Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
КІРІСПЕ 
Жоғары білім берудің білім бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық реттеу туралы» 
Заңдарына, жоғары білім берудің білім бағдарламаларын аккредиттеу 
бойынша халықаралық тәжірибеге, сонымен қатар, жоғары білім берудің 
қазіргі даму тенденцияларына сәйкес әзірленген. 
Жоғары білім берудің білім бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары 
көпшілікке танылған маңызды концепцияларға негізделген: сапалы білім 
беруге жоғары оқу орындарының жауапкершілігі; қоғамның, мүдделі 
тұлғалардың, ең алдымен, білім алушылардың сапалы білім беру қызметіне 
қол жеткізуін есепке алу және қорғау; жоғары білім беру бағдарламаларының 
әлеуметтік және кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестігі; мамандық алудағы 
тұлғаның және қоғамның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру. 
Сапаны 
қамтамасыз 
етудің 
Еуропалық 
стандарттары 
мен 
нұсқаулығының (ESG) жаңа редакциясына сәйкес біздің стандарттардағы 
жаңашылдық студентке орталықтандырылған оқытуды, білім беру мен 
бағалауды жүзеге асыру талаптарының пайда болуы, сапаны қамтамасыз ету 
саласындағы саясатты, жоғары оқу орындарындағы сапа мәдениетін 
қалыптастыру мен жүзеге асыруға акценттің күшейтілуі, Ұлттық біліктілік 
шеңберінің, кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкес келетін нақты білім 
беру нәтижелеріне қол жеткізу арқылы құзыреттілікті жүзеге асыру болып 
табылады. Жұртшылық пен мүдделі талаптарға ЖОО қызметінің анағұрлым 
ашықтығын талап ететін «Жұртшылықты ақпараттандыру» стандарты 
жаңадан енгізілді. Сондай-ақ бұл стандарттағы жаңалық еңбек нарығының 
тұрақты өзгермелі талаптарына сәйкес үздіксіз мониторинг пен 
бағдарламаларды өзектілігі үшін мерзімдік бағалау, сапаны қамтамасыз ету 
бойынша жоғары оқу орындарының үздіксіз жұмысы туралы, аккредиттеуден 
кейінгі аудит рәсімдерінің бар болу болып табылады. Студентке 
орталықтандырылған оқытуды жүзеге асыру аясында стандарттарда 
студенттерді қолдау қызметі айрықша көрсетілген. 
Жоғары 
білім 
берудің 
білім 
бағдарламаларын 
аккредиттеу 
стандарттарын әзірлеуде: жоғары білім беруді дамыту саласындағы 
Қазақстан Республикасының саясаты мен стратегиясы, жоғары білім берудегі 
сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық стандарттары мен нұсқаулығы
INQAAHE-нің 
«Тиісті машықтың тәжірибесі», танымал шетелдік 
аккредиттеу агенттіктерінің (ABET, AQA, ASIIN, ACQUIN, AACSB, ATMAE 
және т.б.) жоғары білім берудің білім бағдарламаларын аккредиттеу 
стандарттарын әзірлеу мен қолдануға қатысты тәжірибесі ескерілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет