Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет37/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

Әдебиет

  1. Жүсіпов Қ.П. Өлең – сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 212б.

  2. Мырзабеков К. Менің мұңым - махаббат. Өлеңдер мен поэмалар. Құраст.З.Ибраимқызы. -Алматы: Атамұра, 2003. - 192 б.

ҒЫЛЫМДЫ БАҒЫНДЫРҒАН ҒАЛЫМ




Б.Н. Мұзафаров


ПМПИ, Павлодар қаласы
Ұлы Ертістің қойнауын артқа тастап киелі де қасиетті Баянаула жаққа жол түскенде, жалпақ даланың жазығы мен ұсақ шоқылары соңында қалып, алдыңнан мен мұндайлап Баян таулары көзіңе ұшырайды. Осы кезде бойыңды сәл жиып, бейне бір жаратылысын жұмбақ қылған Жаратушы Иемізге мың да бір шүкіршілік дейсің!

Қазақ тарихында аса маңызды орын алатын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», яғни қазақ-қалмақ қырғыны тұсында, ел болып ақ киізге көтеріп «сұңқар құстай түлеген» хан Абылайды Сабындыкөл жағасында сайлаған да осы өңір болатын. Жалпы Баянаула елі не бір би-шешендермен, абыз-жыраулардың, жаужүрек батырлармен, ғұлама ғалымдардың, әншілермен қоса ақындардың мекені екені белгілі.

Міне, осы киелі мекеннің тумасы, көрнекті қазақ ғалымы, жерлесіміз, профессор Хабиболла Құсайынұлы Оспанов дүние жүзі ғалымдарын үш рет ғылыми жаңалықтарымен таңғалдырған.

Дүние жүзіндегі ең беделді қоғамдық ұйым саналатын Ресейдің Ғылыми жаңалықтар ашушы авторлар мен өнертапқыштар халықаралық қауымдастығы (ҒЖААӨХҚ) бұған дейін физика-химия саласында екі мәрте әлемдік жаңалық ашқан химия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Нью-Йорк академиясының академигі, 2002 жылы «XXI ғасырдың көрнекті ғалымы» кітабына енген тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, 22 монография авторы, кітаптарының 5- уі Лондонда, 2-уі Берлинде, 1-уі Мәскеуде жарық көрген. 1000-нан

аса ғылыми еңбегінің 115-сі авторлық куәлік пен патентке ие ғалымның жаңа технологиялары бүгінде көптеген өндіріс орындарында қолданыс табуда. Орыстың белгілі оқымыстылары, тіпті әлем ғалымдары қазақ ғалымының бұл жетістігіне үлкен таңданыс білдіруде [1].

КСРО және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы Х.Оспановтың еңбегін дүние жүзіне белгілі ғалымдардың мойындауы, тек қана өзі еңбек етіп жүрген университетке емес, бүкіл Қазақстанның ғылыми өмірінде аса маңызды оқиға десек артық айтқандық болмас. Халқымыздың мақтанышы, абыройы, сондай-ақ химия саласындағы отандық ғалымдардың кәсіби біліктілігіне берілген нағыз әділ баға деп білуіміз керек.

Өте сондай қарапайым, кішіпейіл, ашқан жаңалығына, жасаған еңбегін еш бұлдамайтын, тек таза ғылым жолын қуған үлкен зор ғалым деп білеміз.

Ғалымның әлемдік деңгейде ашқан бірінші жаңалығына қысқаша тоқталсақ. Демек, қазіргі уақытта физикалық химия саласындағы негізгі проблема-ол минералдарды қатты заттардың реакцияға түсу қабілетін болжау теориясын құру мен бүгінде қолданылып жүрген және зерттелмеген бәсекелес реакцияның жылдамдығын бағдарлау болатын. Міне, осы шешімді табуда профессор Хабиболла Құсайынұлы бірінші рет дүние жүзінде қатты заттарға арналған жаңа термодинамикалық функцияны-орташа атомдық энергия Гиббсінің түзілуін ұсынды. Бұл функцияның маңызы тек қана минералдардың реакцияға түсу қабілетін болжап қана қоймай, яғни, тәжірибе жүргізбей-ақ, зерттелмеген бәсекелес реакциялардың еру жылдамдығын болжай алады. Мұны қазірдің өзінде ғалымның көзі тірісінде-ақ «Оспановтың ара қатынасы» деп атап кетті [2]. Ғалымның екінші ашқан жаңалығы да өте күрделі деп айтуға болады. Мәселен, екі сульфид табиғатта ылғалды жерде ұшырасса, екеуінің ортасында гальваникалық эффект пайда болады екен. Яғни, біреуі оң, екіншісі теріс болған жағдайда, біріншісі екіншісін еріткіштің көмегінсіз-ақ ерітіп жібереді екен. Алайда, осы қасиеттерді ғалым аға алғаш рет зерттеп, оның сапалы заңдылығын, сондай-ақ, қос сульфид арасындағы гальваникалық тиімділікті реттестіріп отыратын жалпы қағиданы тұңғыш рет ұсынып, теория ашқан. Осы жаңалығы үшін 2004 жылы қазақ ғалымына №255 диплом мен алтын медальмен марапаттаған еді.

2009 жылы Ресейдің аталмыш қауымдастығы профессорға үшінші рет ғылымда ашқан үлкен жаңалығы үшін № 373 дипломы мен және алтын медалын қоса берді. Бұл жаңалықтың маңыздылығы-

келтірілген химиялық ұқсастық арқылы қатты заттардың реакцияға түсу қабілетін болжау және бәсекелес реакцияның ретті түрде жүруін дәлелдеп, ең бастысы қатты заттарға (минералдарға) керекті еріткіштерді физикалық-химиялық негіздеріне сай жалпы қағидаларын ұсынып ғылыми түрде дәлелдеген болатын.



Қазақ халқында «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген нақыл сөз бар. Өзінің ұстазы сол кезде С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың профессоры, һәм зор ғалым Батырбек Ахметұлы Бірімжанов ғалым ағаның тікелей ғылыми жетекшісі болды. Профессордың батыл шешімі, нық қадамы көрегендік еді. Неге десеңіз, қызығы мен қиыны қатар жүретін ғылым биігіне жету жолында, өзін мықты ғалым ретінде дәлелдеу немесе басқаларды мойындату үшін аз тер төгілген жоқ. Алайда, тек қазақ халқында емес болар, дейтұрғанмен өзінің асыл ұлдарын дер кезінде көрсоқырдай көре алмайтын кейіпте болатынымыз өтірік емес рас. Себебі Х.Оспанов докторлық диссертациясын екі мәрте қорғаған адам. Алғашқы рет өз елі Қазақстанда қорғады. Көре алмағандар бекікпізбеуге тырысты. Екінші мәрте Ресей елінде, яғни Новосібир қалсында ойдағыдай қорғап, ғылым жолында үлкен жетістікке жетті. Айтулы абырой, зор атақ, бәрі тегіс үлкен еңбектің арқасында келетіні айтпаса да түсінікті шығар. Хабиболла аға Одақ кезінде Ресейдің әскери-өндірістік кешенінде көп жылдар бірігіп жұмыс жүргізген. 115 авторлық куәлігі пен патентінің 20-ы өндірісте қолданылып отыр. Атап айтсақ, Алматы зергерлік зауытында, Балқаш, Жезқазған, Мәскеудегі химия зауыттарында іске асуда. Бір ерекше айта кететін жайт, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы барлық саланы қосқанда әлем мойындаған алты ғана жаңалық ашылса керек. Біріншісін Шымкент химия-технология институтының пофессоры Оразалы Балабеков, екіншісін, химиялық физикадан профессор Зұлқайыр Мансұров, үшіншісін академик Ә.Бектұров атындағы Химия институтының профессорлары Т.Жұмаділов, И.Сүлейменовтар болатын. Ал енді басқа үш жаңалықты профессор, жерлесіміз Хабиболла Құсайынұлы Оспанов ашып отыр.

«Хабибола Құсайынұлы Оспанов 1932ж. 10.06 - да Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген» [3]. Ерте есейіп ересектер қатарына ерте қосылған Хабиболла аға еңбек жолын Александровка руднигінде қарапайым жұмысшыдан бастаған болатын. Бүгінгі таңда Хабиболла Құсайынұлы 40-тан аса ғылым кандидаты мен 7 ғылым докторына жетекшілік жасап, ғылымға сара жол салған екен.

Зерделі зерттеуші, білікті ұстаз әсіресе түсті металлургия, кен байыту өндірісінде және геохимияда аса маңызды зор жаңа теорияны ашқан майталман, химияның хас білгірі, демек ғылымдағы ауқымды жетістігі Егемен елімізге ортақ. Қасиетті Баянауыл жерінен шыққан ұлы ғалым академик Қаныш Сәтбаевтың соңынан ерген ізбасар шәкірттерінің арасынан, әлбетте, профессор Хабиболла Құсайынұлы Оспановты да көретінімз хақ.
Әдебиет

1. Недра// - 1993 - № 5 – 27 - б.

2. Сонда. – 1995 - №3 18 б.


  1. Баянаула перзенттері.- Павлодар: ЖШС ҒПФ «ЭКО», 2008.-330 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет