Қазақстан республикасы білім және ғылым


Қос диплом (Double Diploma)



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
3.5 Қос диплом (Double Diploma) бірлескен білім беру 
бағдарламалары бойынша оқу курсын табысты аяқтағаннан кейін екі серіктес 
жоғары оқу орнымен бітірушіге берілетін жоғары білім алу туралы және оған 
қос (бірлескен) академиялық дәреже тағайындалғанын белгілейтін құжат. 
3.6 Білім беру/біліктілік деңгейлерінің дескрипторлары (Descriptors 
of Levels/Qualifications) – оқыту нәтижелерінен күтілетін белгіленген білім 
беру деңгейлері үшін жалпы сипаттама, яғни, білім мен ұғыну, оларды 
тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі, өз пайымдауларын білдіру мүмкіндігі, 
коммуникативтік дағдылар. 
3.7 Диссертация/диссертациялық жұмыс (Dissertation, Thesis/ 
dissertation work) – магистр академиялық дәрежесін немесе доктор ғылыми 
дәрежесін 
тағайындау 
мақсатында 
жұртшылық 
алдында 
қорғауға 
ұсынылатын, белгіленген білім саласындағы жеке ғылыми-зерттеу 
жұмысының нәтижелері туралы жазбаша есебі. 
3.8 Қашықтықтан оқыту технологиялары (Distance Learning 
Technologies) – білім алушы мен педагогикалық қызметкердің жанама 
(арақашықтықта) немесе жартылай жанама әрекеттесуінде ақпараттық және 
телекоммуниациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқыту 
технологиялары
3.9 Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық 
ассоциациясы (European Association for Quality Assurance in Higher 
Education, ENQA) – сапаны қамтамасыз етудің еуропалық агенттіктері, 
әлеуметтік органдар мен жоғары оқу орындары арасында жоғары білім 
берудегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы озық тәжірибе мен 
инновациялық тәсілдемені ендіруге әрекет ететін, ақпаратты тарататын 
жалпы еуропалық орган. 
3.10 Жоғары оқу орындарының еуропалық ассоциациясы 
(European Association of Institutions in Higher Education, EURASHE) – бұл 
болондық реформалардың контекстінде жоғары білім беру саласындағы 
келісілген және ашық саясатты жүргізетін, жоғары оқу орындарының 
мүдделерін қуаттайтын еуропалық жоғары оқу орындарының бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет