Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата03.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#7539
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41

ЛИТЕРАТУРА
1. Бухаркин М.Ю. Технология разноуровневого обучения // ИЯШ. – 2003, № 3,с. 48-54.
2. Гальскова Н.Д., Гез Н. И. Теория обучения иностранным языкам. -М.: издательский центр «Академия», 
2003.  -336 с.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. -М.: Просвещение, 1991. -С. 222.
4. Селевко Г.К. Педагогические технологии авторских школ. – М.: НИИ школьных технологий, 2005. – 192 с. 
Поступила в редакцию 03.11.2011.
Н.К. ОМАРБЕКОВА
КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ
In this article is investigated the problems of forming student’s art culture. 
Қазақстан  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Қазақстан  Республикасының  жаңа  тұрпатты 
педагогінің үздіксіз білімі» мен «ҚР жоғары педагогикалық білім» тұжырымдамаларында көрсетілген 
болашақ  мамандардың  тұлға  болып  қалыптасуына  қойылатын  талаптардың  бірі  –  мұғалімнің 
шығармашылық дәрежесін еліміздегі басқа халықтар тарихы мен мәдениетін қайта жаңғырту негізінде 
ұлттық  рухани  мәдениетін  қалыптастыру  [1]  болса,  ал  «Қазақстан  –  2030”  стратегиясы  Қазақстан 
дамуының  жаңа  кезеңінде  ішкі  және  сыртқы  саясатымыздың  аса  маңызды  бағыттарының  бірі  -  ... 
халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту. Бұл болашақ маман даярлауда маңызды. 
Көркем  мәдениеттің  маман  даярлаудағы  маңызы  біріншіден,  зерттеу  нысанасын  анықтайды, 
екіншіден, шығармашылық таным нысаны мен әдістің спецификасынан көрініс табады. 
Шығармашылық таным алдымен дүниетанудан басталады. Ал дүниені танып білу екі сатыдан – 
сезімдік және абстракциялық ойлаудан тұратыны философия ғылымында дәлелденген. Сезім - сыртқы 
дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда 
болып отыратын психологиялық процестің бір түрі.  
Әл-Фараби «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, 
содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету» деп дәлелдеген.
Адам сезім мүшелерінің көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдап, біле 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
68
алады, ал оның ішкі мәнін, даму заңдылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады. Сонда 
абстракциялау  дегеніміз  –  зерттеуге  жататын  заттың,  объектінің  маңызды  бір  жағын,  қырын  ойша 
бөліп алып қарастыру. Ғылымға тән негізгі түсініктердің, категориялардың бәрі де осы абстракциялық 
ойлау  әдісінің  нәтижесінде  қалыптасқанын  айта  кеткен  жөн.  Абстракциялауды  заттың,  объектінің 
ішкі табиғатына үңілу жолындағы аралық бір сәт, кезең деп қарау керек [2]. Бұл педагог суретшілерге 
дәл  айтылған  ой.  Суретші  алдымен  кез  келген  туындыны  салмастан  бұрын  ол  туралы  заттар  мен 
құбылыстарды зерттеп, оны бейнелеуде мәнді де мазмұнды композициялық құрылым табуға ойланады. 
Кей кезде суретшілер абстрактілі картиналарда жазуға талпынады. 
Суретші шығармасының мазмұнын ашу үшін мағыналы, мәнді сөйлеумен жеткізе білу үшін тіл 
байлығы  керек.  бірақ,  суретшілердің  бір  қасиеті  үндемей  сурет  салуға  бейімделген.  Сол  себептен 
болашақ  маманның  абстрактілі  ойлау  мен  сөйлеу  қабілетін  де  дамыту  қажет.  Тіл  мен  ойдың  бір-
бірімен тығыз байланыста болатындығына халық ерте кезде көңіл бөлген. Мысалы, халқымыздың 
«Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің  бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен 
көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байытатын тамаша құрал екендігін  жақсы көрсетеді. 
Сөйтіп ойдың дамуы адамның нақты іс-әрекетімен шарттас болуымен қатар, оның сөйлеу мәдениетін 
меңгере білуімен де сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Бұл көбінесе өзіндік жұмыс орындау кезінде нақты нәтиже береді. Ол туралы В.Оконь, философиялық 
тұжырымдар педагогика ғылымындағы дидактикалық принциптердің негізі дей отырып, көрнекілік 
принципі  бағдарламалар  жасағанда  негізгі  орын  алатынын  және  ол  модельдердің  басты  факторы 
болып есептелетінін айтады. Оқу жүйесіндегі ойлау, бақылау – практикалық жиынтықтардың негізінде 
нақтыдан абстрактілікке және абстрактіден нақтылыққа өту болып табылады. Мұндағы айтылар ой 
студент көрнекілік арқылы өзінің ой-жігеріне байланысты аздан көпке өтіп, ой тұжырымын жасайды. 
Ал  талдау  барысында  абстрактіден  нақтыға  өту  арқылы  нәтиже  алады  [3].  Талдау  -  студенттердің 
бейнелеу  өнері  шығармаларынан  жүргізетін  өздік  жұмыстарының  бір  түрі  -  Бұл  жерде  көрнекілік 
суретшінің  кез  келген  шығармасы.  Талдау  барысында  олардың  сөйлеу  қабілеттерінің  дамуына 
мүмкіндік болады. Талдау белгілі талаптарды орындау барысында жүзеге асады. Талдау студенттердің 
өздік жеке дара және оқытушылармен бірге атқаратын өздік жұмыстарының, курстық және дипломдық 
жұмыстарының негізінде жүзеге асады. 
Өнер туындыларын талдау мазмұны екі саланы қамтиды. Бірі бейнелі – орындаушылық (бейнелі-
орындаушылық дағдылары), екіншісі жалпы көркемдік (өнердегі бағыттар туралы білім, туындыларды 
көркем образды талдау). 
Шығармаларды  бейнелі  орындау  кезінде  келесі  принциптерге  негізделеді:  тарихилылық, 
тақырыптылық,  көрнекілік,  білім  берудің  біртұтастығы,  тәрбие  беру  және  дамыту.  Оқу  процесі 
кезінде бұл функциялардың бірлігін нақтыланады. Білім берудің біртұтастығы - өнер туындыларының 
мазмұнындағы  өмірдің  шындық  бейнесі  туралы  дүниетанымдық  түсініктерді  кеңейтеді.  Соның 
негізінде болашақ педагог суретші өнердің түрлері мен жанрларының даму кезеңдерімен, стильдік 
ерекшеліктерімен,  суретшілер  творчествосымен,  олардың  туындыларындағы  мазмұн,  бағыт,  түстік 
шешіммен танысады. 
Нақты білім, іскерлік тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бұл білім берудің ерекшелігі бүгінгі 
өмірдің тарихи шындығымен, әлеуметтік проблемаларымен, адамзаттық сезім, көңіл-күй байланыста 
болатын тәрбиелік мәнге ие болады.  
Теориялық  білім  іскерлік  пен  дағдыларын  жинақтап,  оны  бейнелі  орындаушылық  практикада 
қолдана  білу  педагог-суретшінің  жалпы  көркемдік  даярлықты  дамытып,  рухани  әлемін,  көркемдік 
талғамын қалыптастыратын эстетикалық функцияны атқарады.
Жұмыс  барысында  туындыларды  талдауға  үйрету  өнерді  синтездеу  негізінде  оқытылады.  Өнер 
туындысы  жеке  суретшілік  шығарма  ретінде  емес,  керісінше  ұлттық  және  әлемдік  көркем  мәдени 
мұраның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, бүгінгі дамыған әлемдік көркем мәдениетті 
басшылыққа ала отырып, ұлттық көркем мәдениеттің мазмұнын жаңғыртады. Бұл бейнелеу өнерінен 
кредиттік білім беру мазмұнын жоспарлауда маңызды. 
Кредиттік  білім  беру  жүйесінде  студенттер  жалпы  білім  негіздерін  меңгеріп  (1-2  курстарда), 
таңдаған мамандығын кәсіптік игереді (3-4 курстарда). Базалық және кәсіптік білім беру саласындағы 
таңдау компонентерінің мазмұны шығармашылық психологиясын қамтыған бағдарламалардан тұрады 
және өнердегі көркем мәдениет, көркемдік стилдер студенттердің білім алумен қатар шеберлігі мен 
іскерлігін қалыптастыруда негізгі тәсіл болып табылады.  Біріншіден, оқыған материалдарға талдау 
жасап,  жүйелі  процеске  айналдырады,  екіншіден,  студенттердің  абстрактілі  ойлауына  және  оның 

№ 1 (86) 2012
69
дамуына ықпалын тигізеді, яғни моделдеу машығын қалыптастырады. Үшіншіден, болашақ маман өз 
қызметінде көркем мәдениетті шеберлікпен пайдалана алады. 
Базалық  және  кәсіби  пәндер  циклдарының  пән  таңдау  компонент  пәндері  беретін  білім  көркем 
мәдениетке бағытталып, кәсіби шығармашылық білімін бекітеді. Көркем мәдениетті қалыптастыруда 
шығармашылық  біліктілікті  құрушы  элемент  деп  қарастырылды.  Оған  көркем  мәдени,  көркем 
шығармашылық  технологияларға  байланысты  пәндерді  кіріктіріп,  оқытумен  ықпалдастырылады. 
Төменгі курстарда бірізділікпен, жүйелілікпен оқытылатын пәндер көркем мәдениетті қалыптастыруда 
өзіндік  рол  атқаратын,  көркемдік  практикалық  танымды  тәрбиелер  оқу  процесінің  жауапты  кезеңі 
болады. Ол жаңа педагогикалық технологияларды игеруде, соған байланысты жаңа пәндерді игеруде 
дидактикалық принциптерді ескерген жөн.    
Жалпы  гуманитарлық  пәндерді  оқытуда  көркем  мәдениетті  қолдану:  1)  жеке  тұлғаның  ойлау, 
абстрактілі  бейнені  сомдау  қасиеттерін  дамытады;  2)  көркем  мәдениеттіліктілікке  тәрбиелейді;  3) 
өзіндік іс-әрекет негізінде кәсіби қызметінде қолдану салаларының алғы шарттарын жасайды. Демек, 
студенттердің өздік жұмысы танымдық іздемпаздықты қалыптастырады. Ендеше көркем мәдениетті 
қалыптастыру  оқу  процесінің  дидактикалық  бөлігіне  айналды  деп  айтуға  мүмкіндігіміз  бар  және 
философияның негізгі мәселесінің бірі – таным проблемасымен де шектеліп жатқанын көреміз. 
Олардың  лекцияда  алған  білімдері  семинар,  практикалық  жұмыстары  арқылы  толықтырылады 
және қорытындыланады. Студенттер бұл сабақта теориялық білімдерін тек оқулық не жазған лекция 
көлемінде ғана емес, қосымша оқу-әдістемелік құралдардан өз бетінше ізденіс жұмыстарын атқарады. 
Мысалы  жеке  эскиздер,  проект-дизайндік  жобалар,  қысқа  мерзімдік  мазмұнды  композициялар, 
суреттер салуға бейімделеді. 
Студенттердің өзіндік жұмыстары, өзіндік іздемпаздығы арқылы алған білімі мен біліктіліктеріне 
көңіл бөлінді.  Осының нәтижесінде:
- студенттер оқыту мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді;
-  ағымдағы  бақылау,  оның  барысында  оқытушы  оқудың  нақты  міндеттерін  шешу  барысын 
бақылайды, оқудың басқа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану арқылы тиісті түзетулер 
енгізіледі;
-  бағалау  компоненті,  ол  –  оқу  нәтижелерін,  ұстаздың  талдауы,  олардың  алға  қойылған 
мақсаттарымен  үйлестіру  және  қажет  болған  жағдайда  оқытудың  келесі  кезеңін  жобалау  кезінде 
ескеру үшін назардың үйлеспеу себептерін анықтауға мүмкіндік болады.
Студенттердің  білім  деңгейі  ағымдық  аралық  бақылау  негізінде,  семестр  соңындағы  сынақ, 
емтихандарда  тексеріледі.  Бұл  жеке  тұлғаның  көркем  мәдени,  көркем  шығармашылық  дағды  мен 
іскерліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. 
Көркем мәдениетті игеру деңгейі кәсіби қызметтегі төмендегі салаларда анықталады. 
Оқытушылық қызметін атқару салалары: 
- педагогикалық процесте көркем мәдениеттің мәнін, оның жұмыс істеу шарттарын, оны басқару 
заңдылықтары мен диагностикасынан біліктілігі  
- оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін дамытуы   
Мәдени ағарту қызметі салалары бойынша:
- өлкетану және экскурциялық жұмыстармен шұғылдануы 
- мәдениет жәдігерлерін және өнерді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру шеберлігі  
Өндірістік көркемдік қызмет саласы бойынша: 
- интерьер жобаларын жасау қабілеті   
- материалда көркем шығармалар жасау  
Жобалық дизайн қызметі бойынша: 
- интерьер және экстерьер дизайн жобаларын әзірлеу   
- графикалық өнердің түрлерін іс-тәжірибеде пайдалана білуі 
- көркемдік түзілім құрауға, суретке, живописке, сәндік өнеге тән қайта жаңғырту, түсіндіру және 
шығармашылық даму дейгеіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсінуі  
Көркем  мәдени  білім  берудің  ерекшелігінің  бірі  –  болашақ  мамандардыкөркем  мәдени,  стилдік 
ерекшеліктермен  көркем  шығармашылық  теориялық  оқыту  негізі.  Бұл  бүгінгі  қоғам  талабына  сай 
өнердің  дамуындағы  этномәдени  дамуды  толықтырып  отыруды  қажет  етеді.  Өйткені  болашақ 
мамандардың көркем сауаттылық білімін жетілдіру, тәрбие беру саласын өнер құралдарының көмегімен 
жақсарту, дидактикалық білім мен білгірліктің біртұтас нәтижесімен бағаланады. Осыдан көркемдік 
іс-әрекеттің  тәсілдері  мен  нәтижелері  және  оны  педагогикалық  тәжірибеге  кіргізудің  әдістемесі 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
70
жөнінде білімін бағалау талабы туындайды. Бұл өз кезегінде педагогикалық технологияларда тәлім 
мен тәрбиенің, тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтиды. Алға қойылған мақсаттардың, яғни білім 
мазмұнын меңгерудің түрі, әдістері мен тәсілдерін жүйелі орындау және білім мен тәрбиелік процестің 
тиімділігін арттыру. 
Көркем мәдени білім беру саласында студенттерді мамандыққа даярлау дидактикасын қарастырсақ, 
жеке пәндерді оқыту әдістемесімен шектелмейді, шығармашылық білімдерінде параллель дамытудың 
теориялық  негізін  жүйелі  түрде  қарастыру  қажеттігі  туады,  яғни  әр  түрлі  пәндерді  оқу  жоспары 
енгізіп  оқытумей  шектелмей,  олардың  арасындағы  байланысты  нақтылау  нәтижесінде  пайымдау, 
көркем мәдениет бойынша жүргізілетін барлық пәндердің сол мамандықтың біліктілік сипатын ескере 
отырып оқытқанда ғана нәтижеге жетеді. 
Өнер мамандарын даярлағанда, олардың кәсіби шығармашылық білгірлігін, машығын арттыратын 
білімде тұтастық сипат болады, ол аралық буын пәнаралық байланыс және мәдениет пен педагогикалық 
технологиялар өз орнын алады. Бұл мамандардың білімінің мәнін анықтайтыны анық. 
Білім мазмұны анықталап, сапалы білім беруде тиімді деп әдістер мен қүралдар, педагогикалық 
технологиялар  таңдалғанда  оларды  оқытудың  қандай  формасында  жүзеге  асыруға  болатынын 
шешіп  алудың  да  мәні  айтарлықтай.  Оқытудың  өзекті  мәселесі  студенттердің  жас  психологиялық 
ерекшеліктеріне  сай  іс-әрекет  түрлерін  талғап  қолдануда  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Сабақты 
түрлендіру  тек  формалық  өзгешелікті  қуаламай,  студенттің  білім,  білік  дағдыларының  толығуына 
қызмет  еткенде  өзінің  мақсатына  жетеді.  Сабақтың  дағдылы  қалпынан  шығып,  жаңаша  жол  табу 
оқытушылардың  үлкен  іздемпаздығын,  мамандық  шеберлігін  көрсетеді.  Әр  сабақтарда  мазмұнына 
сәйкес түрліше элементтерді қолданып отыру шарт. Ең бастысы – оқытудың мақсаты мен түрлерінің 
сәйкес болуын қадағалау. Сабақ мақсатына қолданған түрлі элементтер сай келмесе, студент ойдағай 
әсер ала алмайды. Ал әсері аз нәрсенің студентке танымдық, эмоциялық тұрғыдан пайдасы аз.  
Сабақта  қолданылатын  әдістемелік  жұмыстардың  логикалық  жүйесі  білім  мазмұны  мен 
студенттердің  білім  деңгейлеріне  сай  құрылымдық  сипатта  болуы  керек.  Сондай-ақ,  мынадай 
педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуына мүмкіндік беруі тиіс: біріншіден, оқытуда түрлендіру 
арқылы  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіруге  жол  ашу;  екіншіден,  даралап, 
саралап  оқытудың  студенттердің  жеке  басы  ерекшеліктерін  ескеру;  үшіншіден,  студентпен  жеке 
тұлға  ретінде  қарым-қатынас  жасау;  төртіншіден,  студенттердің  топтық,  ұжымдық  түрде  бірлесіп 
жұмыс істеу дағдыларын дамыту; алтыншыдан, студенттердің өз еңбегін бағалай білуге бағыт беру, 
жетіншіден, олардың танымдық белсенділіктерін арттыру т.б. бұл шарттардың қай-қайсыда оқудың 
мотивациялық өрісін кеңейтуде шешуші мәнге ие болады. Сондықтан олар оқыту түрлерін анықтаудың 
критерийлер ретінде де бағаланады. Сабақта қолданылатын жұмыстар міндетті, қосымша, қосалқы 
деп  ажыратылмай,  біртұтас  білім  берудің  сатылары  ретінде  жұмылдырғанда  дұрыс  нәтижеге  қол 
жеткізіледі. 
Білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты 
мен  міндеті,  мазмұны  өзгеруіне  қарай    педагогикалық  жаңа  технологиялар  пайда  болды,  мысалы, 
оқытулық  ресурстары  жоғары  электрондық  оқу  құралдары  мен  мультимедиалық  технологиялар 
маңызы ерекше. Өйткені көркем мәдениетті игеру мәдениеттілік, рухани, кәсіптік, интеллеутулдылық, 
адамгершілік, шығармашылық адами келбеттің қалыптасуына әсерін тигізеді. 
Студенттердің  білімін,  біліктілігін,  машығын  қалыптастырудың  бір  жолы  –  оқу,  өндірістік, 
педагогикалық практикаларын өткізуде де жаңа педагогикалық технологиялар мен шығармашылық 
білімдерін ұштастыру. Практика жалпы шығармашылық танымды арттыратын оқу процесіндегі кезең. 
Оқу - өндірістік практиканы жалпы және теориялық даярлықтармен бірге жүргізу қалыптастырудың 
әр кезеңдерінде мынадай бағыттарда қорытындысын шығарып отыруға мүмкіндік береді: 
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуға;
- дипломдық жұмысқа бағыттауға.
Осы бағыттарда студенттердің көркем мәдени білімдерін шығармашылықпен қолдану жағдайларын 
ескердік. Өйткені практика болашақ мамандардың:
-  кәсіби  шеберлігі  мен  педагогикалық  іскерлігін  дамытуды,  өздігінен  білімін,  дүниетанымын 
жетілдіріп отыруға дағдыландырады, тәрбиелік әрекетке шығармашылық көзқарасын қалыптастыруды 
көздейді;
- бейнелеу және қолданбалы өнері оқу-тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін тереңдетіп, 
бекітеді  және  педагогикалық  нақты  тапсырмаларды  шешуге,  пайдалануға  үйретеді.  Демек,  кәсіби 
шығармашылықты  дамытуға  байланысты  жұмыстардың  жүргізілу  формалары  мен  әдіс-тәсілдерін 
үйренуге, әдістемелік даярлықты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. 

№ 1 (86) 2012
71
Жоғары кәсіптік білім беруде бейнелеу өнері саласында білім сапасын арттыру, жаңа педагогикалық 
негіздерге,  әдістемелік  жаңартуларға  байланысты.  Сондай-ақ,  жаңа  талаптар  қойылады:  алынған 
білімді  өндірісте  тиімді  қолдану,  өнер  мен  өмір  шындығын  байланыстыру,  шығармашылық 
жұмыстарды орындай білу. Ол тікелей көркем мәдениеттің негіздерін білуге, одан әрі дамытуға, өз 
іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуге, бейнелі композициялар құруға, оның ішінде жергілікті, ұлттық 
ерекшеліктерді ескеріп, моделдерді игеруге байланысты. Осындай білім мен білікке қоса, бейнелеу 
өнері мамандары көркем мәдениетті болашақ ұрпаққа таныта білуді жаңа пәнде, жаңа технологиялар 
арқылы жүзеге асырылады. Біздің зерттеуіміздің жалғасы өнертану ғылымының педагогика саласында 
қарастырылуының маңызымен байланысты болмақ. Сондай-ақ, тұлғаның шығармашылық қызметінің 
мотивтік бағдарын жасайды.  Оқу процесінде іріктеліп алынған тақырып меңгерілуге тиіс білім көлемін 
белгілі  бір  уақыт  аралығында  студенттің  игерілуін  қамтамасыз  етуіне  қарай  бағаланады.  Себебі 
тақырыпты  меңгерудегі  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  мақсаттардың  бірлігі  де  студенттердің 
білім, білігінің жетілуі де оқу құралдарын, ақпараттық технологияларды қаншалықты дәрежеде дұрыс 
пайдалануына байланысты шешіледі. 
Ол  үшін  таңдаудың  критерийлері  толық  сақталуы  қажет:  өнер  бағытындағы  пәндердің  басты 
мақсаты  мен  оқыту  әдістерінің  сәйкес  болуы;  оқыту  міндеттері  мен  әдісінің  сәйкестенуі;  көркем 
мәдениетті  мазмұндаудағы  жеке  тақырыптың  ерекшелігін  танытуға  қолайлылығы;  әдістің  оқуда 
белгіленген уақытқа сиымдылығы мен білім білім берудегі тиімділігі; студенттің өздік дамуына жол 
ашудағы ықпалы. Студенттердің өзін-өзі тануына, өзара дұрыс қарым-қатынасын орнықтыруға ықпал 
ету арқылы білімді қызығушылықпен саналы түрде игеру көзделеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 24ақпан. 2004 ж.
2. Кішібеков Д. Философия. -Алматы: Атамұра, 1991. -201-204 бб.
3. Оконь В. Введение в общую дидактику. –М.: Высшая школа, 1990. -382 с. 
Редакцияға 04.11.2011 қабылданды.
Е.Б.  ОМАРОВ, Б.М. ИДРИСОВА, Б.Е. БАЗАРБАЕВА, О.А. ДӘУРЕНБЕКОВА 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
The paper considers that the means of physical culture and sport, if properly managed play a significant 
role in enhancing the student›s personality, influencing not only the way of life, moral education, but also on 
that microsocial environment that surrounds it.
On  this  basis,  it  proposes  to  use  the  revealed  regularities  allow  the  management  staff  of  universities 
and especially teachers of physical education more thoroughly and productively use the means of physical 
culture and sports in the task of forming the students› active life position, raising the conscious relation to the 
implementation of its own, and educational deb.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары көптеген жетістіктерге жеткен бірден бір сала  
ол – дене шынықтыру  және спорт десек, артық айтқан болмас. Себебі жоғары оқу орнының білім беру 
үрдісінің  субъектісі  тарапынан  студенттердің  әлеуметтік  маңызды  қасиеттері  тәрбиелеудің  әсерін 
анықтайтын  негізігі  нысанның    бірі  сол  сала  болып  табылады.  Солардың  ішінде,  әсіресе,  студент 
жастар  қауымдастығының  құнды  бағдарлауы  мен  жоғары  сүйіспеншілік  сана-сезімі,  студенттік- 
жолдастық, құқықтық және оқу тәртіптілігі, оқу үлгерімі, әлеуметтік-еркіндік қасиеті және т.б. атап 
көрсетуге болады. 
Бұл – жоғары оқу орнының барлық профессорлары мен оқытушылар құрамының, соның ішінде 
спорт  пен  дене  шынықтыру  қызметтеріндегі  үрдісті  мақсатты  түрде  жүзеге  асыруда  құрылатын  
сипаттамалар. 
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей негізі әдістер қолданылды: сауалнама жүргізу; 
педагогикалық бақылау; әлеуметтік белсенділікті талдау; социометриялық өлшем; студент тұлғасын 
психологиялық зерттеу; оқу және құқықтық тәртібін; студенттер арасындағы достық пен жолдастық 
қасиеттерін бағалау жағдайы т.б.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
72
Жастардың  тәртібі  мен  сүйіспеншілік  сезімдерін  тәрбиелеуде  спорт  пен  дене  шынықтыру 
сабақтарының  маңызды  рөл  атқаратынын  алғашқы  әдебиет  көздерінің  бірқатар  талдау  барысы 
көрсетті. Бұл өзекті мәселелерді спорттық педагогика ғылымдарының білікті мамандары қарстырған 
В.В.Беларусова,  В.У.Агеевец,  В.М.Выдрин,  В.А.Щеголев,  В.К.Бальсевич,  М.Я.Виленский, 
В.И.Столяров, С.В.Николаев, Ю.Н.Щедрин, және т.б.
Мысалы, [1] жұмысында спорт пен дене шынықтыру қызметтерін тиімді басқарудың нәтижесін  
жастарды  сүйіспеншілік  қарым-қатынас  жүйесіне  қосқан,  мықты  ұйымдасқан  әлеуметтік  маңызды 
мақсаттың жеткен жетістігімен байланыстырады. Студент-спортшының алға қойған мақсатқа жету 
жолындағы елеулі еңбегі, спорттық қызметті басқалардан бөліп қарастыратын жоғары эмоциялығы, 
өзін ұстай білушілік пен өзін-өзі бақылай алудың қажеттілігі, осының бәрі кезінде спорттық әрекеттер 
барысында жеңіліс тапқан кезеңдерде сабырлылық танытуға көмектескеніндей, өмірдің  әртүрлі қиын 
сәттерінде де өз пайдасын тигізеді. Жастардың ортасы спортпен айналысатын жігіттер мен қыздарға 
әділетсіздікке  қарсы  шығуды  қалыптастырып,  олардың  бойына  жоғары  құқықтық,  адамгершілік 
жауапкершілікті сіңдіруге мүмкіндік туғызады.     
Спорттық әрекеттер үрдісінде студент тұлғасын  қалыптастырудағы ең басты жол - оның спортпен 
айналысудағы негізгі қызығушылық себептерін анықтау  болып табылады. 
Осы  жұмысты  толыққанды  анықтау  үшін,  басқа  да  жоғары  оқу  орындарының  осыған  сәйкес 
жүргізген көптеген студенттер қатысқан арнайы зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері басты  назарда 
ұстала келіп, қолданысқа қосуды ұлғайтты. 
Саналы студенттің тәртіптілігі тәртіпке негізделген заңды орындауда өзінің жеке көзқарасы келген 
жағдайда өз дағдысын, іскерлігін, әдетін басқара алуда ішкі сенімі бар екенін айғақтайды. 
Әлеуметтік  және  психологиялық  зерттеуден  алынған  мәліметтерден  оқу  тәртіптілігін 
қалыптастырудағы  маңызды  алғы  шарт  –  спорт  пен  дене  шынықтыру  сабақтарын  жоспарлау  мен 
бақылау  жүргізгенде  барлық  түрінде  талапшыл  болып,  қатаңдықты  ұстану  керек  деген  негізгі 
қорытынды шығады. 
Спортта қалыптасқан тәртіпті үнемі қадағалау, жаттықтырушының айтқанын орындау, жаттығуда 
жоспарланғандардың  бәрін  жүзеге  асыру,  машықтану,  спорттық  жекпе-жектің  қатаң  нормасы  мен 
ережесін орындау студенттер бойындағы тәртіптілік пен өзін ұстай білушілікке тәрбиелеуде мүмкіндік 
туғызады.
Студенттің  тәртіптілік  құрылымы  тұлға  қасиетінің  диалектикалық  байланыстарынан  тұратын 
жинақтардан  құрылады.  Спорт  пен  дене  шынықтыру  студент  жастар  бойындағы  ерік-жігері  мен 
адамгершілігін жетілдіруші тәсіл ретінде тәртіптіліктің құрылымдық элементтердегі  түрлі дәрежедегі 
әрекеттестікке  де  әсер  етеді.  Бұл  әрекеттестік  әрқашан  бірден  орындалмайды,  кейде  тәрбиелеу 
үрдісінде басқа да қырынан көріне бастайды.
Студент жастарды әлеуметтік-тұлғалық тәрбиелеудегі басқаруда тәртіптіліктің нақты элементтері 
мен  тұлға  қасиеттеріне  спорт  пен  дене  шынықтырудың  түрлі  формаларының  әсер  етудегі  негізгі 
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін белгілеу өте маңызды. 
Мотивация  құрылымына  басыңқы  дәлелді,  сонымен  қатар  бағыныштылар  мен  қосалқы 
дәрежелердегіні  белгілеп  атау  белгілі  болды.  Себебі  басыңқы  дәлел  ретінде  әрбір  екінші  студент 
қимыл-әрекеттерін қанағаттандыратындай дене жаттығуларын эмоциялы тартымдылықпен орындау 
арқылы,  өздерінің  денсаулықтарын  нығайтудың  мүмкіндігін    анықтайдығы  ескерілді  және  де  оған 
ерекше жауапкершілікпен кірісті.
Жоғары  оқу  орнының  әрбір    үшінші,  төртінші  студенті  өзінің  спортпен  шұғылдануын  кәсіби 
дағдылары мен денсаулық сапасын жетілдіре түседі деп есептейді. Студенттердің біразы жарыстарда 
студенттік ұжымының спорттық намысын қорғау үшін спортпен шұғылдану қажет деп түсінсе, тура 
осындай көрсеткішті студенттер спорттық жарыстарға қатысу кезіндегі дайындықтарда тұлғаралық 
қарым-қатынасқа  көңілі  толғандықтан  спортпен  шұғылданатыны  белгілі  болды.  Тек  студенттердің  
6  %-дан  сәл  артығы  ғана  спорттық  жетістіктің  биік  шыңына  жету  үшін  тырысып,  спортпен 
шұғылданатындығы анықталды. 
Студенттердің  спорттық  қызмет  мотивациясында    процессуалдық  мотивтің  үстемдігі  жоғары 
екендігін  алынған  нәтижелер  дәлелдеді.  Осы  процессуалдық  мотивтер  көбінесе  спорт  түрлерінің 
функционалды мазмұнының эмоциялы, экспрессивті сәттерімен бөлінетіндігі көрсетілді.
Яғни,  осы  үрдіске  қатысушылардың  сабақтастығын  сипаттайтын    спорттық  қызмет,  спортпен 
шұғылданудың  негізігі  қозғаушы  күші  өзара  қарым-қатынасты  қажетсінуден  болатынын 
анықталғандығын көрсетті.

№ 1 (86) 2012
73
Осы  бағытты  зерттеген  ғалымдардың  деректі  ұсыныстары  қарым-қатынас  адамдар  арасындағы 
әрекеттесуді  өзара  түсінушілік  пен  реттеуде  жетістікке  жету  үшін,  бір-бірімен  алмасқан  эмоциясы 
мен  ақпараттарын  қорытындылайтын  байланыс  деп  қарастырылуда.  Өзара  түсінушілікте  қарым-
қатынастағы қатысушылардың бірін бірі тану мақсатында ақпаратты қабылдап, талдау үрдісі жүретіні 
анықталады,  ал  өзара  реттеуде  қарым-қатынастағы  серіктестіктің  бет-алысындағы  өзгерістер  мен 
мотивтерінің өзектенуі, мақсаттың нақтылануы мен құрылуы болып саналады.  
Қызмет  сияқты,  қарым-қатынас  та  тұлғаны  қалыптастыратын  қажетті  шарт.  Қарым-қатынас 
үрдісінде  адамдардың  әрекеттестігі  мен  өзара  ықпалдылығының,  көзқарасы  мен  көңіл-күйінің, 
идеясының ортақтастығы айқындалатын көрініс табады.
Әскери-оқу  орындарының  көп  мөлшердегі    курсанттарына  мақсатты  түрде,  спорт  пен  дене 
дайындығының  сүйіспеншілік  сана-сезім  мен  тәрбиені  қалыптастыру  үрдісіне  арнап  жүргізген 
зерттеуі, дене тәрбиесі мен спортты тиімді қолданудың арқасында, қалай сүйіспеншілікке тәрбиелеуде 
болса, дәл солай дене тәрбиесінде де ең бір қолайлы жол екенін көрсетті [2].
Студенттердің тәртібі мен сүиіспеншілік сана-сезімін сипаттаушы олардың әлеуметтік белсенділігі 
болып табылады. Біздің арнайы жүргізген зерттеуімізден спорт пен дене шынықтырудағы студенттер 
белсенділігі олардың қоғамдық жұмыстардағы белсенділігімен байланысты екені белгіленді. 
Әлеуметтік  белсенділік  студент  ұжымы  өмірін  жан-жақты  дамытып,  жетілдіруге  бағытталған  
қоғамдық жұмыстарға студент жастардың  араласқанында зерттелді. Жоғары оқу орнында спорттық 
іс-шараларды  жүргізу  барысында  сарапшылардың    педагогикалық  экспериментті  қолданып, 
студенттерге жүргізген сауалнамалардың көмегімен талдауға арналған мәліметтер алынды. 
Зерттеу  студенттердің  ішінде  спортпен  үнемі  айналысатындары  әрқашан  сайланған  қоғамдық 
жұмыстардың басында болып, қоғамдық тапсырмаларды тиянақты орындайтынын көрсетті.
Кешендік талаптардың көмегімен, яғни қоғамдық жұмысқа өзін араластыру факті, қатысу мотиві, 
уақытша  көрсеткіш  сияқты  белгілері  жинақтағанда  корреляциялық  талдау  негізінде  студенттердің 
бірнеше  тобы  анықталды.  Топтар  студенттердің  қоғамдық  қызметке  араласудағы  тәртібі  бойынша 
ғана  емес,  сонымен  қатар,  әлеуметтік  белсенділік  деңгейіне  де  байланысты  бөлінді.    Әлеуметтік 
белсенділігі жоғары деңгейлі студенттер (жігіттер мен қыздар) – бірінші топқа, орташа деңгейдегілер 
–  екінші  топқа,  төменгі  деңгейдегілер  үшінші  топқа  біріктірілді.  Төртінші  топ  өзіне  практикалық 
пассивті тұлғаларды жынақтады. 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттықық университетінің 422 студентіне жүргізілген әлеуметтік 
белсенділігінің типтік нәтижесін талдау  төменгі кестеде көрсетілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет