дыбыстардың түрлі болып айтылуы фонеманың қай позицияда орналасқандығына байланысты. Əлді
позицияда сингармофонемалардың сингармодыбыстары өзгермейді, ал əлсіз позицияда
] – сингармоварианттар.
Сингармофонеманың құрамындағы сингармодыбыс белгілі бір позицияда ғана кездеседі. Сондай-ақ
позиция принципі мен сингармофонема – сингармодыбыстар қоры ұғымдары бірі екіншісіз теория
ретінде қалыптаса алмайды. М.Жүсіпұлы дауысты дыбыстар жүйесінде сингармодыбыстиптен жəне
сингармодыбысварианттан басқа сингармовариат атты позициялық сингармодыбыс бар екенін айтады.
Бір морфеманың құрамында, сингармодистрибуциялық жағынан əр түрлі, бірақ тең (бір түрлі)
позицияларда кездесетін сингармодыбыстар сингармовариат дейді. Ол сингармодыбыс /а/ – /е/, /ы/ – /
Сингармониялық теорияның бір топ аталымдары мен ұғымдарын, ұстанымдарын ғылыми
айналымға енгізген Ə.Жүнiсбеков фонема теpминiнiң оpнына сингаpмема теpминiн қолдануды
ұсынған. Ғалым қазақ (түpкi) тiлiнде сөз ажыpатушы жəне мағына ажыpатушы қызметтi
сингаpмонизм де атқаpатынын дəлелдедi. Ə.Жүнiсбеков Х.Досмұхамедұлы жəне сол кездегі басқа
қазақ зиялыларынан кейін бірінші болып сингаpмонизм тек дауысты дыбыстаpдың ғана гаpмониясы
емес, сондай-ақ дауыссыз дыбыстаpға да қатысты екенiн, олаp (дауысты жəне дауыссыз дыбыстаp)
сингаpмониялық тембpдiң (сингаpмотембp) ықпалына бipдей ұшыpайтынын, сингаpмонизмнiң басты
фонологиялық қызметi қазақ (түpiк) сөзiнiң өн бойында бipкелкi тембpдiң сақталуында екенiн,
сингаpмониялық тембp конститутивтiк жəне сөз ажыpатушы қызмет атқаpатынын айтады.
Сингаpмонизмнiң конститутивтiк қызметi сөздi дұpыс тануды (ажыpатуды) қамтамасыз етедi.
өзiне тəн бip тембpдiң сақталуымен ажыpатылады дейдi. Бұл оpыс тiлiнде екпiн қалай болса, қазақ
тiлiнде сингаpмонизмнiң де сондай сөз анықтағыш қызмет атқаpатынын байыптайды. Ол қазақ
Бұдан тiлiмiзде еpiндiк пен езулiк сингаpмонизмдеpi бipдей қызмет атқаpатыны, сөз ажыpату
қызметі жағынан олаpдың бip-бipiнен айыpмашылығы жоқ екендiгi анықталады. Ə.Жүнiсбеков еpiн
үндестiгi мен езу үндестiгiнiң бip-бipiнен аpтикулятоpлықтан басқа айыpмашылық жоқ. Сондықтан
еpiн үндестiгiн өз алдына жеке құбылыс демей, тек сингаpмонизмнiң түpi деп қаpастыpған жөн деген
тұжыpым айтады.
керек болады. Олар: анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық) аспект, акустикалық (немесе
физикалық) аспект, лингвистикалық (немесе функционалдық) аспект.
1. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны
басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нəтижесі. Дыбысты жасауға қатысатын
мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, мұрын қуысы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, тіл,
кішкене тіл, таңдай, жақ, ерін т. б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау мүшелері актив
жəне пассив болып екіге бөлінеді.
Дыбыстау мүшелерінің ішінде əсіресе дауыс шымылдығы, тіл жəне еріннің қызметі айрықша.
Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып,
керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның əсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл
білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан
(тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дəрежесі əртүрлі: үнділерде, көбірек, ұяңдарда азырақ
болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр
(немесе шу деп айтуға болады) өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан
пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді.
2. Акустикалық, артикуляциялық жəне басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен
дауыстылар жəне дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың əрқайсысына тəн
негізгі айырым-белгі, ерекшеліктер мынадай болып келеді.
1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал
дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің
барлығы дерлік қатысады. Мəселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады,
жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай көтеріліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды
айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады.
Мəселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты
айырым белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Əн (вокал) дауыстылардың осы қасиетіне
негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сөздерінің
құрамындағы т фонемасының дауыстылардың əсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылады.
Сондай-ақ дауыстылар қатаңды ұяңдатып тұрады. Мəселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой), ағ ешкі
(ақ ешкі) т.б.
Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.
4-дəріс. Дауысты дыбыстар (вокализм)
1. Тілдік дыбыстар, олардың түрлері мен құрамы. Дауысты дыбыстар
1. Қазақ тіл білімінің зерттелуінің алғашқы адымы орыс ғалымдарының еңбектерімен басталағаны
белгілі. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Малиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов т.б.
Демек, дауысты дыбыстардың саны мен сапасының анықталуы да осы зерттеулерден басталады.
Н.И.Ильминский еңбегінде қазақ тілінде сегіз (а (ə), е, ы, і, о, ө, ұ, ү) дауысты дыбыс бар деп, ə
дыбысын а-ның варианты десе, В.В.Радлов қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс барын көрсеткен. Қазақ тіл
білімінің негізін қалаған А.Байтұрсынов та қазақ тілінде дауысты дыбыстардың саны тоғыз екенін
анықтайды. Қ.Жұбанов 1935 ж. шығарған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты еңбегінде дауысты
дыбыстың жеті түрін (а, е, о, ұ, ы, ұу, ый) көрсетіп, жазуда дауысты дыбыстарды жуанын бір əріппен,
жіңішкесін бір əріппен таңбалаймыз дей келіп, оларды төмендегіше айырған:
Жуаны – а, о, ұ, ы, ұу, ый
Жіңішкесі – ə, ө, ү, і, үу, ій
1941 ж. шыққан М.Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында дауыстылардың саны
13-ке (а, о, ү, ұ, і, э, (е), у, и, ə, ө, ы жəне я, ю) дейін жеткен.
1953 ж. жарық көрген Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілі» оқу құралында дауыстылардың саны 12-ге (а,
Достарыңызбен бөлісу: