Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет58/87
Дата07.01.2022
өлшемі294,72 Kb.
#17078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87
Байланысты:
ПИК лекция жинагы ИББ

12 дәріс

1. Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру.

2. Интеграциялық оқытуда жайлы білім беру ортасын құру.

3. «Білім беру ортасы», «түзету ортасы», «пәндік дамыту ортасы» ұғымдарының мәні.


4. Инклюзивті сыныптардағы түзету білім беру ортасын моделдеу ерекшеліктері.

Дәрістің түрі: Кеңес беру

Дәрістің мақсаты: Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру жұмыстврымен танытыру

Мемлекеттік білім беру процесінің басты мақсаты ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қолжетімді білім алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстандық білім беру ұйымдары осы құқықты жүзеге асыруға ұмтылады. Алайда, бүгінгі таңда бұл мәселе инновациялық және дисскусиялық түрде қалуда. Өйткені, білім алушылардың бойындағы ерекше қажеттіліктері біркелкі емес болуы мүмкін. Сондықтан, инклюзивті біліммен тек эмоционалдық, ерік-жігерлі немесе психоәлеуметтік бұзылыстары бар балалар қамтамасыз етілмей, оған қоса есту, көру, сөйлеу, тірек -қимыл аппаратында, ақыл-ойында т.б. бұзылыстары бар балаларын да қамту мәселелері қаралуы тиіс.

Бұл балалардың бұзылыстары әр түрлі деңгейде болуы мүмкін: жеңіл, орташа, ауыр. Бұдан ерекше қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстары күрделенген сайын инклюзивті білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымы педагогтарының педагогикалық әрекеті мен құзыреттілігінің деңгейі жоғарлауы тиіс деген қорытынды жасауға болады.

Әрине, баланың ерекше қажеттіліктері мен оны оқыту жағдайларын (интеграция, инклюзивті оқыту немесе арнайы ұйымда, үйде оқыту т.б.) анықтауда ПМПК іске асырады, бірақ осы балаларды қолдауда көптеген қиындықтармен кездесіп келе жатқан білім беру ұйымындағы педагогтардың ролі де аз емес.

Мұғалімдердің қиындықтарын атап өтсек:



  1. жалпы білім беру ұйымында ерекше қажеттіліктері бар баланы педагогикалық және психологиялық қолдауда тиісті кадрлық құраммен қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар;

  2. бірнеше диагнозды ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқытудағы әдіснамалық базасымен байланысты қиындықтар;

  3. балаларға деркезінде психологиялық-педагогикалық көмек берумен байланысты қиындықтар;

  4. инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтар мен әкімшілік құрамының (әсіресе буллингтің алдын алу мәселесін) кәсіби этикасының деңгейімен байланысты қиындықтар;

  5. педагог кадрларды арнайы дайындау проблемасы (ерекше балаға жеке тәсілдедерді пайдалану үшін мектеп, колледж және бала бақша педагогтарын арнайы психология және түзету педагогикасының негіздері бойынша оқыту, олардың арнайы оқыту технологияларын меңгеруі).

Қазіргі таңда инклюзивті білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымында бұндай координатор тұлғасы негізгі лауазым болып табылады. Әдетте инклюзия бойынша координатордың қызметін бір қызметкер атқарады. Бірақ кейде координатордың міндетін бірнеше адам бөліп алатын да жағдайлар кездеседі.

Қолдау мамандарының қызметі мұғалімдерді (тәрбиешілерді) ерекше қажеттіліктері бар балалармен де, олардың құрдастарының тобымен де жұмыс істеуге үйрету, бұл балаларға әлеуметтік қызығушылықты қалыптастыру, қолдауға қатысушылардың қолданған термидерге қатысты әдептілікке бағытталған. Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің барлық сатыларында қызмет атқарады. Соның арқасында қолдау процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Берілген талдау инклюзивті білім беруді табысты енгізудің негізгі критериі – инклюзивті білім беру процесіне қатысушылардың арасында оның барлық деңгейінде келісілген ынтымақтастығы екендігін белгілеуге мүмкіндік берді. Олардың ынтымақтастығы кең және ашық диалогқа, берілген процесті терең теориялық және эмпирикалық түсінуге, ұлттық білім беру саясатының негізгі мақсаттары мен қағидаларын жүзеге асыруға ықпал ететін нәтижелі педагогикалық механизмдерді бірігіп іздеуге негізделген. Сондықтан білім беру ұйымындағы инклюзивті саясаттың табысты жүзеге асырылуына педагогтар жауапты болады.

Инклюзивті білім беру философиясының идеяларына, «ерекше» бала мен оның отбасын қолдаудағы бірыңғай тәсілдемесіне, ПМПК-мен ынтымақтастыққа даярлыққа негізделген командалық пәнаралық және мультидисциплинарлық тәсілдің маңызы жоғары және баланы нәтижелі қолдауға, ұжымдағы эмоциялық жағдайға тікелей әсер етеді. Жүйелі пәнаралық және мультидисциплинарлық тәсілдеме келесілерде көрініс береді:

- қалыпты және бұзылған бала дамуын түсінуде бірыңғай ғылыми-әдіснамалық тұжырымдамаға сүйену;


  • диагностика нәтижелерін түсіндіруде ортақ тілді анықтау;

  • өзара толықтыратын түзете-дамыту бағдарламаларын әзірлеу;

  • баламен және оның отбасымен жұмыс істейтін барлық мамандар үшін бала туралы ақпараттың ашық болуы;

  • бірыңғай күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау;

  • жалпы білім беру бағдарламалардың мазмұнына енгізілген материалдар негізінде мамандардың түзете-дамыту сабақтарын жүргізуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет