Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата03.03.2017
өлшемі8,79 Mb.
#5574
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35

Литература
1.  Гринкевич  Н.И.,  Сафронич  Л.Н.  Химический  анализ  лекарственных  растений,  М:  Высшая 
школа, 1983 - 174 с. 
2.  Д.Н.  Ведерников,  В.И.  Рощин  Экстрактивные  вещества  листьев  березы  повислой 
BETULAPENDULAROTH.  (BETULACEAE).  1.Групповой  состав,  состав  летучих  соединений 
кислот эфирных экстрактов. – Химия растительного сырья. 2012. №1. 
3.  Очерк  химии  природных  соединений,  Семенов  А.А.  -  Новосибирск:  Наука,  2000. 
Гидробионты  в  самоочищении  вод  и  биогенной  миграции  элементов. -  М.:  МАКС-Пресс. 
2008. 200 с. 
4.  Гидробионты  в  самоочищении  вод  и  биогенной  миграции  элементов. -  М.:  МАКС-Пресс. 
2008. 200 с. 
5.  Вода // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). - СПб., 
1890-1907. 
6.  М.Кейтс – Техника липидологии., М: «Мир», 1975 – 305 с. 
 
 
 
ƏОЖ 568.25(574.23)(1-751.2) 
 
ҚОРҒАЛЖЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНДАҒЫ 
ҚАЗТƏРІЗДІЛЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ 
 
Сейдахметов Н.К. 
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ) 
 
 
 
Қорғалжын  мемлекеттік  табиғат  қорығы  (ҚМТҚ)  –  ерекше  қорғалатын  аумақ. 
Құрғақ  даланың  ортасында  Теңіз-Қорғалжын  көлі  созылып  жатыр.  1968  жылы 
құрылған ҚМТҚ алатын аумағы бойынша Қазақстан Республикасы (ҚР) қорықтарының 
ішінде  (543171  га)  үлкендерінің  бірі  болып  табылады.  Орта  Азия-Үнді  жəне  Сібір-
Шығыс Африка құс жолдарының қиылысында орналасқан жəне халықаралық маңызға 
ие сулы көлдер жүйесі, яғни екі үлкен Теңіз бен Қорғалжын көлдері жəне дала учаскесі. 
Жылдың  ылғалдылығына  байланысты  су  бетінің  ауданы  1130-1590  шаршы 
шақырымды құрайды, ең терең жері 7 метрге жетеді, ал судың минералдануы Əлемдік 
мұхиттың  тұздылығынан  5-6  есе  артық  (22-ден  127  г/л-ға  дейін).  Көл  тереңсулы 
Жалтырдан  (Үлкен  Теңіз)  жəне  Солтүстік-шығыс  бөлігіндегі  үлкен  шығанақтан  (Кіші 
Теңіз) тұрады. Көлде 70-ке жуық кіші жəне үлкен аралдар бар, оларға құстар ұя салады. 
Бұл Орта Азиядағы ең ірі ағынсыз тұзды суқойма. 
1976  жылы  Теңіз-Қорғалжын  көлдер  жүйесі  Халықаралық  маңызы  бар  Рамсар 
тізіміне  қосылды.  2000  жылы  АҚШ-тың  Калифорния  штатында  өткізілген  форумда 
қорық дүниежүзілік “Тірі көлдер” жүйесіне 19-шы болып енгізілді. 2007 жылы ҚМТҚ 
көлдері ІВА орнитологиялық аумақтардың халықаралық желісіне енгізілді. 2008 жылы 
ҚМТҚ  аумағы  ЮНЕСКО  ның  Бүкілəлемдік  Табиғат  Мұрасының  Тізіміне  енгізілді. 

 
161
2012  жылы  Қорғалжын  мемлекеттік  табиғи  қорығы  биосфералық  резерват  мəртебесін 
иеленді. 
Қорық  территориясында  374  өсімдіктер  мен  жер  беті  жануарларының  1400-ден 
астам түрі мекендейді.  
Қазақстанның Қызыл Кітабына (2010) құстардың 41 түрі жəне ХТҚО тізіміне 27 
түр  енгізілген,  сонымен  қатар  сүтқоректілердің  5  түрі:  ақбөкен,  суыр-байбак,  дала 
тышқаны, сұр атжалман, дала шіңкілдегі.  
Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша қорық территориясында 18 отрядқа жататын 
құстардың 346 түрі тіркелген: гагаратəрізділер-2, поганкатəрізділер-5, ескекаяқтылар-4, 
дегелектəрізділер-12,  қоқиқазтəрізділер-1,  қазтəрізділер-32,  сұңқартəрізділер-28, 
тауықтəрізділер-3,  тырнатəрізділер-11,  татреңтəрізділер-64,  көгершінтəрізділер-10, 
көкектəрізділер-2,  жапалақтəрізділер-7,  тентекқұстəрізділер-1,  стрижтəрізділер-1, 
ракшетəрізділер-5,  тоқылдақтəрізділер-3,  торғайтəрізділер-132.  Соның  ішінде  16  түр 
Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына,  12  түр  IUСN  бойынша  қауіп  төнген,  5 
түр Орталық Қазақстан регионы үшін субэндемикалық болып табылады. 
Соңғы  жылдардағы  зерттеу  нəтижелері  бойынша  қорық  көлдерінде  қоқиқаздың 
əлемдік популяциясының 10%  жəне тағы бір Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін түр 
–  ақбас  үйректің  10-20%  шоғырланған.  Қорғалжын  қорығындағы  жұмыстар  алғашқы 
кезекте  осы  түрлерді  сақтап  қалуға  бағытталған.  Дүние  жүзілік  табиғатты  қорғау 
одағының Халықаралық «Қызыл» тізіміне 11 түр, Қазақстанның Қызыл кітабына 15 түр 
енген  жəне  3  түр    Қазақстан  даласына  шартты  эндемик  деп  саналады.  Олар:  қара 
бозторғай  (Melanocorypha  yeltoniensis),  аққанат  бозторғай  (М.  Leucoptera),  тарғақ 
(Chettusia gregaria).  
Мониторинг  мəліметтері  бойынша  сулы-батпақты  мекенде  сирек  кездесетін, 
жоғалып  кету  қаупі  бар  жəне  Теңіз-Қорғалжын  көлдер  жүйесіне  тəн  –  көптеген 
жергілікті түрлер жатады. Оларға:  
Сұр  қаз  (Anser  anser)  -топпен  қоныс  аударатын,  ұя  салуға  тəн  түр.  Ұялары 
Сұлтанкелді  көлінің  солтүстік  бөлігінде,  Қызылкөл,  Ұзынкөл,  Қоқай  көлдерінде 
тіркелді, ал Сұлтанкелді, Есей өзендерінде жеке даралары тіркелген. Табанқаз салалары 
мен  Бозаралда  колониясы  байқалған.  Түлеген  сұр  қаздардың  ерте  жинақталуы  2005 
жылы тамыздың  соңы мен қыркүйекте барлық суаттарда кездесті.  Ең ірі колониялары 
қоректенуге  ыңғайлы,  дақылдар  өсетін  далалардағы  тұщы  сулы  аймақтарды 
мекендейді.  Күз  мезгілінде  қорықтың  солтүстік  аймақтардағы  көлдерінде  көп  болып 
жиналып,    біраз  уақытқа  дейін  маңайдағы  дақылдармен  қоректеніп,  осы  жерді 
мекендейді. Алайда қаздардың негізгі жинақталуы  қорықтан тыс жерлерде, Кұмдыкөл 
мен Ұялышалқар көлдер жүйесінде тіркелген.  
Сыбырлақ  аққу  (Cygnus  olor)-  ұя  салатын  түр.  Ірі  колониялар  құрады.  Əуедегі  
бақылаулар нəтижесі бойынша 1976-1989 жылдары ұя салу кезеңінде қорық аймағында 
1100-3080  дарасы, соның ішінде 1989 жылы 470 ұя салатын жұптары тіркелген.  Кей 
жылдары жергілікті популяциясының саны өте аз болған (20-30 жұп).  
Сұңқылдақ  аққу  (Cygnus  cygnus)  -  саны  жағынан  көп  емес,  ұшып  өтетін  құс 
(Кривицкий  жəне  т.б.,  1985).  1988  жылдан  бастап  қорықта  олардың  топтары  байқала 
басталды. 1990 жылы Қорықтың солтүстік шекара маңындағы Взрывкопань көлінде ұя 
салғандары  тіркелген.  Жаздың  екінші  жартысында,  күзде  басқа  да  көлдерде  түлейді 
жəне  семірген даралары кездеседі. Ал күзгі миграция кезеңінде 100 -астам ұшып өтетін 
топтары байқалады.   
Сарыалақаз  (Tadorna  ferruginea)  -  Қазақстанның  көл-суларының  бəрінде 
кездеседі.  Кейбірі,  Сырдария  бойының  Келес  пен  Арыс  тұсында  қыстап  шығады. 
Көктемде  ерте,  кейде  ақпанның  ортасында  ұшып  келіп,  қазанның  ортасына  дейін 
қоныстанады.  2004  жылы  күзде  сулы-батпақты  территорияның  барлық  көлдерінде 

 
162
тіркелген.  Колониялары  Үлкен  Теңіздің  оңтүстік-шығыс  шығанағында  (22  мыңға 
жуық) жəне Жыландышалқар өзеніне (1200 астам) қоныстанған.  
Италақаз  (Tadorna  tadorna)-Батыс  Еуропа  жағалауларынан  бастап  Моңғолия, 
Солтүстік  Қытайға  дейінгі  аралықта,  Қазақстанның  барлық  оңтүстік  аймақтарындағы 
тұзды,  сортаңды  су  айдындарында  таралады.  Олар  республикамыздың  далалы, 
шөлейтті  аймақтарда  да  тіршілік  етеді.  Кейбір  жылдары  Келес,  Арыс  өзендерінің 
Сырдарияға  қосылатын  жерлерін  қыстап  та  қалған.  Мұнда  италақаздардың  саны 
туралы ақпарат көп, кейбір жылдары 100 000-нан 270 000 дейін жеткен (Гаврин жəне 
т.б.,  1974;  Андрусенко,  1977;  Кривицкий  жəне  т.б.,  1985).  Түлеу  кезеңінен  басқа 
уақытта  италақаздар  сулы-батпақты  территориясының  əртүрлі  суаттарында  жұптасып 
немесе  кіші  топтармен  кездеседі.  Қазіргі  кезде  түрдің  саны  азайып  кеткен.  2005-2006 
жылдары  қорық  территориясында  жəне  маңайдағы  көлдерде  3000-нан  астам  италақаз 
кездескен.  Соңғы онжылдықта ұя салатын мекендері мен ұшып өту кезінде тоқтайтын 
суаттарында саны күрт азайған (Ерохов, 2005, 2006).  
Бізқұйрық  үйрек  (Anas  acuta)  -ұя  салатын  жəне  ірі  колония  құрайтын  түр.  1950-
1960  жылдары  түлеу  кезінде  қаздардың  саны  бірнеше  жүз  мыңдарға  жеткен                     
(В.Ф. Гавриннің, 1964). 1970 жылдары олардың саны қысқарған (Кривицкий жəне т.б., 
1985). 2004 жылдың күзінде сулы-батпақты территорияда біркелкі таралғандығы (2300 
саны) анықталған. 2005 жылы 308 бізқұйрық үйрек тіркелген.  
Қызылтұмсық  сүңгуір  (Netta  rufina)  -  зерттеулер  жүргізген  кезеңдерде  жиі 
кездескеніне қарамастан саны аз. 1959 жылы 4100 дара, 1970 жылы - 5900 (Гаврин жəне 
т.б., 1974); ал 1973-1978 жылдары - 3 000 дара шамасында (Кривицкий жəне т.б., 1985). 
Қазіргі  кезде    қызылтұмсық  сүңгуірлер  ұшып  өту  кезінде  жəне  түлеу  кезінде  топ-топ 
болып кездеседі. Ең ірі колониялары (6000 дара) Қоқай көлінің батыс арналарындағы 
қамыс өсінкен көлдерде тіркелген. 
Көк  сүңгуір  (Aythyaе  ferina)  –  ұя  салу,  ұшып  өту  жəне  түлеу  кезінде  саны  көп 
қаздардың  бірі.  Негізгі  колониялары  Үлкен  Теңіздің  оңтүстік-шығыс  шығанағында 
кездеседі. Басқа да жерлерде оннан бірнеше мыңға дейінгі  көк сүңгуірлер байқалған. 
2005  жылы  205 дарадан  астам  сүңгуір  саналған.  Қорықтың  орталығындағы  көлдер  - 
Қоқай,  Тоқтамыс  жəне  Абылай  бөгетінде,  Жұмай-Майшұқыр  көлдерінде  ірі 
колониялары тіркелген.   
Ақбас  үйрек  (Oxyura  leucocephala)  –  Сулы-батпақты  территорияда  сирек 
ұялайтын  үйрек.  Дүние  жүзілік  табиғатты  қорғау  одағының  Халықаралық  "Қызыл" 
Тізіміне,  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  енгізілген.  1974  жылы  В.Ф.  Гаврин  бірқатар 
авторлармен бірге Қорғалжын көлдерінде ұялайтын ақбас үйректерге  санақ жүргізген.   
1959  жылы  -  70  жұп,  ал  1970  жылы-30  жұп  тіркелген.  Соңғы  уақыттарда  ақбас 
үйректердің саны артуда, əсіресе миграция алдында. 2004 жылдың күзінде 3 000 дараға 
жуық, 2005 жылдың жазында – 2500 дарадан аса саналған.  
 
Қорғалжын қорығында мекендейтін қазтəрізділер отряды өкілдері 
(Э. Гаврилов мəліметтері бойынша 1999 ж.) 
 
№ 
Қазтəрізділердің атауы 
Қазақстан 
территориясы 
Қорғалжын 
қорығы 
территориясы 

Қарашақаз (Branta bernicla Linnaeus,1758)* 



Қызылжемсаулы қарашақаз (Rufibrenta ruficollis Pallas, 
1769) 



Сұр қаз (Anser anser Linnaeus,1758) 



Ақмаңдайлы қаз (Anser аlbifrons Scopoli, 1769) 



Шиқылдақ қаз (Anser erythropus Linnaeus,1758) 



 
163

Қырманқаз (Anser fabalis Latham, 1787) 



Ақ қаз (Chen caerulescens Linnaeus,1758) 



Ақбас қаз (Eulabeia indica Latham, 1790) 



Қытай қазы (Cygnopsis cygnoides Linnaeus,1758)* 


10  Сыбырлақ аққу (Cygnus olor Gmelin, 1789) 


11  Сұңқылдақ аққу (Cygnus cygnus Linnaeus,1758)* 


12  Кіші аққу (Cygnus bewickii Yarrell, 1830)* 


13  Сарыалақаз (Tadorna ferruginea Pallas, 1764) 


14  Италақаз (Tadorna tadorna Linnaeus,1758) 


15  Барылдауық үйрек (Anas platyrhynchos Linnaeus,1758) 


16  Ысылдақ шүрегей (Anas crecca Linnaeus,1758) 


17  Қырылдақ шүрегей (Anas formosa Georgi, 1775) 


18  Қаратұмсықты үйрек (Anas falcata Georgi, 1775) 


19  Қоңыр үйрек (Anas strepera Linnaeus,1758) 


20  Сарыайдар үйрек (Anas penelope Linnaeus,1758) 


21  Бізқұйрық үйрек (Anas acuta Linnaeus, 1758) 


22  Даурықпа шүрегей (Anas querquedula Linnaeus,1758) 


23  Жалпақтұмсықты үйрек (Anas clypeata Linnaeus,1758) 


24  Мəрмəр шүрегей (Anas angustirostris Menetries, 1832)* 


25  Қызылтұмсық сүңгуір Netta rufina (Pallas, 1773) 


26  Көк сүңгуір (Aythya ferina Linnaeus, 1758) 


27  Алакөз сүңгуір (Aythya nyroca Guldenstadt, 1770)* 


28  Айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula Linnaeus, 1758 


29  Теңіз сүңгуірі (Aythya marila Linnaeus, 1761 


30  Ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis Linnaeus, 1758) 


31  Сусылдақ (Bucephala clangula Linnaeus, 1758) 


32  Қара тұрпан (Melanitta nigra Linnaeus, 1758) 


33 
Дөңтұмсық тұрпан (Melanitta deglandi Bonaparte, 
1850)* 


34  Кəдімгі тұрпан (Melanitta fusca (Linnaeus, 1758)* 


35  Ақбас үйрек (Oxyura leucocephala Scopoli,1769)* 


36  Кіші бейнарық (Mergus albellus Linnaeus, 1758) 


37  Секпілтөс бейнарық (Mergus serrator Linnaeus, 1758) 


38  Үлкен бейнарық (Mergus merganser Linnaeus, 1758) 


39  Мамыққаз (Somateria spectabilis Linnaeus, 1758) 


 
Ескерту:  *  -  белгіленген  құстардың  түрлері  Қазақстан  Қызыл  кітабына  (2010ж) 
тіркелгендер. 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Гаврилов Э.И. Справочник по птицам Республики Казахстан. - Алматы, 2000. - 178 с. 
2.  Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. - Алматы, 1999. - 198 с. 
3.  Глобально значимые водно-болотные угодия Казахстана. Т.2. Тениз-Коргалжынского система 
озер. - Астана, 2007. - 286 с. 
4.  Красная  книга  Республики  Казахстан.  Т.1  Животные.  Ч.1.  Позвоночные.  -  Алматы,  2010.  -            
324 с. 
5.  Методы  учета  основных  охотничье-промысловых  и  редких  видов  животных  Казахстана.  - 
Алматы, 2003. - 203 с. 
6.  Скляренко  С.Л.,  Уэтли  Д.Р.,  Бромбахер  М.  Ключевые  орнитологические  территории 
Казахстана. - Алматы, 2008. - 318 с. 
 
 

 
164
ƏОЖ 504.75:628.31 
 
ЭКОЛОГИЯ  ЖАҒДАЙЫ  ЖƏНЕ ЛАСТАНҒАН СУ КӨЗДЕРІН ТАЗАРТУДА 
ӨСІМДІК ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІЛІГІ 
 
Сейткул А. 
(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 
 
 
Ластануға  судың  барлық  категориялы:  мұхит,    континентік,  жерасты,  əртүрлі 
дəрежеде ұшырайды. 
Судың, əсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын  анықтайтын маңызды  
факторлардың  бірі  болып  табылады.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының 
мəліметтері  бойынша  судың  сапасының  төмен  болу  себепті  шамамен  5млн.  адам( 
негізінен  балалар)  өледі  де,  əр  түрлі  дəрежеде  уланған  немесе  ауырған  адамдардың 
саны 500млн.-нан 1млрд-қа дейін жетеді. 
Сулардың  ластануы  ең    бірінші  рет  су  қоймаларының  əр  түрлі  ластаушы 
заттардың  келіп  түсуіне  байланысты  болады.  Екінші  ретті  ластану,  бірінші  рет 
ластанушылардың  əр  түрлі  тізбекті  реакцияларға  түсуі  арқылы  жүреді.  Ластанушы 
заттарға  негізінен  топырақ  эрозиясының  өнімдері,  минералдық  таңайтқыштар,  улы 
химикаттар жіне т.б заттар жатады (азот, фосфор, жəне басқа биогенді элементтер мен 
олардың  қосылыстары,  органикалық  заттар,  пестицидтер,  тұрмыстық  қалдық,  мұнай 
жəне мұнай өнімдері). 
Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады. 
Механикалық  жолмен  тазарту  əдісі-  ластанған  сулардан  əдейі  арналған 
құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін 
сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл əдіспен ластанған судың 
60%,  өндірістік  қалдық  сулардың-  95%-ке   дейнін  ерімейтін  қосындылардан  айыруға 
болады. 
Ластанған  суларды  химиялық  жолмен  тазарту  əдісі-  əр  түрлі  реагенттерді  қосу 
арқылы  құрамын  жақсартуға  бағытталған.  Химиялық  əдіспен  ластанған  сулардағы 
ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады. 
Ластанған  суларды  тазартудың  биологиялық  əдісі  биохимиялық  процестің 
көмегімен  жүргізіледі.  Биологиялық  тазарту  табиғи  жағдайда  бөлініп  берілген  жер 
учаскелерінде  жүргізіледі.  Бұлар-  жер  суару  участоктері.  Биологиялық  тазарту  əдісін 
пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. 
Қазақстанда  жоғарыда  аталған  су  тазарту  əдістерінің  ішінен  тек  қана 
механикалық  əдіс  пайдаланылады.  Республикада  жүздеген  су  тазарту  қондырғылары 
тұрғызылған.  Бұлардың  жұмысын  үнемі  қадағалап  отырмаса-  олардың  тиімділік 
көрсеткіштері  төмен  болып  қала  береді.  Ал  химиялық  жəне  биологиялық  тазарту 
əдістері əлі практикаға енген жоқ. 
Жұмыстың  мақсаты  ластанған  суларды  аса  мұқият  тазарту  жəне  қалдықсыз 
технологины жүзеге асыру.  
Қазіргі  кезде  тұщы  судың  көздері  санаулы-ақ  егер  биологиялық  əдістерді 
қолданғанда оң нəтиже шығатын болса, мол экологиялық проблемаға шешім табылады. 
Ақаба  су  деп  –  бұрын  өндірісте,  тұрмыста  немесе  ауыл  шаруашылығында 
пайдаланылған,  сондай-ақ  қандай  да  бір  лас  аймақ,  оның  ішінде  елді  мекен 
(өнеркəсіптік,  ауыл  шаруашылықтық,  коммуналдық-  тұрмыстық,  нөсер  жəне  т.б. 
ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста жəне өндірістік іс-

 
165
əрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Тірі табиғаттың  да қалдықтары болады 
жəне кейде олардың зияны органикалық секілді орны толастамай  зиян болмаса да зиян 
келтіреді.  Көптеген  өнеркəсіптер    тағамдық  өнеркəсіптер  болып  табылады.  Оның 
қарапайым  мысалы  ретінде  Оңтүстік  Қазақстан  обылысы  Түлкібас  ауданындағы 
«Түлкібастық  консерві  зауыты»  алсақ  болады.Онда  қалдық  қалатын  өрік  шырынын 
өсіреді,  ал  осы  қалған  қалдық,яғни  өріксүйегін  ,пістені  жəне  жаңғақ  қабығын  алсақ 
болады.  Осы  аталған  қалдық  түрлерінің  бəрі  де  судың  мəселесінде  көмегін  тигізе 
алады. 
Тəжірибеге  сүйене  отырып,  эксперимент  жасау  үшін    үш  биосүзбе  қолдандық.  
Олар:  өріктің  қалдықтары,  яғни  өріктің  сүйегі,  жаңғақтың  қабығы  жəне  пістенің  
қалдықтары.  Үш  элементті  де  майдалап,  ұсақ  ұнтақ  түріне  келтірдік.  Ендігі 
экспериментке  керегі  ластанған  су,  яғни  мұнай  өнімі  қосылған  су  еді,  экспериментке 
керек  барлық    элементтер  табылғаннан  кейін  эксперименттің  тікелей  іс-əрекеттеріне 
көштік.  Үш  шыны  ыдысқа  құйылған  құрамы  бірдей  ластанған  сулардағы  əр  түрлі  үш 
қалдықтан жасалған ұнтақты сепкенде, 10-15 минуттың көлемініде ұнтақ мұнай өнімін 
өзіне сіңіріп алады, ал су өзінің бастапқы қалпына келеді. 
Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларында əр түрлі ластаушы заттардың 
келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластануы бірінші рет ластанушылардың 
əр  түрлі  тізбекті  реакцияларға  түсуі  арқылы  жүреді.  Ластанушы    заттарға    негізінен 
топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар жəне т.б 
заттар  жатады  (азот,  фосфор,  жəне  басқа  биогенді  элементтер  мен  олардың 
қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдық, мұнай жəне мұнай 
өнімдері). 
Тəжірибе  нəтижесі  келесі  2-кестеде  келтірілген.  Барлық    сулардың  құрамында 
еріген заттар болады. 
 
2 кесте. Тəжірибе  нəтижелері. 
 
Тəжірибе 
саны 
Су 
мөлшері 
Қоспа 
мөлшері 
Беттік 
ауданы 
Ұнтақ 
мөлшері 
Нəтижесі 
№1 
4,75 л 
0, 25 


56 г 
Толығымен тазарған жоқ 
№2 
4,75 л 
0, 25 


57г 
Толығымен тазарған жоқ 
№3 
4,75 л 
0, 25 

2
 
58г 
Толығымен тазарған жоқ 
№4 
4,75 л 
0, 25 

2
 
75г 
Толығымен тазарған жоқ 
№5 
4,75 л 
0, 25 

2
 
77г 
Толығымен тазарған жоқ 
№6 
4, 75 
0, 25 
1 м
2
 
78г 
Толығымен тазарған жоқ 
№7 
4,75 л 
0, 25 

2
 
97г 
4/3 бөлігі ғана тазарды 
№8 
4,75 л 
0, 25 

2
 
100г 
4/3 бөлігі ғана тазарды 
№9 
4,75 л 
0, 25 

2
 
105г 
4/3 бөлігі ғана тазарды 
№10 
4,75 л 
0, 25 

2
 
110г 
Сəл мөлдір қабат байқалды 
№11 
4,75 л 
0, 25 

2
 
113г 
Сəл мөлдір қабат байқалды 
№12 
4,75 л 
0, 25 
м
2
 
115г 
Сəл мөлдір қабат байқалды 
№13 
4,75 л 
0, 25 

2
 
130г 
Толығымен тазарды 
№14 
4,75 л 
0, 25 

2
 
137г 
Толығымен тазарды 
№15 
4,75 л 
0, 25 

2
 
140г 
Толығымен тазарды 
№16 
4,75 л 
0, 25 

2
 
150г 
Толығымен тазарды 
№17 
4,75 л 
0, 25 

2
 
155г 
Толығымен тазарды 
№18 
4,75 л 
0, 25 

2
 
160г 
Толығымен тазарды 
№19 
4,75 л 
0, 25 

2
 
170г 
Толығымен тазарып 
ұнтақтың артық мөлшері 
қалды 

 
166
Тəжірибе кезендері мен нəтижелері: 
1) №1 -№6 тəжірибелерде 4,75 көлемде 1м² ауданда алынған ұнтақ мөлшері суды 
майлы қалдықтардан тазартуға жеткіліксіз болды. 
2) №7-№9  тəжірибелерде 4,75  көлемде 1м² ауданда алынған ұнтақ мөлшері суды 
майлы қалдықтардан 4/3 бөлігі ғана тазарды 
3)№13-№16  тəжірибелерде  4,75    көлемде  1м²  ауданда  алынған  ұнтақ  мөлшері 
суды майлы қалдықтардан толығымен тазарды 
4)№17  тəжірибелерде  4,75    көлемде  1м²  ауданда  алынған  ұнтақ  мөлшері  суды 
майлы қалдықтардан тазарып ұнтақтың артық мөлшері қалды. 
№9-№16  тəжірибелерде  4,75  л  көлемде  1м²  ауданда  алынған  ұнтақтың  орташа 
мөлшері:Х=(  m1+  m2+  m3+  m4+...  m8  )/n  формуласына  қойып  есептейміз,  сонда 
Х=(110+113+115+130+137+140+150+155+160)/9=134,444 г. 
 
Қорытынды: 
Қазіргі кезде су көздері экология тарихындағы ең апатты жағдайына келіп отыр. 
Биосүзбелер арқылы су тазарса, онда дүние жүзіндегі өзендер, көлдер, мұхиттардың ең 
қауіпті  мəселесінің  шешімі  табылар  еді  жəне  күнделікті  қолданылатын  судың  көзіне 
айналар  еді.  Қазіргі  таңда  мұхиттардың  бетіндегі  жалпы  ауданның  5/1  бөлігін  мұнай 
мен  мұнай  өнімдері  басып,  яғни  судың  бетінде,  құрамында  кездеседі,  ал  бұл  суда 
тіршілік  ететін жануарладың, балдырлардың тіршілігіне жəне адам өміріне  өте қауіпті.    
Ал тəжірибе нəтижесінде, қолданылған үш биосүзбе де 13-18 тəжірибе сандары, 
ластанған  суды  толығымен  тазартты,  ал  ұнтақтардың  орташа  мөлшері  –  134,44  г  
қолдануға  болатының  дəлелдеді.  Соңгы  тəжірибе  саны  (170  г)  ұнтақты  қолданғанда 
ластанған су толығымен тазартылып ұнтақтың артық мөлшері қалды. 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Əлімбетов. Қ.Ə. Табиғатты пайдалану жəне оны қорғау негіздері. Алматы, Экономика, 2000 г. 
2.  Баешов. А. Экология негіздері. Түркістан, Яссауи университеті, 2000 ж. 
3.  Бейсенова Ə,. Шілдебаев Ж. Экология.  Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004 ж. 
4.  Каженбаев.С. Табиғат қорғау. Алматы, Ана тілі, 1992 ж. 
5.  Сағымбаев.Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж. 
6.  Демина  Т.А.,  «Экология,  природопользование,  охрана  окружающей  среды»  Москва,  Аспект 
пресс, 2005 г. 
7.  Жуков  А.И.,  Монгайт  И.Л.,  Родзиллер  И.Д.,  «Методы  очистки  производственных  сточных 
вод». - Москва: Химия, 1996 г. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет