Қазақстан республикасы білім жіне ғылым министрлігі


Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде сын есімді зерттеген ғалымдар, ұстанымдары, ерекшелігі



бет11/17
Дата15.02.2022
өлшемі178,5 Kb.
#25545
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Серікова Арайлым дипломдық жұмысы

1.2. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде сын есімді зерттеген ғалымдар, ұстанымдары, ерекшелігі

Қазақ тіл білімінде сын есім зерттелуіне қарай 4 кезеңге бөлінеді:



  1. ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең (1861-1905 ж.);

  2. ұлттық тіл білімінің қалыптаса бастаған кезең (1905-1930ж.);

  3. репрессияланған алаш зиялылары ақталғанға дейінгі кезең (1930-1988 ж.);

  4. алаш зиялылары ақталғаннан қазірге дейінгі кезең (1988-2021ж.).

Түркі тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан бастау алады. Оның зерттелуіне қатысты алғашқы қадамды М.А. Казем-бек «Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы» деген еңбегі арқылы жасады. Мұнда түркі, татар, моңғол, чуваш тілдеріндегі сын есім категориясы мен сын есім тудыратын жұрнақтар, сонымен қатар салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай үлгілері мысалдармен көрсетілген [1]. Сонымен қатар А.К. Боровков, А.Н. Кононов, Ф.А. Ганиев, Н.Сазонтов, Н.К. Дмитриев, В.Г. Гузев сияқты зерттеуші-түркологтар да түркі тілдеріндегі сын есімдерге қатысты өздерінің ғылыми тұжырымдарын білдірген. Ол түркі тілдеріндегі туынды сын есім жасауға қатысатын сөзжасамдық жұрнақтардың қызметтеріне талдау жасап, семантикалық тұрғыдан мағынасын зерделеуге тырысқан.

Н. Сазонтов сын есім тудыратын жұрнақтардың кейбір мағыналық ерекшеліктерін алға тарта отырып, оларды мысалдармен дәйектеп береді [2]. А.К. Боровков болса, есім негізді туынды сын есімдердің тұлға жағынан зат есім мен үстеумен ұқсас сипатта келетінін, бірақ жеткізетін мағынасы мен синтаксистік қолданысы бойынша өзіндік ерекшеліктерге ие екендігін көрсеткен [3, 71]. Профессор Н.К. Дмитриев, Н.А. Баскаков пен Ф.А. Ганиев түркі тілдерінде туынды сын есім тудыратын қосымшаларды көрсетіп, оларға семантикалық талдаулар жүргізген.

Осы аталған ғалымдардың ішінен М.А. Казем-бекті айрықша көрсетуге болады. М.А. Казем-бектің ұлты бір деректерде иран тектес делінсе, екінші бір мәліметтерде оның әзірбайжандық екендігі, ал басқа да ақпараттарда татар текті екендігі айтылады. Казем-бек Қазан университетінде қызмет етіп жүргенде түркі тілдерінің жүйесі менг құрылымы жайлы көптеген зерттеулер жүргізген. Ол әртүрлі халықтардың тілімен салыстыра талдау арқылы түркі тілдерінің грамматикасының ерекшелігін айқындауға көңіл бөлген. Казем-бектің «Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы» деген ауқымды еңбегі Қазан қаласынан 1846 жылы басылып шыққан. Мұнда түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы әртүрлі мысалдар бойынша зерделенген. Ғалым осы еңбектің алғысөзінде бұдан бұрын осы кітаптың бірінші басылымын жариялағанын, екінші басылымының алдыңғы нұсқада кеткен кемшіліктерді түзету ұсыну мақсатында дайындалғандығын алға тартады. Ол кітабының бірінші тарауында түркі тілдерінің әліпбиі мәселесін, екінші тарауында сөздерді айту мәселесін, үшінші тарауда сөздерді айту екпініне байланысты қойылатын белгілерді, төртінші тарауда аталымдарды, бесінші тарауда сын есімдерді, алтыншы тарауда әртүрлі сөз таптарын, жетінші тарауда сан есімдерді, сегізінші тарауда есімдіктерді талдайды. Ал кітаптың екінші бөлімін етістікке (шақ, рай, категориясы), үстеуге, шылаулар мен одағайларға арнайды. Ғалым кітабының үшінші бөлімінде қыстырма сөздер мен септіктер мәселесін сөз етеді. Казем-бек кітабының сын есімдерге арналған бөлімінде салыстырмалы шырайлар жасайтын жұрнақтарды келтіріп, олардың тұлғасы мен қызметін қарастырады.

«-рек» немесе «-рақ» түркі тілдері мен оның диалектілеріндегі салыстырмалы шырайға тән жұрнақ болып келеді. Негізінен алғанда «-рек» жіңішке дауысты дыбысқа аяқталатын сөзге жалғанады. Казем-бек мұндай сөздерге мысал ретінде зіл, һіл, дүр, бір және т.б. сөздерді келтіреді. Ал «-рақ» жуан дауысты дыбысқа немесе дауыссыз дыбысқа біткен сөздерден кейін қойылады. Ал мұндай сөздерге мысал ретінде ақ, ық және т.б. сөздерді береді. Мәселен, ескі; ал оған «-рек» жұрнағын жалғағанда ескі-рек болады; өндір – биік, ал оған «-рек» жұрнағын қосқанда өндір-ірек болады, алшақ – төмен, ал оған «-рақ» жұрнағын жалғағанда алшағ-ырақ болады. Жалпы алғанда, бұл жұрнақтар татар тілінде жиі қолданылады. Бұл кезде сөздің соңғы дыбысы өзгеріске ұшырап кетеді, ол әдетте «-ақ», «-үк», «-ік», «-әк» жұрнақтарымен бірге келеді, мысалы: суық, кішік немесе кіші. Ұлығ – үлкен, оған жұрнақ жалғанған кезде ұлығырақ болып өзгеріске ұшырайды, ал суық сөзіне жұрнақ жалғанған кезде ол суығырақ болып өзгереді немесе алшақ-алшағырақ, кішік-кішігірек болып ауысады. Кейде мұндай жұрнақтардың қосылуы арқылы герундий түзіледі, ол әрекеттің біртіндеп жүзеге асуын білдіреді. Мәселен, андақ уә андақ булунурарақ. Қазақша бұл тіркесті бірте-бірте әрі қарай кете беру деген кейіпте аударуға болады. Чуваш тілінде жоғарыда аталған салыстырмалы шырай жұрнақтарының функциясын атқаратын «-рахь» және «-рехь» жұрнақтары кездеседі.

Түркі тілінде салыстырылатын сөздің жатыс септігінде тұратын формасына қатысты мынадай мысалдар келтіруге болады: балдан дадли – балдан тәтті немесе балдан дадли-рек – балдан тәттірек, бұл Казем-бектің көрсетуі бойынша латын тілінде – melle dulcius. Бұл ереженің негізін біз моңғол және чуваш тілдерінен байқаймыз; ал чуваш тілінде біз жатыс септігі үшін дан жалғауының қызметін көреміз.

Кейде алдыңғы ережеге нұқсан келтірмей, салыстырмалы шырайды білдіру үшін тағы да ерекше үстеу қосылады. Оны түркі тілдері мен басқа да тілдерде кездесу ретіне қарай салыстырмалы үстеулер деп атауға болады, мәселен, даһа, түрікше: daha. Қазақша тағы, одан да деген шылаулармен салыстыруға негіз бар. Мысал келтіретін болсақ, артық, даһа артық – артығырақ, узун, даһа узун – ұзынырақ, артық шөжағатли – әлдеқайда батыл, батылырақ. Пек, бек, чоқ үстеуі де осындай мәнде, бірақ күшейтпелі шырай үшін қолданылады. Қазақ тілінде де бек үстеуі күшейтпелі шырайды беру үшін жұмсалады. Казем-бектің келтірген пікіріне сәйкес, пек, бек, чоқ үстеулері салыстыруды одан әрі күшейту үшін беріледі, мәселен, пек шөжағатли – өте батыл, өте қайсар; чоқ енлу – өте кең; бірақ салыстыру барысында олар әлдеқайда батыл, әлдеқайда кең деген мағынада қолданылады.

Казем-бек түркі тілдерінде төмендетуді, кемітуді білдіретін салыстырмалы шырайдың «-жік» немесе «-жақ» қосымшасымен бірге келетіндігін ескертеді. Сонымен қатар «-жа», «-ше» жұрнақтары да осы функцияны атқарады. Ол сөздің соңғы дыбысын өзгеріске ұшыратады. Мәселен, дар – тар, даржік – таршық: суық – суыжық, суық емес, сәл суықтау; алшақ немесе алшақшық – төменірек, йүксек – йүкседжик және йүкседже – аса биік емес. Бұл тілдік мысалдар қазіргі қазақ тілінде жоқ, оларды түрік және түркімен тілдерінен кездестіруге болады.

Ал моңғол тілінде «-шық» немесе «-шік» қосымшалары да сын есімнің салыстырмалы шырайының төмендету, кемсіту мәнін білдіреді. Кейде бұл қосымшалар «-ша» немесе «-ше» жұрнақтары сияқты өз-өзінен төменірек деңгейдегі сөздерді білдіретін тілдік бірліктерге қосылады (мәселен, күчүк – кіші, алчақ – төмен; хурда - ұсақ). Және барлық жағдайда сын есім былай қарастырылады: егер ол жай шырай болса, бұл жұрнақтар оның мәнін төмендетеді; егер ол салыстырмалы шырай болса, онда бұл жұрнақтар салыстырудың төменгі деңгейін білдіреді, мәселен, алчақ, алчажық немесе алчақжық – андан алчақ одан төмен; - хурда, хурдажық ұсақ, андан хурдажық – одан ұсақтау; - йүксек, йүкседжик – андан йүкседжик – одан биігірек. Қазақ тілінде бұл сөздер кездеспейді. Казем-бектің келтірген мысалы түрік тіліне қатысты екені анық.

Түркі тілдерінде күшейтпелі шырай әдетте күшейткіш үстеулермен немесе күшейткіш сөздермен көрініс табады. Бұл үстеулер ретінде Казем-бек ең, қаджетилә – барынша, ифратилә және қолдану барысында білуге болатын басқа да тілдік бірліктерді береді.

Күшейтпелі шырай (Шығыс тілдерінде жиі қолданылатын) әдетте салыстырмалы шырай жасалатын жолмен де түзіледі, мұндай жағдайда күшейту идеясы сөйлемдегі мәннен аңғарылады: жүмләдән ұлық – бәрінің ішіндегі үлкені (белгісіз нәрселер үшін); мәселен, жүмләсіндән бүйүк – бәрінен де үлкен, бұл белгілі немесе анықталып қойған заттар үшін қолданылады [1, 62].

Әдетте түркі тілдерінде оны жатыс септігіндегі салыстырмалы шыраймен өте сирек білдіреді, мұндай жағдайда сын есімге мюзафу деген үстеу қосылады, мәселен, жүмлә мюзафу улуғ.

Казем-бек өзінің еңбегінде сонымен қатар туынды сын есімдер жайлы да айта кетеді. Туынды сын есімдер зат есімге «-лу» немесе «-лі» жұрнақтары жалғану арқылы жасалады, бұл жұрнақтар меншікті, тәуелділікті білдіреді. Мәселен, ат. Ал оған «-лы» жұрнағы жалғанғанда ат-лы болып өзгереді. Бұл аттың иесі, аттың қожайыны, атқа мінген адам деген мәнді білдіреді. Сондай-ақ жан, оған «-лы» жұрнағы жалғанғанда жан-лы болып өзгереді. Бұл тірі, қызу, әрекетшіл деген мағынада да жұмсалады. Түрік тіліне қатысты алғанда: Ыстамбұл, ал оған «-лу» жұрнағы жалғанғанда Ыстамбұллу болып өзгереді. Сол сияқты күміс, ал оған «-лү» жұрнағы жалғанғанда күміс-лү болып өзгереді. Казем-бектің бұл келтірген тілдік деректерінің көбінесе қатыстық сын есімге байланысты туындағанын көреміз [1, 64].

Сын есімге байланысты тұжырымдарын айта келе, Казем-бек мынадай ескертуді келтіреді. Барлық тұлғадағы зат есімдер мөлшерлік сан есімдермен бірге туынды сын есім атауларын немесе тіркестерін тудырады. Мәселен, ики хатунлы ер – екі әйелі бар еркек; алты қоллу бут – алты қолы бар пұт; ики қанатлу қуш – қос қанатты құс. Бұлар нағыз сын есімдер деп көрсетеді Казем-бек, мұндағы сын есімді тіркестер сөйлемдегі мәніне қарай жекелеген сөздерді көрсете алады; ал олай болса, сан есімде жеке екпін қойылады.

А.Казем-Бектің шырай туралы айтқандарынан түрік-татар тілдерінде үш шырай бар екендігі аңғарылады: жай шырай, салыстырмалы шырай. Жай шырай сын есімнің бастапқы қалпы есебінде беріледі. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнағы арқылы (мысалы, эски — старый, эскирек — старее т.б.) айтылады. Бұдан басқа, сын есімге шырай жұрнақтарын қоспай-ақ оған салыстырмалы шырай мағынасын беруге болатынын айтады (мысалы, андан бюк — тоже что, андан бюк — рек — больше его).

Таңдаулы шырайдың түрік тілдерінде кейбір үстеу сөздер арқылы (мысалы, ең күшті т.б.) жасалатынын кейде таңдамалы екі заттың алғашқысын атауға, кейінгісін ілікке қойып, сын есімге ІІІ жақ тәуелдік жалғауын жалғап та таңдаулы шырай жасауға болатынын тұжырымдайды.

Алтай тілінің грамматикасында сын есім туралы бірқатар мағлұмат айтады. Мәселен, әрбір сапалық сөз түбір күйінде әрі сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, жақсы (хороший, хорошо), сол сияқты кейбір сөздер әрі зат есім, әрі сын есім орнына жұмсалатыны, мысалы, жарық (светлый, свет), қарт (старый, старик) келтіріледі. Алтай тілі грамматикасының авторлары сөздердің екі түрлі жолмен түрленетінін келтіреді. Сөздер не септеледі, не жіктеледі. Осымен байланысты сөздерді олар есім етістік тобы етіп етіп екіге бөледі де, сын есімді есім тобына жатқызады. Одан әрі сөздерді сөз таптарына қарай жүйелеу жоқ. Сын есімнің жұрнақтарын да сан есім тобында түсіндіреді.

Казем-бектің «Түркі-татар тілінің грамматикасы», сонымен қатар басқа да ғалымдардың еңбектері сын есімдер мен олардың шырай категориясын алғаш зерттеген туынды болуымен құнды. Бұл кітапта айтылған ойлар мен ұсынылған ғылыми тұжырымдар кейіннен басқа да зерттеушілердің, лингвистердің, түркологтардың кәдесіне жараған болатын.

Сонымен қатар қазақ тілінің грамматикасын жазып, сын есімді танытқан орыс ғалымдарының қатарында Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия», М.А. Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897) атты еңбектерін атауға болады. Орыс тілді зерттеушілер еңбектерінде атауларды орыс тілінде ұсынған: имя прилагательное, сравнительная степень, превосходная степень, положительная степень, т.с.с. М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерінде сын есімнің затсымақтанатыны, үстеусімектенетініні айтылады. Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, Н.Созонтов еңбектерінде де -шыл, -ғыл, -ғылт, -лау, -ша жұрнақтары сын есімнің кішірейту мәнді жұрнақтары ретінде беріледі де олар шырай көрсеткіштері қатарында қарастырылмайды. М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев еңбектерінде сравнительная степень, превосходная степень (салыстырмалы, таңдаулы шырай) деп шырайдың екі түрі көрсетілсе, Н.Созонтов еңбектерінде үш шырайды атап, жай шырай (положительная степень) түрін де шырай қатарында қарастырады. Сонымен қатар М.Терентьев, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерінде таңдаулы шырайдың жасалу жолдарын түсіндіре келіп, ең, өте, тым, аса т.б. сөздерімен қатар рас, тымақ сөздерін де атайды.

И. Батманов, А.Н. Кононов сияқты ғалымдар қырғыз, өзбек қазақ тілдерінің грамматикасын, сөз таптарын зерттеуге, ортақ жақтары мен ерекшеліктерін анықтауға ден қойды.

И.А. Батманов сын есімдер мәселесінде мынадай пікір айтады: «Бәрінен бұрын, сын есімдерді анықтау үшін түпкілікті критерий жоқ; сапалы сын есімдер қатарына салыстырмалы шырай дәрежелері бойынша өзгеріске ұшырай алатын түбірлер жатқызылады.

Бірақ сапалы сын есімдер үшін осы белгі мұндай категорияны ескертусіз-ақ бөліп алу үшін жеткілікті дәлел бола алмайды. Ал мұндай кезде ескертулер керек, өйткені «жақсы», «тез» сияқты сапалық сын есімдер сөйлем ішіндегі өзінің анықтауыш қызметінен бөлек, сөйлемде етістікпен тіркесіп, сын-қимыл үстеуі ретінде пысықтауыш функциясын да атқаруы мүмкін» (Мысалы, «жақсы оқушы», «жақсы үгіт», «тез келді» және т.б.). Осыдан кейбір түбірлер сын есім мен үстеу арасындағы аралықта орналасады және оларды сын-қимыл үстеуіне жатқызуға әлі ерте деген сөз.

Алайда мұнымен түркі тілдеріндегі сапалық сын есімнің сипаттамасы аяқталып бітпейді, өйткені олардың қатарына, мәселен, өзбек тіліндегі «дуана» сияқты түбірлер жатқызылуы ықтимал, бұл түбір әдетте зат есім деп саналады, бірақ «-рақ» аффиксімен тіркесе алады: «дуанарақ». Батмановтың бұл пікірінің тек өзбек тіліне қатысты дұрыс болатындығын айта кеткен жөн. Өйткені қазақ тілінде «дуана» сөзі жеке күйінде зат есім мағынасын ғана береді.

Батманов бұдан кейін қырғыз тіліндегі сын есімдердің қалыптану үрдісіне назар аударады: «Жекелеген жағдайларда қырғыз тілінде «-луу» жұрнағына бітетін форма зат есім ретінде көрініс табады: «тоқтолуу - тұнба».

Батмановтың тұжырымы бойынша зат есім мен сын есімнің арасында нақты бір шекара жоқ және бұл екеуін бір-бірінен айырып, жеке сөз таптары ретінде бөлектеу ісін қиындатады «Зат есім мен сын есім арасында шекараның болмауы түбірлерді қолданудың бірқатар жекелеген мысалдарына қатысты байқалады, мәселен, «жұмыртқа сарысы» деген тіркесте «сары» зат есімнің қызметін атқарып тұр.

Ал екінші жағынан алғанда, «көк» сияқты түбірлерде зат есім мен сын есімнің толық тарихи байланысы өте айқын сезіледі.

Бұл мысалда өз уақытында заттан оның сыры мен сипатын бөліп алуға тырыспаудың, оларды бір-бірімен теңестірудің, яғни әрекет иесі мен үрдісті және әрекет нысанын сәйкестендіріп жіберудің сарыны көрініс табады.

Және осы арада «сонда бұл қандай сөз табы?» деген сұрақтың қойылуы өте дұрыс. Жауап, әрине, барлық тыңдаушылардың (оқырмандардың) бәріне бірдей үйреншікті емес түрде беріледі: «зат есім де емес, сын есім де емес, бірақ зат есім мен сын есім кейіннен шыққан атаудың екіге бөлінуі».

Кейіннен адамның ойлау жүйесінде «дерексіздену» үрдісі күшейген кезде, санада жекелей субъект жайлы, жекелей оның сипаттары, сапасы мен қасиеттері жайлы, одан кейін субъектіден бөлек қасиеттер жайлы дербес түсініктер қалыптаса бастаған кезде, мұндай бір-бірінен бөлектенген түсініктерді білдіру үшін бір жағдайларда әдетте ескі тілдік құралдарды қолдануға көшті («көк» - көк шөп пен анық ұғынықты түсті білдіру үшін, бірақ екі ұғым да бір түбірді білдіруін жалғастыра берді), ал басқа бір жағдайларда жаңа лексикалық бірліктерді тудыру (немесе кіріктіру) немесе ескілерін түрлендіріп қолдану кеңінен таралды. «Ескі» тілдік құралдардың бір бөлігі біз өмір сүріп отырған кезеңге дейін жетті. Бірақ ескере кететін бір жайт, логикалық категориялар көптеген жағдайларда зат есім мен сын есім жайлы түсініктер тобы үшін қалыптасқан, ал грамматикалық құралдар мұндай түсініктерге бейімделмеген.

Зат есім мен сын есім туралы екі бөлек түсініктен бұрын келетін қарастырылып отырған логикалық категория есімдіктер пайда болғаннан кейін де және жекелеген жағдайда сан есімдерден кейін, яғни зат есімдері орнығып тұрақталғаннан кейін де өмір сүруін жалғастыра берген; грамматикалық категория ретінде ол сын есімнің салыстырмалы шырайлары бойынша өзгеріске мүмкіндік беретін немесе бермейтін бөлектенген категориялармен бірге өмір сүреді. Сын есімдер мен зат есімдер формасы туралы, әрине, барлық уақытта айта қою қиын, өйткені бөлшектенбейтін түбірлердің органикалық тұрғыдан анықталған қосымшалары жоқ; бұл тіл типологиясының салдары. Алайда төменде айтылатын туынды формаларда сын есімде өзінің «формасы» қалыптасып қояды. Бөлшектенбейтін түбірлерге келгенде, логикалық тұрғыдан жүзеге асатын өзгерістерді (бұл жағдайда салыстырмалы шырайлар) назарда ұстауға тура келеді; олар түбірдің грамматикалық категориясын анықтайды.

Зат есімдер мен қатыстық сын есімдер тақырыбы бойынша түбірлерді бөлшектеу мәселесіне келгенде, бұдан да үлкен қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келеді, өйткені мұнда түбірлерді бөлшектеудің әрі мәндік принципі, әрі формалық принципі нақты айқын түсінік алуға мүмкіндік бермейді.

Егер зат есім анықталушыдан «мектеп үйі» типіндегі сияқты тәуелдік жалғауын талап ететіндігін негізге алатын болсақ, онда мұнда ережеге «бағынбайтын» тілдік мәліметтермен де бетпе-бет келеміз: мәселен «темір жол».

Мұнда «темір» деген анықтауыш мүше «қандай?» деген сұраққа жауап береді (ненің? емес) және формалық белгісі бойынша сын есімнен ешқандай айырмашылығы жоқ, өйткені анықталатын «жол» сөзінен тәуелдік жалғауын талап етпейді. Ал дербес тұрғанда «темір» зат есім болып саналады.

Мұнда сапалық сын есімдердегі сияқты сын есімнің зат есіммен бірлігі айқын байқалады. Олардың екеуінің де бір бастаудан өрбіп шыққандығы көрінеді.

Түркі тілдерінде жиі байқалатын атау қабаты (логикалық категория ретінде) зат туралы жалпы түсініктен шыққан. Бұл бойынша зат оның қасиеті мен сапасымен тұтас, бірге қабылданады, бір-бірінен бөлінбейді; бірақ бұдан бөлек, санға қатысты бейтараптық байқалады: бір «форма» (қазіргі көзқарас тұрғысынан, ал бұрын ешқандай форманы бөліп алуды ешкім де ойламаған болатын: форма барлық сөздерде бір болатын, олай болса, мұны ешкім де байқамаған) бір мезетте жекеше және көпше түрді білдірген, яғни жинақтық сипат ала алатын болған.

Мәселен, ұлт атайларының жекеше және көпше түрде қолданылуын салыстырып көрейік («Қырғызбын» және «Бұл ауылда қырғыз тұрат»).

Дәл осылай басқа түркі тілдерінде де (қазақ, өзбек, түркімен) топтық атаулар (түрлер, жыныстар) орыс тіліндегі сияқты жекеше түрде қолданылады «солтүстікте ақ аю тіршілік етеді», «балқарағайдан шайыр исі аңқиды» және т.б.

Мұнымен параллель сипатта түркі тілдерінде қосарланған атаулар жекеше түрде қолданылады:

«бұт = аяқ, аяқтар»

«қол»

Бұдан бөлек, сөздер мен сөз тіркестерінің (басым түрде жаңа сөздердің) екі түрлі мәнде қолданылатынын айта кету қажет: жинақтық және агентивті мағынада.



Мәселен, «қызыл әскер» бір уақытта адамның атын және армияның атын білдіреді немесе «камсамол» бір мезетте адамның атын және топты білдіреді.

«Сын есімнің» «зат есіммен» туыстығы – «сын есімдерді» пысықтауыш функцияларын (үстеу функциясы) атқару үшін қолдану сияқты грамматикадағы әдетте ескіріп кеткен аралық түсініктердің «-қан», «-ар» атаулық формаларға бөлініп кеткенін дәлелдейді, бұған дейін де көрсетілгендей, бұл қабылдаудың пәндік сипатын көрсетеді және етістікті түзілімдерджің қазіргі тұрақтанған типтері дамып шыққан түпнегіздің бөлінуі болып табылады.

Зат есім мен сын есім арасындағы нақты шекаралардың жоқтығына қарамастан, түбір мысалдары негізінде қазіргі кездегі қырғыз тілінде бірқатар сөзжасам жұрнақтарының бар екендігін көреміз, олар сын есімнің аффикстері мәнінде нығайып орныққан. Бұлар:

1) – луу (суулуу).

2) – и (мәдени)

3) – дай (таудай)

4) – қы (қысқы)

5) – қызғылт типіндегі түзілімдер

6) да + ғы (шаһардағы = қалалық = қаладағы нәрсе).

Өтпелі сипат (контекске тәуелді түрде) мынадай аффикстерге ие:

1) – лық (зат есім мен сын есім формасы ретінде көрініс табады) және

2) – сыз (сын есім ретінде көрініс табады – «сусыз шөл» және үстеу «сусыз жеді» = су қоспай жеді, ал бұл жерде сусыз сөзі – қайтіп? деген сұраққа жауап береді).

Шет тілдегі сөздерді өзбек тілінің заңдылығына бейімдеген кірме сөздер ретінде жекелеген жағдайда «социал» және «астрономик» типіндегі ұғымдар кездеседі.

Сын есімнің тұрақтанған формасының пайда болуына алғышарт ретінде мына жайтты келтіруге болады: сын есім логикалық категория ретінде қырғыз тілінде орнығып қойған, ал сын есімдерді грамматикалық тұрғыдан жүйелеу үдерісі қырғыз тілінің (немесе қырғыз тілі келіп шыққан ортақ тілдің) басқа тілдермен тоғысуы үдерісінде байыған болатын. Бұдан грамматикалық қатынастағы сөз таптары келіп шыққан. Бұл шет тілден енген элементтер қолайлы, дайын ортаға келіп түсті де жанды формаға айналды. Мұндай формалар қатарына араб тілінен енген «-и» аффиксін жатқызуға болады.

Шектеулі синтаксистік функциясы бар барлық формалар грамматикалық қатынаста қалыптасып қойған сөз таптары – сын есімнің бар екендігін көрсетеді. Және туынды формалар өзінен қалыптасқан грамматикалық категорияларды шығаратыны кездейсоқ емес, ал түбірлер формальды қатынаста «қалыптаспаған» кезеңде қалып қойған. Туынды форма түбірден жаңалау және тілдегі қозғалыстарды анықтау үшін көрсетуге тұрарлық.

И. Батманов бұдан кейін мынадай ескерту береді. «-и» аффиксіне біткен туынды сөздің қырғыз тіліне орныққан форма ретінде енгендігін және кейіннен ғана ол туынды аффикс ретінде ұғыныла бастағандығын ескере кету қажет.

Нәтижесінде қырғыз тілінің дамуының қазіргі сатысында мынадай жағдайдың орын алатынын ескеру керек:

а) мағыналық қатынаста қалыптасқан сын есімдер,

б) сын есім мен үстеуге аралық болып тұратын сын есім мен үстеудің түбірлері және формалары,

в) зат есім мен сын есім арасындағы аралық түбірлер мен формалар, зат есім, сын есім және үстеу өрбіп, дамып шыққан ескірген атаулардың кейінгі буыны.

г) Сонымен қатар формальды қатынаста қалыптасқан сын есімдер (ғылыми, қысқы және т.б.).

Сын есімге тиісті түзілімдер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

а) «-рақ» жұрнағына біткен форма – сапаның үстемдігі (бұлар орыс тіліндегі «водный» және «водянистый» сын есімдері сияқты сапалық жағынан ұлғаюды, артуды білдіреді, бір-бірімен салыстырусыз қолданылады);

б) интенсив (қап-қара, сап-сары түріндегі интенсив);

в) ең, өте, асқан сөздерінің көмегімен жасалған күшейтпелі шырай [13, 31-35].

Сын есім тудыратын жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгілі сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есімнің барлығын білдіретіндігін сөз еткен. Сонымен, И.А.Батманов қырғыз тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы бола алады деп қарайды.

Н.П.Дыренкованың «Шор тілінің грамматикасы» атты еңбегінде автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататынын белгілерге тоқталады. Ол белгілер:

Біріншіден, сын есімнің күшейткіш буынға ие болуы. Екіншіден, шырай жасауы. Үшіншіден, сын есімнен болған анықтауыштың атау формада анықтайтын сөзімен байланысуы [14, 71]. Сын есім туралы бірқатар материал А.Н.Кононов еңбектерінде де беріледі. Ол өзінің «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде сын есімнің өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның басты мәселелерін негізінен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есімді негізгі, туынды деп екіге бөліп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есім түбірлесін бір бөлек, етістік түбірлесін бір бөлек түсіндіреді; сын есімдерді мағынасына қарай да жіктейді. Өзбек тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп тануда автор негізгі үш нәрсені межелік белгі етіп ұстайды. Бірінші – сөздің семантикасы. Екінші – морфологиялық белгісі. Үшінші – синтаксистік қызметі [15, 111-112].

Профессор Баскаков «Қарақалпақ тілі» (Н.А. Баскаковтың 1931 жылы шыққан «Краткая грамматика каракалпакского языка» атты кітабында зат есімді сын есіммен аралас қараған. Екеуінің арасын ажыратпаған.) атты еңбегінде сын есімді жеке сөз табы емес, зат есімнің бір түрі деуге бейімделген еді [16]. Ал, одан кейінгі ірі еңбегінің бірі «Ногайский язык и его диалекты» деген кітабында сын есім жеке сөз табы екенін мойындай келсе де, бұрынғы сын есімді танымаушылығынан мүлде арыла алған жоқ. Онысы ноғай тіліндегі сын есім мен зат есімді араластырып отыруына қарағанда, зат есім мен сын есімнің арасын ашық ажыратпауына қарағанда, бұрынғы концепциясынан автордың таза арыла алмағандығын көруге айғақ болып тұр [17].

Ал, профессор Кононов түркі халықтарының көбісінің тілдерінде сын есімнің негізгі белгісінің бірі болып саналатын «рақ/рек» жұрнағының анатолы түрік тілінде кездеспеуіне қарап, бүкіл түрік (ғалым Ғайнетдин. Мұсабаев Мұнан былайғы жерде «түрік тілдері» дегенде Түркияда тұрған түріктерді қоспай, Кеңес өкіметінің қарамағындағы түркі халықтары деп түсіну керек дейді) тілінде сын есім жоқ деген қорытындыға келген [18, 75]. Бұл тұрғыдан, ол жоғарыда айтылған И. Батмановтың тұжырымымен ұқсас ой қорытқандығын байқатады. Дұрысында анатол түрік тілінде – «рақ/рек» жұрнағы мүлде жоқ емес, бар, бірақ сирек қолданылады. Оның бер жағында «рақ/рек» жұрнағынан басқа жұрнақтардың өздері де бұл тілде жеткілікті. Оны есепке алмай, түрік тілінде сын есім өз алдына категория емес деп қортынды шығару тілдегі фактыны байқағысы келмегендігіне айғақ сияқты, бұл – бір. Екінші – анатолы түрік тілі басқа түрік тілдеріне негізгі өлшеу, үлгі бола алмайды. Өйткені бұл тілдердің əрқайсысының өздеріне тəн, өз алдына ұлттық қасиеттері бар. Əрбір тілдің өз ерекшелігі болады. Түрік тілдерінің басты ерекшелігінің бірі грамматикалық родтың болмауы, соның нəтижесінде сын есімді зат есімнен, үстеуден ажыратып алуға қиыншылық келтіреді

Түркі тілінің бір бұтағына жататын құмық тілінің грамматикасын зерттеп, арнайы еңбек жазған профессор Дмитриев (Грамматика кумыкского языка) осы шындықты аңғарып, сын есім категориясын жеке сөз табының қатарына қосқан. Проф. Н.К. Дмитриев сын есімнің басты қасиеті (Түрік тілдерінде) – лексикалық мағынасы екенін ескерумен қатар, грамматика тұлғасын да ұмытпайды. Осыған ол ерекше мəн беріп, осы ізбен басқа авторлардан ерекше шығады [19]. Соңғы «Грамматика башкирского языка» деген еңбегінде де осыны қолдайды [20].

Осыларды ескере келіп, сын есімнің формасына тоқталсақ:

1) көрнекті белгісінің біреуі – рақ/рек жұрнағы, өйткені бұл жұрнақ басқа есімдерге ешқашан жалғанбайды. Сондықтан бұл жұрнақ сын есімнің дербес жұрнағы. 2) күшейткіш буындар тек қана сын есімде болады. Зат есімге бұл буындар жалғанбайды. Сөйтіп басқа есімдерге шырай қосымшалары (аффикстері) қосылмайды. Бұл дəлелдерді баса айту қазақ тіліндегі сын есімдерді орыс тілінің типологиясына апарамыз деп əуре болушылықтан аулақ болуды қажет етеді. Дұрысында орыс тілінің қазақ тіліне, немесе түрік тілдерінің басқасына үйлеспейтін ерекшеліктері көп. Бірақ бұл екі тілге бір өлшеу қолдануға болмайды.

Əрбір тіл өз құрылымының негізгі ерекшелігіне қарай, өзінің ішкі заңдылығымен үйлесе өсетіні мəлім. Бір тілдің нормасы екінші тілге норма бола алмайды. Тіпті басқа тілдерді былай қойғанның өзінде Түрік системалы азербайжан тіліндегі сын есімге, қазақ тіліндегі сын есімге қарағанда айырмашылығының барлығы айқын. Ол тілдегі сын есімнің тұлғалары біздің тіліміздегі сын есімнен басқарақ.

Осындай ерекшеліктерді еске алмай, орыс тілінің типологиясының тұрғысынан қарап, «тас үй, ағаш күрек» дегендерді орыс тіліне аударып (каменный дом, деревянная лопата), «тас», «ағаш» дегендерді сын есімдердің бір тобы деп қарау, əрине, қате. Осыған қарап, «сын есім мен зат есім араласып жатыр, арасына шек қоюға болмайды» деген қортынды шығару да дұрыстыққа келмейді. Осыны жете байқаған проф. Н.К. Дмитриев: «Кумыкский язык, как и все тюркские, до самого последнего времени пользовался существительными в функции прилагательного в тех случаях, где языки других систем (в частности русский) требуют относительного прилагательного. Так, по-кумыкски говорят: «агач арба» (деревянная телега), гумуш сагат – серебряные часы (дословно: серебро часы)».

«Такой способ сочетания типичен для кумыкского языка, и если в русском переводе мы здесь имеем явные прилагательные, то нет никакой надобности требовать здесь прилагательных и от кумыкского языка, подгоняя его под чужую типологию: ведь и там и здесь мысль выражена совершенно та же, и кумыкский язык имеет право пользоваться любым из своих средств (существительными или прилагательными) для ее выражения», – дейді [19, 69].

Автордың бұл айтқандары қазақ тіліне де дəл келеді. Осы сияқты екі зат есімнің қатар тұрғанында біріне-бірінің анықтауыш болатынына қарай, алғашқысын сын есім деп тану да, жоғарыда айтқандай, орыс тіліне еліктеуден келіп шыққан. Осы сияқты зат есімді сын есім деп жүрген адамдарды Дмитриев дұрыс сынайды. Сөйлем ішінде зат есім анықтауыштың қызметін атқарса, оны сын есім десек, сын есім зат есімнің қызметін атқарса, оны зат есім десек, оқытушы да, оқушы да шатасып болмай ма? Олай болса, жоғарыдағы зат есім ешуақытта да сын есімнің қатарына қосыла алмайды.

Ноғай тілі грамматикасының авторы Н.А. Баскаков сын есім мен зат есімді бір сөз табы деп қарайтындықтан сын есімнің шырай категориясын жүйеге келтірмеген. «Все качественные имена прилагательные (но не относительные и уподобительные) изменяются специальными аффиксами, образуя категории, семантически близкие к степеням сравнения в русском языке:

1. Аффикс ғана, гене, қана, кене образует уменылительное имя прилагательное – наречие, напр.: аз – «мало», азғана – «маленькое»; «немножко»; кішік «малый» кішкене – «малюсенький...»

2. Аффикс рақ, рек, присоединяясь к качественным именам прилагательным, образует форму имени прилагательного, указывающую на наличие признаков данного качества, напр.: қызыл «красный», қызылырақ – «имеющий красный оттенок цвета, красноватый» дейді [17, 78]. Соның бер жағында бұларды сын есімнің түрлері (виды) дейді, шырай деп аты аталмайды. Бұдан шырай жоқ деген қорытынды шығады. Автор басқа түркологтардың бəрі де танып келген күшейту мағынасын білдіретін үстеме буындарды (интенсив) да сын есім шырайы деп танымайды.

Шығыс септік жалғауы арқылы аралас келген сын есімді «образует сочетание сравнения, близкое к категории сравнительной степени русского языка» дейді де, оған мынадай мысал келтіреді: «Аттан биік, иттен маштақ» (ер). Ал, басқа тұлғалар туралы сөз қылмайды, тек барлық түркологтар бірауыздан қабылдаған үстеу сөз арқылы жасалатын таңдаулы шырайды ғана мойындайды. Онда «бек, ең» сөздері арқылы ғана жасалады, мысалы: бек игі – очень хорошо, очень хороший; ең үлкен – очень болылой дегендерді айтады. Сөйтіп, қорыта келгенде, Н.А. Баскаков «бек, ең» деген үстеу сөздер арқылы жасалатын шырайлардан басқаның бəрін бекерге шығарады. Сондықтан сын есімнің шырай категориясы бекер болып шығуға бейімделеді.

ХІХ ғасырда қазақ тіл білімі мен оның жекелеген салалары туралы қазақ ұлтынан шыққан зерттеушілер тарапынан арнайы еңбектер жазылған жоқ. Дегенмен алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашқаннан кейін оқу бағдарламасы үшін «Киргизская хрестоматия» деген оқулық жазған еді. Осы еңбекте қазақ тіліндегі сөз таптарымен қатар сын есім жайлы мәліметтерге кезігеміз. Ыбырай Алтынсарин сын есімге қатысты «зат-мақұлықтың қасиетінің аттары» деген анықтама береді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің тізімін төмендегідей көрсетеді: жақсы, жаман, батыр, ақылды, ақымақ, қорқақ, сұлу, жұмсақ көңілді, қатты мінезді, жауыз, тыныш, күтімді, сараң, мырза, бойдақ, қатын алған кісі, кәрі, жас, ашуланшақ, бай, жарлы, соқыр, саңырау, сақау, қисық, ақсақ, үлкен, кішкене, жуан, жіңішке, алыс, жақын, жолақ, шұбар, көкшіл, қатты, жұмсақ, кең, тар, тәтті, дәмді, ащы, тұщы, домалақ, ұзын, қысқа, биік, аласа, жалпақ, жылы, суық, салқын, ыстық, күшті, осал, ауру, сау, айлакер, әділ, әдепті, іждағатшыл, жалқау, ақкөңіл, іскер, пайдалы, залалды, жүйрік, ақырын, терең, таяз, уақ, ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл, қолайлы, тұзды, сұйық, қою, құрғақ, шикі, лайлы, дымқыл, ашыған, ауыр, жеңіл, тегіс, түзу, тура, қисық, жат, соңғы, көптенгі, арзан, қымбат, күміс, алтын, бақыр, темір, жібек, қағаз, ағаш, нық, қалың, сирек, жиі, өткір, өтпес, ірі, уақ, көңілді, жарық, қараңғы, семіз, арық, торы, көк, қара, күрең, жирен, құла, ала, шұбар [21, 104-105]. Ы. Алтынсарин бұлардың көбісінің зат есімнен шыққанын алға тартады. Бұлар, әрине, қатыстық сын есімге қатысты айтылып тұрғаны анық. Сонымен қатар Алтынсарин сын есімнің ішіндегі салыстырмалы шырай жайлы да айта кетеді. Ол «егер біреуден біреудің артықшылығын көрсетейік десек, біз сөздің аяғына рақ, рек дегенді қосамыз» [21, 106]. Әрине, бұл мәліметтер ғылыми сипатта болмаса да, сол кезде мектепте білім алған балалар үшін жеткілікті болғандығы айқын.

ХХ ғасырдың басында қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы мен грамматикасы әлемдік және орыс тіл білімі мектептерінің заңдылықтарына сәйкес зерттеле бастады. Бірақ қазақ тілінің қалпы мен табиғаты бойынша оның басқа тілдерден ерекшеліктерін де айқындау күн тәртібінде тұрған мәселе еді. Қазақ тілінің өзіне тән ережелерін, қағидаларын зерделеу, ең алдымен, жаппай сауат ашу үдерісі кезінде халыққа оқу мен жазуды үйрету мақсатында қолға алынды. Сонымен қатар нақты бір жүйе жасап, аударма, коммуникация, сөздіктер жасау үшін де қазақ тілінің грамматикасы мен лексикологиясын терең меңгеру қажет болатын. Алғашқы кездері қазақ тілінің дыбыстық құрамын анықтау ұлттық әліпби түзу, оқу, жазу т.б. қажеттіліктерді өтеуге қызмет ететіндіктен, әліпби, емле жасау әрекеті қарқынды жүргізілгенімен, бұл үрдіс тәртіпке келтіріліп, жолға қойылғаннан кейін тілдің грамматикалық қорын қарастыру белең ала бастады. Мұның ішінде қазақ тіліндегі сөз таптарын айқындау, сөздерді айқындалған сөз таптарының құрамына енгізу де белсенді ғылыми әрекетке айналды. Осы аяда бірқатар оқу құралдары, зерттеу мақалалары, баспасөз бетіндегі пікірталастар жарық көрді. Сөз таптарына қатысты зерттеулердің негізгі бөлігі сын есім мәселесі мен оны танытуды да айналып өте алмайтын еді. Себебі сын есімдер қазақ тілінің лексикалық қорының ауқымды бөлігін құрайды әрі заттың сынын, сапасын, сипатын анықтайтын сөздерді басқа сөз таптарынан айыру да тілші ғалымдардың көңіл бөліп шұғылданған істерінің басында келеді. Қазақ тіліндегі сөз таптары мен оның ішінде сын есімді зерттеп, қарастыруға, мысалдар арқылы беруге, оқушыларға меңгерту үшін арнайы тапсырмалармен түсіндіруге, оның басқа септіктермен қарым-қатынасына, жұрнақтары мен шырайларына мән беріп, ХХ ғасыр басындағы тілтанушылардың ішінен осы саламен байланысты тұшымды ойлар айтқан қазақ тіл білімі саласының негізін салушы, әдебиетші, ақын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов болатын.

Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» оқулықтар мен әдістемелік құралдар жинағы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы мен синтаксис саласы бойынша құнды тұжырымдар жасаған толымды, бірегей еңбек екендігі белгілі. Халықтың тілдің заңдылықтары мен ережесін танып-білуге деген мұқтаждығын өтеу үшін бұл оқу құралы өткен ғасырдың басында жиі-жиі басылып шығып отырған. Мәселен, «Тіл – құрал» оқулығының 1914, 1915, 1922, 1925, 1927 жылы араға бір-екі жыл салып жарияланып отыруы бұл кітаптың қаншалықты сұранысқа ие болғандығын дәлелдесе керек-ті. Ал ұлттық кітапхананың сирек қор бөлімінде сақталған мәліметтерге жүгінсек, «Тіл–құрал» оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында жиырма бес рет жарыққа шыққан [22, 6].

Ахмет Байтұрсынұлы тілдік терминдерді қазақшаға ұғынықты әрі сәтті аударып, оны орнықтыруға да үлкен еңбек сіңірген ғалым. Ол фонетиканы «Дыбыс жүйесі», морфологияны «Сөз жүйесі», ал грамматиканы «Сөйлем жүйесі» деп көрсеткен. Бұл салаларды жай ғана зерттеп қоймай, оларды оқытудың әдістемесін де жасаған. Әрине, А. Байтұрсынұлының тілдің теориясы мен тәжірибесіне бел шеше кірісуіне оның 14 жыл бойы ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен екі сыныптық училищелерден ұстаз болып қызмет етуінің әсері болғандығы даусыз [22, 11]. Ұстаз өзінің орыс тілінде жазған «Өмірбаянында» 1901 жылдан бастап қазақ тілінің дыбыстық және грамматикалық жүйесін зерделеуге ынтамен кіріскендігін көрсетеді [23].

Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының ішінде сөз таптарының маңызды орын еншілейтіні жайлы жоғарыда айтылды. А. Байтұрсынұлы қалыптастырған сөз таптарының атауы ұлттық тіл білімінде өзгеріссіз қолданылып жүр. Мәселен, Зат есім; Сын есім; Етістік; Есімдік; Одағай; Үстеу; Шылау; Бастауыш; Баяндауыш; Анықтауыш, Сөйлем; Қаратпа сөз; Қыстырма сөз; Лen белгісі; Сұрау белгісі т.б. әртүрлі лингвистикалық терминдердің ұтымды әрі шебер шыққандығы күмәнсіз шындық. Ғалым бұлардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беріп, олардың ерекшелігі мен басқа ұғымдармен ұқсастығын келтіреді әрі оқушыны осы тақырыптарды меңгеруге жетелеу үшін «дағдыландыру» және «сынау» деген бөлім ішінде тапсырмалар беріп отырады. Бұл қазіргі қазақ тілінде «жаттығу» және «тіл ұстарту» деген оқушыға берілетін тапсырмалармен жуықтас мәндегі сөздер болса керек.

А. Байтұрсынұлы басқа сөз таптарымен қатар сын есімге де айрықша тоқталып, оның сипатын, сұрақтары мен мысалдарын көрсетеді. Мәселен, «жақсы, жаман, жұмсақ, қатты, биік, аласа, терең, тайыз т.б. сөздердің сынын көрсететін сөздер сын есім деп аталады» деп анықтама береді [22, 50].

А.Байтұрсынов сын есімнің «қандай?» деген сұраққа жауап беретіндігін жазғанда өзі өмір сүрген тұстағы басқа ғалымдармен бірдей ой білдіреді. Яғни «қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің бәрі сын есім болып саналады. Одан кейін «дағдыландыру» бөліміне көшіп, төменде сөздер тізімін береді де, оқушыларға солардың ішіндегі зат есімдер мен сын есімдерді бір-бірінен айырып жазуды тапсырады. Бұл сөздердің көбісінің сын есімді құрайтындығы көрінеді. Ал «сынау» бөлімінде оқушыларға өзі жазған сөйлемдерді көшіріп, сын есімдердің астын сызып көрсетуді тапсырады. Бұл мысалдардың көбісі мақал-мәтелдер мен қазақ ауыз әдебиетінен алынған үлгілерден тұрады. Мәселен, «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал (бақ) тұрар. Жақсы кеңес – жарты ырыс. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті түлкі сүймес» деген мақалдармен қатар көне түркі кезеңінен бері келе жатқан «Жыртық үйге тамшы ойнар. Арық атқа қамшы ойнар» сияқты фольклорлық үлгідегі өлеңдерден де үзінділер бере кетеді. Сонымен қатар автор оқушылардың санасында көне, тарихи, архаикалық сөздердің мәнін ояту үшін «Аз асқа жасауыл болма, Көп асқа бөкеуіл болма» деген сияқты қазақ хандығы кезеңінде заң, жарғы мәнінде қолданылған бұйрықтарды да бере кетеді [22, 51].

Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл–құрал» кітабының бұдан кейінгі «Сын есім» тақырыбымен берілген басқа бір тарауында оның өз ішінен бөлінетін жүйесін көрсетуге талпынады. Ол сынның екі түрлі болатындығын, яғни 1. Тек сыны, 2. Сыр сыны деп бөлінетіндігін айтады. Тек сыны заттың, бір нәрсенің тегін, төркінін анықтайды. Мәселен, ағаш қасық, алтын сақина, қағаз ақша, киіз қалпақ деген сияқты сөздер осы тек сынына жатады. Ал сыр сыны бір заттың ішкі, тысқы сипатын, түрі мен түсін, тегі мен тұлғасын, пішінін, жай-күйін білдіреді. Бұлар: биік аласа, толық, нәзік, торы, күрең, шабдар, қара, ақ, сары, көк, қызыл.

Ғалым қазақ тіліндегі шырайлар тек сыр сынына қатысты дей отырып, оларды үшке бөледі: 1. Жай шырай; 2. Талғаулы шырай; 3. Таңдаулы шырай.

Жай шырай бір заттың сынын артық-кем демей, нақты кейпін көрсетеді. Бұл қазіргі қазақ тілінде осы қалпында, яғни «жай шырай» деген түрде қолданылады. Ал талғаулы шырай бір нәрсені екіншісімен салыстырып, бір-бірінен артықтығын не кемдігін көрсетеді. А. Байтұрсынұлы талғаулы шырай жасалу үшін жай шырайға «-рақ», «-рек» деген талғау қосымшалары үстелетіндігін айта кетеді. Сол кезде «биігірек», «аласарақ», «тереңірек», «таязырақ», «толығырақ», «нәзігірек» сияқты сөздер пайда болады. Бұл қазіргі қазақ тілінде салыстырмалы шырай категориясымен үйлесіп келеді. Содан кейін ғалым дағдыландыру тапсырмасы бойынша сөздерге талғау қосымшаларын жалғауды міндеттейді: аласарақ, төменірек, ағырақ, қызылырақ, сұрырақ, қарарақ, шұбарырақ, байырақ, батырырақ, жарлырақ, жақынырақ, алысырақ, үлкенірек, кішірек, биігірек, ескірек, жаңарақ, тереңірек, таязырақ, саязырақ, арзанырақ, қымбатырақ, қоюырақ, сұйығырақ, еркерек, тігірек, жеңілірек, тегісірек. Автор әрі қарай талғау шырайын одан әрі де күшейтуге болатынын, мұндай кезде оған көп деген сөз қосылып айтылатынын айта кетеді. Ал үшінші шырайы түрі «таңдаулы шырай» деп аталады. Ол бір нәрсенің сыр, сипатының өте артық не өте кем екендігін білдіру үшін қолданылады. Таңдаулы шырай тудыру үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас сияқты сөздер қойылып айтылады [22, 132]. Бұл қазіргі қазақ тіліндегі «асырмалы шыраймен» жуықтас, шамалас шырай түрі екендігін бағамдаймыз. Мұндай бөліністі тіл білімінде Ахмеди Ысқақов жүзеге асырған. Оған сәйкес, күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды тудырады [24]. Ал Ахмет Байтұрсынов асырмалы шырай мен күшейтпелі шырайды таңдаулы шырай деп көрсетіп, оның екі түрлі жасалу жолы бар екендігін белгілейді. Қазіргі қазақ тіліндегі күшейтпелі шырай таңдаулы шырайдың екінші түріне жатқызылады. Ол пайда болу үшін жай шырайдағы сөздің бас дыбыстарына үйлесімде түрде «-п» дауыссыз дыбысы жалғанып, бұл дербес дыбыстар сөздің алдына қойылып айтылады. Мысалы: қып-қызыл, қап-қара, сеп-семіз, әп-әдемі, тап-тар, сап-сары т.б.

Ахмет Байтұрсынов сын есімге қатысты қағидалар мен ережелерді реттеп алғаннан кейін бір нәрсені де ескерте кетеді. Оған сәйкес, кейбір сын есімдер заттанып, зат есімнің де қызметін атқарады. Мұндай мысалдарды қазақ тіліне қатысты көптеп келтіруге болады: Мәселен, қазақта «Арзан еттің сорпасы татымас» деп жатпай «Арзанның сорпасы татымас» дей салады. Бұған, бір жағынан, тілдің үнемдеу заңының ықпал еткендігін аңғарамыз. Сонымен қатар ескеруге тиісті екінші бір мәселе, сын есім зат есімнің алдына қойылса, сын есім, бірақ етістіктің алдына қойылса үстеу болып өзгереді [22, 133]. Бұл айтылған ойларын түсіндіру үшін автор арнайы мысалдар береді. Сын есім мен зат есім тіркесіп келетін есімді тіркесті септеп көрсетеді. Септеу үшін алынған мысалдар «семіз мал», «аласа адам». Мұндай кезде сын есімге ешқандай жалғау жалғанбай, оның жетегіндегі зат есім ғана септеліп отырады.

А. Байтұрсынов сын есімнен туатын сөздер мен олардың жұрнақтарын да сипаттап көрсетеді. Ол «Нәрсенің сыны қалыпты күйінен тысқары болса яки сыннан өтетін басқа нәрсе я іс болса, сын есіміне һәр түрлі жұрнақтар жалғанады» [22, 136]

Мұндай жұрнақтар:

1. «-лау», «-леу», «-дау», «-деу», «-тау», «-теу» түрінде келеді. Осы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сын есімдер бір нәрсенің сыр-сипатының анық сол дәрежесіне жетпегендігін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінде бұл жұрнақтар салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар ретінде де белгілі. Мысал ретінде қызылдау, сарылау, қаралау, жұмсақтау, биіктеу, тарлау т.б. сөздерді келтіруге болады.

2. «-шыл», «-шіл», «-ғыл», «-ғылт», «-қылтым» жұрнақтары. Мысалы: сушыл, тойшыл, көпшіл, бозғыл, сарғылт, ашқылтым. Ахмет Байтұрсынов осы жерде торы сөзіне де жұрнақтар жалғап, «торғыл» сөзін тудыруға болатынын жазады. Бірақ бұл қазіргі қазақ тілінің лексикалық қорында кездеспейді.

3. «-лық», «-лік», «-дық», «-дік», «-тық», «-тік» жұрнағы. Бірақ бұлардың сын есімнің сипатымен үйлеспейтіндігін көреміз. Себебі бұлар қазіргі қазақ тілінің ережесіне сай сын есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар. Яғни сын есімдерге жалғанатын бұл жұрнақтардан кейін туатын сөздер зат есімге айналып кетеді. Мысалы: жақсы-лық, жаман-дық, ізгі-лік, зұлым-дық. Бұл ережені А. Байтұрсынұлы келтірген:

4. «-шылық», «-шілік» жұрнағына қатысты да қолдануға болады.

5. «-ла», «-ле», «-да», «-де», «-та», «-те» жұрнағы да сын есімге жалғанғанда тіл қисыны бойынша сын есім тудырмайды, етістіктің жасалуына себеп болады. Сондықтан бұл тұрғыдан А. Байтұрсынұлының уәжі сөзжасам заңдылығымен үйлеспейді деген ойдамыз. Бұл жағдай

6. «-ар», «-ер» қосымшасына да қатысты.

7. «-сын» жұрнағы да осы ережеге бағынады. Яғни бұл қосымша сын есімге жалғанғанда етістік пайда болады [22, 139].

Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлынан кейін үлкен реформа жасаған тілші-ғалым Қ. Жұбанұлы «Тіл–құралдағы» осындай жерлерді сынап көрсетеді [25, 114-115]. Алдымен, ол жайлы мәлімет бере кететін болсақ, Қ. Жұбанұлы көрнекті ғалым, қазақ кәсіби лингвистикасы саласының негізін салған зерттеуші. Ол қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын жаңаша тұрғыда зерделеп, жан-жанды ғылыми пайымдар білдірген. Оның еңбектерінің мәні ХХІ ғасырдың өзінде де тереңдігімен, толықтығымен назар аударуға тұрарлық дүниелер. Әсіресе әліпби мен терминология, емле мен грамматика саласындағы құнды еңбектері салыстырмалы тіл білімінің қағидаларын жөнімен ұстанған зерттеулер. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты да нақты ұсыныстары өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Ғалымның Қазақстан ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде латын жазуына көшкен тұстағы халықтың сауатын ашу, туған тілдің қыр-сырын түсіндіру жолындағы қажырлы қайраты – бүгінгі латын тіліне көшу жұмыстары үшін нақты бағыт-бағдар бола алары сөзсіз. Қ. Жұбанұлы әлемдік және орыс лингвистикасының озық дәстүрін толық игеріп, қазақ тіл білімі мен түркология саласында ғылыми байламдарын енді-енді жарыққа шығарып келе жатқан кезде қуғын-сүргінге ұшырады. Оның А. Байтұрсынұлы мен Т. Шонанұлы шығармаларындағы сын есім мен сөйлем мүшелеріне қатысты сындары жеке бас араздығынан емес, ғылыми тұрғыдағы объективті көзқарастан туындаған әділ сын деп пайымдауға негіз бар.

Қ. Жұбанұлының өзі «Қазақ тілінің грамматикасы» деген еңбегінде сын есімге қатысты ойларын айта кеткен. Ол еңбегінде азды-көпті деген туынды сын есімді талдайды. Ғалымға қарағанда, азды-көпті көбісі айтып жүргендей, кіріккен сөз емес, қосар сөз. Өйткені бұл екеуінің қосақталуына себеп болып отырған заңдылық осыған ұқсас басқа сөздердің, көбінесе антонимдердің қосарланып келуіне негіз болып, сын есім сипатын алып кеткен. Антоним болып келетін немесе синоним болып келетін сын есімдерді осы азды-көпті қосарлама қос сөзінің формуласына салып, қызылды-жасылды, ілгерілі-кейінді деп қосарлай беруге болады. Бірақ қарама-қайшы мағынадағы сын есімдердің бәріне –ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларын жалғап, қосар сөз жасау мүмкін емес. Ол, демек, бұлардың қосарлануының өзі белгілі бір ереже бойынша жүретіндігін көрсетеді [25, 135].

Қ. Жұбанұлы сын есімнің заттану қызметіне де назар аударады. Есімдерді өзара жіктегенде, септегенде, тәуелдегенде, көптегенде оған тән арнайы белгілері көрініс табады. Әсіресе есім сөздер белгілі бір қосымша жалғанғанда түбір тұлғасынан ауытқып, заттанып кетуге бейім тұрады. Осыған сәйкес, сын есім мен сан есімдер жіктелу, септелу, тәуелдену және көптелу барысында өз мағынасынан ауытқып, зат есімнің білдіретін мағынасын беруге көшеді.

Ғалым бұл пікірін нақтылау үшін оған қатысты мысалдар келтіреді. Мысалы, «қызыл бояуға салған шүберек» деп айтылғанда, мұндағы қызыл сын есім, ал бояу зат есім болады да, екеуі есімді тіркесті құрайды. Жоғарыдағы мысалды қысқартып, «қызылға бояған шүберек» деп айтқанда да ол бастапқы мағынасынан өзгеріп, аулақтап кете қоймайды. Қазақ тілінің үнемдеу заңына сәйкес, оны қысқартып айта беруге болады. Бірақ бұл жерде қызыл зат есім тұлғасында тұрғандықтан, заттанып кетеді. Қазақ әдеби тілінде мұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Әсіресе поэтикалық тілде, жыраулар мен шешендер жыр-толғауларында мұндай мысалдар жиі ұшырасады. Бұхар жыраудың «Алыстан қызыл көрінсе, жанат емей немене?» деген жыр жолдарындағы «алыстан қызыл көрінсе» құрамындағы қызыл сөзі заттанып, заттың атауын білдіріп тұр. Жоғарыда келтірген А. Байтұрсынұлының сын есімнің заттануына қатысты тұжырымында да қазақ мақал-мәтелдерінде мұндай заттану үлгісін кезіктіруге болатынын жайлы ой айтылған еді. Яғни «Арзанның сорпасы татымас» дегенде де мұнда арзан сын есімі жасырын тұрған зат есімнің («еттің») функциясын қоса арқалап тұрғандығы көрінеді. Бұл жағынан, келгенде А. Байтұрсынұлының да, Қ. Жұбанұлының да ойлары бір жерден шығып отырады. Қ. Жұбанұлы мұнда сын есімнің құрамында көзден таса тұрған зат есім мағынасы бар екенін алға тартады. Сонымен қатар ғалым бұл заңдылықтың тек сын есімге ғана тиесілі емес екендігін, сан есімнің де зат есім функциясын атқаратындығын дәлелдей кетеді. «Онға алып, беске сататын болсын саудагеp!» деген сөйлемді қарастыратын болсақ, онға, беске дегендеp тек сан емес, сан мен заттың мəнісін біpге қосып аpқалап тұp» [25, 148] дейді. Сын есімнің заттану арқылы бір аталымға ие болуы тіл білімі саласында арнайы қарастырылып келді. Мәселен, орыс лингвисті Е.С. Кубрякова былай деген: «Аталым бірлігі болу үшін бұл бірлік бір талапты қанағаттандыруы керек – өзі аталып отырған затты білдіруге, соның атауы болуға және аталымды жеке тұлға мен мөлшер ретінде бөліп алуға, номинативті функцияны жүзеге асыруға тиісті» [26, 222-304]. Зерттеуші С. Саменова мен К. Омарованың пікірінше, сын есімнің заттануы арқылы жасалған аталымдар тілде бірден пайда болып, орныға қалмайды, олардың белгілі бір тілдік бірлік жағдайына жетуі үшін ұзақ жылдар қажет болуы мүмкін [27, 159]. Заттану нәтижесінде пайда болатын аталымдардың тілдік бірлік ретінде қалыптасу сатысын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1. Бірінші кезең: сын есімнің зат есім тұлғасында бірнеше рет қолданылуы. Оған негізінен тіл біліміндегі үнемдеу, ықшамдау, сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы сияқты құбылыстар әсер етеді. Сын есімнің заттық аталым ретінде жұмсалуы ауызекі стильде де, көркем әдебиет стилінде де кездесуі ықтимал.

2. Екінші кезең: сын есім белгілі бір заттың атауы ретінде бірнеше рет қолданылғаннан кейін жалпыхалықтық әдеби стильге орныға бастайды. Бұдан кейін көпшілік сын есімнің осы заттанған формасын коммуникациялық қолданыста жүзеге асыруға көшеді.

3. Үшінші кезең: сын есімнің заттану арқылы белгілі бір аталымға айналған формасы толықтай тұрақтанады. Сын есім өзінің о бастағы мағынасынан ажырап, көбінесе омоним, яғни айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағынасы басқаша тілдік бірлік ретінде танылады.

4. Төртінші кезең: сын есім сөз зат есімнің толығымен басыбайлы меншігіне өтіп, аталым ретінде қалыптасады. Аталымдық функцияның нәтижелері сыннан өтіп, узусқа айналып кетеді [27, 160]. Сын есімнің аталымға айналу функциясын А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанұлы да оның жалпыхалықтық қолданысынан іздейді. Бұл үшін халық тілінің байлығына баланатын мақал-мәтелдер мен жыраулардың жыр-толғауларына, шешендік сөздерге жүгінеді.

Қ. Жұбанұлы еңбегінде, алдымен, сөз таптарын толығырақ жүйелеп, оларға жаңаша анықтама беруге талпынады. Ол анықтама беру кезінде әрбір сөз табының тұлғасын, сипатын да бере кетпейді, оның сөйлем ішінде, коммуникациялық әрекет барысында атқаратын қызметіне де тоқталуды жөн санайды. Мәселен, ғалым зат есімге қатысты анықтама бергенде, «заттың атын, атауын білдіретін сөздер» деген дағдылы әрі қысқа анықтаманы келтіре салмайды. Оның басқа сөздермен, сөз таптарымен байланысын, қарым-қатынасын да тілге тиек етеді. Яғни «зат есім дегеніміз – мағына жағынан септік, тəуелдік, жіктік, көптік қосымшалаpын еpтетін сөз, синтаксис жағынан сөйлемнің анықтауыш мүшесі болғанда, тек затты анықтайтын, істі анықтай алмайтын сөз болады (Мұны былай түсіну кеpек: сын есім мен сан есім заттың да, істің де сыны мен санын көpсете алады: жақсы кісі, жақсы жазады; екі кісі екі келді сияқты. Зат есім тек зат есімді ғана анықтай алады. Тас үй дегендегі тас сияқты. Біpақ жақсы келдің, екі келдің дегендегі жақсы мен екінің оpнына зат есім жаpамайды. Өйткені зат есім етістікке байланысып,істің жайын айта келсе, ол істің не ( مسند اليهсубъект–п.), не ( موردобъект – п.) ғана болады да, сипатын көpсетпейді» [25, 148]. Зат есім басқа бір зат есіммен бірге келіп, оның анықтауышы қызметін атқаратын болса, анықтауыш сөзімен ірге ажыратпай бірге тұруы керек, бұл кезде олардың арасына бөгде сөз кіре алмайды. Мұны мысалмен түсіндіретін болса, жасыл жапырақ дейтін болсақ, сын есімнің анықтауыш қызметінде жұмсалатындығы көрінеді, яғни мұндағы сын есім – жасыл. Ол анықтауыш ретінде өзінің анықталушы сөзімен іргелес келіп тұрады. Олардың арасына басқа сөз салу қиын. Зат есім жұрнақтар мен жалғауларды қабылдау жағынан өте икемді, әрі ыңғайлы болып келеді. Зат есімге жалғанатын қосымшаларды сөз табына жататын барлық мүшелерге жалғау мүмкін емес. Қ. Жұбанұлы бұл жайлы да кеңірек айтып кетеді «Зат есімге -шы; -ші қосымшасы да жалғанады (теміp+ші), сын есім, сан есім, мезгіл-мекен есім, есімдік, етістік түбіpлеp мұны істей алмайды (ұзын-шы, бес-ші, бүгін-ші, оқы-шы болмайды)» [25, 149]. Ғалым зат есімнің қасиеті мен сыр-сипатын, функциясын саралай келе, оған мынадай анықтама береді: «Сөйтіп, зат есім заттың өзін көpсететін септік, тəуелдік, көптік, -шы (кəсіп) қосымшалаpын еpтетін затты ғана анықтап, анықталушы сөзіне жалғас қана тұpа алатын түбіp болады» [25, 149].

Қ. Жұбанұлы сын есімді айқындағанда да оның қасиеттеріне, қызметіне тоқтала отырып, заттың өзін, тек-түбірін емес, оның тұрғылықты, белгісін, сапасын анықтайтын сипатын тілге тиек етеді. Бірақ заттың сыны мен сипатын, қасиеті мен сапасын анықтайтын тек сын есім ғана емес, сан есім де бұл функцияны орындай алады. Дегенмен сан есім заттың санын, мөлшерін айқындап, санауға, есептеуге құрылады. Жоғарыда келтіргеніміздей, А. Байтұрсынов сын есімнің жасалу жолдарына назар аударып, сын есім тудыратын қосымшаларды келтірген болатын. Қ. Жұбанұлы да сын есімнің сапасын, қасиетін басқалардан не асырып, күшейтіп, не төмендетіп тұратын жұрнақтарды айта кетеді. «Сын есім моpфологияда -pақ, -pек, -лау, -леу қосымшалаpын, қосақты қосаp буынды өзіне еpте алады: қызыл-қызылыpақ, қызылдау, қып-қызыл; сан есім моpфологияда -ншы қосымшасын тағына алады: бес – бесінші. Сын есім мен сан есімнің екеуі де синтаксисте затты да, істі де анықтай алады, анықтауыш күйінде анықталушы мен екі аpаға зат есім анықтауышты не біpі біpін сала алады: биік (сын есім, анықтауыш), тас (зат есім, анықтауыш), үй (анықталушы); бес биік үй; биік бес үй дегендеp сияқты» [25, 149].

Қ. Жұбанұлы сын есімге анықтама бергенде оның сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін өзіне қосып алатын, сөйлем мүшесі ретінде зат есіммен қатар етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш қызметін атқарғанда да көбінесе анықталушы екеуінің арасына сөз салмайтын, тек кейбір жағдайда ғана зат есімді сала алатын, бірақ сан есім анықтауышты еркін салатын түбір деп көрсетеді [25, 148-149].

Ғалым сын есімге қатысты пікірлерін білдіргенде сын есімге қатысты қолданылатын қосымшалардың зат есімдермен тіркесе алмайтындығын тілге тиек етеді. Бұл тұрғыдан келгенде, зат есім мен сын есімді бір-бірінен айырып тануға мүмкіндік бар, себебі екеуінің де қасиеттері мен қызметтері толық айқындалып, сұрақтары мен сипаттары белгіленіп қойған сөз таптары болып саналады. Әрине, зат есімге де, сын есімге де ортақ болатын, екі арада жүретін сөздер жиі кездеседі. Оларды сөйлем ішіндегі контекстіне қарай ажыратуға болады. Қ. Жұбанұлының айтуынша, мұндай сөздер: жас, сұлу, бай, батыр, шешен, кедей т.б. сөздер. Бұл сөздердің қос бірдей функциясы бар екендігін байқаймыз. Олар мағынасына қарай әрі зат есім бола алады, әрі сын есімнің қызметін де атқара алады. Ал бұл сөздердің тағы бір ерекшелігі олар сын есімнің салыстырмалы шырайының жұрнақтарын не сын есімнен сын есім тудыратын қосымшаларды жалғай алады. Мәселен, жақсырақ, ұзынырақ, байырақ деуге болады, ал таза зат есімдер бұл қосымшаларды өзіне жалғай алмайды. Зат есім мен сын есім арасындағы мұндай айырмашылықты А. Байтұрсынұлы тұжырымдарынан да байқауға болады.

Қ. Жұбанұлы шырайларды жіктегенде де А. Байтұрсынұлы үлгісінен алыс кете қоймайды. Тек олардың мағыналық ауқымын кеңейтуге үлес қосты деп бағалауға болады. Ол да А. Байтұрсынұлы сияқты шырай категориясын грамматикалық категория ретінде таныған [28, 7]. Төменде Қ. Жұбанұлының шырауларға қатысты классификациясы берілген:

1) жай шырай,

2) кесімді араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады),

3) салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -лау),

4) жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы),

5) таңдаулы шырай,

6) дәйек қосылыңқы (өте қысқа),

7) қосақты (қып-қысқа),

8) үстеулі (ұзын-ақ),

9) орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бір жөн, едәуір сөздері қосылады) түрлерін көрсетеді [29, 282].

Бір айта кететіні, А. Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі күшейтпелі шырайлар «-п» дауыссыз дыбысымен келетін буынның сын есімнің алдына жалғану арқылы пайда болатынын айтса, Қ. Жұбанұлы сын есімнің шырайлары бұл дыбыстан басқа да дыбыстардың қосарлануы арқылы туатынын келтіреді. Мысалы, тас-талқан, тым-тырыс, қым-қуыт сияқты сөздер күшейтпелі шырайға мысал бола алады [30, 89]. Бұл қазақ тілінде түбегейлі зерделеніп, ғылыми айналымға енгізуге тұрарлық жаңалық деп бағалауға болады.

ХХ ғасыр басында қазақ тіліндегі сөз таптары мәселесімен айналысқан ғалымның бірі Телжан Шонанов болатын. Т. Шонанұлы – түрколог, лингвист, тарихшы, ғасыр басындағы Алашорда қайраткерлерімен бірге тізе қосып, халықтың сауатын ашу жолында үлкен еңбек еткен ағартушы. Оның еңбектері мен ғылыми мұралары бастауыш мектептегі қазақ тілін оқытудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Емле мен тіл дамытуға, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты жазған дүниелері Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жинақ күйінде жарық көрді. Ол негізінен бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарына қатысты мәліметтерді жеңіл жолмен ұғындыруға талпынған. Телжан Шонанұлы «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқулығы», «Қазақ тілі. Грамматика мен емле», «Жаңалық (әліппе)», «Жаңалыққа жетекші» деген оқу құралдары мен оқулықтар, сондай-ақ, орыс тілтанушы-педагогы А. Голяковскаямен бірлесе отырып, «Емле мен оқу» деген кітап жазып қалдырған. Телжан Шонанұлының К. Төлебайұлымен бірге жазған «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқұулығы» деген кітабы алғаш рет «Қазақстан халық ағарту комиссариаты» тарапынан 1934 жылы басылып шыққан. Бұл еңбектің ішінде «Сын есім» деген арнайы бөлім берілген. Ғалымның берген анықтамасы бойынша «Заттың сынын, түрін көрсететін сөз сын есім деп аталады. Ол қандай? деген сұраққа жауап береді» [31, 181]. Автордың ескертуінше, сын есімдер көбінесе сөйлем мүшесі ретінде анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен қатар мұнда балалардың сын есімді оңтайлы әрі жеңіл үйреніп алуына байланысты тапсырмалар орын алған.

Т. Шонанұлы қазақ тілінің емлесі туралы құнды ғылыми тұжырымдарын жеткізген. Бұл тұжырымдардың ішінде сын есімнің жазылуына қатысты ережелер де бар. Ол осында «бірге тіркесіп келетін зат есім мен сын есім бөлек жазылуы керек. Ал біріккен сөзге айналған тілдік бірліктер басқа сөздер сияқты сызықшамен бөлініп жазылуы қажет. Сонымен қатар сын есімнің күшейтпелі шырайын тудыратын сөздер де сызықша арқылы бөлінуі тиіс» дейді [32, 11]. Бұл принциптің бүгінгі таңда да сақталып келе жатқандығы белгілі. Ағартушы емлеге қатысты ойының тағы бір жерінде егер шет тілінен енген сөз (мәселен, социалистический) сын есім мәнінде жұмсалса, қазақ тіліндегі сотсиал деген түбіріне де сын есімнің жұрнағын қосуға әуеспіз, мұның бір шешімін табу керек деген пікір айтады [32, 18]. Кейбір түркі тілдерінде, мәселен, түрікшеде социал сөзі сын есімнің қатыстық жұрнағынсыз (мәселен, истік) жеке-дара күйінде қолданыла беретіндігін ескерсек, Т. Шонанұлының бұл пікірінің жаны бар екендігін аңғарамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, шет тілінен енген кірме сөздерге қосымша жалғауға деген әуестіктің арты қазақ тіліндегі көптеген сөздердің келсін-келмесін «-лық», «-лік», «-дық», «-дік» қосымшасымен бірге жұмсалуына әкелді. Телжан Шонанұлы сол себептен «соңына орыс тіліндегі сын есім жалғауы қосылған электрический, технический, коммунистический сияқты сөздер қазақ тіліне аударылып берілген кезде электр, техника, коммунист сияқты жұрнақтан ада, түбір тұлғасында берілсін деп түйіндейді [32, 24].

Сонымен қатар Елдес Омарұлының да қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі ерекше. Ол тіл білімінің түрлі тақырыптарына қатысты, атап айтқанда, жазу, емле, дыбыс, таңба, әліпби мәселелеріне арнап 31 мақала жазған, сондай-ақ, «Синтаксис танытқыш» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген. Ол «қазақша жазу жайы» деген мақаласында Қ. Жұбанұлының сын есімдерге қатысты көзқарасына жақын ой қорытады. Е. Омарұлы осы мақаласында сын есімнің күшейтпелі шырайлары жайлы айтып, оларды айту, жазу мәселесін талқылайды. Ғалым «Қазақ тілінде сын есімдердің бас буындағы дауысты дыбысына «п» қосып, сөздің алдына келтіріп айтуға болады. «Қара»-ның алдына қап деп қосып, қап-қара дейміз. «Қысқа»-ға алдына қып қосып, қып-қысқа дейміз. «Айт»-ты сын есім мағынасында айтқанда, оған да солай дауысты дыбысына «п» қосып, әп-әйт деуге болады. «Бит»-ке -тей деген жұрнақ қосып, биттей деуге болады, «биттей»-ді біп-биттей қылуға болады. Әйп-әйт деп те, бип-бит деп те қазақтың баласы айтпайды. Мұнан «әйт», «бит»-тердің ішіндегі дауысты дыбыстар да орыстың «и» емес, қазақтың «ы»-сы екені, «ы»- дан соңғы («ы»-ның өзі бітеу буында болған соң жазылмаған) дыбыс дауыссыз «й» екені ыспатталады» деп көрсетеді [33, 27]. Ол зат есімнің адъективтену, яғни сын есімге айналу құбылысын талдайды. Ғалымның сөзіне қарағанда, сияқты, тәрізді, құсаған тәрізді үстеулер де о баста зат есім болған, кейіннен үстеуге ауысқан [33, 237]. Е. Омарұлы сын есімдерді 1) туынды сын есім, 2) жай сын есім, 3) адъективтенген сын есім деп үшке бөледі [33, 254]. Бұл классификацияның қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдерді сапалық сын есім және қатыстық сын есім деп бөлуге жуық келетіндігін, бірақ адъективтенген сын есімнің қатыстық сын есім болып кететіндігін көруге болады.

Осы кезеңде қазақ тіл білімінің қатысты құнды зерттеу еңбектер жазған тағы бір ғалым Қошке Кемеңгерұлы болатын. Оның үш томға жүк болатын еңбегі тәуелсіздік алғаннан кейін толықтырылып, ғылыми түсініктермен жарыққа шықты. Қошке Кемеңгерұлы да сын есім мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірген. Ол негізінен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін басшылыққа алған. Қ.Кемеңгерұлы сын есім, есімше, тұйық етістіктердің субстантивтенгеннен кейін септеліп, көптелетінін айтқан [34, 19]

Осы бөлімге қатысты ойымызды жинақтай келгенде, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы, Қ. Кемеңгерұлы сияқты ХХ ғасырдың бас кезіндегі тілші қайраткерлер қазақ тілінің грамматикасы саласының зерттелуі мен зерделенуіне, оқу-ағарту жұмыстары арқылы меңгертілуіне үлкен үлес қосты. Олар әсіресе сөз таптарына қатысты іргелі жұмыстарды жүзеге асырып, сын есімнің тұлғасын, қасиетін, сапасын, басқа сөз таптарынан ерекшелігі мен ұқсастығын айқындай білді. Сонымен қатар сын есімнің негізгі категориялары (шырай категориясы) мен қосымшаларды да санамалап көрсетіп, мысалдармен айқын түсіндіріп жеткізді. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдерге қатысты ғылыми тұжырымдардың бастауында осы үш бірдей ағартушы қайраткердің ой-пікірлері мен қағида-ережелері тұратындығы даусыз.

Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі зерттеушілер сын есімнің мағынасын, жасалуын, шырай түрлерін өзіндік ерекшеліктерін арнайы сөз етеді. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы, Қ. Кемеңгерұлы сияқты ғалымдар сын есімнің мынадай негізгі белгілерін көрсетеді:

а) сын есімдерді шырай категориясына түрлене алуына қарай сапалық және қатыстық деп топтастырады;

ә) орыс тілімен салыстыра отырып, қазақ тіліндегі сын есімдердің баяндауыш қызметінде тұрып түрлене алмайтынын, еш өзгеріске түспей-ақ анықтауыш, баяндауыш бола алатынын көрсетеді;

б) А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов еңбектерінде үш шырайды атап, жай шырай (положительная степень) түрін де шырай қатарында қарастырады. Қ. Кемеңгерұлы сын есімнің екі түрлі шырайын (салыстырмалы, таңдаулы) атайды да жай шырайды шырай қатарында қарастырмайды;

в) ғалымдар қатыстық сын есімдердің жасалу жолдарын көрсетеді;

г) -шыл, -ғыл, -ғылт, -ша, -лау жұрнақтарын шырай көрсеткіштері қатарына қоспай, сын есімнен сын есім тудырушы қосымша ретінде таниды;

ғ) сын есімнің затсымақтанатынын (субстантивизация) үстеусімектенетінін* (адвербиализация) айтады;

д) сапалық сын есімдерден кейін -сымақ, -шыл, -нікі, -лық, -лы, -лау, -шылық, -дай жұрнақтары жалғана алатынын айтады.

А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың көп сөзі қосылуы арқылы да жасалынатынын айтса, Қ.Кемеңгерұлы оны шырай көрсеткіші ретінде келтірмейді. Т.Шонанов күшейткіш буынды сын есімдерді «ласкательная форма прилагательных» деп жеке топтастырса, Қ.Кемеңгерұлы оны таңдаулы шырай құрамында түсіндіреді.

Қ.Жұбановтың сын есімді, шырайларды түсіндіруі өзіне дейінгі ғалымдардан өзгешелеу. Ғалым шырайдың 6 түрін көрсетеді: жай шырай, кесімді-араластырмалы шырай, салыстырмалы шағын шырай, жалаң шағын шырай, таңдаулы шырай, орта шырай. Қ.Жұбанов А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі шырай түрлерін жасалу жолдарына қарай саралай түскені байқалады. Мәселен, салыстырмалы шырай ретінде танылып келген -лау/-леу'>-рақ/-рек'>-рақ/-рек жұрнағының қатысуымен немесе оның жасырын келуімен‚ шығыс септігінің қатысуы арқылы жасалған түрін (білімге кедей – білімге кедейірек‚ малға бай – малға байырақ) Қ.Жұбанов салыстырмалы шағын шырай‚ кесімді-араластырмалы шырай деп жеке-жеке топтарға бөледі. А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің көп сөзімен тіркесуі арқылы жасала алатынан айтса, Қ.Жұбанов бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды орта шырай деп бөлек береді.

Сонымен қатар Қ.Жұбанов салыстырмалы шырайдың -рақ/-рек қосымшасымен қатар -лау/-леу жұрнағы арқылы да жасалынатынын көрсетеді. Ал оған дейінгі ғалымдар -лау/-леу жұрнағын салыстырмалы шырай көрсеткіші ретінде келтірмеген. Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде танылып жүрген -ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -ақ демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен оқулықтарда сабақтастық тапқан. Мәселен І.Кеңесбаев, С.Аманжолов. Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде -рақ/-рек жұрнақтарымен бірге -лау/-леу қосымшасы да беріледі.

С.Е.Малов ұйғыр жазбаларында, Манихей ескерткіштерінде -рақ/-рек грамматикалық көрсеткіші кездесетінін айтса [25, 194], М.Томанов -рақ/-рек және -лау/-леу жұрнақтарының бір негізден өрбігенін, яғни л>р, у>қ дыбыстық сәйкестігінің нәтижесінде негіз екі түрлі жұрнаққа жарылғанын көрсетеді [126]. Н.Ильминский де -лау/-леу жұрнағы қазақ тіліне ғана тән екендігін айтады. Бұл пікірді Ғ.Мұсабаев та қуаттайды. Ендеше, -лау/-леу жұрнағы о баста -рақ/-рек жұрнағынан тарағанымен, кейіннен екі жұрнақтың да сақталып қалғанын көреміз. Тілде үнемдеу заңы - үнемі жүріп жататын процесс. Алайда бір мәнді білдіретін екі түрлі жұрнақтың қатар қолданылуының өзіндік себептері бар сияқты. Мәселен, -ғыл‚ -ғылт (-ым), -шыл, -қай, -аң т.б. жұрнақтар кез келген сапалық сын есімдерге жалғана бермей, сөздерді талғап жалғанады. Бұл жұрнақтар сұр, ақ, көк, сары, қоңыр, боз, қызыл т.б. сын есімдерді қамтығанымен, қара, жасыл, жирен, күлгін, үзын, сопақ, шолақ, қаракөк т.с.c. сын есімдерге жалғана алмайды. Ал табиғаттағы түстердің түрлі реңкі аталған сын есімдерге де тән екені белгілі. Олар -лау/-леу жүрнағының қатысуымен жасалады. Оның үстіне -ғылт‚ -ғылт(-ым) жұрнақтары үнемі сол белгінің әлсіздігін, солғындығын ғана білдіріп қоймайды, көп жағдайда белгінің, реңктің күшейе түсуін көрсетеді. Қ.Кемеңгерұлы аталған жұрнақтың мәнін: «…прибавляясь к имени прилагательному обозначает сходство, но более сильное, бозғыл-более белый, сизый, сұрғылт-более серый, тұшқылтым-более пресный»,-деп түсіндіреді.

Ал осы белгілердің әлсіз түрі -лау/-леу жұрнағының қатысуымен жасалады. Осыған байланысты А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы -лау/-леу жұрнағын шырай қатарында қарастырмаған деп ойлаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет