқарастары  қазіргі  талаптарға  сай 

ғылыми  дәлелді  болмағанымен  жүйелі  теоретикалық  тұжырымдамаларға 

енгізілмесе  де,  бір  қатар  осындай  пікірлер  мен  көзқарастар  күні  бүгінге  дейін 

өзіне қызығушылықты арта түседі. 

Сонымен,  антик  кезеңінің  аудармашылары  түпнұсқаға  аударманың 

жақындық  деңгей  мәселесін  кеңінен  талқылауға  түсірген.  Библия  мен  басқа 

шығармашылардың  ерте  кездегі  киелі  мен  негізгі  болып  саналатын 

аудармаларында  түсініксіздікке  немесе  аударманың  толық  ұқпауына  әкеліп 

соққан  түпнұсқаны  дәлме-дәл  аудару  мен  тастап  алуға  талпыныстар  басым 

болды.  Сондықтан  кейінірек  кейбір  аудармашылар  түпнұсқаға  қатысты  үлкен 

бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, 

мағынасы  немесе  жалпы  көрінісін,  түпнұсқа  «ерекшелігін»  көрсету  керектігін 

айқындауға тырысты. 

Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзінде-

ақ  біздің  заманымыздың  дәлме-дәл  немесе  еркін  аударманың  болуы  мен  түп 

нұсқа  ие  болатын  оқырмандарға  әсерін  тигізетін  жақтарын  сақтауға  керектігі 

туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады. 

Кейінірек  кейбір  аудармашылар  «жақсы»  аударма  немесе  «жақсы» 

аудармашы  дәрежесіне  ие  болатын  бірқатар  талаптарды  көрсету  арқылы 



 

«аударманың  қалыпты  теориясының»  кейбір  түрлерін  қалыптастыруға 



тырысты.  Француз  гуманисі,  айқын  және  аудармашы  Этьенн  Доле  (1509-1546 

жылдары өмір сүрген) оның ойынша, аудармашы бес шақты аударманың негізгі 

принциптерін сақтауы қажет деп көрсеткен, бұлар: 

1.

 



Аударатын мәтіннің мазмұны мен автордың мақсатын еркін түсіну; 

2.

 



Қандай тілден  қай тілге аудару тілдерін біркелкі жетік білу; 

3.

 



Сөзбе-сөз,  дәлме-дәл  аудару  жақтарынан  бас  тарту,  себебі  бұл  түп 

нұсқаның мазмұнын өзгертеді де, оның көркемдік формасын жойып жібереді. 

4.

 

Аудармада жалпы қолданылатын сөйлеу түрін пайдалану; 



5.

 

Түпнұсқаның  иісті  «ырғағынан»  шығып  жалпы  әсерін  тигізетін 



сөздерді дұрыс қолдану мен тізбектеу. 

1790  жылы  «Аударма  принциптері»  атты  ағылшын  А.Тайтлердің 

кітабында аударманың негізгі талаптары былайша көрсетілген: 

1) аударма түпнұсқа идеясын толық беруге тиіс; 

2) аударма стилі мен мазмұндамасы түпнұсқа сияқты болулары қажет; 

3) түпнұсқа шығармасы сияқты аударма да,  жеңіл оқылуға тиіс. 

Аударманың  ғылыми  негіздері  жиырмасыншы  ғасырдың  ортасында 

қалыптасып,  сол  кезде  аударма  мәселесі  тілшілер  назарында  бола  бастайды. 

Бұл кезде дейін лингвистика ғылымы меңгеретін мәселелерге аударма мәселесі 

ешқандай  жағымен  енбейтін  болып  саналатын.  Аудармашылардың  өздері 

«аударма  өнерінде»  аударманың  лингвистикалық  аспектілері  шағын,  таза 

техникалық рөл атқаратындығын тұжырымдаған. 

Әрине, аудармашы түпнұсқа тілімен қатар аударма тілін жетік білуі тиіс, 

бірақ та тілдерді білу аударманың тек қана қосымша жағы, негізі емес, болып 

саналады.  Осындай  білімнің  рөлін  композиторға  ноталарды  білу  рөлімен 

салыстыруға болады. 

Өздері жағынан, тілшілер аударма қызметін тіл білімі зерттеу объектісіне 

енгізуін көздемесе де, бірақ та ол лингвистикалық факторлармен айқындалды. 

Тіл білімінің басты назарынада тіл ерекшеліктерін меңгеруі болса, оның 

қайталанбас  құрылымын  грамматика  жүйесі  мен  басқа  тілдерден 

айырмашылығы  болатын  жеке  тілдердің  әрбір  сөздік  құрамының 

ерекшеліктерін  ашуы  болды.  Бұның  барлығы  тіл  ерекшелігі  болып,  оның 

ұлттық  «рухы»  мен  әр  түрлі  тілдерде  жазылған  екі  мәтіннің  біркелкілігінің 

принциптік болмауын болжады. 

Аударма  түпнұсқаны  тиісті,  дәлме-дәл  түрде  жеткізуді  санағандықтан, 

аударма  арқылы  таза  лингвистикалық  себептермен  атақты  ақын  мен 

жазушының  шығармашылық  ерекшеліктерін  көрсетуі  мүмкін  еместігін 

дәлелдей отырып, мүлдем іске аспайтын кәсіп болып есептелінген. 

Тілшілердің аудармаға қатыстығын айқын түрде белгілі неміс жазушысы 

мен  аудармашы  Август  Шлегелге  жазған  хатында  В.Гумбольдт  былай 

көрсетеді:  «Қандай  да  болсын  аударма,  меңінше,  орындалмайтын  істі  шешуге 

талпыныс  болып  саналатыны  сөзсіз.  Себебі  әрбір  аудармашы  түпнұсқасын  өз 

халқының  тілі  мен  ерекшеліктері  арқылы  сақтауға  қолға  алып,  немесе  өз 

халқының  ерекшеліктерін  түпнұсқа  арқылы беруде    «су  астындағы  екі  тастың 

біреуіне соғылуы тиіс». 


 

Осындай  кейінірек  «аударыла  алмайтын  теориясы»  деп  аталатын 



көзқарастарды көптеген лингвистер, оның ішінде, аудармашылық рөль атқарып 

жүргендердің  өздері  қолдады.»  Аудара  алмайтын  теориясы»  аудармашылар 

«орындалалмайтын»  іспен  айналыса  бергендіктен,  аударма  тәжірибесіне 

ешқандай әсерін тигізген жоқ. 

Дегенмен,  бұл  теория  аударманың  лингвистикалық  талдау  жолында 

қайтсе де, кедергі етті. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында тілшілер аударма 

ісіне  қөзқарастарын  өзгертуге  мәжбүр  болды  да,  оны  жүйелі  түрде  меңгеруге 

кірісті. 

Біз  білеміз,  бұл  кезеңде,  алдымен  саяси,  коммерциялық,  ғылыми-

техникалық  және  де  «іскери»  мәліметтердің  аудармасы  алға  қойыла  бастады, 

мұнда    автор  стилінің  жеке  ерекшеліктері  меңгерілмей  қалған  еді.  Осыған 

байланысты  аударманың  негізгі  қиыншылықтары  мен  аударма  процесінің 

барлық  сипаттамасы  бұл  үрдеде  қатысытын  тілдер  қолданыс  тәртібі  мен 

құрылымда болатын қайшылықтармен айқындалатындаға нақты қолдау тапты. 

Ал,  егер  де,  тілдер  қатынастығы  туралы  сөз  етілсе,  оны  меңгерумен,  әрине, 

тілшілер айналысуы тиіс. 

Осыдан басқа, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың рөлі нақтылай 

түседі.  Деректемелерді  аударуда  «бүтіндей»  аударманың  дұрыстығымен, 

түпнұсқа  мен аударманың оқырманға біркелкі  әсерін  тигізетіндікпен шектелуі 

мүмкін емес. 

Аударма барлық деталдарды, әрбір сөздің мағынасына дейін, түп нұсқаға 

жақынырақ ақпараттарды жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. 

Аударма процесінің тілдің алғашқа негізі айқын көрініс табады. 

Бұл  процестің  лингвистикалық  болмысы  неде  нақты  лингвистикалық 

факторлармен  ол  қандай  дәрежеде  анықталады,  ақпаратты  дәл  жеткізуде 

осындай  факторлар  қалайша  шектеу  жасайды  екендіктерін  анықтау  қажет 

етіледі. 

Көптеген  елдерде  аудармашылар  керектігін  әжептәуір  қанағаттандыру 

үшін,  аударма  мектептері,  факультеттер  мен  институттар  құрылды.  Тәртіп 

бойынша,  аудармашыларды  даярлау  шетел  тілдері  берілетін  оқу-мекемелері: 

университет  пен  институт  негізінде  өткізілді  және  де  тілдер  оқытушыларына 

аудармаға  үйрететін  оқу  құралдары  мен  тиісті  бағдармалар  жасау  міндеті 

артылды. 

Тілші-мамандары  жоғары  кәсіби  аудармашылар  дайындайтын  тиімді 

курстар  құру  үшін  керекті  ғылыми  негіз  жасауға  тиісті  болды.  Көптеген 

аударма  мамандарын  даярлау  аудармашы  кәсібінің:  «Аудару  үшін  екі  тілде 

сөйлеу мәнін білу шарт» атты салттық формуласының керексіздігін көрсетті.   

Бұл  формулада  көрсетілген  факторлар  өз  бетінше  шеберлікпен  аудара 

білуді қамтамасыз етпейді екен, тек қана екі тілді жай білу ғана емес, оларды 

«аудара  білудей»  білу  керек,  яғни  бір  тіл  единицасының  екінші  тіл 

единицасына ауысу жағдайы мен тәртібімен тіркесу арқылы білу. 


 



Сұрақтарға жауап беріңіз: 



 

1.

 



Аударма дегеніміз не және ғылымның құрылуына не себеп болды? 

2.

 



Қазіргі тіл білімінде тіларалық қатынастар қызметінің 

лингвистикалық аспектілерін зерттейтін сала қалай аталады? 

3.

 

Аударма деген не? 



4.

 

Адамзат тарихында тілдерінде айырмашылықтары бар адам топтарын 



қалыптастыру мен  «әр түрлі тілдер» ұжымдарын қатынастыруға  кімдер көмек 

еткен? 


5.

 

Алғашқы аударма теориясының негізін қалаған  кімдер?  



6.

 

Антик кезеңінен бастап аудармашылардың ең алғаш аударған 



шығармалары қандай мәтіндерден алынған? 

7.

 



Ежелгі аудармашылардың қателігі неде деп ойлайсыз? 

8.

 



Аударманың ғылыми негіздері нешінші ғасырда қалыптаса бастады? 

9.

 



1790 жылы шыққан ағылшын аудармашысы А.Тайтлердің кітабы 

қалай аталады?   

10.

 

Француз гуманисі, ақын және аудармашы Этьен Доле аударманың 



қанша негізгі  принциптерін сақтау қажет деп көрсеткен?   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



№2 ДӘРІС  



 

Аударма теориясының пәні, міндеттері және әдістері 

 

Кең  түрде  айтқанда,  «аударма  теориясы»  термині  «аударма  тәжірибесі» 

терминімен  салыстырмалы  түрде  болған.  «Аударма  теориясы»,  «аударма 

тәжірибесінің»  әр  түрлі  концепцияларын,  заңдарын,  зерттеулерін  қамти 

отырып, оны қандай әдістермен, жолдармен жүзеге асатындығын зерттейді. 

Осыған 


байланысты, 

«аударма 

теориясы» 

«аударма 

жүргізу» 

анықтамасымен сәйкес келеді. 

Қарапайым  түрде  айтқанда,  «аударма  теориясының»  құрамына  аударма 

жүргізудің  теориялық  бөлімі  оның  қосымша  аспектілерімен  қарама-  қайшы 

түрде болады. 

Аударма  –  бұл  күрделі,  көп  қырлы,  аспектілері  бөлек  әр  түрлі 

ғылымдардың пәні бола алатын құбылыс. 

Аударма жүргізуі әдеби, этнографиялық аударма түрлерін, сонымен бірге 

әр түрлі мемлекеттердің аударма тарихын зерттейді. 

Зерттеудің пәніне байланысты «аударма жүргізуі» әдеби аударма жүргізу 

(әдеби  аудармасының  теориясы),  этнографиялық  аударма  жүргізу,  тарихи 

аударма жүргізу деген түрлерге бөлінеді. 

Қазіргі кездегі аударма жүргізудің ең бастысы «лингвистикалық аударма 

жүргізу»  болып  табылады.  Аударма  жүргізудің  бөлек  түрлері  бір-бірін 

толығырып, аударма жүргізуді жан-жақты сипаттауға бағытталады. 

Аударма теориясы «жалпы аударма теориясы», «жеке аударма теориясы», 

және  «негізгі  аударма  теориясы»  (лингвистикалық  аударма  теориясының 

бөлімдері) деп бөлінеді. 

«Аударма  теориясы»  лингвистикалық  аудармасының  жалпы  заңдарын, 

қандай  да  бір  тілдер  жұптарының  қасиеттеріне  байланысты  болып,  осы 

процесстің жүзеге асыру әдісін және бөлек аударманың қасиеттерін зерттейді.   

«Жалпы аударма теориясы» аударманың әр түрлерін, қандай да бір тілден 

басқа тілге аудармаларын қамтиды. 

«Жеке  аударма  теориясы»  жеке  бір  тілден  басқа  бір  жеке  тілге 

аудармасының, лингвистикалық аспектілерін зерттейді. 

«Аудармадағы негізгі аударма теориясы» әр түрлі түпнұсқадағы  жанрда 

жазылған  мәтіндердің  аудару  процесінің  қасиеттерін,  осы  процестердің 

құбылысына  әсер  ететін  тілдік  пішіндерін,  оны  жүзеге  асырудың  жағдайын 

айқындайды. 

Жалпы  аударма  теориясы  жеке  және  арнайы  аударма  теорияларының 

негізгі анықтамаларын теориялық түрде анықтайды. 

Жеке  және  арнайы  аударма  теориялары  жалпы  аударма  теория 

заңдылықтарының бөлек аударма түрлеріне қатысын айқындайды. 

Аударма теориясы өзінің алдына келесі міндеттерді қояды: 

 

жалпы  лингвистикалық  аударманың  негіздерін  айқындау  және 



суреттеу, яғни тілдік жүйелердің қандай қасиеттері мен заңдылықтары аударма 

 

10 


процесінің негізінде болатындығын дәлелдеп, осы процестің мүмкіншілігі мен 

шегін көрсету; 

 

аударманы  лингвистикалық  зерттеудің  объектісі  ретінде  айқындау, 



оның басқа тілдік құбылыстарынан айырмашылығын нақтылау; 

 



аударма жүргізудің классификациялық негіздерін қарастыру; 

 



аударма  эквивалентік  мәтіндер  мен  аударманың  коммуникативті  тең 

негіз ретінде айқындау 

 

жеке  және  арнайы  аударма  теорияларының  жалпыпринциптері  мен 



құрылымындық  қасиеттерін  әр  түрлі  тілдердің  комбинациялары  үшін 

қарастыру; 

 

аударма  процесінің  жалпы  ғылыми  принциптерін  аудармашының 



негізгі мәтінді, аударма мәтініне жаңарту қызметі ретінде суреттеу; 

 



«аударманың  қалпы»  деген  аңықтаманы  айқындап,  аударманың  баға 

сапасының принциптерін қарастыру. 

Теориялық бөлімдерден бөлек, аударма лингвистикасының құрамындағы 

аударма әдістемесіне үйрету, әр түрлі сөздіктерді құрастыру, бағалау әдісі мен 

аудармаларды  өзгерту  сияқты  көптеген  қосымша  аспектілер  жатады.  Осының 

барлығы аудармашының қызметін жақсартады. 

Ең  аудымен  лингвистикалық  аударма  теориясы  дискриптивті  теориялық 

пен болып табылады. Ол аударма процессінің заңдылықтарын объективті түрде 

суреттеумен айналысады.  

Қорыта келгенде, аударма теориясында не болу керек екендігін емес, не 

бар  екендігін,  зерттеу  құбылысының  табиғатын  суреттеуі  жатады. 

Лингвистикалық  аударма  механизмін  суреттеу  көмегімен  ережелер  мен 

принциптерді,  әдістер  мен  аударма  тәсілдерін  құрастыра  отырып,  аудармашы 

өзінің алдына қойған мәселелерін сәтті түрде шеше алады. 

Аударма – бұл әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланыс 

мүмкіншіліктерін қамтамасыз етудің бір жолы. 

Сол  себептен  аударма  теориясы  үшін  тілдік  байланыс  процесінің 

қасиеттері тура және ауыспалы тілдік актілері, мәтін мен байланыс жағдайдың 

көмегімен мәтінді түсінуі адамның басқа құбылыстар негізгі әсер етеді. 

Лингвистикалық  аудармасында  ең  негізгі  зерттеу  әдісі  салыстырмалы 

аударманың  талдауы  болып  табылады,  яғни  мәтіннің  түпнұсқасы  мен 

құрамының  аудармасын  негізгі  мәтіннің  түпнұсқасы  мен  құрамымен 

салыстырудың  талдау.  Бұл  мәтіндер  зерттеу  мен  талдауға  келетін,  объективті  

фактілер болып табылады. 

Аударма процесінде әр түрлі тілдерде жазылған мәтіндердің арасындағы 

қарым-қатынас  байқалады.  Осы  мәтіндерді  салыстырудың  арқасында 

аударманың ішкі механизмін, эквивалентті бірліктерді көре аламыз. 

Сонымен  бірге  екі  не  одан  да  көпбір  мәтіннің  аудармаларын  салыстыра 

аламыз.  Лингвистикалық  аударма  теориясының  құрылуының  жолында 

«аударылмайтынның  теориясы»  деген  түсінбеушілік  пайда  болған.  Тіл  білімі 

жағынан,  аударманы  қарастырғанда  негізгі  мәтінді  басқа  тілге  тура,  дәл 

аударуға мүмкін емес. 



 

11 


Қайсыбір  мәтіннің  ерекшелігін  нақты  түрде  басқа  тілде  жеткізу  мүмкін 

емес. Сондықтан аударма процесі мәтінді дәл, тура жеткізу болып табылмайды. 

Дәлділіктің  болмауы  мәтінді  түсінуге  әсер  етпейді.  Мысалы:  «A  good  student 

never  comes  unprepared»,  «Жақсы  талапкер  (студент)  сабаққа  ешқашан  да  

дайындалмай келмейді». Осы мысалда студент деген өз ұл бала мен қыз баланы 

білдіреді.  Бірақ  неміс  пен  француз  тілдерінде  зат  есімді  міндетті  түрде  атау 

керек, осыған қарамастан сөйлемнің мәні бізге түсінікті. 

Қорытындылай  келе,  аударманың  ең  басты  мақсаты,  ол-  тіларалық 

байланыстың қандай да бір түрін құрастырып, сол арқылы мәтіннің аудармасын 

негізгі мәтін мағынасына сай келетіндей еткізу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет