Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
«Шаруаның бір пірі – жылқышы ата!
Тілегенде өзің бер ақтан бата!» – 
деп, мал сүмесін* емген қазақтар жылқышы ата – Қамбардан ме-
дет тілеген. 
*Сүме – аң, малдың сүті, сүт тағамдары.


228
Қазақтар баяғыдан аттар адамдардың ауруын емдеуге де 
көмектеседі деп есептеген. Жын-шайтан аттан қорқады, ат келген 
кезде науқас адамды басқан албасты тұра қашып, ол ауруынан жа-
зылады деп пайымдаған.
Салт аттының қамшысы да керемет құдіретке ие. Аттың тері 
сіңгендіктен, оған жындар мен әртүрлі албастылар жақындауға 
қорқады. Сол себептен де қамшыны жас әйелдердің бас жағына 
іліп қоятын болған. Әсіресе, тобылғы сапты, сары жезбен өрілген 
қамшылардың сиқыр-қасиеті ерекше деп сенген. Тувалар «шай-
тан қызыл қамшылы кісіден қорқады» десе, қазақтар «сайтан сары 
қамшыдан сескенеді» деп санаған. 
Бала туғанда, ұлдың кіндігін шүберекке орап, айғырдың жалы-
на немесе қошқардың мүйізіне байлап қойған. Өйткені, ата-ана 
өз ұлдарының төрт түлікті өргізіп өсіретін малсақ адам болғанын 
қалайды. Шебер ісмер болсыншы деп, қыздың кіндігін сандықта 
сақтаған. Қырқынан шыққан соң баланы атақты адамдардың: 
ақындар дың, қызыл тілді шешендер мен батырлардың үзеңгілері-
нен өткізеді.
Ат тұяғының таңбасы қалған жерді «періштенің ізі» деп 
атаған. Мұндай жерден бір уыс топырақ алып, шүберекке орап, 
баланың жастығының астына салған немесе суға қосып, баланы 
шомылдырған. 
Қазақстанның бірталай аймақтарында тастардағы «тұлпар 
тұяғының ізі» деп аталатын жылқы тұяғының суреттеріне тәу 
ететін ғұрып та бар. (Ат тұяғының суреті бар тастарды барлық 
жерде тұлпартас деп атайды). «Тұлпардың ізі өшпес» деген қазақ 
мақалы тұлпар тұяғының қаттылығын, сондықтан, оның салған 
таңбасының өшпейтінін ишаралайды. Тастағы тұлпар іздеріне тәу 
ету, ат тұяғының ізін қастерлеу сақара сиқыр-кереметтерінің бір 
көрінісі болып табылады.
Жалғыз ұлға Тұяқ, Тұяқбай деп ат қояды. Өйткені, ол – әкесі-
нің жалғыз мұрагері. Күміс жамбыны (тайтұяқ) тұяқ пішінінде


229
жасайды. Осының бәрі ат тұяғының қасиет-киесіне деген керемет 
сенімге байланысты.
Жылқының жалы мен құйрығы адамды жын-шайтан, бәле-
жала, қауіп-қатерден қорғап-қоршайды деген ырым бар. Бесікке 
жылқының жал-құйрығының қылын байлап қояды. Жылқының 
жалынан, кекілінен әдейілеп жұлынған қылды шүберекке орап 
тігіп, баланың мойнына тұмар қылып тағады. Мұның мифтік си-
паты фольклорда көрінген. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырында 
Қозының Күрең бестісіне адамша тіл бітіп:
Кекілімнің бір қылын жақсаң егер,
Сол кездерде алдыңа келем жетіп, – 
дейді.
Қазақта атақты адамдар жайында айтылатын «ол қара-көктің 
тұқымынан ғой» деген сөз бар. Абайдың әкесі Құнанбай «Біз қара-
көктің тұқымымыз» дейді екен. Ал егер қара халықтан біреу зор 
атаққа жететін болса, таң қалып, бұл «қарадан шыққан қара-көк» деп 
сүйінетін болған. Қызыл тілді шешендерді, ақындарды «қара-көк ше-
шен», «қара-көк ақын» деп мадақтаған. Аңыз бойынша, басқалардан 
бөлек көріну үшін бай-бағландар мен төрелер қара-көк түсті құлын-
ның терісінен тігілген тон киген.
Жетісу мен Шыңжаң қазақтары көп жағдайларда ақ атты көк ат 
деп атайды. Бұл ғұндар мен түркілер Тәңірге ақ түсті жылқыларды 
құрбан шалған баяғы бағзы заманнан келе жатқан дәстүр.
Ақбоз аттар аққудан туады. Абылайдың Алшаңбозы аққуға айнал-
ды деген наным бар. Қазақтардың жылқыға байланысты наным-се-
німдері, салт-дәстүрлері түркі мен монғол мифтері ию-қию араласып 
жат қан ерте замандарда пайда болған. Жылқы баққан халықтардың 
әдет-ғұрыптарымен олардың көптеген ортақ сипаттары бар. Бірақ 
бірқатар ырымдар тек қазақтарда ғана ұшырасады. Ғұрыптардың 
көнелігі және ортақтығы Орталық Азия тайпаларының жылқыны 
өте ерте замандарда, бәлкім, б.д.д. 4 – 3 мыңжылдықта, яғни, осыдан 
бес-алты мың жыл бұрын қолға үйреткенін куәландырады.


230


231


232
Теңіз аттары
Теңіз аттары жайлы мифтер қазақтың бір ғана руында, Маң-
ғыстау түбегін мекендейтін адайларда ғана бар. Бұл мифтердің 
шыққанына да екі мың жылдан асты.
Теңіз аттары жайлы айтқанда, біз «адай» атауының шығу 
төркініне тікелей жанасамыз. Себебі, осынау этноним «ат» сөзімен 
тығыз байланысты. «Адай» сөзінің мәнісі оны «атай» деп құбылтсақ 
түсінікті болады. Яғни, тай, жас теңіз аты. Адайға «тай» сөзі ғана 
қатысты емес. Шежіре бойынша, адайдың әкесі Елтай деген кісі. 
Адайлар дың сегіз атасының бірі – Шыбантай. Мифологиялық 
Алғадай бейнесі де адайларға өте жақын.
Көптеген қазақстандық тарихшылар «адай» этнонимі Геродот, 
Страбон және басқа ежелгі авторларда көрсетілген «дай» руының 
көне атауынан шыққан деген ойға бейім. Ал, кейбіреу лері қазіргі 
адайлар ежелгі дайлардың ұрпақтары деп есептеуге ықыласты. 
Грек-рим жазушылары Страбон, Плиний көшпелілердің сақ-
Ақбоз жылқыны қадір тұту әртүрлі салт, дәстүрлерге байла-
нысты. Боз биенің сүтіне шомылған кісі барлық ауруларынан 
жазылады, оған қайғы-қасірет жоламайды деген ырым бар.
Жау ды жеңіп қайтқан Алпамыс өзінің азап көрген ата-ана-
сын боз биенің сүтіне шомылдырады. Халық ішінде ұлға ана 
алдындағы борышын еске салған кезде әлі күнге дейін «Сен өз 
анаңды боз биенің сүтіне шомылдырып әлпештеуің керек қой» 
деп айтып жатады.
Соғыс тоқтатылып, екі жақ келісімге келген бітім уақтысында 
ақбоз ат шалып, жора жасайды: екі жақтың бітімшілері сұқ 
саусақтарын осы аттың қанына малып, ешқашан жауласпауға ант 
етеді. Жеңіс хабарын жеткізу үшін ақбоз атты жаушы, жеңілісті 
хабарлауға қара ат мінген жаушы жіберілген. Ақбоз ат үстіндегі 
адам айбынды көрінеді және ақ түс жеңісті бейнелейді.


233
Саназардың теңіз аттары
ртеде адай руында Саназар деген бір бай болыпты. Әлім
руының бір жігіті оның қызына ғашық болып, әкелері
құдаласыпты. Ғашық жігіт Саназардың ауылына қызға құ-
пия келіп-кетіп жүріпті. Жігіттің сиқырлы аты бар екен, мұны тек 
Саназар мен оның қызы ғана біліпті. Содан Саназар сиқырлы атқа 
біреу-міреудің көзі тимесін деп, ауыл шетінде жігіт пен оның 
ғажайып пырағына арнап жеке үй тіктіреді, адамдардың оған 
қарауына ты йым салады. Дегенмен де көрсеқызар бір әйел жабудың 
арасынан сығалап, қанатты атты көріп қояды. Әйелдің сиқырлы 
атқа сұғы жаман көзі тиіп, ат сеспей қатады. Саназар болашақ 
күйеу баласына өзінің қанатты тұлпарын беріп, шерін басады. Бұл 
сиқырлы тұлпар Саназардың қолына былай түскен болатын.
Бірде ол оннан астам байталын жоғалтып, соларды іздеуге 
шығады. Сөйтіп, жылқылары мөлдір де тұнық суы бар бір суаттың 
басынан су ішіп тұрған жерінен үстінен түседі. Саназар жоғын 
тапқанға мәз болып, дем алып отырса, судан теңіз айғыры шығып, 
мұның байталдарымен иіскесіп, ойнай бастайды. Мұны көрген Са-
назар ақсақалдардың теңіз және өзен жылқыларының сиқырлы 
қасиеттері жайлы айтқан әңгімелерін еске алып, теңіз айғыры 
шапқан байталдарды ғана әкетіпті. 
Буаз байталдардың құлындайтын уақыт да жақындайды. 
Ғажайып құлындар күткен Саназар байталдарын өзі мәпелеп 
бағып, күзетіпті. Бірақ әрбір жолы жаңа туған құлынды көктен 
бір тылсым күш келіп, алып кетіп отырады. Саназар тек біреуін 
ғана ұрлатпай алып қала алады. Сөйтіп, Саназардың күйеу бала-
сына өлген қанатты тұлпардың бодауына* берген аты нақ сол теңіз 
айғырынан туған жалғыз құлынның ұрпағы болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет