Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасы №84 Циолковский атындағы жалпы орта білім беретін коммуналдық мекемесі «Дүние жүзі халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»



бет9/12
Дата16.05.2023
өлшемі50,55 Kb.
#93846
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Серік Ақерке №84 жоббм Ғылыми жоба

Кальций Са – ағзаның зат алмасуына, қан ұюына қатысады. Кальций тұзы барлық азық-түлікте бар, бірақ адам ағзасы оның барлығын бірдей сіңіре алмайды. Сүтте, сүттен алынатын өнімдерде, ақ ірімшікте кальций өте көп және адам оны оңай сіңіре алады. Фосфор Р – жүректің, бұлшық еттің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін маңызы
Көмірсулар
Сүт — химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін пайдаланған.
Құрттың пайдасы: 1тағамдық (әрі сусын, әрі қорек, қарт адамға кернеулі ас)
2 емдік (өкпе, асқазан ауруларына ем, шаш жуу)
3.тұрмыстық (тері илеу үшін, ауырған малға ем)
13

Май — барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар — тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.


Ағзаға 1гр. май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.
Майдың тағы бір қасиеті ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға жағымды дәмділік пен хош иіс береді. Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А. Д. Е. дәрумендерін де алады.
А дәрумені — көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді. А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет