Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты


Е,  і,  ы  əріптері  сөздің  барлық  буындарында  жазылады.  Еріндік  дыбыстардан  кейін  келсе,  бұл дыбыстар  олардың  ықпалына  ереді.  Ы,  і



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Е,  і,  ы  əріптері  сөздің  барлық  буындарында  жазылады.  Еріндік  дыбыстардан  кейін  келсе,  бұл

дыбыстар  олардың  ықпалына  ереді.  Ы,  і  дыбыстары  фонетикалық  құбылыстарға  ұшырайды

(редукция, протеза, эпентеза т. б.).

Еріндік  дауыстыларға  о,  ө,  ұ,  ү  дыбыстары  жатады.  Бұл  фонемалар  сөздің  бас  буынында  ғана

жазылады, ал айтылуда кейінгі буында да кездеседі (құлын – құлұн, толық – толұқ, құлық – құлұқ).

Қазақ  тілінде,  кейбір  басқа  түркі  тілдеріндегідей,  е,  (э),  о,  ө  фонемалары  сөздің  бас  (анлаут)

позициясында дифтонг түрде айтылып отырады. Мысалы: ер, ол, өр деген сөздердегі е дауыстысы йэ

түрінде,  о  дауыстысы  уо  түрінде,  ө  дауыстысы  уө  түрінде  естіледі.  Кей  ғалымдар  сөздің  басында

келген е, ө, о дыбыстарын дифтонгонд деп атап жүр (Ə.Жүнісбеков, К.Аханов).

У,  и  арқылы  айтылатын  фонемалардың  əрқайсысы  екі  элементті  (қосарлы)  фонема.  Дифтонг

дауыстылар  екі  дыбыстың  қосарлануынан  жасалады:  дауысты  +  дауыссыз,  яғни  ұу,  үу,  ій,  ый  деген

дыбыстардың  бірі  –  буын  жасай  алатын,  екіншісі  –  буын  жасай  алмайтын  дыбыс.  Мұндай  қосынды

дауысты тұйық дифтонгілер тобына жатады.

 

5-дəріс. Дауыссыз дыбыстар (консонантизм)



1. Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда əлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде – 26.

Қазақ  тіліндегі  дауыссыз  дыбыстардың  саны  сонау  Н.Ильминскийден  кешегі  40  жылдарға  дейін

көбіне 19 делініп келді.

Ə.Жүнiсбеков  қазақ  тілінің  консонантизмдер  жүйесінде  66  сингармодыбыстардан  тұратын  17

сингармотипті айқындады: б, г-ғ, д, ж, з, й, к-қ, лмн, ң, п, p, с, т, у, ш. Бұлаpдың қатаpында в, ф, х,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет