Қазақстан республикасы білім және ғылым


 Белгілер мен қысқартулар



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
4 Белгілер мен қысқартулар 
 
Осы стандарттарда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
ЖОО – жоғары оқу орны; 
МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 
ҚОТ – қашықтықтан оқыту технологиялары; 
ҚР БҒМ – Қазақстан Рсепубликасының Білім және ғылым министрлігі; 
ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы; 
БСҚА (IQAA) – Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз 
қазақстандық агенттігі
ПОҚ – профессор-оқытушылар құрамы;
ББ – білім беру бағдарламалары. 
 
5 Жалпы ережелер
 
5.1 
Білім беру бағдарламаларының аккредиттелуі белгіленген 
стандарттар мен талаптарға сол бағдарлама бойынша дайындықтың 
сәйкестігін анықтау мақсатында аккредиттеу агенттігімен жүргізілетін ресми 
сараптауға түйінделеді. Аккредиттеу білім бағдарламасының стандарттарға 
сәйкес екендігін тануы (немесе мойындамауы) тиіс. 
5.2 Аккредиттеу аккредиттелген мамандық бойынша білім беру 
ұйымының сапасына, беріктігіне және сенімділігіне, талапкерлер мен 
олардың ата-аналары тарапынан сенімді қалыптастыруға, жұмыс берушілер 
тарапынан бітірушінің алған білімінің шынайылығын тануға кепіл рөлін 
атқаруға бағытталған. 
5.3 
Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеудің негізгі 
мақсаттары:
а) кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті біліктілікті 
аккредиттелген білім бағдарламалары бітірушілерінің алуын қамтамасыз ету; 


12 
б) бітіруші дайындығы сапасының алдағы уақытта жетілдірілуіне және 
тұрақты жақсартылуына көмек беру; 
в) білім бағдарламасын жүзеге асыру барысында инновацияны тұрақты 
қолдау; 
г) салыстырмалы білім беру бағдарламаларының ашықтығына ұмтылу 
болып табылады. 
5.4 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеудің мазмұны 
жоғары оқу орнының жеке білім бағдарламалары сияқты, сондай-ақ 
ұштастырылған екі деңгейлі және үш деңгейлі білім беру бағдарламалары 
(бакалавриат-магистратура, бакалавриат-магистратура-докторантура) болып 
табылады. Бір аккредиттеу аясында мазмұндас саладағы бірнеше білім беру 
бағдарламалары аккредиттелуі мүмкін, дегенмен аккредиттеу туралы шешім 
әрбір білім беру бағдарламасы бойынша жеке шығарылады. 
Сондай-ақ, бір аккредиттеу аясында мамандар дайындаудың бір 
бағытынан бір деңгейдегі бірнеше білім беру бағдарламалары аккредиттелуі 
мүмкін, дегенмен аккредиттеу туралы шешім әрбір білім беру бағдарламасы 
бойынша жеке шығарылады. 
5.5 Мамандандырылған аккредиттеу барысында негізгі назар оқу 
процесінің мазмұндық жағына аударылады: іргелі білім, кәсіби білім
тәжірибелік дағдылар, ақпараттық технологияларды қолдану. 
5.6 Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу барысында: а) білім беру 
бағдарламасының білім беру ұйымының миссиясымен және мүдделі 
тараптардың талаптарымен ұштасатын, нақты айқындалған мақсаттарының 
бар болуы; б) нәтижелерге қол жеткізуді бағалаудың қолданыстағы жүйесінің 
бар болуы; в) білім беру бағдарламаларын үздіксіз жетілдіру жүйесінің бар 
болуы; с) бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың бар болуы 
бағаланады. 
5.7 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу білім беру 
бағдарламаларын жүзеге асырудың сандық көрсеткіштерін бағалау; өзін-өзі 
бақылау жүйесін бағалау; сауалнама парағы; аккредиттелетін бағдарлама 
аясында оқу процесін басқаруды бағалау; мүмкіндіктерді талдау (SWOT 
талдау); қаржы мен оқыту құралдарының шығынын бағалау; есеп берушілік 
жүйесін бағалау сияқты бағалау құралдарын қолдану арқылы жүзеге 
асырылады. 
5.8 БСҚА-ның мамандандырылған аккредиттеу рәсімі кез-келген білім 
беру бағдарламасын аккредиттеу үшін әмбебап болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет