*Әзірейіл – қазақ аңыз-әңгімелерінде кездесетін жан алғыш періште.
173
Бала бастапқыда қатты қорқып, сасқалақтап қалады. Біраздан
кейін өз-өзіне келіп:
– Қой, не болса да жөнін білдім ғой, енді менің жанымды қашан
алатынын сұрап алайын, – деген шешімге бел буады.
Ол қарияны қуып жетіп, қайта тоқтатады да, осы сұрағын
қояды.
– Әй, қарағым-ай, сенің жаныңды алу маған қиынырақ
соғып тұр. Әкең саған ақыл десе, ақылы, көрік десе, көркі бар
бір қызға құда түскен екен. Сол қызды алып, отыз күн ойын,
қырық күн тойың өткеннен кейін, қалыңдығың екеуің оң жаққа
жатқан түні, таң алдында келіп жаныңды аламын, – деп жүріп
кетіпті.
Сонымен, баланың көңілі қатты бұзылып, елге қайтады.
Алайда бұл кездесу жайында ол ешкімге ештеңе деп тіс жармай-
ды. Сары уайымға салынып, күннен күнге солып, жүдей бастай-
ды. Не керек, күндердің күнінде әкесі айттырған қалыңдығын
алып беріп, дүрілдетіп отыз күн ойын, қырық күн тойын
өткізеді.
Бірде қалыңдығы күйеуінің жүдеп жүргенін байқап:
– Саған не болды, бір жерің ауыра ма, әлде, мені ұнайтпайсың
ба? – деп сұрайды.
Сонда күйеуі құпиясын онан әрі ішінде сақтай алмай, жұбайына
бір кездегі қарияның айтқанын баяндай келіп:
– Қош бол, бүгін таң алдында менің жанымды алады, – дейді
қатты қайғылана.
Күйеуінің жағдайын түсінген келіншек таза ниетпен ақ жамы-
лып, Құдайдан тілеу тілеп, көз ілмей таңды атырады. Сол кезде аса
таяғын асынып, есіктен Жаналғыш та кіріп келеді.
Қыз оның аяғына жығылып, жалына бастайды.
– Екі жасты айырғанның обалы бар, екі жасты қосқанның са-
уабы бар деуші еді ғой. Уа, құдіретті, мейірімді Тәңірім, бізді айыра
көрме, аяй көр, – деп жылап, зар еңірейді.
Сонда Жаналғыш Әзірейіл жаңа қосылған екі жасты аяп, райы-
нан қайтыпты.
174
– Тәңірдің рақымы жауды сендерге, бақытты болыңдар,
қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, – деп өз батасын беріпті.
… Міне, содан бері Құдіретті Жаратушы ие Әзірейілге өзінің
пендесінің жанын көрінбей келіп алуға әмір беріпті.
Дұмрұл батыр мен
жаналғыш періште
аяғыда Дұмрұл есімді батыр өмір сүріпті. Ол алып күштің
иесі болыпты. Сол күшінің арқасында Тіпті Әзірейілдің өзі-
не қарсы тұрыпты.
Бірде Дұмрұл батыр көпір арқылы өзеннен өтіп, сол төңіректе
отырған бір ауылға кез болады. Ауыл ішіне кірсе, ел, сірә, аяулы
азаматынан айырылған болу керек, күңіреніп жылап жатыр екен.
Сонда батыр:
– Неге жылайсыздар, азаматтарыңды кім өлтірді? – деп сұрайды.
Ауыл тұрғындары:
– Оның жанын Алдашы деген жаналғыш қызыл қанат періште
алып кетті, – дейді.
Дұмрұл батыр әлгі азаматтың жанын арашалап алып қалу үшін
Әзірейілмен, Алдашының өзімен шайқаса кетеді.
Сол кезде Алдашы:
– Сен оның жанын қайтарып аламын десең, орнына басқа бір
жан тауып әкел, – дейді.
Мұны естіп, батыр жігіттің әке-шешесіне жағдайды түсіндіреді.
Алайда олар қартайып отырса да, баласы үшін жанын бергісі кел-
мейді. Сонда:
– Күйеуімнен қалып көрер күнімнің қызығы жоқ, Құдай қосқан
жарымнан жаным артық емес. Менің жанымды алсын, – дейді оның
келіншегі.
Келіншектің жүректен шыққан сөздеріне разы-хош болған
Алдашы жігіттің әке-шешесінің жанын алады да, келіншек пен
күйеуіне жүз қырық жастан өмір береді.
175
Алдашы мен Бабай Түкті
Шашты Әзиз
ұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені
мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты.
Оның бар медеуі, көз қуанышы әкесінен жастай айырылып,
жетім қалған жалғыз ұлы екен. Ұлы енді ержетіп, ес жиып, ел
қатарына қосылды ма дей бергенінде, аяқ астынан Алдашы жетіп
келіп, қанды қармағын сол кемпірдің жалғыз баласының жанына
салыпты.
Жан ұшырған кемпір жылап-еңіреп Бабай Түкті Шашты Әзиз
әулиеге келіп:
– Әлгі қарғыс атқыр Алдашы деген жалғыз баламның жанын
шырылдатып әкетіп барады, қолдар болсаң, енді қолда, ара түсіп,
жалғызымның жанын алып қал, айналайын бабам! – деп аяғын
құшып жалыныпты.
Бабай Түкті Шашты Әзиз желден жүйрік арғымағына міне са-
лып, Алдашының соңынан шаба жөнеліпті. Көзді ашып-жұмғанша
қуып жетіп:
– Сен мына сорлы кемпірдің жалғыз баласының жанын неге
аласың? Тастап кет! – деп айқайлапты.
Алдашы оған ажырая қарап:
– Мен оның жанын Жасағанның жазмыш-жарлығы бойынша
алдым. Сондықтан ажалға ара түсуге кім-кімнің де қақысы жоқ, –
деп жүре беріпті.
Ашу қысқан Бабай Түкті Шашты Әзиз қатыгез жаналғышты
шапалақпен бетке тартып жіберіпті. Қатты тиген соққыдан Алда-
шы теңселіп тәлтіректегенде, оның қолынан бұлқынып шыққан
баланың жаны қайта ұшып барып, өзінің бойына еніпті.
Алдашы сол қашқаннан қашып отырып, құдіретті Құдайдың
алдына барыпты.
– Жер бетінде Бабай Түкті Шашты Әзиз деген бір тентек бар
176
екен, құдіретті Құдайға, Сіздің әміріңізге қарсы келіп, ажалға
ара түсті, ал маған, Сіздің құлыңызға қол тигізді, – деп арыз
етіпті. Құдай оған:
– Сен оның адамдардың әулиесі екенін білмеуші ме едің? Ол не
істеймін десе, еркі өзінде. Оның тілін алмаған өз обалың өзіңе! –
депті.
Құдай аққа жақтығын, әділдігін осылай дәлелдеді.
Ал Алдашы болса, Шашты Әзиздің шапалағы қатты тигені
соншалық, содан бері көзі шапыраш болып қалған екен.
ындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифо-
логиялық мақұлықтардың пайда болуы туралы мынадай
әңгімелер айтылады.
Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жара-
тылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана «менен» десе, Адам
ата «жоқ, менен» дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына
көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам
ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Бел-
гілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған
екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес,
дию, жын, пері болып шығады... Албасты, жын-шайтанның әйелге
үйір келетіні де осыдан дейді.
Жын, шайтанның
пайда болуы
177
Аруақтар
дам өлгеннен кейін аруаққа, тәнсіз рухқа, Құдайдың
қызметшісіне, оның әмірін орындаушыға, жердегі тірлігін-
дегі өзімен туыстас ру мен тайпаның желеп-жебеушісіне
айналады. Әдетте, аруақ деп о дүниеге ертерек кеткен туыс, баба-
ларды айтады. Неғұрлым қасиет тұтылатын аруақтар – атақты
адамдардың, данагөйлердің, билер мен батырлардың аруақтары.
Сонымен бірге әрбір адамның өзінің қолдаушы аруағы болады деп
есептеледі, ал, кейде олар бірнешеу болады.
Аруақтар аспанға жақынырақ биік тауларды, Хан Тәңірінің
шыңын мекендейді. Олардың мазасын ала беруге болмайды, аруақ
атады дейді. Өте мұқтаж, сирек жағдайда ғана аруаққа жүгіну
керек. Аруақтарды, яғни ата-бабалардың ұшып жүрген жанда-
рын зікір салып, сарнап, сыйыну арқылы тек бақсы, тәуіптер
ғана шақыра алады. Елдің айтуынша, олар ақбоз атқа салт мі-
ніп, алтынмен апталған ақ киім киіп, қалаулы адамдарына ғана
көрінеді екен. Аруақтарды арнайы дайындығы бар адамдар ғана
көре алады.
Баяғыда бір адамның аруағы өте күшті болыпты. Ол кейде
өзінің ұлына: «Сені періштенің немесе Құдайдың, шайтанның не-
месе перінің қызына да үйлендіруге шамам жетеді ... » – деп айтып
отырады екен.
Біраз жылдан соң жігіт жасына жеткен әлгі бала шеңбер сыз-
са, сол шеңберде ару қыз пайда болады. Ол соған үйленіп, кәдімгі
әйелдей тұра бастайды. Содан бір уақыттарда әкесі қатты ауырып,
түс көреді. Түсінде: «Қызды еркіне қоя беріңдер. Ол періштенің
қызы!» деген аян беріледі. Бұл жаздыгүні болған. Қыз киіз үйде
отырған. Ол кенет құсқа айналып, ұша жөнеледі.
178
Дәулер
әулер – үсті-бастарын жүн басқан, аяқ-қолдарында өткір
тырнақтары бар, ұсқындары адам шошырлық алыптар. Олар
өздерінің апандарында, көбінесе, тау үңгірлерінде, қалың
жынысты қиын жерлерде тұрады. Кейбіреуі көл түбін немесе
жер қойнауын мекендейді. Онда жер асты қазынасын – алтын-
күміс, асыл тастарды күзетеді. Олар – қисапсыз қазына, дәулеттің
иесі. Кейбір дәулер зергерлік іске шеберленіп, жердегі қыздарды
қызықтыратын әдемі әшекейлерді жасаумен даңқы шыққан. Ерте-
де тау беткейлері опырылып құласа немесе жер сілкінсе, дәулер өз
ұстаханаларында темір соғып жатыр, не болмаса дәулер қаһарланды
деп түсіндірілетін. Дәулер адамдарды жек көрген, оларды өлтіріп
немесе қапас зынданда ұстаған. Күн сайын түстігі мен кешкі асы-
на екі адамнан жеп тұрған. Оларда тұтқындардың зарына деген
аяныш сезімі болмаған, Құдай атынан жалбарынса Құдайға тіл ти-
гізіп, мазақ қылған. Дәулердің кейбіреуі ғана мейірбан болған. Мы-
салы, тоқымашылардың қамқоршысы, «ақ құдай» – әйел-дәу Са-
фед осындай. Жұма күндері оған шелпек пісіріп апарады, бұл күні
тігіншілер жұмыс істемейді.
Көбінесе, дәулер дегеніміз – зиянкес, қаскөй жындар, жалғыз
көзді Төбекөз дәулер (циклоппен бірдей). Кейбіреулерінің еркек не-
месе әйел кейіпті бірнеше басы болады. Бірақ бір мифтерде дәулер
жақсы қасиеттерімен көрінеді, адамдарға қамалдар мен қалалар
салуға көмектеседі.
Дәулердің біреулерінің өз отбасы болады немесе олар үш, жеті
және қырық ағайынды болып топталып өмір сүреді. Әдетте, олар
ертегілік батырлар құтқаруға тиіс сұлуларды ұрлайды. Бірақ бәрі-
бір батырлар жеңіп шығады. Кейде дәулер батырлармен достасып,
ерлік жасауға шарапатын тигізеді. Дәулердің шешелері де алыптар,
бірақ олар адамдарға достық ниетте. Олар бақытсыз бейбақтарды
паналатады, адамжегіш ұлынан қорғайды. Сайтандар сияқты,
дәулердің де мүйіздері болады.
179
Дәу, жолаушылар
және Жезтырнақ
аяғыда бір Дәу өмір сүріпті. Оның үй-жайы, әйелі болыпты.
Үйінің есігі төбесінен жасалыпты. Келген-кеткен сол есіктен
кіріп-шығады екен.
Бір күні Дәу үйінің үстінде жан-жағына қарап отырса, алыстан
шаңдатқан үш салт атты көрінеді. Ол жерге түсіп, аттылардың
алдынан шығып қарсы алады. Дәудің әйелі бұл кезде бір жаққа
кеткен екен. Ол жолаушыларды үйіне бастап әкеліпті. Содан
соң оларды құрметтеп, төрге отырғызып, өзі далаға шығып кете-
ді. Сөйтіп сырттағы аттарды байлап қояды. Үйге қайтып келіп,
меймандарының алдына ас қояды. Ас желініп біткеннен кейін дәу
ойларында ештеңе жоқ, қаннан-қаперсіз отырған қонақтарының
аяқ-қолын байлап тастайды. Содан үшеуінің әрқайсысының
басы мен желкесін қолымен басып көріп жүріп, байдың баласын
таңдап, оны жей бастайды. Сонда байлаулы екі жолаушының бірі
отырып:
– Әкем қатты қысылғанда жылқының қылын тұтату керек деу-
ші еді, – деп етігінің қонышынан аттың қылын суырып алады.
Бұл кезде Дәу байдың баласын жеп бітіріп қалған. Жолаушы
аттың қылымен алыптың мойнынан ұрып жібергенде, қыл оның
басын қиып түсіріпті. Алайда бассыз қалса да, алып дене орта-
да әлі теңселіп жүр дейді. Естері шыққан екі жолаушы үйдің екі
бұрышына тұра қалыпты. Бір уақытта барып Дәу әлсіреп құлапты.
Сол кезде жолаушылар үйден атып шығып, аттарын шешіп алып,
алды-артына қарамай қаша жөнеліпті.
Біраздан соң байқаса, арттарынан бір әйел қуып келе жатыр
екен. Ол бағанағы Дәудің әйелі Жезтырнақ болып шығады. Еке-
уі садақтарын ала салып әйелге оқ жаудырыпты. Сөйтіп оны да
өлтіріп, жез тырнақтарын алып жөндеріне кетіпті.
180
Ызықтар
зықтар – таулардың биік жартастарында жүретін ақпейіл
аруақтар. Олар аңшыларға көмектеседі. Малға һәм жер құ-
тына қамқор болады. Ызықтардың мән-жайын білетін
әрбір отбасы олардың көңілін аулауға тырысады. Сондықтан,
жыл сайын бір малды, қошқар немесе жылқыны садақаға бере-
ді. Ол үшін ең сұлу айғырды немесе қошқарды сүтпен жуып, хош
иісті шөппен аластап, жал-құйрығын тарап, түрлі-түсті баулар-
мен безендіріп, бақсы үшкірген бойтұмар тағады. Сөйтіп адамдар
аруақтардан медет тілеп, ызықтарға арналған жануарды еркіне
босатып қоя береді.
Мұндай қошқарды мерт етуге, мұндай атқа мініп жүруге бол-
майды. Өйткені, жаңағыдай жора жасалған соң малдың өзіне де
кие дарып, ызыққа айналып, ол да керемет құдіретке ие болады.
Сонда ызықтар үйірлі жылқыны қорғап, қасқырларды қуып,
ұрыларға алдырмайды. Сөйткенде төрт түлік көбейіп, жұт пен ке-
сір-кесапат адамдардан аулақ жүреді.
Жылан бұзған қала
ңтүстік Қазақстанда Сырдария өзенінің жағасын бойлай
жүргенде көптеген қалалардың ескі қирандыларын байқау-
ға болады. Солардың біреуін жергілікті тұрғындар Жылан
Бұзған деп атайды, ал өздері оның қасына аттап баспайды. Қазір де
сол қаланың орнында үлкен төбе ғана қалған.
Бір замандарда мұнда мыңдаған адамдар тұрған. Билеушісінің
ашкөздігі мен пайдакүнемдігі ақыры шаһарды құртып тынған. Ол
былай болған дейді.
Бір кемпір сиырын өзеннің жағасында саууды дағды еткен
екен. Әрі ылғи талтүсте сауатын болыпты. Бір күні кенеттен судан
үлкен қара жылан жорғалап шығады. Шын мәнінде ол жергілікті
сулардың иесі Үббе сайтан болатын. Кемпір шошып кетеді. Бірақ
181
Үббе оған жылы шыраймен құйрығындағы алтын теңгені көрсетіп:
«Егер маған күнде сүт беріп тұрсаң, мен алтын теңгеден беріп оты-
рамын», – дейді.
Кемпір келіседі. Күніне бір алтын теңгеден алып тұрған ол ке-
дейлікпен қоштасып, көп ұзамай қаладағы ең бай адамдардың бірі-
не айналады.
Кемпірдің баюының мән-жайын сол қаланың билеушісі естіп,
оны өзіне келтіруге бұйырады. «Саған мұндай байлық қайдан кел-
ді?» – деп сұрайды билеуші. Кемпір әуелде үндемейді. Бірақ оны
қоймай тергеп, қорқытып, қоқан-лоққы жасаған соң, ақыры, ол
сүтіне күніне бір алтын теңгеден беріп тұратын ғажайып жылан
жайында айтып береді. Билеуші бұған сенбейді. Сонда кемпір өзінің
өтірік айтпағанына көзін жеткізу үшін оны талтүсте өзен жағасына
ертіп келеді. Сөйтіп, билеуші һәм қаланың басқа да жәмиғаты
дарияның жағасында тұрып, қабығы асыл тастардай жарқыраған
үлкен қара жыланның судан жайымен жорғалап шығып, сүтті ішіп,
теңгені тастап, қайтадан суға түскенін көреді.
Тылсым, таңғажайып атаулыдан үрейі ұшқан әрі байлыққа
ашкөзденген билеуші кемпірді дарға астырып, алтынын қазынаға
алуға бұйырады. Ертеңіне ештеңеден күдігі жоқ судан шыққан
Үббеге билеушінің нөкерлері қайнаған май құяды. Өзен падиша-
сы Үббе сайтан осылай өледі. Сол-ақ екен, қисапсыз жыландар
мың-мыңдап судан шығып, Үббенің үмбеттері* қалаға лап қояды,
кездескеннің бәрін шағып, адамдарды шетінен қырып өлтіре бере-
ді. Үрейі ұшқан тұрғындар беті ауған жаққа безе қашады. Жауыз
билеуші жан сауғалап басқа қалаға кетеді.
Алайда, өзен падишасының кегі оны ол жерде де құтқармады.
Ол үй-жайына білдірмей кіріп, қошқар мүйізінің қуысына жасы-
рынған жыланның зәһарынан ажал табады.
Сол қала билеушісінің де, халқының да кім екені беймәлім. Тіп-
ті, қаланың атауы да ұмытылған. Тек оның орнында құпия сырла-
рын қойнауына жасырған қирандылар ғана қалған...
Достарыңызбен бөлісу: |