Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі:
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарға және ұйымның Жарғысына сәйкес басшылықты жүзеге асырады;
- мектепке дейінгі ұйым қызметінің стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін анықтайды;
- білім беру, тәрбиелеу,
әдістемелік және әкімшілік-шаруашылық жұмысты қамтамасыз етеді;
- балалардың толыққанды жан-жақты дамуы, олардың денсаулығын қорғау мен нығайту үшін қолайлы жағдайларды жасайды;
- озат ғылыми және педагогикалық тәжірибені зерделейді және практикаға енгізеді;
- педагогтар, мамандар мен қызметкерлердің біліктіліктерін үздіксіз және мерзімінде арттыру үшін жағдайлар жасайды;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналардың арасында жұмыстар ұйымдастырады, педагогикалық білімді насихаттауға мүмкіндік береді, мектепке дейінгі ұйымның қызметіне ата-аналарды қатысуға тартады.
Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері барлық педагогикалық процестің сапалы бағдарламалық, әдістемелік сүйемелденуін қамтамсыз етеді. Әдіскер педагогтарға мынадай әдістемелік көмек көрсетеді:
- жұмыс жоспарын құру, тәрбие мен оқытудың мазмұнын, формасын, әдістері мен құралдарын анықтау;
- баланың даму мониторингін жүргізу;
- озат педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату;
- мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, мамандарының ата-аналар мен ықпалдастығын қамтамасыз ету.
Әдіскер педагогикалық кадрлардың аттестациясын ұйымдастыру мен жүргізуді, педагогтардың педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында семинарларды, тренингтерді және басқа да іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді.
Тәрбиеші білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін:
- балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамсыз етеді;
- топтағы білім беру әрекетін жоспарлайды;
- денсаулықты сақтау шараларын жүргізеді;
- білім беру салаларын кіріктіруді ескеріп, заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру;
- балалармен жұмыста тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
- жеткен нәтижелерді талдау негізінде бала мен топтың алдағы әрекетін жобалайды;
- озат педагогикалық тәжірибені зерделейді, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді;
- мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Тәрбиеші күні бойы жас тобының күн тәртібіне сәйкес әртүрлі педагогикалық әрекетті жүзеге асырады: таңғы қабылдау, жаттығу, балалармен қарым-қатынас, серуендеу, тамақтану, күндізгі ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжетті-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен жұмыс, сондай-ақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Мемлекетік, орыс, шетел тілдері педагогтары:
- үйретілетін тілдің ерекшелігін ескеріп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- оқытудың әртүрлі формалары,
әдістері, тәсілдері және құралдарын қолданады;
- балалар тұлғасының сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді;
- баланың тілдерге жеке қабілеттерін байқайды және оны дамытуға жәрдемдеседі;
- интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;
- үш тілді оқытудың бірлігін жүзеге асырады. Мемлекеттік, орыс және
тілдерінің мұғалімдері орыс тілінде оқытатын топтарда мақсатты түрде ҮОЖ сәйкес қазақ тілі, ал қазақ тілінде оқытатын топтарда орыс тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін жүзеге асырады.
Музыкалық жетекші:
- балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады;
- музыка сабақтарын, балалар мерекелері мен басқа да мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- музыкаға дарынды балаларды табады;
- балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
- балаларды музыкаға тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес береді.
Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологы:
- балалардың психологиялық және әлеуметтік саулығы үшін жағдайлар жасайды;
- балаларға, тәрбиешілер мен ата-аналарға әртүрлі оңалту және консультациялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды
- әрбір баланың жеке психологиялық-педагогикалық картасын жасайды;
- шығармашыл дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына әсер етеді.
Мектепке дейінгі ұйымның дефектологы, логопеді:
- балалардың психикалық, дене және физиологиялық бұзылыстарына диагностика жүргізеді;
- бұзылыстардың құрылымы мен көріну дәрежесін анықтайды;
- бұзылған қызметтерді қалпына келтіру бойынша жеке және топтық түзетулерді іске асырады;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдеседі;
- дамуында ауыққушылықтары бар балаларға арнайы әдістер мен тәсілдер қолдану, көмек көрсету бойынша педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналарға кеңес береді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлайды және іске асырады;
- дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді;
- инновациялық технологияларды қолданады;
- ата-аналарға денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек береді, санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
- арнайы медициналық топқа жататын балаларға қосымша сабақтар жүргізеді.
Медицина қызметкерлері:
- балалардың денсаулығы мен дене дамуына жауапты;
- емдеу, алдын алу шараларын жүргізеді;
- санитарлық-гигиеналық нормаларды, күн тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруға, азық-түлік сапасына бақылау жасайды, белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес ас мәзірін құрады, азық-түлікті сақтауға қатысады, дәмдерін татып көреді, дәрігерлердің кеңесіне сәйкес диеталық тамақтануды қажет ететін балаларға бөлек ас мәзірін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымда қосымша білім беру қызметтерін (хореография, жүзу, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық және т.б.) енгізу әрбір жас кезеңі үшін оқу жүктемесінің белгіленген нормасынан
аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |