ТАУҚЫМЕТ
Бар екен, жоқ екен, аш екен, тоқ екен, қадім
замандарда Бұхара қаласында Хандархан атты хан
болыпты. Ол өзі қаланы билемей, билікті өзінің
уәзірлеріне тапсырыпты. Олардың ішінде бас уәзір
Қасым болыпты, оның ерекше қатыгез болғандығы
сонша, оған қала халқы Баскесер деп ат қойыпты. Бірақ
хан осы уәзіріне ерекше сенетін, оның кеңестерін
тыңдап, ол не қаласа соны орындайтын. Қасым уәзірдің
бір ауыз сөзімен кез келген адамды өлтіруге бұйрық
беретін еді.
Сол кезеңде Бұхарада бір жас жігіт өмір сүрді. Оның
аты Махамаджан еді. Әке-шешесі ерте қайтыс болған ол
өз өмірін қалай жақсартсам болады деп ойланатын. Ол
атақты байдың қызы Камиляханды ұнатып қалады
және оған құдалыққа адам жібереді.
Ата-анасының
рұқсатын алып, Махамаджан үйлену тойын жасап,
әйелімен бақытты өмір сүреді. Жас әйелімен жеті жыл
тату-тәтті өмір сүреді. Бірақ Махамаджанның көңілі
құлазып, өкінішке тола берді: олардың баласы жоқ еді.
Бір күні Махамаджан өзінің ренішін әйеліне айтады:
- Әйелім, тыңдашы! Екеуміздің бірге тұрғанымызға
біраз болды, бірақ баламыз жоқ. Ал менің қатарларым
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
283
менен кейін үйленсе де балалары бар. Олардың көшеде
бала көтеріп жүргендерін көрсем, жүрегім қатты
қапаланады. Адамдарға қарауға ұяламын. Барлық
достарымның үйлері қуанышқа, шуға толы, ал менің
үйде отырғым келмейді, тыныштықтан жалықтым.
Мен кетемін деп шештім. Достарыммен ел аралаймын.
Біз алысқа кетеміз, онда ұзақ боламыз, үш жыл. Сен
мені күт. Егер сен мені күтпей басқа біреуге тұрмысқа
шықсаң, мен қатты ренжимін, - дейді.
Махамаджан үйіне үш жылға жететіндей етіп азық-
түлік, әр түрлі заттар қалдырады. Қоштасарда әйеліне:
- Байқа, менсіз табалдырықтан да аттаушы болма! – деп
жолға аттанады. Көп ұзамай әйелі аяғы ауыр екенін
сезеді. Күйеуі кеткен соң тура тоғыз ай, тоғыз күн
дегенде
ұл
туады.
Бақытты
ана
баласын
тамақтандырып, тәрбиелей бастады. Ол балаға жақсы
қарайтын, баласын мәпелеп, әлдилеп, жіті бақылай
-
тын. Күйеуі кеткеніне екі жарым жыл болады. Бір күні
кешке баласының бесігін тербетіп отырғанда күйеуінің
сөзі есіне түсіп, ол өлең айта бастайды:
Әлди, балам, әлди,
Жан балам, жаным балам, әлди, әлди.
Биік-биік төбеде құс ұшады, әлди.
Жоқшылық басыма қиындық келтірер, әлди.
Әкең кетіп, менің жанымда жоқ, әлди,
Ер жігіттің әйелі жақсы болса, әлди,
Сол шығарар жігіттің атын, әлди.
Терезеден жүзіме ай түсті, әлди,
Сенен басқа жар көрінбес көзіме, әлди.
Күндіз-түні өзіме сабыр тілеймін, әлди,
Жан балам, жаным балам, әлди, әлди. Камиляхан
баланы тербетіп отырып, ұйықтап кетеді. Түсінде
күйеуін көреді. Түсінде күйеуі келіп, есікті ұрып, мұны
284
шақырып тұр екен. Ол аулаға жүгіріп шығып, есікті
ашып көшеге қарайды. Қараса Махамаджан батпаққа
батып, бұған айқайлап тұр екен: «Сен қайдасың?
Шақырсам, естімейсің. Кірейін десем, есік жабық,
қақпаға барам деп батпаққа баттым. Бері кел,
қолымнан тарт!». Камиляхан күйеуінің қолын ұстап
алып тартам дегенде құлап түседі. Осы кезде
Камиляхан шошып оянады. Қараса – бөлме жарық, ал
өзі бесікке басын қойып отыр екен. Демек тербетіп
отырып ұйықтап кеткен. «Бұл не түс?» - деп ойлады
әйел. «Бұның мағынасын маған кім түсіндіре алады?
Кімге айтсам болады. Күйеуім маған үйде отыр,
табалдырықтан аттап шықпа деп айтып еді ғой». Ол
шай қайнатып, дастарқан жайып, енді қолына кесесін
ала бергенде, біреу қақпаны ұрады.
«Кім болуы мүмкін?» - деп Камиляхан қақпаға келіп
сұрайды: - Бұл кім? - Бұл мен, ашыңызшы! – деген әйел
даусы естіледі.
Камиляхан есікті ашып қарайды. Бұл келген көрші
Мастура кемпір екен. Бұл кемпір бұрын да, Махамаджан
бар кезде де бұны аңдитын, артынан қалмайтын, ал
енді тағы да оны тыныштыққа қалдырмады. Сөзбен
оны жақсы көріп, аяйтын кейіп танытқанмен, шын
мәнісінде қас жауы болатын. - Шешей, кіріңіз! Менімен
шай ішіңіз, - деді үй иесі. - Қызым менің. Біздің үйде от
сөніп қалды. Сол үшін сенен от сұрай келдім, сенде бар
болса шоқ берші, өтінемін. - Сіздің келгеніңіз жақсы
болды, үйге кіріңіз, шай ішіңіз, - деді үй иесі. - Жарайды,
бір кесе ішейін, - деп кемпір дастарқанға жақынырақ
отырды. - Мен сізді туған анамдай көремін. Өтінемін,
шайдан алыңыз, наннан алыңыз, - деді кемпірге шай
беріп жатып. - Сіз білесіз бе, мен бүгін бір түс көрдім.
Жақсыға да, жаманға да жорырымды білмей отырмын.
Мүмкін сіз маған жорып берерсіз, жақсылыққа болса
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
285
жарар еді. - Ал, айта ғой, қызым, қандай түс көрдің, мен
тыңдап көрейін, - деп кемпір қызығып кетті. - Түсімде
күйеуім келіпті, мені шақырып жатыр екен. Мен
қуанып кетіп, қақпаға жүгіріп барып, есікті ашып,
көшеге қарадым. Қарасам - күйеуім көшенің ортасында
батпаққа батып шыға алмай тұр екен. Мені көріп: -
Қолымнан ұстап батпақтан шығар, - дейді. Мен оған
ұмтылып, қолынан ұстап тартам дегенде өзім де
батпаққа құлап түстім. Сол кезде оянып кеттім.
Қарасам, түсім екен. - Ех, қызым! – дейді кемпір, басын
шайқап. – Сенің түсің жақсылыққа емес, жамандыққа.
Сен өзіңнің күйеуіңнің батпаққа батқанын, сондай-ақ
ол батпаққа өзің құлап түскеніңді көрсең, демек сені
біреу өсектейді. Батпақ бұл – өсек. Сені ханға апарып,
мұнарадан лақтырады. Сен өлім мұнарасын көріп пе
едің? Оның қаншалықты биік екенін білесің бе? Жүз
сексен аршын! - Мүмкін сен өзің мені көре алмай жала
жауып жатқан шығарсың! – деді ашумен үй иесі. – Мен
сенің маған көптен бері кектеніп жүргеніңді білемін.
Кет бұл жерден! Қазір кет, ендігәрі аяғың баспасын
менің үйімді! Ал егер тағы келетін болсаң, сыпырғымен
қуып шығамын.
Камиляхан кемпірге от та бермей үйден қуып
шығады. «Қарғыс атқыр, кемпір! Солып қалғыр! Енді
ғана көңілім басылып еді, жараның бетін ашқанын
қарашы. Жүрегім атқақтап кетті. Дұрысы түсімді оған
айтпауым керек еді». Камиляхан бос уақытында иірген
жіптері бар еді, соны сатып, бейшараларға садақа беру
керек деп шешті.
«Не кисем болады? – деп Камиляхан өзімен-өзі
кеңесті. – Менің базарға баруым керек. Жаңа көйлек,
жаңа паранжа кисем, жас екенімді адамдар бірден
байқайды. Жігіттердің қайсыбірі маған көзінің
286
қиығымен қараса да дұрыс болмайды. Одан да кемпірге
ұқсап ескі киім киейін», - деп шешеді.
Ол ескі көйлек, тозығы жетіп, түсі кеткен паранжа
киіп, қолына орам жіп алып, базарға барады.
Ол дүкендердің жанынан өтіп бара жатқанда жас
көпес оны тоқтатып сұрайды: -Ой, сіздің қолыңыздағы
не? - Жіп, балам, - деп қарт адамның даусына салып
жауап береді Камиляхан. - Сатасыз ба? – дейді ол. - Ия! -
Қанекей, бері беріңізші, - деп дүкенші жіпті қолына
алады. Таразыға салып өлшейді. – Бұл жерде он фунт.
Қаншаға бересіз? – деп сұрайды. - Балам,айналайын,
мен не айта аламын? Және мен қанша екенін де
білмеймін. Енди өзіңіз қараңыз, өзіңіздің көңіліңіз
білсін, қанша берсеңізде? - Мен сізге бір қадаққа
1теңгеден берем. Сізде 10 қадақ бар, барлығына 10
күміс тиын аласыз. Егер келіссеңіз, мен бәрін аламын, -
деді саудагер. - Жарайды, - деді келіншек. - Мен сізге
бар-жоғы 10 тиын беруім керек. Бірақ менде қазір тек
5-еу. Алыңыз, ал мен сауда қатарының соңында тұрған
дүңгіршікке барып келейін, сол жақтан жолдасымнан
қарызға алып, сізге төлеймін. - Жарайды, балам, - деп
жауап берді Камиляхан. Оған 10 күміс тиын беріп, көпес
жолдасына бет бұрды. Камиляхан оның соңынан жүрді.
Олар тыныш қана жүргенше, ал сіздер ханның уәзірі
Қасым жендет туралы тыңданыздар. Хан бір ұрыны
дарға асуды бұйырды. Хан уәзірі Қасым жендет ұрыны,
ел көрсін және хан қалай жазалайтындығын көрсін деп,
қала арқылы алып жүреді. Жаршы қатты айқайлап, ел-
жұртқа неге және не үшін ұрыны жазалайтындығы
туралы айтты. Камиляхан қалың жұртты және
қорқынышты уәзір Қасым жендетті көріп, ұрыны
қамшымен соғып келе жатқанын көрген, қатты қорқып
жүгіре жөнелді. Орамалы басынан ұшып түсіп қалды.
Камиляхан жерге құлады да, үн қата алмады. Қасым
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
287
жендет жанынан өтіп бара жатып, өзі үнсіз, беті ашық
жатқан сұлу келіншекті көріп, тамсанып «Неткен сұлу!»
деп ойлады. Бірақ көп тұра алмады да, әрі ұрыны
алдына салып жөнімен кете барды.
Есін жинаған соң, Камиляхан тұрып дүңгіршік
-
тердің артына тығылды. Біраз жүріп болғаннан кейін,
Қасым жендет әйгілі қу Абдулланы көріп, оған былай
деді: - Сауда орындардың артына қарай, жіп сататын
жерге бар. Мен сонда дүнгіршектің жанында сұлу
келіншекті көрдім. Оны өзінің үйіне апарып, мен
онымен көзбе-көз кездесетіндей жаса. Егер осыны
тыныш және үнсіз жасай алсаң, мен саған жақсы ат
және 100 күміс тиын беремін, жасай алмасаң-өзіңнен
көр.
Қасым жендет ұрыны ары қарай алып жүрді, ал қу
Абдулла сауда орнына жүгіре жөнелді. Мұнда ол жас
жіп сатушыны және орамал оранған келіншекті көрді. -
Міне, ақшаңызды алыңыз! Мұнда 5 тиын. Жіптерді
әкеліңіз, - деді де сатушы Камиляханға ақшасын берді.
Ақшасын алған соң, ол жіптерін берді. Қу Абдулла
сатушыға бас салды: - Сен неменеге келіншекке тиісіп
жатырсың? - қатты айқайлап, атынан түсіп, сатушының
жағасынан ала жөнелді. - Мен не істеп қойдым, мырза?
Неге мені ұрып жатырсыз? Қолыңызды жіберіңіз, бұлай
мені тұншықтырасыз! - деп сатушы бар жан даусымен
айқай салды. - Ал сен неге келіншекке ақша беріп
жатырсың? - деп Абдулла айқайға басты. - О не дегенің
балам? Қалай ұялмай
-
сыз? Мен жөнінде олай демеңіз! -
деп қарт дауыспен Камиляхан да айтты. - Мен бұл
адамға жіп саттым, міне маған соның ақшасын беріп
жатыр. - Жіптер? Ия! Демек, сіз оған саттыңыз ба? Ал
жіптеріңіз қайда? Мұнда қайсысы сіздікі? Көрсетіңіз! -
деп сұрады Абдулла. - Міне, мыналар менікі, -
288
қолыммен
үстелде
жатқан
жіптерді
көрсетіп-
Камиляхан жауап берді. - Ал таразыға тартшы, көрейік!
- деді Абдулла. Сатушы үстелден жіптерді алып,
таразыға қойды. - Міне, өтінем, қараңыз ,- айтты ол. –
10 қадақ, әр қадаққа – 1 теңге, ал мен оған 10 қадақ
бердім, дұрыс па? - Ия! А-а-а, осылай байғұс келіншекті
алдайды екенсің ғой! - деп айқай салды Абдулла. - Бұл
жіптерге 15 теңге береді, сен болса арзанырақ
алмақшысың! - Ал сіз өзіңіз бұларға 15 теңге беретін бе
едіңіз? - деп сұрады сатушы. - Ал сен қалай ойлайсынң
бермеймін ба? Беремін! Жіптерді ала салып, Абдулла
қалтасынан 10 күміс тиынды Камиляханға беріп былай
деді: - Міне, апатай, әзірге 10 тиын, сосын қалғанын
менің үйімде аласыз. - Қазір тура жүріңіз, бірінші
көшеден өтіңіз, сосын екінші көше сол жерден,
Абдулланың үйі қай жерде десеңіз, кез келгені
көрсетеді.
Камиляхан Абдулланың сөзіне сеніп, сатушының
ақшасын өзіне қайтарып, Абдулла берген ақшаны
қалтасына салып алды. - Сіз, апатай, бара беріңіз, менің
тағы бір шаруам бар, сізді қуып жетіп аламын, - деді де
Абдулла, Камилхон кете салғаны сол еді, атына отырып
жөнелді.
Абдулла, өз атын полиция қызметкеріне тапсырып,
соның артынан ерді. Абдулланың үйіне жақындағанда,
Камиляхан есігін тарсылдатты. Ешкім тіл қатпады. Үй
иелері бөлмеде отырған шығар естімей, -деп ойлады да,
есік алдына кірді. Жан-жағына қарап, үй иесін
шақырды, ешкім жауап қатпады. Демек үйде ешкім жоқ,
- деп шешті де Камиляхан артқа қарай кетті. Есікті
ашайын деп еді, - ашылмайды. Камиляхан есікті
тарсылдата бастады, біреу-міреу келіп, есікті ашар деп,
- бірақ ол ойлағандай болмады. Көшеден Абдулланың
даусы естіліп қалды: - Тарсылдатпа! Мен сені
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
289
жібермеймін! Осы жерде кішкене күте тұр. Күткің
келмесе - ұшып көр, егер қанатың болса. Күткенің
дұрыс болар, сені бір адам көргісі келеді. Ол келгенде
де, сен сол келіншек па ол емес екеніңді айтады. Егер
сол болсаң жақсы, ал ол болмасаң, үйіңе барасың. -
Ойбай, бұл не дегеніңіз? Неге мені мұнда ұстап
отырсыз? Үйде балам жалғыз қалды. Жіберіңіз мені,
ашыңыз! - Камиляхан айқай салды. Өз қолымен ұрыны
дарға асқан, Қасым жендет Абдуллаға қарай бет бұрды.
- Сонымен не істедің? - деп ол Абдулладан сұрады. -
Есікті ашып, көріңіз, - деп жауап қайтарды Абдулла. -
Жарайды, аш, көрейін, - деді Қасым. Абдулла есікті
ашқанда, Қасым жендет қораға қарап, сол келіншекті
көрді. Ол өте қуанды және Абдуллаға былай деді: - Ал,
жарайсың! Мені бір қуанттың. Ат пен 100 теңге сенікі.
Қасым жендет Камиляханға жақындап: - Бұлай
болмайды! Бетінді аша ғой, маған қарашы! Сен үшін
атымды бердім. Сені баяғыдан бері іздеп келемін,
менде ақша жетерлік. Жаныма отыр, сөйлесейік. Егер
сен бетінді ашып, кешке менімен отыруға келіссең, мен
саған 10 мың күміс тиын беремін. - Сенің мұның не?
Есің адасқаннан сау ма? - Камиляхан наразылықпен
айқай салды. -10 мың тиын?! Сен маған 100 мың берсең
де, ешқашан саған бетімді көрсетпеймін! Қасым жендет
ашуланып, Камиляханның орамалын күшпен шешкісі
келді, бірақ жас келіншек бетінен шапалақпен тартып
жіберді.
Қасым жендет ашуға бой алдырып, айқайлады: - Әй,
Абдулла! Есікті аш! Мынаны ханға апарайық! Мен
алдыда жүремін, ал сен оны артымнан қуып әкел. Хан
мұны жазаламаса, Қасым жендет болмай кетейін.
- Жарайды! - деді Камиляхан. - Ханға апарыңдар. - Ол
талқылап көрсін. Ал, жазалауға бұйырса, мен келісемін,
290
жазаласын! Қасым жендет пен Абдулла жас келіншекті
ханға алып келді. - Не болды, менің сүйікті уәзірім
Қасым? Мына келіншек кім? - сұрады хан. - О, хан ием,
мен кеше түн ортасында Шөрденек көшесі арқылы келе
жатсам, - деп Қасым жендет бастады, - кенет дауыс
естілді - бір үйден дауыстар у-шу шығып жатыр екен.
Үйдің төбесіне шығып қарасам - мына бұзық келіншек
бөлмеде, айналасына 40 жігітті жинап алып отыр. Ол
өзі бәріне шарап кұйып отыр, астан дәм алдыртып,
қонақтары мас, ән айтып, айқайлап: «Ал сені ма, -
көрсетем саған жігітпен қалай қыдыратынын! Сені
жазаламасан, мен болмаспын! Сен менен құтыла
алмайсың! Егер сені қазір ұстап алмасам, Қасым жендет
атым өшсін!» Шатырдан түсіп, есікке қарай бет алдым,
кірейін десем, есігі жабық тұр екен. Ал мына бұзақы
шуды естіп, мен шатырдан түсем дегенше, бақша
арқылы жігіттерді шығарып жіберді. Ал сосын мынау
есікті ашып, бейкүнә дауыспен түк болмағандай
сұрады: «Не болды? Саған кім керек? Сен өзің көрдің бе
дейді? Сен ешкімді көрмедің, менің үйімде ешкім жоқ».
Мен оған: Сенің мейманханаңда отырған жігіттер
қайда? - дедім. Ал ол маған дөрекі жауап қайтарды: Өз
қолыңмен ұстап көр, ұстай алсаң және дәлелдеп көр!»
Сондықтан, хан ием, мен оны өзім сізге алып келдім. -
Мен сізден оны, басқаларға сабақ болатындай
жазалауыңызды өтінемін!
- Ал, сен не айтасың? - хан Камиляханнан сұрады. -
Сен жассың. Мұндай қылықтарға жаза тек өлім екенін
білесің. Мен сені жазалауға бұйырамын! - О тақсыр! Хан
ием! - деді Камиляхан - Маған өз сөзімді айтуға рұқсат
етіңіз! Менің өтінішімді тыңдаңыз! -Айт! - деді хан.
Камиляхан өз өмірін, жұбайының саяхаттауға
кеткенін және 2,5 жыл өткенін, бірақ оның әлі қайтып
келмегенін, бірде баласын тербетіп, ұйықтап кеткенін
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
291
және түс көргенін, қалай базарға барғанын, бір
жағдайға тап болғанын бәрін айтып берді. - Міне, бар
жазығым осы, - деді соңында. - Әй, менің құрметті
уәзірім Қасым, оның не айтқанын естіп тұрсың ба? - деп
сұрады хан. - Тақсыр, ұры өзінің ұры екенін айта ма?
Қылмыскер де өзінің қылмыскер екенін айтпайды. Не
ұры, не ұрлықшы, не бұзақы өзі туралы еш жаман сөз
айтпайды, - жауап қайтарды Қасым жендет. - Егер сіз
оған сеніп, маған сенбесеңіз, өз еркіңіз, білгеніңізді
жасаңыз.
Хан былай шешті: - Егер 4 куәгер, мына бұзақы
келіншектің айтқаны өтірік десе, мен оны жазалай
-
мын. - Жақсы, мен куәгер тауып, мұнда алып келемін, -
деді де Қасым жендет шығып кетті. Ол тура ойынханаға
ат басын бұрды, онда 4 жеңілген сотқар ойыншыларды
тауып, базарға апарды. Сауда орнына келіп, оларға
былғарыдан гәлөш, шыт матадан тігілген жақсы киім
әперіп, былай деді: - Моншаға барыңдар, жуынып,
бастарыңа тақия киіңдер, бірақ имамға ұқсайтындай,
сосын осы жерге келіңдер. Сотқар ойыншылар моншаға
кетті, 1 сағаттан кейін тақия киіп келді. Барлығы судай
жаңа киім киіп, аяқтарында былғарыдан мәсі мен
гәлөш киген.
Қасым
жендет
барлығын
асханаға
апарып,
қарындары тойғанша тамақтандырды. Сосын оларға не
айту керек екенін, үйретіп, ханға әкелді. - Сіз неге мына
молдаларды алып келдіңіз, құрметті Қасым уәзір? - деп
хан сұрады. - Өзіңіз айттыңыз ғой, куәгер алып кел деп,
міне алып келдім, - деп Қасым жауап берді. - Сендер
Қасымның куәгерісіңдер ма? - деді хан. - Иә, Тақсыр, біз
Қасым жендеттың куәгеріміз, - деп жауап қайтарды
ойыншылар. - Уәзірім Қасым, мына келіншекті бұзақы
деді, ал ол болса «Жоқ, мен бұзақы емеспін - деді».
292
Қайсысы шындықты айтып тұр, Қасым уәзір ме, әлде
келіншек пе? - деп сұрады хан.
Ойыншылар бір дауыспен жауап қайтарды: - О, хан
ием! Сіз үшін бәріне дайынбыз. Қасым жендет
шындықты айтып тұр. Біз оны білеміз, ол бұзақы
келіншек. Оған қай жаза болса да, лайықты.
- Жарайды, - деді хан. - Таққа отырғанда, өз
патшалығымда мынадай тәртіп орнаттым: егер 4
куәгер әлдекімді, жаман екенін дәлелдесе, мен міндетті
түрде оған жасағанына сай жазалаймын. Ал сені, - ол
жалғастыра, Камиляханға қарап, - бұзақылығын үшін
жазалаймын. Қазір сені биік мұнарадан лақтыруға,
немесе дарға асуға, немесе оқ атуға бұйырамын.
Үшеуінің біреуін таңда. Сенің қай жазаны таңдай
-
тыныңды білгім келеді. Кәне, айт!
- О, тақсыр! - Камиляхан жалынды. - Сіз мына
кісілерді тыңдап, сөзіне сендіңіз, бірақ бұл жала ғой!
Олар жамандық ойлап, болмағанды болдыртып, жала
жауып отыр. Ал мен сізге шындықты айтып тұрмын
және сіз маған сенбейсіз. Менің сөздерім сізге ұнамады!
Егер солай болса, онда менің тағы бір өтінішімді
тыңдаңыз. Міне, үйімнің кілті, - деп, қалтасынан кілтін
шығарып, ханға ұсынды. - Мұны өз адамдарыңыздың
біреуіне беріп, менің үйіме жіберіңіз. Ол менің бөлмемді
ашып, бесікте жатқан менің ұлым Қарабайымды көреді.
Маған осы жерге әкеліп берсін деп бұйырыңыз! Егер
менің баламды мұнда алып келмесе, ол үйде жалғыз, аш
жатса, менен ешқандай келісім сұрамаңыз. Үш жазаның
ешқайсысын таңдамаймын! Ал егер маған баламды
әкеліп берсе, биік мұнарадан секіруге қорықпаймын!
Мені мұнарадан лақтыруға бұйырыңыз! Хан тура сол
сәтте, Камиляхан тұрған үйге адам жіберіп, баласын
әкелуге бұйырды. Баланы алып келгенде, хан оны
анасына тапсырды.
ӨЗБЕК ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |