Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет28/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
Жер түбі ме, жақын ба:

Жету –мұрат. Жол алда. Орта жолда аһ ұрма, Орта жолдан оралма.

Сүрін, жығыл, жер тырна, Екі аяқ пен екі қол!

Өр қырандай ұмтыл да,

Діттегенге жетіп өл,- деген ақын сөзіне қалай тамсанбайсың?!

Терең ойлы қалам иесі 23 жасынан бастап сөз көркі – мақал – мәтелдерді аса үлкен ыждаһаттықпен жинастырып, зерттеді. Халқымыздың мынадай даналық өсиеті бар: «Егер сен алыс сапардан қоржын толы алтынмен оралсаң, сол алтынды отыңның басы, ошағыңның қасына төк. Егер жақсы дос тауып қайтсаң, онда ауылыңды жинап таныстыр. Ал егер, алыс сапардан ұлағатты сөз естіп қайтсаң, онда бүкіл еліңді жинап, айтып беру міндетің».

Мұзафар аға осы даналық өсиетті орындап жүрген адам. Ол дүниежүзінің жетпістен астам елінің 20 мыңдай даналық ойларын қазақ халқының рухани игілігіне айналдырды. Олардың ой- тұжырымды мағыналы мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударып, кейінен «666 мақал – мәтел», «Мақал – сөздің мәйегі» сынды кітаптары жарық көрді.

Ақын сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы. Мұзағаның өлеңдерін оқып, тыңдаған тілі шыққан бүлдіршіндер қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрімен сусындап, бойларында еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін ұялатады. Жерлес ақынымыздың мол әдеби мұрасының жармысынан көбі әр жастағы балалар ұғымына лайықталып жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет