Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:
инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;
денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы.
Инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы
«Орта сапасы» - инклюзивті білім беруге барлық қажетті жағдайларды жасаған ұйымдардың жалпы білім беру ұйымдарының жалпы санынан үлесі, бұл көрсеткішті білім берудің түрлі деңгейлері тұрғысында бөлек қолданылуға болады. Аталған индикаторда кедергісіз орта сапасының көрсеткіштері, инфрақұрылым қолжетімділігі, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау, білім беру бағдарламаларының бейімділігі және бағалау жүйесі, тең құқылы қарым-қатынас атмосферасы қамтылады;
«Қамту сапасы» - білім берудің әртүрлі деңгейі және ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың түрлі категориялары (мүмкіндіктері шектеулі, оралмандар, жетімдер және басқа категориядағы адамдар) бойынша ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санындағы инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының үлесі;
«Қосу деңгейі» - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың өкілетті өкілдерінің білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру деңгейімен қанағаттану дәрежесін шамалау;
«Қолайлы жағдай жасау деңгейі» - бейімделген, қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру, кемсітушілікке, бөлектеуге жол бермеу бойынша шаралар қолдану, білім алуға қатысушылар арасында келіспеушіліктерді болдырмау; қоғам мен ата-аналар комитеті арасындағы мониторинг жүргізу мен бағалаудың транспаренттілігін қамтамасыз ету; қолайлы оқыту ортасын жасау деңгейін сұрау салу, сауалнама жүргізу тәсілімен зерделеу.
Достарыңызбен бөлісу: |