Қарабалина Орынша
Жолмұратқызының туғанына 85 жыл (7.11.1932)
Дүниежүзілік жастар күнi.*
Ұлттық валюта - теңге күні (15.11.1993)*
Философия
ғылымдарының
докторы,
профессор
Матиполла Салахаденұлы Әженовтың туғанына 85 жыл
(15.11.1932-
27.06.2011
)
. Негiзгi ғылыми-зерттеу саласы -
социалистiк қоғамның әлеуметтiк құрылымы.
Халықаралық төзімділік (толеранттық) күні. Бұл
халықаралық күн «Төзімділік принциптері Декларациясын»
ЮНЕСКО салтанатты түрде жариялаған. 1995 жылы
ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында Декларация
бекітілген. Декларацияда жарияланған «адамдар қоғамда
өзінің түрімен, әл-ауқатымен, тілімен, мінез-құлқымен, өз
құндылықтарымен, өзін-өзі сақтап осы қоғамда өмір сүруге
құқылы». Декларация адамзатқа қауіп төнгенін анықтап
бақылайды, оның төзімсіз болуына және төзімсіздікке
қарсы әдіс пен бағдарламаларды ұсыныс жасайды.
17
17 қараша
17 қараша
20 қараша
24 қараша
26 қараша
26 қараша
28 қараша
29 қараша
Халықаралық студенттер күнi. Бұл күн 1939 ж.
17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген
чех патриот студенттерін еске алуға арналған Дүниежүзілік
студенттер Конгресінде 17 қарашаны патриот чех
студенттерінің құрметіне Халықаралық студенттер күні деп
атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17
қарашада Лондонда өтті.
Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн салушы, филология
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-iне еңбек
сiңiрген ғылым қайраткерi
Ғайнетдин Ғалиұлы
Мұсабаевтың туғанына 110 жыл (17.09.1907 –
26.11.1981
)*.
Дүниежүзілік балалар күні. БҰҰ Ассамблеясы 1959 жылы
20
қараша күні Балалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы
Балалар құқы Конвенциясын қабылдаған. 1954 жылы БҰҰ-
ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-
саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға
арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы мен өзара
түсіністігінің белгісі ретінде Дүниежүзілік балалар күнін
барлық елдерде атап өтуді ұсынды.
Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетi
мен КСРО Министрлер Кеңесi бекiткен «Жалпы бiлiм
беретiн мектептер оқушыларын оқулықтармен тегiн
пайдалануға көшiру туралы» қаулыға 40
жыл (24.11.1977)
//Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия. Т.3. – 26 б.
Қазақстанның Халық жазушысы, көрнектi қоғам қайраткерi
Ғабиден Мұстафиннiң туғанына 115 жыл (26.11.1902 –
20.01.1985
)
Дүниежүзілік ақпарат күні. БҰҰ-ның Экономикалық және
Әлеуметтік кеңестерінде бас консультативтік дәрежесі бар
Халықаралық ақпарат академиясы мен Дүниежүзілік
ақпараттық парламенттің бастамасымен 1994 жылдан
бастап жыл сайын 26 қарашада атап өтіледі. 1992 жылы бұл
күні Ақпараттандырудың алғашқы халықаралық форумы
өтті. Бүгінде Дүниежүзілік ақпарат күні әлемнің көптеген
мемлекеттерінде атап өтіледі.
Филология ғылымдарының докторы, әдебиет зерттеушiсi
Михаил Иванович Ритман-Фетисовтың туғанына 110
жыл (28.11.1907 –27.02.1960)
Қазақ әдебиетiн зерттеушi, филология ғылымдарының
докторы
Бекмұрат Уахатовтың туғанына 85 жыл
(29.11.1932–20.12.1984)
. Ғылыми еңбектерiнiң негiзгi
тақырыбы қазақ фольклорының мәселелерiне арналған.
18
1 желтоқсан
1 желтоқсан
2 желтоқсан
2 желтоқсан
10 желтоқсан
12 желтоқсан
12 желтоқсан
15 желтоқсан
16 желтоқсан
19 желтоқсан
20
желтоқсан
22 желтоқсан
25 желтоқсан
Қарашаның үшінші бейсенбісі - Халықаралық
шылымқорлықтан бас тарту күні.*
Желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні*.
Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күнi.*
Қазақстанға еңбегi сiңген өнер қайраткерi, композитор,
профессор
Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың туғанына 90
жыл (2.12.1927- 13.12.1993)
Әдебиет зерттеушісі, жазушы, педагог, филология
ғылымдарының докторы, профессор, академик
Рахманқұл
Бердібайдың туғанына 90 жыл (2.12.1927-4.04.2012)*.
Адам құқықтары күні.*
Қазақстанның
Халық
жазушысы,
филология
ғылымдарының докторы, профессор, академик
Зейнолла
Қабдоловтың туғанына 90 жыл (12.12.1927-2006)*.
Тарих ғылымдарының докторы,
Бекежан Сүлейменовтың
туғанына 105
жыл (12.12.1912 – 30.06.1984). «Қазақ КСР
тарихының» 5 томдық басылымының 3 томын әзiрлеуге
қатысқан, Ы.Алтынсариннiң мұрасын зерттеген.
Қазақ әдебиетiн зерттеушi, филология ғылымының
докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген жоғары
мектеп қызметкерi
Матжан Мақсымұлы Тлеужановтың
туғанына 90
жыл (15.12.1927-1995).
Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi.*
Әдебиет зерттеуші, жазушы, филология ғылымдарының
докторы, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ КСР Оқу
министрі (1958-1963),
Әди Шәріповтың туғанына 105
жыл (19.12.1912-6.11.1993)*.
Халықаралық
адамдар
ынтымақтастығы
күні.
Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші
онжылдығы шеңберінде Бас Ассамблея жыл сайын 20
желтоқсанда Адамдар ынтымақтастығының халықаралық
күнін атап өту туралы шешім шығарды
Кеңес Одағы Комунистік партиясы Орталық комитетi мен
КСРО Министрлер Кеңесi бекiткен
«Жалпы білім беретін
мектеп оқушыларын оқытуды, тәрбиелеуді және оларды
еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру туралы» қаулыға
40
жыл (№1111, 22.12.1977) //Қазақ ССР.Қысқаша
энциклопедия.Т.3. – 25 б.
Филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиет
зерттеушiсi, Ұлы Отан соғысының ардагері
Елеукен
Хамидоллаұлы Ғабдыровтың туғанына 105 жыл
(25.12.1912-16.10.1989)
19
26 желтоқсан
26 желтоқсан
28 желтоқсан
28желтоқсан
29 желтоқсан
29 желтоқсан
Жазушы, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының
докторы, профессор
Нығмет Ғабдоллаұлы Ғабдулиннің
туғанына 90
жыл (26.12.1927-11.07.2005)*.
Қазақстанның халық жазушысы
Дихан Әбілевтің туғанына
110
жыл (26.12.1907-2003).
Қазақ
әдебиетiн
зерттеушi,
жазушы,
филология
ғылымдарының докторы
Қажым Жұмалиевтiң туғанына
110
жыл (28.12.1907 – 26.12.1968)*.
Қысқы демалыс (28 желтоқсан – 11 қаңтар)*
Қазақ әдебиетiн зерттеушi, сыншы, жазушы, аудармашы,
филология
ғылымдарының
докторы
Темiрғали
Нұртазиннiң туғанына 110 жыл (29.12.1907 – 10.04.1977)*.
Қазақстанның халық суретшісі, киносуретші
Айша
Ғарифқызы Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл
(29.12.1917-2008) .
Айы мен күнi белгiсiз 2017 жылы
аталатын даталар
-
Діни, ғылыми білім алған оқымысты, қол бастаған батыр
Қазыбек
Тауасарұлының туғанына 325 жыл (1692-1776).
-
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестің
ұйымдастырушысы әрі көсемі
Сырым Датұлының туғанына 305 жыл
(1712-1802).
-
Би, шешен, жырау, қоғам қайраткері
Ақтайлақ Байқараұлының
туғанына
275 жыл (1742-1838)*.
-
Ақын
Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802 - 1874)*.
-
Қазақ хандығының соңғы ханы
Кенесары Қасымұлының туғанына 215
жыл (1802-1847).
-
Наурызбай батырдың туғанына 195 жыл (1822-1847).
-
Айтыскер, әнші-ақын
Бала Ораз Өтебайұлының туғанына 180 жыл
(1837-1882).
-
Қазақтың атақты ақыны
Базар жырау Оңдасұлының туғанына 175 жыл
(1842 - 1911)*.
-
Ақын, әнші-композитор
Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл
(1867-22.03.1922).
-
Жазушы, ақын, публицист, журналист, ағартушы
Мұхамеджан
Сералиннiң туғанына 145 жыл (1872 - 1929)*.
-
Ағартушы,
қоғам
қайраткері,
фольклорист,
заңгер
Қалжан
Қоңыратбаевтың туғанына 140 жыл (1877-23.07.1940)*.
-
Қоғам қайраткерi, 1921-1922 жж. Қазақ АКСР ағарту халық
комиссарының орынбасары, кейiннен ағарту халық комиссары болған
Аспандияр Кенжиннiң туғанына 130 жыл (1887 – 26.02.1938)*.
-
Көрнектi педагог, талантты әдiскер, филология ғылыдарының кандидаты
Ғали Бегалиұлы Бегалиевтiң туғанына 130 жыл (1887 – 9.11.1966)*.
20
-
Айтыс ақыны, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жасақшы-жыршысы
Есдәулет Қандековтің туғанына 130 жыл (1887-1971).
-
Қоғам қайраткері, педагог, журналист
Молдағали Жолдыбаевтың
туғанына
130 жыл (1887-1938)*.
-
Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, кеңестiк мұсылман
халықтарының арасынан шыққан тұңғыш өкiлеттi елшi
Нәзiр
Төреқұлұлының туғанына 125 жыл (1892 - 1937)*.
-
Ақын, жазушы, драматург, ағартушы
Әкiрам Ғалымовтың туғанына 125
жыл (1892 - 1913)*.
-
Режисер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр
өнерінің негізін салушы, қоғам және театр қайраткері
Жұмат
Тұрғынбайұлы Шаниннің туғанына 125 жыл (1892-26.2.1938).
-
Қазақстандағы
әйелдер
қозғалысын
ұйымдастырушы
Нағима
Ыдырысқызы Арықованың туғанына 115 жыл (1902-1956).
-
Педагог, ақын, қоғам қайраткері
Тұрлықан Қасенұлының туғанына 115
жыл (1902-1942)*.
-
Алғашқы қазақ психологтарының бірі, педагог
Сәлкен Балаубаевтың
туғанына 115
жыл (1902-1972).*
-
Орта Азия мен Қазақстанда комсомол ұйымын ұйымдастырушы,
қайраткер
Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл (1902-1925).
-
Ағартушы, ғалым, қоғам қайраткерi
Мұхамеджан Әбдiқалықовтың
туғанына 110
жыл (1907)*.
-
Алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғылымдарының
кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері
Сұлтанбек Қожахметовтың
туғанына 105
жыл (1912-1945)*.
Қазақстан Республикасы білім саласындағы
маңызды оқиғалар
-
160
жыл бұрын Омбыда облыстық басқарма жанынан тілмаштар
даярлайтын мектеп ашылды (1857).
-
130
жыл бұрын Ақтөбе облысында алғаш қазақ қыздарына арналған
Ырғыз қыздар училищесі ашылды (1887).
-
100
жыл бұрын Верный (қазіргі Алматы) және Семей қалаларында
алғашқы балалар бақшасы ашылды (1917).
-
95
жыл бұрын Саран педагогикалық училищесі ашылды (1922) (қазір
Саран гуманитарлық-техникалық колледжі )
-
95
жыл бұрын Орынборда қазақ қыздарына арналған мерзімді курстар
ашылды (1922).
-
95
жыл бұрын Орынборда қазақтың мектеп жасына дейінгі балалар
мекемелері үшін ұлт кадрларын даярлайтын алғашқы курстар ашылды
(1922).
-
90
жыл бұрын «Лениншіл жас» газеті шыға бастады (1927) (қазір «Жас
Алаш» газеті).
21
-
85
жыл бұрын Оқу-ағарту халкомы жанынан Республикалық арнаулы
мектепке дейінгі әдістеме кабинеті құрылды (1932).
-
85
жыл бұрын Халық Ағарту Комиссариаты жанынан ғылыми-
педагогикалық кабинет ашылып, кейін ол Педагогика ғылымдары
ғылыми-зерттеу институты болып құрылды (1932) (қазір Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтың Білім Академиясы).
-
85
жыл бұрын Орал педагогикалық институты ашылды (1932)
(қазір
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті )
-
65
жыл бұрын «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана»
газеттері шыға бастады (1952).
-
6
5 жыл бұрын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ
қыздарының мектептерде арнайы орта және жоғары оқу орындарында
оқуын жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды (1952).
-
65
жыл бұрын Қазақ КСР Жоғары кеңесі Президиумының қаулысымен
Қазақ тілінің орфографиялық ережелері бекітілді. Қазақ КСР Ғылым
акдемиясының Тіл және әдебиет институты республика халық ағарту
министрлігімен бірлесіп қазақ тілі мен әдебиетінің жаңа оқу
бағдарламалары мен оқулықтарын жасады (1952).
АТАУЛЫ ДАТАЛАРҒА ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР
1-
2 қаңтар – Жаңа жыл
Жаңа жыл - әлемнiң көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке.
Алайда, оның шығу тарихын әр халық өзiнен бастағысы келедi. Тарихи
деректер Жаңа жыл мерекесiнiң бiздiң заманы мызға дейiнгi үшiншi
мыңжылдықта өмiр сүрген Мессопотамия халқы арасында тойланғанын
мәлiм етедi. Мамандар 1 қаңтарда тойланатын Жаңа жыл мерекесiнiң
христиандардікi емес деп уәж айтады. Өйткенi, осыдан бес мың жыл бұрын
мерекенiң тарихы басталған кезде христиан дiнi болмаған да едi.
Мұсылмандардың кейбiрi дiни сенiмiне байланысты Жаңа жылды
тойламайды. Сауд Арабиясында желтоқсанның 31-iнен қаңтардың 1-iне
қараған түнi Жаңа жылды тойласа, жауапқа тартылады екен.
Ал, 1699 жылы Ресей патшасы I Петр Григориан күнтiзбесiн
қолданысқа енгiзген. Патшаның әмiрiмен жыл басы қаңтардың 1-i болып
белгiленiп, қоластындағы елге мерекенi ерекше жағдайда тойлауды
бұйырады. Католик дiнiн ұстанатын еуропалықтар үшiн Жаңа жылдың
маңыздылығы 25 желтоқсанда тойланатын Рождество мерекесiнен көп төмен.
Бiз үшiн ең қызығы, көпұлтты мерекенiң әр елде әрқалай тойлануы
болып отыр. Мәселен, Шотландия мен Уэлсте жылдың соңғы секундында
есiктi кеңiрек ашып, ескi жылды «шығарып» жiберiп, Жаңа жылды «кiргiзiп»
алатын дәстүр бар екен. Үндiстанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта,
қыркүйектен наурызға дейiн қарсы алады. Мереке құрметiне ұшырылған
22
көлемi өте үлкен, түрлi-түстi батпырауықты екi мерген садақпен атады. Бiр
оқтың басындағы оттан батпырауық жанған кезде той салтанаты басталады.
Бiр қызығы, кезiнде Ресейге I Петрдiң жарлығымен енгiзiлген 1
қаңтарда аталып өтетiн Жаңа жыл мейрамын көп халықтар мойындамайды
да. Олар үшiн 1 қаңтар әлем бойынша жаңа жыл басталатын ресми күн ғана
екендiгi аңғарылады.
Қазақстанда да әр жылдың бiрiншi қаңтарына қараған түнi Жаңа Жыл
мерекесi тойланады. Халқымыз осы күнi мол дастархан дайындап,
шыршасын құрып, отшашуын жағып, мерекелеп, Президенттiң жаңажылдық
құттықтауын күтiп отырады.
Төменгі сынып оқушыларына арнап «Жаңа жылдық мереке» ертеңгілік,
ал жоғары сыныптар үшін «Жарқыра жалындай түс, көгілдір от!» атты жаңа
жылдық кеш, «Әлемде Жаңа жылды қалай қарсы алады» деген тақырыпта
тәрбие сағатын, оқушылардың өздері жасаған жаңа жылдық костюмдерінің
көрсетілімін, т.б. қызықты шаралар өткізуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Бакова Г. Жаңа жылым, қош келдің!:[жаңа жыл мерекесі] / Г. Бакова
// Бала тәрбиесі. - 2016. - № 1. - 23-25 б.
Балабекова С. Кел, жаңа жыл, жаңа жыр: [жаңа жылға арналған
мерекелік кеш] / С. Балабекова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2013.
-
№ 11. - 48-51 б.
Ибақова С. Көңілді карнавал: [жаңа жыл мерекесіне арналған
карнавал] / С. Ибақова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - № 11. -
52-
60 б.
Ибашева К. Қош келдің, Жаңа жыл: [сценарий] / К. Ибашева
// Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2014. - № 12.
- 30-
32 б.
Қойшыбаева Ж. Құтты болсын жаңа жыл!: [мектептегі мерекелік кеш]
/Ж.Қойшыбаева // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 12. – 47 б.
Молдабекова А. «Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі / А.Молдабекова
//
Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 12. – 44-47 б.
Мұратбек Ж.М. Жаңа бақыт - жаңа нұр: [5-7 сынып оқушыларына
арналған жаңа жыл кеші] / Ж. М. Мұратбек //Мектептегі мерекелер: тәрбие
жұмыстарының сценарийлері. - 2015. - № 12. - 44-45 б.
Нургалиева Ж.С. Құтты болсын, Жаңа жыл!: [ертеңгілік]
/Ж.С.Нургалиева //Отбасы және балабақша=Семья и детский сад. - 2012. -
№ 6. - 36-37 б.
Нұрбаева Б. Жасыл шырша шақырады:[жаңа жылға арналған мереке]
/ Б. Нұрбаева // Ұлағат. - 2014. - № 5. - 89-94 б.
Оқасова Г.М. «Жасыл шырша жанында» ертеңгілік / Г. М. Оқасова
// Мектептегі мерекелер. - 2012. - № 11. - 35-37.
Табылды Ә. Көңілді карнавал: (екі көріністі ертегі-пьеса) /Ә. Табылды
// Мектептегі мерекелер. - 2012. - № 11. - 30-34 б.
23
Тенизбаева А. Жаңа жылдық мереке: [ертеңгілік] /А.Тенизбаева
//Бала мен балабақша. - 2012. - №1. - 23-24 б.
Тұрбекова А. Құтты болсын жаңа жыл!: [жаңа жылға арналған кеш]
/ А. Тұрбекова //Ұлағат. - 2012. - № 6. - 105-114 б.
Қаңтар
1 жұлдыз
Педагог, ғалым, мемлекет қайраткері, КСРО Педагогикалық
Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР
Оқу министрі (1963-1971), Қазақ КСР Жоғары және арнаулы
орта білім министрі (1971-1974)
Кенжалы Аймановтың
туғанына
100 жыл (1.01.1917-26.08.1974).
Айманов Кенжалы Орал облысы (қазiргi Батыс Қазақстан облысы),
Бүрлiк ауданындағы Жәнiбек селосында туды. 1937 жылы Абай атындағы
Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтының физика-математика
факультетін бітірген (қазiргi Абай атындағы Қазақтың Ұлттық
педагогикалық университеті).
Қазалы қаласына жолдамамен келiп, мектепте физика пәнiнiң мұғалiмi,
оқу iсiнiң меңгерушiсi, директор болып қызмет атқарды.
1940 жылы ақпан айында Кеңес армиясы қатарына шақырылды, Ұлы Отан
соғысына қатысты. Соғыстан кейін 1945 жылдың қазанынан бастап Алматы
қалалық комсомол комитетiнiң бiрiншi хатшысы, Қазақтың мемлекеттiк
қыздар педагогика институтының (қазіргі Қазақ Мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті) аға оқытушысы, Алматы қаласындағы №18
қазақ орта мектебiнiң директоры, Абай атындағы қазақ педагогика
институтының аға оқытушысы, партия ұйымының хатшысы және кафедра
меңгерушiсi болып жұмыс iстедi. 1960 жылы «Орта мектептегi физика
курсында автоматика мен телемеханика мәселелерiн айқындау» тақырыбына
кандидаттық диссертация қорғады, ал 1962 жылы доцент атағын алды.
1963 жылы К.Айманов Қазақ КСР Оқу министрi болып тағайындалды, ал
1971 жылдан 1974 жылға дейін Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта бiлiм
министрi қызметiн атқарды. Осы жауапты қызметтерде ол республикада
халыққа бiлiм беру жүйесiн, жоғары мектептi және педагогика ғылымын
дамытып, жетiлдiруге көп еңбек сiңiрдi. 1971 жылы К.Айманов КСРО
Педагогика ғылымы академиясының корреспондент-мүшесi болып сайланды.
Көрнектi ғалым Кенжалы Аймановтың ғылымда еңбек еткен негiзгi
саласы орта мектепте физика пәнiн оқу және оқыту әдiстемесi болатын. Ең
басты ғылыми еңбектерi жоғарғы сынып оқушыларының физика пәнiн оқыту
барысында автоматика, телемеханика және электроника элементтерiн
ұғынуы мәселелерiне арналған едi.
Сонымен қатар ол республикамыздағы халыққа бiлiм беру және халық
ағарту жұмыстарын дамыту тарихын зерттеу жұмыстарымен де шұғылданды.
1966 жылы Қазақстан Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң
мүшесi, 1967 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң депутаты болып сайланды.
24
Отан алдында сiңiрген зор еңбегi үшiн Кенжалы Айманов Ленин
орденiмен, екi рет «Еңбек Қызыл Ту» орденiмен, көптеген медальдармен
марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |