Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет30/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

көпірдің буынындағы бір кесек тасындай, бір табан теміріндей сезінемін. Мен де жон арқамды тосып, жолдың үзілмей, жұрттың алға өтуіне азды – көпті себімді тигіздім бе деп ойлаймын» - депті, өз өмірі жайлы толғанған бір сәтінде.

Мұзаға көпірдің детальдары емес, ол - өнер мен өреннің, әдебиет пен халықтың арасындағы үлкен көпір. Өйткені, халқымызбен бірге қайнасып, халқының мұң –мұқтажын, болашағын ойлаған, толғанған шығармалары том – том болып халқымыздың рухани қазынасына айналды. Әсіресе «Естай – Қорлан», «Менің Қазақстаным», «Ту тіккен» эпикалық туындылары жыр сүйер қауымның жүрегіне жол тауып, олардың алғысына бөленіп, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Көптеген жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан «Ақмаңдайлым», «Маралдым»,

«Ақсұңқарым», «Алматым-әсем астанам», «Өзің де, жігіт, қызықсың» әндерін білмейтін қазақ кемде кем. Оларды ән сүйер халық сүйіп тыңдайды.

Мұзағаны өз халқы ғана танып қойған жоқ. Оны шет ел жұртшылығы да жақсы біледі. Өйткені ақынның шығармалары жиырмадан аса тілдерге аударылды.

Ақиық ақын өз туындыларымен жұртшылықты таңқалдырып қана қоймай, сонымен қатар Сағдидың «Жәннатын», Ю.Фучиктің

«Дар алдындағы сөзін», Орбелианидың «Ғибратнамасын», Тоқтағұлдың, Аполлиненрдің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Пушкиннің, Лермонтовтың, Ғ.Тоқайдың, М.Жәлилдің, Фирдоусидің, Зелилидің өлең – жырларын қазақ тілінде сөйлетті.

Мұзафар Айтмағанбетұлы - әдебиеттің көкейтесті мәселелерін көтеруде де атсалысқан, әдебиет зерттеу саласында еңбек сіңірген сыншы.

Мақал-мәтелдердің көркем табиғаты мен аудару тәсілдері туралы «Өрнекті сөз - ортақ қазына» монографиясы, «Қалам қайраты» атты сын мақалалар, эссе кітабы, 1980 жылы шыққан жазушы еңбегінің қыр-сырын зерттеуге арналған «Көңіл күнделігінен» атты эссе кітабы–ақынның зерттеу саласындағы еңбегінің жемісі.

Ондаған жылдардың жемісі болған М.Әлімбаевтың «Өмір. Өнер. Өнерпаз» атты еңбегі де халқымыздың игілігіне айналып отыр.

М.Әлімбаев очерк жанрына 1948 жылдан бастап атсалысуда. Сол уақыттан бергі ақын қаламынан шыққан эссе-очерктері

«Көргендерім көңілде» деген жинаққа енді. Очерктердің негізгі қаћармандары – бәрі дерлік тұлғалы азаматтар: Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Рафиқа Нұртазина т.б.

Тартымды да татымды жазылған ақынның бұл жинағы жас жеткіншектер үшін тәрбиелік те танымдық маңызы зор.

Қадірлі Қазақстан, Отан – Ана, Есімім сенен бөлек атала ма?

Алдыңда парызымды өтеп кетем, Өтсемде ата – анама қарыздар боп. Көгінен күн аумайтын Қазақстан! Сен жайлы өмір бойы жазам дастан. Жырлаймын әр сөзімді өле - өлгенше,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет