Қазақстан республикасы білім және ғылым


 Терминдер мен анықтамалар



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Терминдер мен анықтамалар 
Осы стандарттарда Қазақстан Республикасының «Білім туралы», 
«Техникалық реттеу туралы» Заңдарына, МЖМБС, Оқытудың кредиттік 
технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес 
терминдер мен анықтамалар қолданылады. 
Оларға қосымша ретінде осы стандарттарда келесі анықтамалар 
белгіленген: 
3.1 Білім беру ұйымдарын аккредиттеу (Accreditation of Higher 
Education Institutions) – білім беру қызметінің сапасы туралы объективті 
ақпарат беру және олардың тиімді тетіктерінің бар екендігін растау 
мақсатында белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) 
сәйкестігін аккредиттеу органымен тану рәсімі. 
3.2 Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу (Programme 
Accreditation) – білім беру ұйымымен жүзеге асырылатын жекелеген білім 
бағдарламаларының сапасын бағалау.
3.3 Талдау (Analysis) – бағдарламаның білім беру мақсаттарын және 
студенттердің қол жеткізген нәтижелерін бағалау үшін деректерді анықтау
жинақтау және анықтау процесі. Тиімді талдау мақсаттарды немесе 
нәтижелерді өлшеу үшін ыңғайлы болатын тікелей, жанама, сандық және 
сапалық параметрлерді қолданады. 
3.4 Еуропалық білім беру кеңістігі үшін біліктіліктерді тегіс 
қамтитын құрылым (Framework of Qualifications for the European Higher 
Education AREA) – Еуропаның жоғары оқу орындары үшін әзірленген және 
Берген конференциясында (2005 ж.) қабылданған, жоғары білім берудің үш 
кезеңін: бірінші кезең – бакалавриатты, екінші кезең – магистратураны және 
үшінші кезең – докторантураны (оның ішінде, ұлттық контексттердегі
аралық біліктіліктің мүмкіндігі ) қамтитын біліктілік құрылымы, білім беру 
мен құзыреттіліктің нәтижелеріне негізделген әр кезең үшін әмбебап Дублин 



дескрипторлары, сонымен қатар, бірінші және екінші кезеңдер үшін 
кредиттер шеңбері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет