Қазақстан республикасы білім және ғылым


Дайындық бейіні (Profile of Study)



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
3.27 Дайындық бейіні (Profile of Study) жоғары білім беру 
бағытының ерекшелігін көрсететін, білім беру бағдарламасының негізгі 
типтік келбетінің, сипаттамасының жиынтығы. 
3.28 Сыртқы аудиторлар комиссиясының ЖОО-на келуі (Site Visit 
of the External Expert Group) – бұл аккредиттеу процесінің жалпы танылған 
бөлігі болып табылатын, сыртқы бағалаудың құрамдасы. Сыртқы аудитор-
сарапшылар ЖОО-на олардың өзін-өзі бағалау материалдарын тексеруге
профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерімен, қызметкерлерімен 
сұхбаттасу жүргізуге және ұсынылатын қызметтерінің сапасы мен 


10 
тиімділігін, сонымен қатар, оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар беруге 
барады. ЖОО-на барудың нәтижесі аудит бойынша есеп болып табылады. 
3.29 Өзін-өзі бағалау рәсімі (the Process of Self-Evaluation) – 
мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен критерийлері негізінде 
ЖОО жүргізген, нәтижесінде өзін-өзі бағалау есебі әзірленетін ішкі бағалау 
процесі. 
3.30 Білім беру/оқыту нәтижелері (Learning Outcomes) бұл оқу 
процесі аяқталғанда студенттің нені біліп шығатыны, түсінетіні және неге 
икемді болатынын білдіретін құзыреттіліктер жиынтығы.
3.31 Бірлескен дәреже (Joint Degree) – оқу бағдарламасы негізінде кем 
дегенде екі жоғары оқу орнымен бірлесіп тағайындалатын, осы оқу 
орындарымен бірлесіп, мүмкін басқа ЖОО-мен ынтымақтастықта әзірленген 
және/немесе ұсынылатын жоғары білім берудің біліктілігіне қатысты дәреже. 
3.32 
Жоғары білім берудің әлеуметтік өлшемі/әлеуметтік 
аспектілері (Social Dimension in Higher Educatiоn) – көптеген жастарға 
білім деңгейінің ең биігіне қол жеткізуге жіне жеке әлеуетін барынша ашуға 
мүмкіндік беретін, жоғары білімге қолжетімділік, студенттерге кеңес беру 
мен ақпараттандыру, оларды материалдық қолдау мен қамтамасыз етудің тең 
мүмкіндіктері және әлеуметтік бірлігі процестерін қамтитын, Жоғары білім 
берудің еуропалық кеңістігі жүзеге асыратын тетіктердің жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет