Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»



бет4/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

Қызыр (Қыдыр) ата

 Мұсылмандық аңыз — әпсаналар мен халық наным – сенімдерде Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластырылуы тегін емес екенін байқауға болады.
Қазақ халқының мифологиялық түсінігі бойынша, 21-наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түні – «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял – ғажайып персонаж Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші – сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449 )обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс.
8
Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында яғни, 22 наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет