Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі типтік оқу бағдарлама


- Бөлім. Мектептің педагогикалық ұжымын басқару



бет6/11
Дата07.01.2022
өлшемі43,43 Kb.
#19755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3- Бөлім. Мектептің педагогикалық ұжымын басқару

1-тақырып. Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен əрекет ететін феномен. Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі. Адами ресурстардың құндылығы. Ұжымды басқару кезіндегі өзара қарым-қатынас жəне деңгейін білу құрылымы. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісмге келу, шынайылық, дəлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру. Негізгі түсініктер: педагогикалық ұжым, ұжымды басқару, адами ресурстары, басқару элементі, бағдарламалық іс-əрекет.

2-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас жəне басқару этикасы Коммуникация түрлері: ішкі жəне сыртқы, формальды емес, вербальды жəне вербальды емес. Педагогикалық менеджменттын коммуникативтік компоненті. Коммуникациялық үдерістын басшысы ретінде мұғалімнің рөлі. Коммуникация процесінің элементтері. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. Жалпы этикалық принциптері жəне іскерлік қарым-қатынас сипаты. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми жəне бейресми қарым-қатынас түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара əрекеттесу стилі. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара əрекеттесуінін өктемшіл, демократиялық жəне либералдық стильдері, олардың сипаттамалары (формальды жəне мазмұнды жақтары). Менеджменттегі вербальды емес коммуникация ерекше ролі. Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мəні. Білім беру мекемесінің басшысының ұжыммен қарым-қатынас этикасы. Дұрыс коммуникацияға кедергі келтіретін себептердің сипаттамасы. Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторлар. Тиімді педагогикалық қарым-қатынас тəсілдері мен принциптері. Тиімді коммуникация ережелері. Эмпатия. Кері байланыс. Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас, өзара əрекеттесу стильдері, басқару этикасы.

3-тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару Қақтығыс – əлеуметтік-қоғамдық құбылыс. Педагогикалық жəне теориялық қақтығыс туралы түсінік. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен ерекшеліктері, нысанның элементтері мен субъектілері. Тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыс үстемдігі сипаттамасының себептері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару қиыншылықтары. Қақтығыстарды азайту əрекеттерін басқаруға əкімшілік жəне педагогикалық қызметкерлердің дайындығы. Алдын-ала қақтығыс жағдайларын болжау жəне рұқсат беру. Негізгі түсініктер: қақтығыс, қақтығысты басқару, қақтығысты басқаруға дайындық.

4-тақырып. Білім беру менеджерінің көшбасшылығы жəне көшбасшылық қасиеті. Көшбасшылық түсінігінің туындауы жəне анықтамасы. Үкіметтің, көшбасшылықтың жəне менеджменттің өзара байланысы. Көшбасшылық мəселесі педагогикалық менеджменттің маңызды мəселесінің бірі ретінде. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің мазмұны. Көшбасшылық түсінігінің туындауына талдау жасау. Білім беру үдерісінде көшбасшылық өнер жəне шеберлік ретінде. Мектептегі көшбасшылықтың типі жəне сипаттамасы. Тиімді көшбасшылық жəне көшбасшылық қасиет. Көшбасшылық басқарудың мəнері ретінде. Көшбасшылықтың гендерлік мəселелері. Мінез-құлық факторына талдау жасау жəне оның көшбасшылықты жетілдірудегі рөлі. Негізгі түсініктер: көшбасшылық жəне көшбасшылық қасиет, тиімді көшбасшылық, білім беру үдерісінде көшбасшылық, мінез-құлық факторы, басқару мəнері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет