Тема дегеніміз — ескі ақпаратты және минимальді, ең аз
коммуникатиқтік ақпарат жүйесімен жеткізетін мағыналық бөлшен.
Ал, Рема дегеніміз — жаңа ақпаратты максимальді ең көп
коммуникатиқтік ақпарат жүйесімен жеткізетін мағыналық бөлшен.
Мысалы: Бөлмеге егде адам кірді.
«Бөлмеге» - тема болып табылады, «егде адам» - рема, ал «кірді» етістігі
тема және рема арасындағы байланыс түтігі.
Ғылыми әдебиеттерде тема және рема арасындағы қолдану
айырмашылығы әлі белгіленбеген. Қандай да бір айтылған сөйлем әр түрлі
деңгейлерден тұратын әр түрлі деңгейлерден тұратын коммуникативтік жүйені
білдіреді: минимальді темадан бастап, максималді ремаға дейін коммуни-
кативтік жүйе орын алады.
Ағылшын тіліндегі сөйлемнің орын тәртібіне ұқсас, олар реманың,
сөйлемнің ең соңында тұруын талап етеді. Бірақ кейбір жағдайларда рема, яғни
негізгі ақпарат, ағылшын тілінде ең сонында тұра бермейді. Себебі оның
тұруына сөздердің тұрақты синтаксистік орын тәртібі кедергі жасайды. Осыған
қарамастан рема ағылшын тілінің коммуникативтік орталығы болып табылады
да, сөйлемнің соңында тұра алады.
Мысалы, келесі сөйлемдерді салыстырып көрейін:
Show me the book. - кітапты маған көрсет.
Show the book to me first - ең алдымен кітапты маған көрсет.
Егер ағылшын тіліндегі синтаксистік сөздердін орын тәртібі еркін болса,
онда коммуникативтік орын тәртібі қатал, ережелерге сай негізделуі қажет.
Ақпарат темадан ремаға ауысады, сондықтан негізгі ақпарат
мәлімдемесін сөйлемнің сонында іздеу керек.
Егер де ағылшын тіліндегі сөздердің синтаксистік орын тәртібі қатал
болып, ал коммуникативтік еркін болса, онда негізгі ақпаратты сөйлемнің
басына іздейміз. Сондықтан осындай сөздердің орын тәртібі аудармашы жүзеге
асыруға қиындатады.
Орыс тіліндегі сөздердің синтаксистік орын тәртібі еркін болып келеді.
Ағылшын
тіліндегі
хабарлы
сөйлемнің
бастауышы
әрқашан
баяндауыштың алдында тұрады.
Мысалы: The teacher is reading. - Мұғалім оқып жатыр.
44
Бірақ кейбір жағдайларда ағылшын тіліндегі бастауыш пен баяндауыш
сөйлемде өз орындарын ауыстырады. Осындай әрекет: инверсия деп аталады.
Инверсия екі түрлі болады: толық және толық емес.
Толық инверсия
1.
Сұраулы сөйлемдерде болады ондағы етістік to be етістік қызметін
атқарады.
Is the chief in the office? - Бастық өзінде ме?
Are you student? Сіз студентсіз бе?
2.
Әдеби тілде, егер автордың қандай да бір сөйлем мүшесін
айқындағысы келсе:
From downstairs came the sound of radio playing a song he had never heard
before. - Оның ешқашан естімеген өлеңі, радионың дыбысымен төменнен
естілді.
Толық емес инверсияда модалді көмекші етістіктер бастауыштың
алдында қойылады.
1.
Сұраулы сөйлемдерде
Do you know the man? - Сен бұл адамды білесің бе?
Are you happy? -Сіз бақыттысыз ба?
Can you see anyone overthere? - Сен ана жақтан біреуді көріп тұрсың ба?
2.
Құрмалас сөйлемдерде. Шартты рай.
Had he come, we should not have known to talk to him about? - Егер ол келсе,
біз онымен не туралы әңгімелесуді білмейтін болушы едік?
Қазіргі ағылшын тілінде осындай сөйлемдер сирек кездеседі де, олар тек
қана кітаби стил үдерге тән.
3.
Жай сөйлемдерде сөйлемнің басында әмөаза мақсатымен кейбір
сөздерді шығарғанда болуы мүмкін: Never did he come in time! - Ол ешқашан да
уақытымен келген емес!
Only then did he remember the girl's name.- Сонда ғана ол осы қыздың
атын есіне түсірді.
Сонымен, қорытылай келе, орыс тіліндегі коммуникатиқтік орын тәртібі
тұрақты белгіленген, ал синтаксистік орын тәртібі еркін, тұрақсыз. Ағылшын
тіліндегі осыған орай қарама-қарсы жағдай туындайды. Ағылшын тілінде
сөздерді: коммуникативтік орын тәртібі еркін, ал синтаксистік - тұрақты
белгіленген. Яғни ағылшын тілінде аналитикалық ерекшеліктері басым. Ал
орыс тілі өзінің синтетикалық ерекшелігімен ерекшеленеді.
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.
Аудармадағы инверсия дегеніміз не? Ол неше түрлі болады?
2.
Толық инверсия аудармада қалай анықталады?
3.
Толық емес инверсия аудармада қалай анықталады?
45
№11 ДӘРІС
Аудармадағы трансформацияның негізгі типтері
Аудармада тілдердің әр түрлі құрылымы трансформацияның қолданудың
себебі болады (аналитикалық-ағылшын мен орыс-синтетикалық тілдер).
Трансформациялық аударма-трансформациялық аударманың бір түрін
қолданатын аударма түрі.
Трансформацияның келесідей түрлері, типтері болады: лексикалық пен
грамматикалық, жиі лексика-грамматикалық трансформация түрлері кездеседі.
Лексикалық
аударма
лексиканың
ерекшелетіндігі.
Лексиканың
ерекшелетіндігінің үш түрі:
1) қосу,
2) алып тастау,
3) ауыстыру.
Грамматикалық-аударма үрдісіндегі аударма тілі нормаларына сай,
тұрлаулы сөйлем мүшелерін ауыстырған кездегі сөйлем құрылымының
ерекшеленуі-толық трансформация болады да, тұрлаусыз сөйлем мүшелерін
ауыстырғында-бөлшектік трансформация делінеді.
Трансформацияның типтері (түрлері)
1.
Транскрипция - лексиканы аударудағы аударма тілінің (АТ) әріптері
арқылы түпнұсқа бөлшектерінің үндік формасы қайта беру тәсілі. Қазір
транскрипция - қарқынды хабардар ету ретінде жиі пайдаланылады (Георгий
Женов, Georgji Zhonoff).
Транслитерация – аударма тілінің (АТ) әріптері арқылы оның графикалық
формаларын қайта жеткізу жолдары.
2.
Калькалау – түпнұсқадағы лексикалық бөлшектер кұрылымының
морфемдер, немесе сөздер (тұрақты сөз тіркестері негізнде) Аударма тілде (АТ)
олардың лексикалық баламаларымен ауыстыруы (shock worker-өндіріс
жүлдегері, house of commons - палата общин – қазылар алқасы: бөлшектер
бойынша аудару; ішкі форманы жеткізу) сияқты калькалауға болады (John Saw
– Джон Со) бір сөзді сөзбе - сөз аударып; басқасы транскрипцияланады.
Транскрипциядан өтеді.
3.
Ауысымдар мен оның типтері:
-
сөз формасының ауысымы – cut sausage - шұжықтан кес, cut the
sausage - шұжықты кес.
-
сөз таптарын ауыстыру – smoke- have a smoke
-
сөйлем мүшелерін ауыстыру – Moscow held a conference (ортақ етіс)
-
жалғаулықсыз байланысты жалғаулықтымен ауыстыру – I bought a
bread and meat and milk and cheese. Жалғаулықсыз байланыс орыс тіліне тән
болса, ал ағылшын тіліне – жалғаулықты байланыс.
4.
Қосу – негізгі тіл бөлшектерінің мағынасын орнықтыратын түрі
(«Таймс» газеті ақпараттары бойынша)
5.
Алып тастау – негізгі тілдегі лингвистикалық пен стилистикалық
нормаларын бұзбау үшін аударма жүзінде қолданылатын сөз немесе сөздерді
46
алып тастау тәсілі. Паронимия- заң тіліне тән құбылыс (Just & equitable peace -
справедливый мир- әділ әлемі)
6.
Нақтылық- негізгі тіліндегі жалпылама мағынасындағы сөзді аударма
тіліне нақтылау түрінде аудару to leave - покидать - кету, тастап кету, тастау
7.
Мұқият ауыстыру – тармағындағы негізгі тілдегі (НТ) лексика-
семантикалық бөлшектердің аударма тіліне (АТ) кең мағыналық бөлшектерімен
ауыстыруы аударма ісінде сөз реалдарын аударғанда жиі қолданылады - do you
use astra - ты пользуешся порошком «Астра» - Сіз «Астра» ұнтағын
пайдаланасыз.
8.
Антонимикалық аударма – аудармадағы тұпнұсқаның дәлдік
формасын болымсыз түріне (немесе керісінше) ауыстыратын лексика-
грамматикалық трансформациямен қатар, негізгі тілдің лексикалық бөлшектері
аударма тіліне қарама-қарсы мағыналарымен ауыстырылып беріледі. Keep off
the grass -Гүл еккен жермен жүруге болмайды.
9.
Экспликация- негізгі тілдің лексикалық бөлшектері оның мағынасын
түсіндіретін
сөз
тіркестерімен
ауыстырылғвн
лексика-грамматикалық
трансформация. Sidesman - намазға жығылған кездегі шеркеу басқарушының
көмекшісі.
10.
Аудармадағы жоғалтулардың орнын толықтыру ісі – түпнұсқаның
негізі тілін аударғанда жоғалтылған ұғым элементтері, бірақ та түпнұсқа мен
аударманың дәлме-дәл сәйкес болуы міндетті емес бола тұра, аударма мәтіні
басқа құралдармен беріледі. (біліктілігі төмен сөйлеу әрекеті, диалектизмдер
туралы кейін немесе мәтін соңында сілтеме ретінде берілуі мүмкін...)
I’ve got 400 bucks -Менде 400 капуста, “It was a shock”-Tina said - қуануға
болады
11.
Ауыстыру (транспозицялар) – бұл ағылшын мен орыс тілдеріндегі
сөздердің әр түрлі орын тәртіптерімен байланысты трансформациялар. Орыс
тілінде ауыстырудан еш нәрсе өзгерілмейді, ағылшын тілінде барлығы
өзгеріске түседі.
-
сөздердің синтаксистикалық орын тәртібі - сөйлем мүшелері Mary
loves John.
-
коммуникативтік –тақырып пен реманың белгіленуі.
Ағылшын тілінде сөздердің синтаксистік орын тәртіптері еркін болса,
коммуникативтігі- қатаң түрде бекімін тапқан Т - Р, ақпаратты басынан іздеу
керек Р – Т.
Жоғарыдағы керсетілгендер сөздердің тура объективтілік орын
тәртіптемесіне жатады. Сонымен қарат субъективтілік (инвертивтілік) түрлері
бар – Often does he come to her - ол оған жиі келеді
12.
Мағыналық даму – контекст пен сөздік, аудармадан тыс шығып кету
болмағанда, мағыналық даму аудармасы қолданылады. Толық сөйлемнің
мағынасын түсіну керекті, содан кейін оның аудармасын табу қажет.
13.
Толық безендіру тәсілі – контекстуальдік пен сөздік мағынасына
сүйенбейтін сөздерді іздеп, не туралы айту керектігін түсіне білу. Мысалы, жиі
кездесетін (әдептілік сақтайтын - Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіздер!) лексикалық
бірліктерді аударуға тура келеді.
47
Трансформация себептері:
1.
Лексика-семантикалық:
-
негізгі тіл мен аударма тіліндегі сөз мағыналарының көлемдері сәйкес
болмауы (got a bread?- капуста бар ма? I’ve got 400 quids (Бэл) Менде 400
фунттай бар)
-
дифференциялық (біркелкі) мен дифференциялық емес- (hand, arm –
қол; foot, leg – аяқ; blue - көк, көгілдер)
-
әр түрлі тіларалық қатынас – (соғыста жеңу; жеңу, неке қию, әскери
әрекет жасау)
-
негізгі тіл мен аударма тіліндегі лексикалық бірліктердің болмауы (the
West Wind blew him in the face - суық жел)
2.
Грамматикалық:
-
негізгі тіл мен аударма тіліндегі сөздердің орын тәртібі әр түрлі
болуы;
-
синтаксистік құрылымдардың амбиваленттігі (екі мағыналылығы)
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.
Аударма кезіндегі трансформациясының түрлерің атап кетіңіз: тілдің
әр турлі деңгейінде аударманың қандай түрлері айқындалады, әр түрге
мағынасын жауап беріңіз?
2.
Транскрипция мен транслитерация дегеніміз не, мысалдар келтіріңіз?
3.
Әріптік аударма дегеңіміз не, мысал келтіріңіз?
4.
Сөзбе-сөз аударма дегеңіміз не, ол қай салаларда қолданылады?
5.
Контекстуальдық ауысымдарға қандай ауысымдар жатады?
48
№12 ДӘРІС
Калькалау мен бейнелеу аудармасы
Бұлар трансформация типтеріне жатады.
Калькалау – түпнұсқаның лексикалық бірліктер құрылымы бөлшектерін –
морфема немесе сөздердің (кейде тұрақты сөз тіркестерін) аударма тіліне (АТ)
лексикалық баламаларымен ауыстыру жолымен өтетін аударма тәсілі.
Саяси, ғылыми және мәдени салаларындағы сөз тіркестерінің көптеген
саны тәжірибе жүзінде калькіге жатады:
Ел басы- Head of the government- глава правительства
Supreme Court- Жоғары Сот-Верховный суд
Mixed laws-Аралас заңдар- смешанные законы
Non-confidence vote-вотум недоверия- сеңімсіз қалып және т.б.
Калькалаудың транскрипциядан айырмашылығы - әрқашан да оның
аударма тіліне негізгі түрін ауыстыруда жай механикалық операция
болмауында; көбіне кейбір трансформацияларға жүгінуге тура келеді.
Біріншіден, бұл септік формаларын, сөз тіркестеріндегі сөздер санын,
аффикстерді, сөздер тәртібін, сөздердің морфологиялық, немесе синтаксистік
дәрежелерін өзгерткеніне қатысты. Мысалы, skinheads немесе skinheaded деген
ағылшын сөздері калькалауға оның семантикалық сөз мағынасының өзгерумен,
не жалпы трансформациямен (мысалы, тазбасты) байланысты; two-thirds
majority деген ағылшын сөйлемі орыс тілінде, мысалы «үштен-екіден көп
дауыс» калька бола тұра, трансформацияның морфологиялық пен синтаксистік
түрлерін қалайды.
Ағылшын тіліндегі кейбір аффикстер орыс тілде сын есім болатын
дербес ерекшеліктерге сәйкес келеді, бұл да керекті трансформацияларды
калькалау үрдесіне ендіреді, мысалы: maldistribution of costs - қаражатты дұрыс
бөлмеу; maltreatment - жақсы емдеу емес, non-taxable income-салық
салынбайтын кіріс.
Жалпы, калькалауға терминдер, кең қолданылатын сөз бен сөз тіркестері
тап болады, мысалы:
Тарихи-мәдени ескерткіштерінің атаулары: White Palace – Қысқы
Сарай White House- Ақ үй
Көркем шығарма атаулары: «The White Guard -Ақ Гвардия» «Over
the Cuckoo’s Nest- Көкек ұясы үстінде»
Саяси партия мен құбылыстардың атаулары: The Democratic Party
-Демократикалық партиялар
Тарихи оқиғалар мен сөйлемдер: Баты хан басқыншылығы-The
invasion of Batu Khan. Оқу-ағарту негізгі-The Fruits of the Enlightenment
Кейбір кездерде, әсіресе тарихи оқиғалар мен кезеңдерге немесе мәдени
нысандарға қатысты, бірнеше қатарлас бірізділіктер қолданылады, мысалы; әр
түрлі екі калька, не калька мен транскрипция:
Өзгерген замаң -Смутные времена – the period of unrest, the Time of
Trouble
49
Татар-монгол басқыншылығы- Татаро-монгольское нашествие – the
Mongol invasion, the Tartar conquest Успен мазары-Успенский собор – Uspensky
Sobor, the Cathedral of the Assumption раскольники-староверы – raskolniki, Old
Believers.Естілікті діншілер
5.
Егер де олардың ішінде «адарма» компоненттері енген кезде, тау, көл,
теңіздердің географиялық атаулары калькалау тәсілімен аударылады:
Жартас таулары- The Rocky Mountains – Скалистые Горы Ащы көл-The
Salt Lake - Соленое Озеро Қара теңіз-Черное Море - the Black Sea Үнді мұхиты-
The Indian Ocean - Индийский океан Піл сүйек жағалауы-Ivory Coast - Берег
Слоновой Кости
Егер де атауларға бір себептермен аударуға келмейтін мағыналары
ұытылған сөздер енген жағдайларда, күрделі аралас аудару тәсілдері
қолданылады, осындай атаулардың бір бөлігі транскрипция арқылы аударылып,
жалпы, толығында калькілеу принципі сақталады.
Ладож көлі - Ладожское озеро – Lake Ladoga Дарт өзені - River Dart -
река Дарт.
Терминдерді аударғанда калькалауды қолдануға болады: бұнда не сөз
құрамы аударылып немесе сөз тіркесінің бір түрі тууы мүмкін: артқы қатары
орындық-back-bencher - заднескамеечник кіріс салығы-income tax - подоходный
налог шешімдер қабылдауы-decision-making - принятие решений тәуекелді
талдау-risk analysis - анализ риска ақпарат негізінің дамуы-database
development - развитие базы данных
Аударма позициясын қалыптастыруға көмек ететін көзқарастар:
1.
Дәлдік пен нақтылықты жеткізуге бағыттылған аударма түрі кей кезде
ұтымды болуы мүмкін емес, себебі оның нәтижесінде тіл бірліктерін
қабылдауы ыңғайсыздыққа ұшырап, бұндай жағдай, әсіресе, дәлме-дәл
калькалауда болады, мысалы: жалпы, кұрылымынан негізгі бірлікке, соңғысы
жақынырақ бола тұра, Лондалық Тауэры, Тауэр Лондондікіден гөрі
ұтымдырақ, бірақ та басқа да мысалдар сияқты бұнда да жалпылама
құрылымнан гөрі оның функциональдық жағын аудару қажет.
2.
Транскрипциядан гөрі, көбінде калькалау ең тиімды аударманың
тәсілі болып саналады, себебі транскрипциялау нәтижесінде ыңғайсыз
қабылдайтан, қиындыққа ұшыраған аударма тілінде мағыналарынан айырылып
қалған псевдосөздер ретіндегі бірліктер жасалынады.
Егер де транскрипциядан қаша алмасақ, бұны, негізінен, калькалау
формасымен тіркестіреді, олар есім атауларын аударғанда жиі кездеседі,
мысалы: Иван Калита дегеннің ағылшын тілінде бірнеше баламалары бар:
өзіндік экзотикалық көрінісі бар еуропалық аттар дәстүрлеріне мүлдем тән емес
болып қабылданатын Ivan Kalita транскрипциясы; Ivan Kalita ( the “Moneybags”)
(калька мен лексик-семантикалық баламалар мен тіркесетін транскрипциялар)
және, соңғысы, ағылшын дәстүріне басшы атау тәсілі жақыңырақ негізгі
есімнің құрылымын сақтай отыра берілетін John the Moneybags баламасы. Бұл
аударма тәсілінің пайдаланудағы ерекше күрделі жақтарының біріне негізгі
құрылымның ашу мен жабудың керектілігі жатады, яғни оған қосымша
элементтердің қосылуы, неммесе негізгі элементтердің қысқартылуы: мысалы,
50
«отырыс» ұғымы ашық аралас, “office of posadnik” калькімен жеткізіледі, ал
Юрий Долгорукий – Yury the Long Hands (Long-handed емес) Ұзұ ұолды Юрий
деп, татар-монгол басшылығы, ереже бойынша, қысқартылған түрдегі
калькімен беріледі – the Tatar Conquest немесе Mongol Onslaught түрінде.
Калькалау ережелері
1.
Аударма мәтінінің негізгі ұғымдық бірліктерін жасауға талап
қойылып, түпнұсқа бірліктердің қолданыс пен элемент түрлерін сақтауға
бағытталғанда, калькалау тәсілі қолданылады.
2.
Калькалау георафиялық тарихи-мәдени оқиғалар мен орындарды,
дәреже мен атақтарды, оқу орындарын, мемекеттік мекемелер, мұражайлар,
терминдер атауларын беруге қолданылады және т.б.
3.
Кейбір кездерде калькалау транскрипция мен лексика-семантикалық
қалпын бірігіп қалыптастыруда қолданылады.
4.
Кей жағдайяттарда калькалау негізгі бірліктердің ашылу/жабылу
процестер мен, екі тілдің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты, қатарлас
қолданылады.
Бейнелеу(экспликация)
аудармасы
–
лексика-грамматикалық
трансформация, оның негізінде НТ (негізгі тілдің) лексикалық бірлігі, оның
мағынасын бейнелейтін сөз тіркесімен ауыстырылады, яғни аударылатын
тілдегі (АТ) бұған толық, не толық емес түсініктеме беретін лексика-
грамматикалық трансформация (ауысым) – бейнелеуіш аударма (экспликация)
деп аталады.
Аударма ісіндегі жинақталған сөз тәсілдері белгілеген жағдаятты толық
қанағаттандыра алмағанда, аудармашылар бейнелеу аударма түрін қолданады.
Негізінен, бейнелеу аударма түрі транскрипциямен қатарлас терминдер,
мәдени оралдарын, ерекше объектілерді, сонымен қатар тағы басқа
мәліметтерді аударғанда, қолданылады. Сонымен, орыс тілінен ағылшын тіліне
орыс халқының қолөнеріне арналған, осыған қоса, оларды жөндеу , реттеу
жайлы мәтіндерді жөндеу негізінде сондай тарихи-мәдени ісінің жоқтылығын
аңғарамыз, сондықтан осыған байланысты көптеген ұғымдар орын алмайды.
Мысалы, диалектілік шығуы бар «кружало» термині ағылшын тіліне
осындай тәсілмен жеткізіледі: «kruzhalo» (ring-shaped base of the cupola of the
wooden church). Келтірілген жақшадағы бейнелеу. Мәтіннің міндетті жағы
болып, әрі қарай, жекеше күйінде ring-shaped base of the cupola атауы болып
қолданыла алады.
Мәтінге аңықтама мен ескертпелер болған жағдайда бейнелеу аудармасы
қолданылады.
Мысалдар ретінде: conservationist – қоршаған ауаны қорғауын қалайтын
whistle - stop speech – сайлау кезіндегі үгіттік жолсанардағы кандидаттың
баяндама жасауы.
Бейнелеу аударманың кемшілігі оның көпсөздігінде жатыр. Сондықтан
бұл тәсілдің ұтымды қолданылуы қысқаша салыстырмалы түсініктеме бермей-
ақ болатын жағдайда бұл тәсіл ұтымды қолданылады.
|