Әдебиеттер:
1.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и
степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 б.
2.
Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. В книге «Букеевской Орде 200
лет». – А.: Өлке, 2001. – 320 б.
3.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Том 5. – Алматы: РИК, 1994. – 235 б.
4.
Зиманов С. Россия и Букеевское ханство. – Алматы: Наука, 1982. – 171 б.
5.
Иночкин В. Слово о Жангире. – Уральск, 2002. 76 с.
6.
Аспандияров Б. Образование Букеевской орды и ее ликвидация / Гл.
ред. Б. Аяган. "Қазақ энциклопедиясы". – Алматы, 2007. – 400 с.
7.
Қасымбаев Ж. Жангир хан (1801-1845). – Алматы, 2001. – 102 б.
8.
Ерофеева И. Жены казахских ханов // Елордалық журнал «Астана».
2006. – №2(27). – Б. 22-25.
9.
Кенжалиев И. Бөкей ордасы (1801-1854). – Орал, 2002. – 135 б.
10.
Геллер М. История Российской империи. ІІ том. – М., 1997. – 490 с.
11.
Султанов Т.И. Казахское государство в первой половине ХVI века. //
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 5 томах. – Алматы,
1997. – 425 б.
12.
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханства 18-І пол.
19 вв. том. Жангир хан (1801-1845 гг.). – Алматы, «Наш мир». – 2001. – 153 б.
13.
Мукатаев Г.К., Ирхина М.В. Султан Губайдулла Чингисхан – полный
генерал от кавалерии: Документы и материалы. – СПб: «Издательство
М.В.Ирхиной», 2003. – 159 б.
Хабаршы
№1- 2015ж.
313
14.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна
LTD, 2006. – 768 б.
15.
Ерофеева И.В. Символы казахской государственности.–Алматы, 2001. – 248 б.
16.
Ақбаев Ж. Жәңгір хан. / Орал өңірі, 1996 жыл. 9 шілде.
17.
Шахматов В. Букеевская Орда и восстание Исатая Тайманова. –
Алматы, 1946. – 254 б.
18.
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы, 1957. – 385 б.
19.
Абдиров М. Губайдулла Жангиров – казахский генерал руской армии. -
http://military-kz.ucoz.org.
20.
Ченнык C. Крымский след потомка Чингисхана. - http: //millitary-
kz.ucoz.org
21.
Сүйінов С. Бөкей Ордасы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2000. – 184 б.
22.
Масанов Н.Э. Казахская политическая и интеллектуальная элита:
клановая принадлежность и внутриэтническое соперничество // Евразия. Люди и
мифы: сборник статей и журнала Вестник Евразии. – 2003. – С. 32.
23.
Аманжолова Ш. Повелел Император Золотую саблю за храбрость! //
Аргументы и факты. – 2000. – №47. – С. 19.
24.
Хамзин А. Нарыннан шыққан білімпаз. / Жұлдыз, 1990 жыл. №1.
25.
Михайлов А. История. -
http://www.express-k.kz/
26.
Кенжегалиева Г. Г.Джангиров». - http://www.caravan.kz
Байбулсинова А.С., Кенесова А.С.
Первый генерал инфантерии – Г.Жангиров
В статье рассматривается колониальная политика царской России в конце ХІХ -начале
ХХ вв. Автор исследует общественно-политическую деятельность первого в Казахстане
генерала от инфантерии, сына правителя Букеевской Орды Жангир хана - Губайдуллы
Жангирова.
Ключевые слова: царская Россия, генерал инфантерии Г.Жангиров, Букеевская Орда,
колониальная политика, рапорты военных и чиновников, межгосударственные отношения,
архивные документы, новые подходы, новые исследования.
Baibulsinova A.S., Kenessova A.S.
G.Zhangirov – the first General of Infantry
In article the colonial policy of imperial Russia at the end of H_H - the beginning of the XX
centuries is considered. The author investigates political activity of the Kazakhstan's first general
from an Infantry, the son of the governor Bukeevsky Ordy Zhangir khan - Gubaydulla Zhangirov.
Keywords: imperial Russia, general of Infantry- G. Zhangirov, Bukeev Horde, colonial
policy, official reports of military and officials, interstate relations, archival documents, new
approaches, new researches.
ӘОЖ: 93/99
Ахмет А. – тарих ғылымдарының докторы, доцент,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Азилов Қ. – Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты
(Атырау қ., Қазақстан)
АЛҒАШҚЫ РЕКТОР ҚҰСПАН ТЕМІРҒАЛИЕВ
Хабаршы
№1- 2015ж.
314
Аннотация: Батыс Қазақстандағы білімнің қара шаңырағы Х. Досмұғамедова
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихы ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау
алады. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тұңғыш директаторы Қ. Е.
Темірғалиевтың жоғары оқу орнының қалыптасуына сіңірген еңбегі зор.
Институтының алғашқы құрылған жылдары кадр мәселесі, оқу-тәрбие сапасын көтеру,
материалдық-техникалық базасы нығайтудағы еңбегі мұрағат деректері арқылы жан-жақты
сараланды.
Кілт сөздер: Қ.Е. Темірғалиев, директор, институт, университет, кафедра, кадр,
ғылыми жұмыстар.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін білікті мамандардың тапшылығы
барлық жерде әлеуметтік-мәдени, материалдық-өндіріс салаларында сақтала
берді. Осыған байланысты Қазақстанға жыл сайын Украинадан, Москвадан,
Ленинградтан және тағы да басқа одақтас республикалардан жас мамандар
жіберілді. Мамандардың жетіспеуіне байланысты соғыс жылдарында жабылған
жоғары оқу орындары – негізінен мұғалімдер институттары қалпына келтіріліп
және жаңадан институттар ашыла бастады. 1945 жылы республиканың жоғарғы
және орта арнаулы оқу орындарында 45 мың адам оқыды. Осындай ашылған
институттардың бірі Гурьев мұғалімдер институты болды. Бастауларын өткен
ғасырдың 50-жылдарынан алатын Батыс Қазақстандағы іргелі жоғары оқу
орындарының
бірі
Х.Досмұхамедов
атындағы
Атырау
мемлекеттік
университетінің құрылғанына биыл 65 жыл болды. Институттың алғашқы
құрылған кезеңдегі тыныс тіршілігімен Атырау облысы мемлекеттік
мұрағатындағы сақталған деректер арқылы танысуға болады.
Гурьев қаласында мұғалімдер институтын ашу туралы КСРО Жоғары білім
министрлігінің 1950 жылдың 28 маусымда №115/Т бұйрығы шықты [1, 13 п .].
Гурьев мұғалімдер институтының бірінші директоры болған, тарих
ғылымдарының докторы, профессор Құспан Еспендіұлы Темірғалиев өз
естелігінде «1950 жылдың жазында С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекетті
университетін бітірген мені республика халық ағарту министрі Әбдіхамит
Ібниұлы Сембаев шақырды. Менімен жеке әңгімесінде ол былай деді:
«Министрлік сізді Гурьев қаласына институт директоры етіп тағайындау туралы
шешім алды. Сіз әскери адамсыз, әскери-саяси жұмыста армиялық шынығудан
өттіңіз. Сіздің жауапты тапсырманы ойдағыдай атқаратындығыңызға біздің
сеніміз мол. Жиналуға үш күн беремін. Бірінші тамызда Гурьевке кету керек».
Министрмен әңгіме кезінде мен ойымша жіберген жерге бармаудың себебін
даярладым. Ауызымды ашқанша болған жоқ, министр қолыма бұйрықты
ұстатты. Министрдің кабинетіннің табылдырығын аттағанда, университет
бітіруші-студент болсам, ал одан шыққанда институт директоры атандым»,- деп
жазды [2, 10 п.].
Құспан Еспендіұлы Темірғалиев 1919 жылыдың 28 желтоқсанында Батыс
Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Шонай ауылында дүниеге келген.
1939 жылы Астрахань қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген. Екінші
дүниежүзілік соғысқа қатынасып, майдандағы көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі
Отан соғысы орденімен марапатталды. Соғыстан кейін С.Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1950 жылы тарих мамандығы бойынша
бітіреді. 1950-61 жылдар аралығында Гурьев мемлекеттік педагогикалық
институтында ректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
1961-66 жылдары Ульяновск педагогикалық институтында доцент, 1966 жылдан
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында кафедра
меңгерушісі қызметінде болды. 1974 жылы мұнай тарихынан ғылым
докторлығын қорғады. Жоғары білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін
Хабаршы
№1- 2015ж.
315
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 100-ден астам ғылыми мақалалардың
авторы [3, 432 б.].
Мұрағаттағы деректерді сараласақ соғыстан кейінгі елдегі қиын жағдайға
қарамастан жаңадан құрылған Гурьев мұғалімдер институтының директоры
Қ.Темірғалиев барлық қиыншылықтардан шығудың жолын қарастыра білгенінің
куәсы боламыз.
1950 жылдың 3 қыркүйегінде директор Қ.Темірғалиевтің бұйрығы
бойынша алғашқы ашылған мұғалімдер институтының кеңесі құрамына 14 адам
енгізілді. Оның құрамына директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері,
тәжірибелі оқытушылар енгізілді. Кеңес төрағасы Қ.Темірғалиев, хатшысы, тіл
мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі Л.П. Азовская болды [4, 47 п.].
Сол кезеңдегі институттың оқу өндірістік базасының жағдайына
тоқталсақ. Алғашқы институт құрылған жылы 8 оқу тобында 146 студент оқыған
[4, 7 п.]. Оқу залы, спорт залы, педагогика, қазақ және орыс тілі мен әдебиеті
кабинеттерінің жоқтығы және ең қарапайымы студенттерге отырғыштардың
жетіспеуі оқу үрдісіне кері әсерін тигізді.
Институт басшылығы осындай жетіспеушіліктерді жою мақсатында
«Қазжабдықтау» бюросына сұраныс бергенімен, ол мекеме қарсы болған. Жаңа
оқу корпусын, студенттерге жатақхана салу жөнінде Қазақ КСР Оқу министрінен
және қалалық кеңестен қосымша қордан қаражат бөлуді сұрағанымен, қорда
ақшаның жоқтығы да қол байлау кедергі келтірді.
Дегенмен, институт директорының ғылыми – оқу істері жөніндегі
орынбасары П.П .Точеный Алматы, Семей және Новосибирск қалаларына химия
кабинетін жабдықтау үшін сұраныс жіберсе, ал сұраныс арқылы Астрахан
қаласынан оркестрге домбыра аспаптарын алдыртып жабдықтады. Физика және
математика кафедрасының меңгеушісі И.Г. Чейдуковты арнайы іс сапармен
Москва қаласына жіберіп 20000 сомға оқу-құралдарын алдырған [4, 8 п.]. Барлық
институт қызметкерлері кезекті еңбек демалысын керекті құрал-жабдықтардың
тізімін алып, көрсетілген құралдарды жинақтап, табуға тапсырма алған.
Институт мұғалімдері өз күштерімен және студенттердің көмегімен
топографиялық карталар, планшеттер, орыс тілінен, физика, химия пәндерінен
әртүрлі көрнекті таблицалар жасақтап, оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге
игі ықпал етті.
Сол кезеңдегі негізгі басты ұран «Барлық істі кадрлар шешеді» болса,
институттың алғашқы құрылған жылдары педагогикалық кадрлармен
қамтамасыз етілуі ерекше орында тұрды.
Институтта штаттағы 12 оқытушы және 5 қосалқы штаттағы оқытушы
болса, оның 10 ер адам, 7-уі әйел оқытушы болды. Бұлардың көпшілігі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Абай атындағы Қазақ
педагогикалық институтын бітірген түлектер еді. Оқу жылының басында ауыл
шаруашылығының кандидаты И.Ф. Назаренко жұмысқа қабылданғанмен, көп
ұзамай оны Қызылордадағы Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясының базасына
жұмысқа жіберіледі, бұл да институт кадрларының сапасына ерекше әсер еткені
сөзсізи [4, 9 п.].
Институт басшылығы Самарқанд университетінің (Өзбек КСР-і) физика
кафедрасының профессоры Репниковпен ұзақ уақыт хат алмасулардан кейін
жұмысқа келуге келісімін алып, жол қаражатына дейін жібергенімен, ол кісі
белгісіз жағдайлармен келе алмағанын мұрағат деректері айғақтай түседі.
Сонымен қатар Саратов университетінде қызмет ететін физика-математика
ғылымдарының кандидаты Извекованы да жұмысқа шақыру туралы бірнеше
Хабаршы
№1- 2015ж.
316
хаттармен алмасқан. Министрлікке жоғары білімді маман және ғылым
кандидаттарын жіберу жөнінде бірнеше рет сұраныстар жіберген. Кадрлардың
ғылыми потенциялын арттыру мақсатында институтта марксизм-ленинизм,
философия пәндерінен кандидаттық миниум емтихандарын тапсыру үшін
ғылыми кеңесшілер қызмет атқарды. Институтта апта сайын неміс және
ағылшын пәндерінен үйірмелер жұмыс жасады.
Студенттерге сапалы білім беруді негізгі де басты мақсат етіп қойған
институт оқытушылары әрбір лекциялар мен семинар сабақтарына тыңғылықты
дайындалып келуді өздерінің міндеттері деп санаған.
Берілетін лекциялық сабақтардың идеялық мазмұнына жан-жақты мән
берудің де өзіндік ерекшелігі болды. Оның негізгі басты себептері біріншіден,
әкімшілік-әміршілдік жүйенің қалыптасқан қасаң да қатаң идеясына негізделді;
екіншіден, кеңестік жүйенің артықшылығын, яғни марксизм-ленинизм-
сталинизм идеяларын жүзеге асырудың жолдары насихатталды; үшіншіден,
болашақ мамандарға тиянақты да сапалы білім беру көзделді.
Сондықтан да жүргізілген лекциялардың идеялық мазмұнын (мұрағатта
солай нақтыланған. Авторлар) тексеру 2-ші жарты жылдықта басталған. Оның
себебі 1-ші жарты жылдықта оқуға дайындық жұмыстары жүргізіліп,
оқытушылардың дайындығына назар аударылған. Бұл да құптарлық бастама
екендігін кейінгі уақытта өзінің нәтижесін көрсетті.
Ашық лекция сабақтарға институт директоры, орынбасары, басқа да
оқытушылар қатынасып кейін жан-жақты талдап отырды. Оқытушылр өздерінің
ұсыныс-пікірлерін, сындарын ашықта әділ түрде жеке-жеке білдірген [5, 13-23,
39-44 пп.]. Мысалы, марксизм-ленинизм негіздері пәнінен аға оқытушы Д.Б.
Баяндиев «Лениннің апрель тезистері», педагогика және психология пәнінен аға
оқытушы Р.Г. Гаязова көрнекті құралдар арқылы «Содержания обучение»,
«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Л.П. Азовская
«И.В.Белинскийдің өмірі мен қызметі» және «Физика және математика»
кафедрасының меңгерушісі И.Г.Чейдуков «Некоторые методы интегрирования»
тақырыптарында өткізген ашық лекция сабақтары әріптестері тарапынан өткір
сын-пікірлер айту арқылы талданған [4, 17 п.].
Институт оқытушылары өздеріне де, студенттерге де қатаң талап қоюмен
ерекшеленеді. Оқытушылар үйге берілген тапсырмаларды студенттерден жүйелі
түрде сұрап, әрі талап ете отырып тексерді.
Мұрағат құжаттарында институт директоры Қ.Е. Темірғалиевтың «Қазіргі
кезеңдегі халықаралық жағдайлардың кейбір түбегейлі мәселелері» және
оқытушы С.Т. Қожабаевтың «Коммунисттік партияның ХҮІІІ съезі»
тақырыптарындағы дәрістері өтте сәтті шыққандығы жөніндегі дерек сақталған
[6, 6 п.]. Оқу сапасын жетілдіру мақсатында институтта «За педагогические
кадры» атты газеті шығарылды. Жалпы газеттің 14 саны ғана жарық көрді.
Газетке семинар, сынақ, емтихандардың жүру барыстары жазылып,
студенттердің пәндер бойынша сапа көрсеткіштері нақты көрсетілді.
Институтта спортқа деген көзқарастың жоғарғы деңгейде болғандығын
мына деректерден байқауға болатындығында. Облыс көлемінде, қалада
ұйымдастырылған спорттық шараларға студенттер асқан белсенділікпен
қатынасқан. Волейбол ойынынан жүлделі жеңіс тұғырына көтерілген. Бұл
жарысқа 10 ер, 10 қыздан құралған команда қатынасса, ал көркем гимнастикаға 8
ер, 2 әйел жарыс жолына шығып 4-уі Бүкілодақтық спорт жарыстарының 3-ші
дәрежелі нормаларын орындады. Жеңіл атлетикадан 15 ер, 13 әйел қатынасып,
Хабаршы
№1- 2015ж.
317
олардың 20-сы мақтау қағазына ие болды. Осындай спорттық жетістіктердің
нәтижесінде 2 студент конькиден республикалық жарысқа жіберілді.
Институтта төмендегідей спорт үйірмелері жүйелі түрде жұмыс жасады:
1)гимнастика, 2) жеңіл атлетика, 3) ауыр атлетика, 4) волейбол, 5) шахмат,
шашка, 6) футбол. Бұл аталған спорттық үйірмелерге 320 студент тартылған.
Қоғамдық жұмыстарға физика және математика факультетінің студенттері
Исмагасиев, Кислов, Кочурина, Карашина, орыс тілі мен әебиеті факультетінен
Анишин, Мохова, жаратылыстану және география факультетінен Неталиев,
Алексеева т.б. сияқты студенттер белсене қатысқан. Ал, Суюкбаев, Мукашев,
Матаев деген студенттер қоғамдық жұмыстарға дұрыс қатыспағаны туралы
деректер де баршылық.
Өндірістік – оқу тәжірибелеріне ерекше мән беріліп отырған.
Студентттердің мектептерде өткен оқу тәжірибесінен кейін «Педагогика және
психология» кафедрасының бастамасымен көрме ұйымдастырылып, көрмеге
студенттердің үздік жұмыстары қойылды. Педагогика, физика, география,
зоология, сызу және картаграфия пәндерінен жинақталған материалдар
көрермендерге ұсынылды. Бұл ұйымдастырылған көрме қала жұртшылығын,
әсіресе 10-шы сынып оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырып, олар
институтта өткізілетін әртүрлі шараларға шақырылып отырды.
Жаратылыстану және география факультетінің студенттері Астрахан
қаласына далалық тәжірибеге жіберіліп, геомарфология, зоология, ботаника
және картаграфия пәндеріне керекті көптеген материалдар жинақтады.
Студенттер далалық тәжірибе барысында Жайық және Волга өзендерінің
сағаларын салыстырмалы түрде зерттеп жазды. Астрахан қаласының көрнекі
жерлерін және қаладағы ірі өнеркәсіп орындарын аралап көрді. Қаладағы әйнек
шығару зауытындағы кездесу барысында жұмысшылар студенттерге зауыттың
шығарған әртүрлі өнімдерінің толық комплектісін сыйға ұсынды. Далалық
тәжірибеден кейін студенттер «Глобус» атты жаргазетін шығарып, кафедрада
шағын мұражай ұйымдастырды [4, 26-27 пп.].
Бұның барлығы сайып келгенде студенттердің алған білімдерін
тәжірибемен ұщтастыруға игі ықпалын тигізгені сөзсіз.
Жаңа ұйымдастырылған институттың алдында зор міндеттер мен
мақсаттар тұрды.
Кадр мәселесі, оқу-әдістемелік жұмыстар қиыншылықтар арқылы
шешіліп, жұмыстың жандануына бар күш жігерлерін салған институт ұжымы
әрдайым тығырықтан шығар жолды үнемі іздестіру, әрі даму жолында
болғандығын облыстқ мұрағатта сақталған деректер айғақтай түседі. Оқу-
әдістемелік жұмыстарын сапалы жүргізу үшін оқу жоспарының маңызы зор
екендігі барша оқу орындарының ұжымына мәлім. Сондықтан да институт
директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары П.П. Точеный
тынымыз жұмыс жасаған, ол 3 мәрте Қазақ КСР Оқу министрлігінен жаңа оқу
жоспарын сұратқанымен, өтініш қанағаттандырылмаған. Көрші Астрахань
қаласындағы педагогикалық институтынан арнайы сұраныс арқылы, 1948 жылғы
бекітілген оқу жоспарын алғанын өзінің министрлікке берген есебінде
мәлімдейді.
Алғашқы кезеңде институтта 5 кафедра, яғни:
1)
Педагогика және психология кафедрасы
2)
Орыс тілі және әдебиет кафедрасы
3)
Физика және математика кафедрасы
4)
Жаратылыстану және география кафедрасы болды.
Хабаршы
№1- 2015ж.
318
Оқытушылар жұмыс басты болса да ғылыми жұмыстармен айналысып,
уақыт тауып ғылыми жұмыстарын аяқтауға жұмыстанды.
Марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі Д.В. Фомин кандидаттық
жұмысын аяқтауға жұмыстану үстінде болса, аға оқытушы Д.Б.Баяндиев
кандидаттық минимумдарын тапсырып, Абай атындағы Қазақ педагогика
институтында ғылыми жұмысының тақырыбын бекіткен. Меңгеруші
Д.В.Фоминнің облыстық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі
болып қызмет істеуі де біраз қиыншылықтар туғызған.
Ал институт директоры «Коммунистік партия Қазақстанда мұнай
өнеркәсібін құру мен дамыту үшін күресте» тақырыбындағы ғылыми жұмыспен
айналысты [7, 104 п.].
Қ.Темірғалиевтің басшылығымен барлық кафедраның оқытушылары
облыс көлеміндегі жүргізілген қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене ат салысқан
[8, 29, 45 пп.]. Мысалы, «Педагогика және психология» кафедрасының
меңгерушісі Куфтырева Бақсай ауданы сайлаушыларына «Избирательная
система СССР – самая демократическая в мире», «Сталинская конституция –
самая демократическая Конституция в мире» атты тақырыбында лекциялар
оқыса, аға оқытушы Р.Г. Гаязова И.В. Сталиннің «Ответ товарищам» еңбегі
бойынша өткізілген теориялық конференцияда баяндама жасаған.
Аталған кафедра мүшелері қаладағы №9 қолөнер училищесі ұжымына
педагогика және психология пәндері бойынша әдістемелік көмек қолдарын
созған.
Институттың
тұңғыш
директоры
Қ.Е.Темірғалиевтың
алғашқы
қадамдарынан бастау алған игі бастамалар күні бүгінде жалғасын тауып
еліміздің іргелі оқу орындарының бірегейіне айналып, жас буын өкілдеріне білім
нәрін беріп, сапалы мамандар дайындауда өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан
білімнің қара шаңырағы институттан университетке дейінгі талай сүрлеулі
соқпақтардан өткен білім ордасының жетістіктері біз үшін зор мақтаныш деп
білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |