ӘДЕБИЕТТЕР:
Меңдешев С. 1916 жылғы қазақ көтерiлiсiнде патша әкiмдерiнiң
қолданған әдiстерi /С.Меңдешев //ҚаҺарлы 1916 жыл (құжаттар мен
материалдар) 2-шi том. – Алматы, 1998. – 232-234 б.
Меңдешев С. Бөкей қазақтарының 1916 жылғы көтерiлiсi /С.Меңдешев
//Социалистiк Қазақстан. – 1936. – 2,3, 6,8 июнь; Екпiндi құрылыс. – 1936. –
12,14,15,18 июнь.
Меңдешев С. Қазақстанда кеңес құрылысының алғашқы жылдары
/С.Меңдешев //Социалистiк Қазақстан. – 1935. – 21, 24, 27 сентябрь.
Меңдешев С. Қырғыз революциялық комитетi /С.Меңдешев //Қазақстан
азамат соғысының от-жалынында. – Алматы, 1960. – 360-365 б.
Меңдешев С. Лениннiң жолы /С.Меңдешев //Еңбекшi қазақ. – 1924. – 4
март.
Меңдешев С. Мәдениет төңкерiсi жолындағы жұмыстарымыз
/С.Меңдешев //Еңбекшi қазақ. – 1930. – 26 декабрь.
Меңдешев, С. Мектептегi интернационалдық тәрбие жұмысы қайтсе
жақсы қойылады /С.Меңдешев //Социалистiк Қазақстан. – 1934. – 4 апрель.
Ол туралы:
Меңдешев Сейтқали (1882 –1937) //Алматы: Энциклопедиялық
анықтама. – Алматы, 1983. – 413-414 б.
Меңдешев Сейтқали (1882-1937) //Қазақ ССР. Қысқаша энцклопедия.
Т.1. – Алматы, 1984. – 345 б.
90
Меңдешев Сейітқали (16.6.1882- 1937) //Қазақстан: Ұлттық
энциклопедия. Т.6. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы,
2004. –
469 б.
Меңдешев Сейітқали Меңдешұлы //Қазақстан тарихы: Энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2006. – 568 б.
Сейтқали Меңдешев (1882-1937) //Қазақтар: Көпшiлiкке арналған тоғыз
томдық анықтамалық. Т.2: Тарихи тұлғалар. – Алматы, 1998. – 155-156 б.
Сейтқали Меңдешев (1882-1937 ж.ж.) //Тарихи тұлғалар: Танымдық
көпшілік басылым: мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. –
Алматы: Алматыкітап, 2005. – 57-58 б.
Бектібаева Л. Жаңа өмірдің жаршысы: [РҒПК да өткен мемлекет
қайраткері, Қазақ КСР Оқу ағарту халық комиссары, саяси қуғын-сүргін
құрбаны С.Меңдешевтің туғанына 130 толуына арналған кеш туралы] / Л.
Бектібаева // Қазақстан мұғалімі. - 2012. - 28 желтоқсан.
Бiрiмжанов Б. Қазақ халқының жоқшысы: [Сейтқали Меңдешев – iрi
саяси тұлға, ағартушы болған адам] /Б.Бірімжанов //Ұлт тағылымы. – 2000. -
№ 4-5. – 42-46 б.
Әбдікәрімов С. Меңдешовтің тағдыры: [қоғам және мемлекет
қайраткері, Қазақ КСР Оқу ағарту халық комиссары Сейтқали Меңдешев] /
С. Әбдікәрімов // Парасат. - 2009. - № 4. - 12-13 б.
Иманғалиев А. Меңдешев Сейітқали – қоғам қайраткері /А.Иманғалиев,
Г.Құрманғалиева //Қазақстан мектебі. – 2004. - № 1. – 74-75 б.
Сақиқызы Ғ. Күрескерлік рух: [қоғам және мемлекет қайраткері, ұстаз,
ағартушы, ғалым оқу-ағарту халық комиссары Сейтқали Меңдешевтің
туғанына 130 толуына арналған РҒПК-да өткен кеш туралы] / Ғ. Сақиқызы
// Ана тілі. - 2012. - 21 желтоқсан - 4 қаңтар.
Хасан С. Алашшыл болып туып, алашшыл болып көз жұмған: [мемлекет
қайраткері Сейтқали Меңдешев туралы] / С. Хасан //Ақиқат. - 2009. - № 8. -
36-
43 б. –
Маусым
18 жұлдыз
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Зейнолла Жаңабайұлы Жаңабаевтың туғанына 75 жыл
(18.06.1942)
Жаңабаев Зейнолла Жаңабайұлы 1942 жылы 18 маусымда Жамбыл
облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген.
1968 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың физика факультетін
тамамдап, аспирантураға түседі.
1981 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де жұмыс жасады.
1986 жылға дейін жалпы физика кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.
1986-
1992 жылдар аралығында физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі, ал 1992 жылдан бастап жылу физикасы және молекулалық
физика кафедрасының доценті, кейін профессоры, 2000 жылдан 2009 жылға
дейін өзі негізін қалаған бейсызық физика және электроника кафедрасының
91
меңгерушісі болды. 1996 жылдан бастап математика ғылымдарының
докторы, 1997 жылы оған физика профессоры атағы берілді.
Оның ғылыми зерттеулері турбуленттілік физикасы, бейсызық физикасы,
ақпарат теориясы мәселелерімен, радиоэлектронды жүйелерге динамикалық
хаос теория қосымшаларымен байланысты.
Ғалым турбуленттіліктің құрылымдық теориясын жасады. Күрделі
сигналдар дербес аффиндік фракталдардың теориясын жасады. Теориялық
нәтижелер турбуленттілік физикасы тәжірибелерімен, электрогидравликалық
жарылыстың, радиотолқындардың стохастикалық генераторларымен
бекітілді және олардың негізінде екі патент алынды.
1996 жылы ашық жүйелер ұйымдастырудың өзіндік дәрежелерінің
талаптарын бекітті. Бұл нәтиженің мәні 8 ғасыр бойы табиғат ғылымында
қолданған «алтын қиынды» – Фибоначчи 0,618 санын ішкі құрылымды
күрделі жүйелер жағдайын кеңейтетін 0,567; 0,806 әмбебап сандар (қатысты
біріктерде) бар екендігіне саяды.
2000 жылы З.Жаңабаевтың бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да
негізгі ғылыми бағыты радиоэлектроникадағы бейсызық физикасының
мәселелері болып табылатын электроника және бейсызық толқындық
үдерістер кафедрасы ашылды. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
эксперименталды және теориялық физика ҒЗИ электроника және бейсызық
физика бөлімінің меңгерушісі болды.
Оның ғылыми жетекшілігімен физика-математикадан және техникалық
ғылымдар бойынша 2 докторлық және 3 кандидаттық диссертация қорғалды.
100-
ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
З.Жаңабаевтың «ҚазКСР халыққа білім беру ісінің үздігі», «КСРО
жоғары білім беру ісінің үздігі» атақтары бар.
Еңбектері орыс тілінде жазылған, ол туралы 2017 жылғы орыс
тіліндегі күнтізбектен қараңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Жанабаев З.Ж. Синергетика знания: научные основы оценки учебной
деятельности: научно-методическое пособие / З.Ж.Жанабаев. – Алматы:
Қазақ университеті, 1999. – 37 с.
Жанабаев З.Ж. Синергетика в педагогике: монография /З.Ж.Жанабаев,
Б.А.Мукушев. – Алматы: Достижения молодых, 2002. – 128 с.
Жанабаев З.Ж. Фрактальная модель турбулентности в струе // Изв. СО АН
СССР. 1988. № 15.С.57-60.
Жанабаев З.Ж. Методика оценки учебной деятельности по рейтинго-
тестовой
системе:учебно-методическое
пособие
/З.Ж.Жанабаев,
Б.А.Мукушев, М.С.Панин. – Семипалатинск: Семгу им.Шакарима, 2001. –
35 с.
92
Маусым айының аяғы –
мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітіру шарасы – cоңғы мектеп шарасы, ол имандылық, ізгілік
пен ризашылық сабағы болуы тиіс.
Бітіру кешінің мектеп өмірінде алар орны ерекше, бұл барлығы үшін
толғандырар оқиға: балалықпен, мектеппен, мұғалімдермен және мектептегі
достармен қоштасу. Бұл үлкен өмір кезеңінің қорытындыларын шығаруда.
Бітіру кешін өткізудің мақсаты жастарда жоғары әлеуметтік
белсенділікті және Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға
деген ұмтылысты дамыту болып табылады.
Мектеп бітіру кешінің құрметті қонақтары педагогикалық еңбектің
ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың,
соның ішінде жастар ұйымдарының өкілдері, шефтік кәсіпорындардың
өкілдері бола алады.
Мерекені ұйымдастырудағы жетекші негіз түлектердің, оқушылар мен
ересектердің бірлескен шығармашылық қызметі болуы тиіс, мұнда ойлар,
жоспарлар туындайды, мұнда үлкен мерекеге ұжыммен дайындалып, өткізу
дәстүрге айналған.
Бітіру балын өткізудің дәстүрлі нысаны бар: 1 бөлім – аттестат
тапсыру рәсімімен бірге салтанатты жиын. 2-бөлім – мерекелік концерт, бал-
маскарад, сазды театрландырылған бағдарлама, мерекелік дастархан
ұйымдастырылған би бағдарламасы.
Мектеп бітіру кеші бағдарламасының сценарийіне «Жас ұлан», «Жас
қыран» республикалық қозғалыстарының көшбасшыларының, жастар
қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларының, «Нұр Отан» ХДП жастар
қанатының белсенділерінің құттықтауларын енгізген жөн. Интерактивті
жабдықты пайдалануға және мектепті табыспен бітірген және Елбасының
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуын жалғастырып жатқан
өткен жылдардың түлектерімен он-лайн режімінде телекөпірлер өткізуге
болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Алиханова Г.У. Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!:[мектеп
бітірушілердің кеші] / Г. У. Алиханова// Внеклассная работа в школах
Казахстана=Қазақстан мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс. - 2015. - № 6. -
49-
50 б.
Әмірханова Қ. Мектеп бітіруші түлектерге арналған әдеби-монтаж
бағдарламасы /Қ. Әмірханова //Тәрбие жұмысы. - 2009. - №4. - 39-40 б.
Жексембаева К.Т. «Қош бол, алтын ұям!»: салтанатты жиын: [Есік қ.
«Айналайын» балалар үйінен] / К. Т. Жексембаева// Внеклассная работа в
школах Казахстана=Қазақстан мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс. - 2015.
-
№ 6. - 52-53 б.
93
Кайдакова В.Ю. Мектеп бітіру кешін ұйымдастыру және өткізу
/В.Ю. Кайдакова, И.Б. Пащенко //Сынып жетекшісінің анықтамалығы =
Справочник классного руководителя. - 2009. - №5. - 19-32 б.
Карипжанова Х.С. Сәт сапар, жас түлек! Оқу бітіруші жастардың
диплом алу салтанатты кешінің сценарийі /Х. С. Карипжанова
// Тәрбие жұмысы. - 2010. - №1. - 35-37 б.
Қазанбай Ғ. «Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран боп ұшып
барам қияға!»: [мектеп бітіру кешінің сценарийі] /Ғ. Қазанбай, Г. Сейткерей
//Сынып жетекші = Классный руководитель . - 2012. - №2. - 10-13 б.
Қалиев С. «Бала шақтан – болашаққа» (мектеп бітіру кешінің
сценарийі) /С. Қалиев //Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту.
- 2008. -
№4. - 38-39 б.
Қуандықова А.Қ. Мектеп бітіру кеші және оның ұйымдастырылуы
/А.Қ.
Қуандықова
//Білім
беру
мекемесі
басшыларының
анықтамалығы=Справочник руководителя образовательного учреждения. -
2009. -
№5. - 22-25 б.
Сейитова Б.Н. Қош бол, алтын ұя - мектебім (мектеп бітіру кешінің
бағдарламасы) / Б. Н. Сейитова //Педагогикалық кеңес = Педагогический
совет. - 2012. - №1. - 34-36 б.
Молдағалиева А.Т. Сыңғырла, соңғы қоңырау!: [мектеп бітірушілердің
соңғы қоңырау сценарийі]/ А.Т.Молдағалиева //Мектептегі мерекелер. –
2013. -
№ 5. – 36-37 б.
Ырғызбаева А. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» (салтанатты жиынның
жалпы жобасы) / А. Ырғызбаева // Тәрбие құралы. - 2015. - № 2. - 14-15 б.
6 шілде - Астана күні
2008 жылы маусымның 23-інде Парламент Сенаты «Мерекелер
туралы» заңға толықтыру енгізетін заң жобасын қабылдады. Ол бойынша 6-
шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып белгіленді. Оның себебі, 1994
жылы дәл осы күні Алматыда ел Парламенті елорданы Алматыдан Астанаға
көшіру туралы қаулы қабылдаған болатын. Осы Қаулыға сүйене отырып, 6-
шілде Астана күні деп жарияланды. Бұл күн еліміздің жаңа тарихының
жарқын беттерінің ашылуын, прогресс пен демократия жолынан
айнымайтынын, ең бастысы, мемлекеттілікті мәңгі етуді бейнелейді. Астана
республикамыздың саяси және әкімшілік орталығы, Ата Заңның түпнұсқасы,
Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның эталондары тұрған жер. Отырыста заң
жобасы бірауыздан мақұлданды. Қабылданған заңға Мемлекет Басшысы
қолын қойып бекітті.
Заңның толық мәтіні ресми ақпарат баспасөз құралдарында жарық
көрді. Астана Алматының орнына Қазақстан Республикасының астанасы
болып 1997 жылдың желтоқсанында жарияланған еді. Келесі жылдың жаз
айында республиканың жаңа астанасының ресми тұсаукесері болып өтті.
Және 2008 жылдың 6-шілдесінде Астана өзінің 10 жылдығын атап өтті.
94
Астананы көшіру туралы идея елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтікі.
Елбасымыз жоқ жерден үлкен қала салдырды. Астана – қазақ халқының
мақтанышына айналды. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келгендердің
барлығы тамсанып, таңғалып тамашалайтын қала. Сондықтан, басты
мерекелік шаралар осымен үшінші жыл, Президенттің туған күні-6 шілдеде
аталынып келеді.
Оқушыларды өз Отанын сүюге, елордасы – Астананы мақтаныш етуге
тәрбиелеу мақсатында өтілетін «Астана – сәулетті қала» атты тәрбие сағатын
өткізуге болады. Тәрбие сағатының көрнекіліктері: интерактивті тақта,
қанатты сөздер, «Астана айшықтары» стенді. Астана қаласының көрікті
орындарымен ғимаратарының түрлі-түсті суреттері, Н.Ә.Назарбаевтың
«Еуразия жүрегінде» кітап көрмесі, Астана қаласының гербі. Сабақта
Алматы мен Астана қаласының ерекшеліктерін салыстыра отырып, Астана
қаласының тарихы баяндалады. Астана туралы әндер айтылып,
викториналық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ел тарихы туралы
білімдерін дамытуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасы. Президент (1991-; Н.Назарбаев). Жарлық
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 ж. 6 мамыр № 75 Жарлығы /Қазақстан Республикасы. Президент (1991-;
Н.Назарбаев).Жарлық //Егемен Қазақстан. – 2011. – 13 мамыр.
Ақыпбекұлы Ө. Ажарлы Астана /Ө.Ақыпбекұлы. – Астана: Елорда,
2002. –
120 б.
Қазақ елінің астаналары /құраст. К.Аухадиев, Д.Досжан т.б. – Алматы,
2008. –
504 б.
* * *
Бакенова Г.А. Туған күніңмен, Астана! : [тәрбие сағаты] / Г.А.Бакенова
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 6. –
12-
13 б.
Бақтиярұлы М. Отанымыздың жүрегі: [Ел ордасы Астана күні туралы]
/ М. Бақтиярұлы // Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 шілде.
Бектұрсынова К. Еліміздің жүрегі – Астана: [Астана күніне арналған
тәрбие жұмысының сценариі] /К.Бектұрсынова //Мектептегі мерекелер:
тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 9. – 6-7 б.
Бектұрсынова К.
Еліміздің жүрегі - Астана: [Астана қ. арналған сабақ]
/К. Бектұрсынова //Білім әлемінде=В мире образования=In the world of
EDUCATION. - 2013. -
№ 4. - 25-26 б.
Ерғалиев Ж. Мәңгілік Елдің елордасы: [Астана қаласына - 15 жыл]
/ Ж. Ерғалиев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 шілде.
Есенжолова Ж. Жасай бер, жайна, Астанам! Сыныптан тыс сабақ
/
Ж. Есенжолова //Қазақ және әлем әдебиеті=Казахская и мировая литература.
- 2013. -
№ 3. - 20-21 б.
95
Жағыпарұлы Ж. Тәуелсіздік тұмары: [2016 жылы Астана күні ел
тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында тойланатыны ерекше мәнге ие болды]
/ Ж. Жағыпарұлы // Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 шілде.
Қабылбекова Л. Тәуелсіздік түндігі - Астана: [Астана күніне арналған
мереке] / Л. Қабылбекова // Жалпы тарих және құқықтану мектепте,
колледжде және ЖОО-да=Всеобщая история и правоведение в школе,
колледже и ВУЗ-е. - 2016. - № 1-2. - 16-17 б.
Қорғанбекова К. Астанам: [Астана туралы жан-жақты білімідерін
кеңейту] / К. Қорғанбекова //Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі: барлық
пәндер бойынша. - 2013. - №3. - 55-б.
Молдабекова А. Ел ордасы – Астана: [тәрбие сағатының сценарийі]
/А.Молдабекова
//Мектептегі
мерекелер:
тәрбие
жұмыстарының
сценарийлері. – 2013. - № 7. – 9-10 б.
Назарбаев Н. Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық
векторы: [Астананың 15 жылдығынада сөйлеген сөзі] / Н. Назарбаев
// Егемен Қазақстан. - 2013. - 6 шілде.
Озғанбаев Ө. Елбасы және Елорда: Астана күніне орай мақала
/ Ө. Озғанбаев // Егемен Қазақстан. - 2014. - 5 шілде.
Өмірбаева А.Т. Арайланған Астанам: [тәрбие сағаты] / А.Т.Өмірбаева
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2013. - № 7. –
6-
7 б.
Президенттің төл туындысы: [Астана күніне орай, бас қаланың
құрылу тарихы туралы академик Сейіт Қасқабасовпен әңгіме /әңгімелескен
Сүлеймен Мәмет] // Егемен Қазақстан. - 2015. - 6 шілде.
Серікбаева Ж. Астана: кеше және бүгін: [Астана күні туралы]
/ Ж. Серікбаева // Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 шілде.
Смагулова А.Ш. Астанам - бас қалам: [саяхат сабақ] /А. Ш. Смагулова
// Тәрбие сағаты. - 2014. - № 1. - 15-б.
Тарази Ә. Астананың даму динамикасы тарихта болмаған құбылыс:
Астана күні / Ә. Тарази //Астана ақшамы. - 2014. - 5 шілде.
Тасмағамбетов
И. Астана
-
түркі дүниесінің
ұлы
төрі
/
И. Тасмағамбетов //Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2012. - № 3. -
15-
23 б.
Төлеуова А.Т. «Жігіт сұлтаны» (Астананың 15 жылдық мерейтойына
және Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған өнер сайысының
сценарийі) / А. Т. Төлеуова // Отбасы және балабақша. - 2013. - № 4. - 13-16 б.
6 шілде - «Жас ұлан» балалар
ұйымының құрылған күні
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық
қоғамдық бірлестігі - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2011
жылдың 6 шілдесінде құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен
жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
96
Ұйымның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани-
адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық
ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухына баулу.
«Жас ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
1. Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық
келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап,
олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік
парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2. Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек
және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік
әнұранды жатқа айту керек.
3. Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да
суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды
пайдаланумен әуестенбейді.
4. Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде
ұстайды.
5. Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін,
өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы
еңбектенетін болады.
6. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының
мүшесі - Отанының адал азаматтары.
7. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен
бостандығы үшін күресуші. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі -
батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға
дайындалады. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта
өжет те қайсар. «Жас ұлан» ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас,
әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Балалар мен жасөспірімдердің басшылық және шығармашылық
мүмкіндіктерін, балалар бірлестіктерінің қызметіне белсенді араластыру,
қабілеттері мен іскерліктерін, дағдыларын дамыту,
өзін-өзі тануға, жүзеге
асыруға, жетілдіруге деген ынталарын дамыту мақсатында шеберлік-
сыныптар, «ХХІ ғасыр тобы» отряд визиткасын қорғау кеші, Форум ашылуы
(«Жас Ұлан» қатарына қабылдау), «Болашақ бүгіннен басталады» өз
командасын шығармашыл таныстыру, «Еліміз үшін» жоба презентациясы (үй
жұмысы бойынша), «Лидер-старт» - ұлттық ойындар спорттық сайысы, «Біз
–
тәуелсіздік ұрпағымыз!» дебаттық турнирі, «Өнерлі өрге жүзер» балалар
шығармащылығының көрмесі (сурет салу, моншақ өру, қол өнер, жас
техниктер және т.б.), «Жаңа уақыт лидері» тренингі, «Болашақ үшін» кездесу
сериясы («Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу), «Жас ұлан»
жаршысы» күнделікті газетін шығару жұмыстары ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |