Әдебиет
Асылов Ұ., Дайырова Ә. Қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 2002. – 560 - б.
Жұмағұлова М.А. Тіл негізі – көркем сөз. – Павлодар, 2010. – 108 - б.
Жұмабаев М. Жан сөзі. – Алматы: Раритет, 2005. – 256 - б.
Сыдиқов Қ. Көркемдік өрнектер. – Алматы: Рауан, 1992. – 80 - б.
Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. - Павлодар, 2003. – 254 - б.
ҚАЗАҚ-ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚЫЗ БЕЙНЕСІН СОМДАУДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
А. Канзелхан, Н. Мұратов
Бобровка жалпы орта білім беру мектебі, Қашыр ауданы
19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік болмысындағы өзгерістерге байланысты туындаған шығыстық қисса- дастандардың қазақ даласына келудегі бастау олар түп-төркіні жағынан қарастырғанда олардың үш ошағы, яғни рухани шығар көздері барлығы байқалады. Олардың жеке-жеке даралап атар болсақ, арғы жағы үнді, арабтар, орта тұсы парсыдан, бергі жағы түркі тілді туысқан халықтардың рухани әлемінен ауысқаны көрінеді. Бүкіл адамзат тарихының өткен -кеткен дәуіріне ой көзбен барлай қарасақ, әр халықтың өз рухани қазынасын қорландыру, қалыптастыру жолында ерекше орын алған көркем ой туындылары қарым қатынассыз, алыс-беріссіз томаға тұйық даму жолы болған емес. Есте жоқ ескі дәуірде – ата-бабаларымыз көне шығыстың көп халқымен әр қилы әлеуметтік- тарихи жолдар арқылы бірде жанама, бірде тікелей өзара рухани байланысын үзбей келген. Шығыс әлемінде орын алған тарихи оқиғалар мен бірегей көркем ой туындыларының қоғамдық санадан ғасырлар бойы орын алған іздері бүгінге дейін белгі беруде. Әлем әдебиетінің өзара байланысы, түркі халықтарының көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсері ерекше болды. Айтып кеткендей, қазақ жері ерте бастан шығыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланысты еді. Осыған орай мұсылмандық шығыс елдері классикалық поэзия мен қисса-дастандардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы назар аудартады. Төл әдебиетімізде қаламгер жазушылар
шығыс классиктерінің туындыларымен сусындай отырып, солардың жазу стилін, сөз саптау ерекшелігін өз шығармаларына арқау етті. Осыдан әдебиет саласында шығыстық сарындағы көркем туындылар етек жая бастады. Фердауси, Низами, Науаи хамсаларынан, араб, парсы, үнді ертегілер, аңыздарымен және Орта Азия халықтарының әдебиеті арқылы келген «Ләйлі – Мәжнүн», «Шахнама», «Тотынама»,
«Фархат - Шырын», «Таһир - Зуһра», «Рүстем дастаны», «Атымтай Жомарт», «Жұижұма» сынды лирикалық, батырлық, ғашықтық дастандар қазақ топырағында, жаңадан түлеп, жаңғырып төл туындыға айналды. Бұл шығармаларда халықтың арман-тілегі, мақсат- мүддесі, адамгершілік қасиеті паш етіледі. Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып, шығыс тілінде жырлап, қазақ арасына таратып, шығыс тілінде шықан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар шығарған бір топ ақындар: Ораз молла, Ш.Жәңгірұлы, Мәделі Қожа, Нұржан Наушабаев, т.б. кітаби ақындар [1,16]. Қай әдебиетті алсақ та, қаламгерлердің сұлулық пен әдемілікті жырлауларында белгілі бір үйлесімділік көрініс тауып жатады. Себебі сұлулықты көрген адам баласының тілінен небір көркем, сөз бояуларының төгілетіні хақ. Әлемде шарықтата жырлайтын, сөзбен моншақ ағызатын керемет дуниелер жетерлік. Алайда, толып жатқан сұлу дүниелердің ішіндегі жаныңды жарқыратып, жүрегіңді елжіретіп селк еткізетін нағыз сұлулықтың падишасы – нәзік жандылардың әдемілігі болмақ. Кез – келген ер азаматтың қыз сұлулығын жоғары бағалап, әспеттемеген кезі болмаған. Сондықтан бұл жұмысымызда қыз бейнесін сомдаудағы көзге бірден түсер ерекшеліктер мен тілдік шебер қолданыстарға баса назар аударып, қазақ-шығыс әдебиеттеріндегі белгілі бір ұқсастықтарға тоқтала кететін боламыз.
Шығыс поэзиясындағы қыз бейнесін сомдаудағы дәстүрді бейнелеу құралдарының бірі – сұлу қыздың қасын садаққа, кірпігін оның өткір оғына ұқсату. Мұның өзі ғашық жандардың портретін толықтырып, жандандыра түсуі үшін қолданылып келгені мәлім. Шығыс әдебиетінде бұл әдісті шеберлікпен қолдана отырып тамаша үлгі көрсеткен Ә.Науаи:
Ераб, ұл шахду шанар е лабдурур Е магар шахду шанар елабдурур
Жонима пайаста новак отқали [2, 44]
Ғализа уқин қошиға елабдурур, - деп қып-қызыл ерінді әдемі, гүлдердің патшасы қызғалдаққа ұқсатса, қыздың қиылған қасын иірілген әдемі пішінді көзімізге әкелетін садаққа, ал қайырылған әсем кірпіктерін жайдың оғына ұқсатып, жүректі қорамсаққа
салыстырады. Міне, бұл өлеңде шығыс ақыны қыз бейнесін осылайша тамаша шеберлікпен сомдаған екен.. Ал, қазақ арулары жайлы ақын Шәді Жәңгірұлы былай деп сөз меруерттерін аянбай төгеді:
Қасы-жай шашы-сүмбіл, аузы-ғұнча Нәзіктік – түзілікте белі қыпша Сымдай тән нәзік бәдән, шірікін забон
Жүзінің зипалығы қызыл гүлше [3, 98] – деп сұлу қыздың келбетін шебер сомдаған. Оның қиылған қасын-жай, шашын-сүмбілге, аузын ғұнчаға ұқсатады. Қыздың сондай сымбатты тұлғасын, әдемі жүзін суреттей келе қызыл гүлге теңейді. Осылайша ақын қазақ қыздарының сұлулығына тәнті бола керемет жыр жауһарын төккен екен. Тағы бір аңғарар деталь, шығыста да, қазақ ақындарында да кездесетін, сұлудың үлбіреген шиедей ерінін ғұнчаға, яғни гүлге ұқсату бар. Бұл дәстүрді қолданған қазақ-шығыс ақындары жетерлік. Солардың бірі ретінде халқымыздың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының туындыларына тоқталуымызға болады. Ақынның ұсынылып отырған өлеңінде қыз бейнесін жасауда осы айтылған ұғымдар кездеседі:
қара көз, имек қас Қараса жан таймас Аузың бал-қызыл гүл Ақ тісің кір шалмас
Қыр мұрын, қытша бел, Солқылдар, соқа жел Ақ етің үлбіреп
Өзгеше біткен гүл [4, 75], - деп, сұлу арудың бейнесін шебер суреттей отырып, сұлудың ауызын қызыл гүлге ұқсата келіп, бұл да тал шыбықтай бұралған нәзік тұлғаны гүлге теңейді.
Ару қыздардың бейнесін сомдауда көбінесе оның қасы, шашы, көзі, еріні, кірпігі келесі бір заттармен ауыстырылып сомдалып жатады. Мәселен, Ш. Жәңгірұлы:
Қараса ұйықтап жатыр бір сұлу қыз, Қасы-ай, кірпігі-оқ, шашы-құндыз. Жүзінен нұрлы шығып шұғылаланған,
Ай мысал он төртінші, яғни жұлдыз [3, 69].
Мұнда орақ тілді ақын сұлудың имектенген қасын жаңа туған ай бейнесіне ұқсатса, иірілген кірпігін садақтың оғына ұқсатады. Жібектей майда, жұмсақ, жалт-жұлт еткен сүмбіл шашын құндызға теңей келіп, жүзінен нұр шашылған айсұлуды жарқыраған жұлдызға ұқсата отырып қыз сұлулығын қоюландырады. Осылайша, қазақ
ақындары майын тамыза қазақ қызын бейнелесе, тәжік ақыны Рудаки:
«Гүл сипатың» өлеңінде:
Гүл сипатың көрік берген Сән-көркіне бұл ғаламның
Сүмбіл шашың шалқытқан нұр
Соған құштар мен бір жанымен [5, 75] – деп қыздың бейнесін, келбетін гүлге ұқсатып шашын суреттеуде «сүмбіл» деген сөзді тіркестіре қолданған. Себебі жібектей толқыған шашты қазақ ақындары қолданғандай сүмбіл деп берген. Осы бар әдемілікті бойына жинаған аруға құштар екені де жырда көрініс тапқан. Қыздың бет әлпеті, тұла-бойына тән бір мінсіз сұлулық, адам басындағы қолаң шаштың сұлулығына теңестіріледі. Сонымен тән сұлулығы мен шаштың сұлулығын үйлестіре келіп, бәрін жеке-жеке сипаттағаннан гөрі, соның бәрінің түйіні ретінде – сүмбіл шашты алады. Мәселен, шығыс ақыны Ә.Рудаки:
Сенің әсем бурымың – мені мұңға батырды, ойлай-ойлай мұңлымын, -
Ая мендей пақырды! [5, 46] – деп сұлуға бұрымың мұңға батырды дейді, бұл қыздың ерекше сұлулығын, бір бұрымның аясына жинақтап, соған ғашық болғанын білдіреді. Одан әрі тағы бір шығыс ақынының туындысына тоқталсақ Мұхеммед Хафиз өз ғазалында:
Жүрегім, жаным ораулы, Толқынды буйра шашыңа. Бұлбұлдай торға қамалған,
Қамығамын мен өзім [6, 56] ,– деп жырлайды. Бұл тұста да торға қамалған құстай, бұлбұлдай лирикалық қаһарманның жан қиналысын байқайсыз. Бұлбұлға (торға қамалған) теңеуі, лирикалық қаһарманның арудың сөзсіз сұлулығына бас ұрғандығын, бас ие ғашық екендігін көрсетеді. Сонымен бірге толқынды әсем шашқа лирикалық қаһарманның жүрегі, жаны ораулы екеніне қарап та сол бұйра сүмбілдің астарында қыздың керемет келісті келбеттілігі жатқандығын аңғарамыз.
Шығыстың белгілі ұлы ақыны Ә.Рудакидің тағы бір рубайларына үңілсек:
Ғайып болдың көзімнен мен отырған қайғырып, Жұлдыздындай бақыттың, сүйіктіңнен айрылып. Садақ сенің бұрымың, найза сенің кірпігің,
Жүрегімді жаралап бермес маған бір тыным [5, 92].- деп сүйіктісінің бұрымы мен кірпігін садақ пен найзаға теңейді. Бұл жерде лирикалық қаһарманның басында шынайы нағыз махаббаттың бар екенін байқаймыз. Өйткені сұлу қыздың әрбір иілген кірпігі, бұрымы
қаһарманның жүрегін садақ пен найза кіргендей немесе қадалғандай жаралы еткені байқалады. Міне шығыста бұрымды садаққа, кірпікті – найзаға теңеу тәсілі де кездеседі. Сонымен қатар тағы бір назар аударатын жайт арудың үнін, күлкісін бұлбұлдың сайрауына, әсем дауысына теңеу. Шығыс әдебиетінде бұл әдіс жиі көрініс тапқан. Ал қазақ әдебиетінде де кездесетіні сөзсіз. Мәселен, Абай Құнанбайұлы
«Көзімнің қарасы » өлеңінде: Қайғың – қыс, жүзің – жаз, Боламын көрсем мәз.
Күлкіңіз бойды алар, Бұлбұлдай шықса әуез [4, 73] Немесе
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінде: Аузын ашса, көрінеді кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. Сөйлесе сөзі әдепті һәм мағыналы,
Күлкісі бейнесі бұлбұл құс сайрайды [4, 72] –деп аруды тамаша суреттеген. Даусының, лебізінің сондай құлаққа жағымдылығын сыңғырлаған бұлбұл үнімен ауыстыра жеткізеді. Бұл тәсілді қазақ халқының ұлы, қайталанбас тұлғасы, дана ұлы М.Ж.Көпеев шығармаларынан да аңғаруымызға болады:
Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей, Аяғын келер басып некей-некей.
Алмадай беттерінен сүйгенімде, Суырылар тілмен қабат сол сілекей!
Өлең бар күй тартатын домбыра жоқ, Басында әр қыздардың алтыннан шоқ. Хор қызы екеу-екеу әнге салып
Сайрайды сандуғаш пен бұлбұлдай боп [7, 94] – деп сұлудың келісті келбетін, тәтті назға толы сөздерін, келісті жүрісін немесе жарасымды қимылын, қазақ қыздарының сәнді киімдерін, бастарындағы сәукелелерінің үлбіреген үкілерін және қос-қоспен бұрала шырқаған әсем әндерін суреттей келе сәнді дауысын бұлбұлдыдың сайраған тамаша үніне теңейді. Бұл шебер суреттелген тармақтар оқыған сайын көз алдыңа хор қыздарын елестетпей қоймайды. Міне тіл шеберлігі қайда жатыр. Ал, Шәді дастанындағы сұлудың «Жүзі – гүл, тісі – дүр, белі – қыл, мұрыны – пісте, лебізі - бұлбұл» болып келеді. Мәселен,
Тісі – дүр, аузы – ғұнша, көзі – нәркес, Жүзі – гүл, шашы – сүмбіл, қиылған қас,
Белі – қыл, лебізі – бұлбұл, мұрыны – пісте,
Дүниеде еш адам жоқ бұған ұқсас, - деп шебер ауыстыруларды пайдаланады [8, 64]. Бұл тұста да келісті сөздер керемет шеберлікпен өз орынын тапқан. Қыз бейнесінің бяуын әбден қанықтыра суреттеген. Таңғы самал арқылы сүйген жарына сәлем айту – халық ауыз әдебиетінде де, класикалық поэзияда да жиі қолданылатын бейнелеу
тәсілі.
Мұның өзі шағын лирикалық өлеңдер жазуда да, көлемді дастандар тудыруда да қолданылып келген. Мәселен, Хамза өзінің бір өлеңінде:
Сабо арзумни етқұр, мохито бон бир келиб кетсун, Тамоми хусн элининг шохи – султон,
ир келиб кетсун [2, 61] – деп желпіп қана есіп тұрған таңғы самал арқылы айдай көрікті, бүкіл әсемдіктің патшасы – сұлу қызға сәлем жолдаған жігіт бейнесін жасайды.
Мұндай тәсілді қазақ әдебиетінде Шәді ақынның жырларынан көруімізге болады:
Көңілімде арман қалмас -ты, Бір көрінсе жамалы.
Хабаршы дейді ғашыққа, Таңғы дала самалы
Мен қайғылы күлшеден
Орқаға жеткіз сәлемді [3, 58], - деп сүйген жарын аңсап, сағынған ғашық жар таңғы жұмсақ самалдан асығына сәлем жолдайды. Бұл да болса қазақ-шығыс әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы болмақ.
Қай халықта болмасын қоғамда туған қайшылықтарды, жағымсыз құбылыстарды және керісінше, әдемілік пен сұлулықты жырлауда қаламгерлердің ойы, көз қарасы, жырлауы, яғни сөз саптау шеберліктері жағынан үйлесімділіктер көрініс табары хақ. Сол секілді бұл жұмысты жаза отырып көз жеткізгеніміздей қазақ –шығыс әдебиетінде қыз бейнесін жасауда, суреттеуде көптеген ортақтастық пен тамырластық бар. Бұл ұқсастықтар көріктеуіш құралдардын пайдалануда көптеп көрініс тапқан.
208 б.
Әдебиет
Мырзахметұлы М. Абай және шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. -
Шығыс жұлдыздары. – Алматы: Жазушы, 1973. - 223 б.
Құнанбаев А. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ғылым, 1964. - 204 б.
Рудаки: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 156 б.
Хафиз. Ғазалдар./Аударған Ә.Жәмішев - Алматы: Жазушы, 1986. – 195 б.
432 б.
Көпейұлы М.Ж. Көп томдық шығармалары. – Алматы: Алаш, 2003. -
Күміспаев Ө. Екі перне. – Алматы: Жазушы, 1980. – 156 б.
Достарыңызбен бөлісу: |