Қазақстан республикасы білім жіне ғылым министрлігі


Сын есімді танып-танытудағы кейінгі ұстанымдармен сабақтастығы



бет13/17
Дата15.02.2022
өлшемі178,5 Kb.
#25545
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Серікова Арайлым дипломдық жұмысы

2.1. Сын есімді танып-танытудағы кейінгі ұстанымдармен сабақтастығы

Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде сын есімнің жасалуы (жұрнақ жалғану арқылы, тіркесу, бірігу, қосарлану арқылы) сөзжасамда арнайы қарастырылса, С.Аманжолов сын есімнің 3 түрлі жолмен жасалатынын айтады: а) негізгі сын есім; ә) туынды сын есім; б) екі зат есімнің қатар келуі (темір күрек). Мұнда, біріншіден, сын есімнің бірігу, тіркесу, қосарлану тәсілдері арқылы жасалуы қамтылмай қалған, екінші жағынан, екі зат есім қатар келгенде, алдыңғы сыңары анықтауыштық қызметте қолданылғанымен, түбегейлі сын есімге ауысып кете алмайды. Қ.Кемеңгерұлының сын есімдердің жасалуы туралы тұжырымдарында мұндай жаңсақтықтар кездеспейді. Сонымен қатар С.Аманжолов салыстырмалы шырай көрсеткіші ретінде -ғылт(-ым) жұрнағын да атайды.

Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев оқулығында -ғыл‚ -ғылт(ым), -шыл‚ -іл-дір т.б. жұрнақтары шырай ретінде түсіндіріледі. Бұл жағынан С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев еңбектері Қ.Жұбанов ойларына ұқсас.

-ақ демеулігін таңдаулы шырай көрсеткіші деп тануы жағынан да І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектері мен Қ.Жұбанов тұжырымдары өзара сабақтас. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай көрсеткіштері қатарында берілмейді. Бұл орайда ғалымдар -ақ демеулігінің үнемі таңдаулы шырай мәнінде қолданыла алмайтынын, кейде шектеу (өзі-ақ, жалғыз-ақ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе алмайтынын ескерген болуы керек. Қ.Жұбанов 6 түрлі шырайды көрсетсе, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев 3 түрлі шырайды көрсетеді. Бұл жағынан алғанда, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов еңбектеріне сүйенгендері байқалады.

Сонымен, қолданған атаулары, шырайды жасалуына қарай дараламай, мағыналық ұқсастықтарына байланысты топтастыра беру жағынан С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев еңбектері А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріне ұқсас.

1930-1980 жылдары қазақ тіл білімінің түрлі салаларда зерттеу арналары ашылды. Бұл кезеңде сын есімді зерттеуге Ғ. Мұсабаев, С. Исаев, А. Ысқақов сияқты ғалымдар жұмылды. Қазақ тіл білімінде Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов, М.Томановтардың еңбектері сын есімнің тарихына қосылған елеулі үлес болып табылады. Мысалы, Ж.Шәкеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты монографиялық жұмысында сын есімдерге қатысты пікірлер қамтылып, сын есімдер лексика-грамматикалық тұрғыдан сөз болады. Онда сын есімдердің сөз табы ретінде тұлғасы, олардың мағыналық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметінің өрісі, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері ғылыми тұрғыда жеке-жеке қарастырылады [6].

Сонымен бірге Ф.Мұсабекова, Ф.Оразбаева, С.Сарбалаев, Г.Мамаевалардың сын есім категориясын әр түрлі қырынан зерттеген еңбектерінде сын есімді сөз табы ретіндегі жекелеген ерекшеліктері, өзге сөз таптарымен арақатынасы, сын есім сөзжасамдағы негізгі сөз тудырушы тәсілдері мен заңдылықтары қарастырылады. Сын есімдерді құрамына қарай түбір және туынды деп екіге бөліп қарастырумен бірге олардың синтаксистік қызметі де көрсетіледі.

Бұлардың ішінде Ғ. Мұсабаевтың зерттеулері қазақ тіл білімінің дамуына, теориялық тұрғыдан баюына қосылған үлкен үлес ретінде бағалауға тұратын дүниелер.

Ғалымның ғылыми шығармашылығы сан салалы, ол кең тынысты филолог. Проф. Ғ. Мұсабаев қазақ тілі тарихы, диалектология, этногенез, қазақ əдеби тілі (негізі, қалыптасуы, дамуы т.б.), тарихи лексикология, этимология, семасиология, грамматика, лексикология мен тіл тарихының оқулықтары, лексикография, жазба ескерткіштер, көркем шығарма тілі т.б. мəселелерге қалам тартты. Яғни, ғалым араласпаған, пікір айтпаған қазақ тіл білімінің саласы кемде-кем.

Атап айтқанда, ол қазақ тілінің морфологиясын зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі болды. 1948 жылы «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген зерттеуі үшін филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алады. «Из истории аффиксов казахского языка», «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар», «Қосымша -дай, -дей, -тай, -тей туралы» т.б. мақалаларында грамматика мəселелері қарастырылады.

Ғ. Мұсабаевтың көп жыл уақытын бөліп зерттеген саласы – тіл тарихы. Оның «Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан» (1-бөлім), «Қазақ тілі тарихынан» деп аталатын тіл тарихына, қалыптасу кезеңіне, түркі-моңғол тілдерінің бір негіз тілден шыққандығына қатысты ой-пікірлері қазіргі зерттеулерде жалғасын табуда. Тіл тарихына байланысты еңбектерінде ол түркі тілдеріне қатысты ортақ мұраларға, тұлғаларға, көне таңба, жазуларға өзіндік көзқарасын айқын білдіріп отырады; түркі тілдеріндегі бір буынды сөздің барлығы тұйық буынды болған деп тұжырымдайды; тарихи дыбыстық сəйкестіктерге назар аударып, нақты фоно-морфологиялық талдаулар жасайды. Мəселен, жұрнақ, жалғаулардың генезисі қазір кезде түсініксіз болғанмен, бұрын дербес сөз болғаны, одан шылауға ауысқаны, одан əрі жұрнақ болып өзгеріп кеткендігі жөнінде қисынды пікірлер айтады.

Қазақ тілі грамматикасының өзге мәселелері сияқты сын есімді, оның шырай категориясын арнайы монографиялық жолмен зерттеу мәселесі де үлкен белеске көтерілді. Осыған орай, шырайдың формалары мен түрлерін анықтау мәселесі де ғылыми жағынан дұрыс талданып, олардың көптеген күңгірт жақтары ашылып, негізгі түйіндері дұрыс шешілді. Дегенмен, шырай формаларын анықтауда болсын, шырай түрлерін айқындауда болсын әлі де ойлана, қарастыра түсетін кейбір мәселелер де жоқ емес. Мысалы, осы мәсәлені арнайы зерттеген ғалымдарымыз Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкеновтың шырай формаларын анықтауда бір-бірінен ажырайтын айырма қөзқарастары мен пікірлері бар екендігі белгілі. Осы ғалымдарымыздың шырай түрлерін айқындаудағы көзқарастарына келейік.

Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі шырай категориясын жан, жақты, егжей-тегжейлі зерделеген ғалым. Ол шырайдың жасалуы үшін сөздердің бір-бірімен салыстырылуы принципі басты назарда тұруы керек екендігін ескертеді. Яғни белгілі бір сын есім шырай болуы үшін оның шырайлық ұғымын анықтайтын басқа бір сын есімнің де болмағы шарт. Ғалымның айтуынша, мұның астарында адамның дүниені тануға деген ынта-ықыласы жатқан болса керек. Өйткені адам баласының әлемді танып-білуі бір затты басқа бір нәрсемен салыстыруы арқылы жүзеге асады. Бұл бойынша бір затты екіншісіне қарама-қарсы қойып салғастыру әдісіне жүгінеді.

Ғ. Мұсабаев жай шырай деген терминге байланысты өзінің көзқарасын, пікірін білдіреді. Ол академик В.В. Виноградовтың «жай шырай тиянақты, тұрлаулы емес» деген пікірін келтіреді [35, 222]. Жай шырай деп жіктеу қағидасы орыс тілінде қарастырылып келе жатқандығын алға тартқан ғалым ең алғаш зерттеуші Буслаевтың «жай шырай» [36, 72] деген ұғымды қолданысқа енгізгенін жеткізеді. Содан бері жай шырайды шырай категорияларының арасына енгізіп, қолдану дәстүрге айналып кеткен. Бірақ кейбір зерттеушілердің еңбектерінде ол шырай қатарынан шығып та қалған. Сонымен бірге көптеген ғалымдар жай шырайдың сипатында шырайлық ұғым жоқ екенін мойындаса да, тіл біліміне байланысты оқулықтар мен кітаптарда әдетте жай шырайды шырайлардың бірі ретінде енгізу күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ғ. Мұсабаев шырайлар жайлы айтқан кезде профессор Бархударовтың орыс тіліндегі шырайларға қатысты тұжырымын айтып, оның орыс тілінде екі ғана шырай түрі бар екендігін келтірген тұжырымын береді. Профессор Бархударов «Сапалық сын есімдердің екі түрлі шырайы ғана бар: салыстырмалы және күшейтпелі шырай. Салыстырмалы шырай бір заттың қандай да бір қасиеті екінші бір нәрсеге қарағанда көбірек, артығырақ екенін білдіреді. Мәселен: Волга Днепрден ұзынырақ, Күн Айдан жарығырақ. Алтын күмістен қымбатырақ деген мысалдарды қарастыратын болсақ, мұндағы үш түрлі сөйлемде де бір заттың екіншісінен артығырақ, ұзынырақ екендігі көрсетіледі.

Ал күшейтпелі шырай бір затқа тиесілі қандай да бір қасиеттің басқа барлық заттарға қарағанда өте көп мөлшерде, көлемде екенін белгілейді. Мәселен, «Кеңес Армиясы – қазіргі армиялардың ең күштісі. Эверест – әлемдегі ең биік тау».

Ескерту: салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырайға қатынасына келетін болсақ, олар түзіліп шыққан сын есім жай шырай деп аталады: ұзын, жарық, күшті. Бірақ бұлар шырай санатына кірмейді» [37, 93].

Орыс тіліне арнап педагогикалық училище білімгерлері үшін оқулық жазған Змеский, Светлаев, Крючков деген ғалымдар болса, шырайлар санын үшке жеткізеді: «Сапалық сын есімдердің үш шырай түрі бар: жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.

Жай шырай бір заттың қасиетін басқа бір затпен салыстырусыз түрде білдіреді, мәселен: қызыл гүл, жақсы адам. Салыстырмалы шырай бір заттың қасиетін басқа бір заттың дәл сондай қасиетімен салыстыра отырып білдіреді, мәселен: қызғалдық – әдемі гүл, бірақ райхан одан да әдемірек. Қалайы мысқа қарағанда ерігіш металл.

Күшейтпелі шырай заттағы бір қасиеттің басқа заттағы дәл сондай қасиетпен салыстырғанда өте жоғары дәрежеде екенін білдіреді. Мәселен: Волга – Еуропа Ресейіндегі өзендердің ең ұзыны әрі ең көлемдісі. Иванов – екінші курстағы ең жас студент».

Осылайша, орыс тілінің грамматикасына қатысты зерттеу еңбек пен оқулық жазған авторлардың өзі шырайларды жіктеу мәселесінде бір көзқарасқа сүйенбейді, деп атап көрсетеді Ғ. Мұсабаев. Оның сөзіне қарағанда, жай шырайды бүге-шігесіне дейін зерделеп, оның өз алдына бөлек шырай категориясы бола алмайтынын дәлелдеген ғалым А.С. Никулин [38, 51]. Ол жай шырайды бұдан бұрынғы зерттеушілер сын есімнің басқа қасиеттермен салыстырмай тұрғандай күйі, тілдің бір «нормасы» дегендігін алға тартады. Жай шырайды талдап-тексермей шырай түрі ретінде қосудың астында идалистік ой жатқандығын, сондықтан мұны әбден сыннан өткізіп алып барып қосу керектігін ескертеді [38, 52].

Ғ. Мұсабаев болса, бұл пікірдің дұрыс екендігін айтады. Оны жай шырай деп атағанмен, мұнда ешқандай шырай элементінің кездеспейтінін көрсетеді. Ол үшін зерттеуші қазақ тілінен мысалдар алып келтіреді. Мысалы: «Үлкен ағаш үйді ол жатақ еткен» (М. Əу.). «Қарағайдың биік басына ұя салған көп құстар» (С. Мұқ.). «Ие, деген – деп, кексе əйел басын бір изеді» (Ғ.Сл.). «Кескен, келте қара шашын кейін серпіп тастайды» (Ғ. Мұст.). Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны кейкі. Бұйра шаш, дөң жауырын қыз (Біржан). Жіңішке ине мен жуан иненің арасындағы жуантық инені «бəсең ине» дейді (Академиялық сөздік, қолжазба, І т.). Қызыл тілді сөйлеткен қаусырма жақтың арасы. Айналаң – жазық, кең дала. Аспан мен жазықтан бөтен көзге түсер ешнəрсе жоқ.

Зерттеушінің пікірінше, осы келтірілген мысалдардағы сын есімдер сөйлем мүшесі ретінде анықтауыш қызметін атқарғаны болмаса, ешқандай салыстыру, шырай дәрежесінің бар екендігі көрінбейді. Сол үшін бұлар өз алдына шырай бола алмайды.

Ғ. Мұсабаевтың айтуы бойынша, сын есімнің шырай жасакйтын өзіне тән жеке жұрнақтары бар, тек солар қосылып жалғанғанда ғана шырай түрі шығуы мүмкін. Мысалы: үлкендеу кісі, биіктеу төбе дегенде «-деу», «-теу» жұрнақтары заттың қасиетінің басқа сондай затқа қарағанда артықтау, көптеу екендігін көрсетеді: үлкендеу, биіктеу. Бірақ есімшенің «-ған», «-ген», «-қан», «-кен» етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтары қосылу арқылы жасалған сын есімдер шырай бола алмайды. Бұған мысал ретінде «оқыған жігіт» деген етістікті тіркесті келтіруге болады. Оны «оқығандау жігіт» деп салыстырмалы түрде беруге болмайды. Бірақ бұл жерде жұрнақтар жалғанбаса да, «өзгелерге қарағанда» деген сияқты сөз қосып, салыстырмалы мәнді жеткізуге мүмкіндік бар.

Осылайша, Ғ. Мұсабаев қазіргі қазақ тілінің грамматикасында жай шырай деген сын есімнің категориясы бар деген түсініктерді қателік деп айқындайды. Ол ара-тұра қазақ тілі оқулықтарында кездесетін осындай сипаттағы қателіктерден арылу қажет екендігін алға тартады.

Жай шырайдың өз алдына бөлек шырай категориясы бола алмайтынын дәлелдеп болғаннан кейін Ғ. Мұсабаев шырайларға қатысты өзінің жасаған классификациясын ұсынады. Ол қазақ тілінде бес түрлі шырай бар деп көрсетеді. Олар төмендегілер:

1. Салыстырмалы шырай. Оның морфологиялық тұлғасы – рақ, рек (мысалы: жақсырақ, қызылырақ).

2. Бəсең шырай. Дау-деу, лау-леу, тау-теу (мысалы: жақындау, жуастау, сұрлау, кішілеу).

3. Шағын шырай. Оның морфологиялық тұлғасы – шіл, шыл, ғыл, ғылт, ғыш, – ілдір (мысалы: көкшіл, ақшыл, бозғыл, қызғылт, сарғыш, көгілдір).

4. Күшейтпелі шырай. Оның морфологиялық тұлғасы – күшейту буыны (мысалы: қып-қызыл, сап-сары, ап-ала).

5. Үдетпелі шырай. Бұл шырай күшейткіш үстеулер арқылы жасалады (мысалы: аса жақсы ат, тым жақсы кісі, өте биік тау) [6, 47].

Шырай түрлеріне жіктеу жасап, оларды көрсеткеннен кейін Ғ. Мұсабаев әрқайсысына жеке-жеке анықтама беріп, жасалу жолдарына тоқталады. Мәселен, салыстырмалы шырайға берген анықтамасында «белгілі бір нәрсенің немесе нәрселердің сапа, қасиетінің біреуінен артық не кемдігін салыстыра көрсетуді көздейтін шырай түрін салыстырмалы шырай» деп атайтындығын айтады. Олардың жасалу жолдарына келсек, салыстырмалы шырайлар негізінен сын есімдердің «-рақ», «-рек» жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Бұлар өзге түркі тілдерінде де кездесетін, өте көп таралған жұрнақтар. Жұмысымыздың бас жағындай айтып кеткендей, түркі тілдерінің грамматикасын арнайы зерттеген М. Казем-бек пен И.А. Батманов сынды ғалымдар «-рақ», «-рек» жұрнағының Анадолыда тіршілік ететін, яғни қазіргі Түркиядағы түріктерден басқа барлық түркілерде, татар, өзбек, қазақ, қырғыз тілдерінде кездесетіндігін дәлелдеп көрсеткен. Патша өкіметі кезінде қазақ тілін зерттеп, оқулықтар мен оқу құралдарын жазған орыс ғалымдары Катаринский, Мелиоранский мен Терентьевтер де қазақ тілінде сын есім өз алдына бөлек сөз табы бола алмайды деген түсінікті басшылыққа алғанымен, «-рақ», «-рек» жұрнақтарының шырай жасай алатын қасиетін мойындаған еді. Түркі тілдерінің көбісін қарастырып, арнайы еңбектер жазған Радлов пен Будагов сынды зерттеушілер де ХІХ ғасырдың ІІ жартысында грамматикаға қатысты тұжырымдарында бұл жұрнақтың шырай тудыратындығын белгілеген болатын. Ғ.Мұсабаев одан кейін осы аталған ғалымдардың еңбектеріндегі «-рақ», «-рек» жұрнақтарына қатысты пікірлерді келтіреді. М. Терентьев түркі тілдерінің грамматикасының қазақ тіліне арналған бөлімінде «салыстырмалы шырай «-рақ» жұрнағы арқылы жасалады» [39, 127] деп көрсетсе, Катаринский «Салыстырмалы шырай жай шырайға «-рақ», «-рек» жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады: мәселен, жақсы-жақсырақ» деген [40, 36]. Академик Радлв та түркі тілдеріне арналған сөздігінде «-рақ», «-рек» қосымшаларының шырай қосымшасы екендігін көрсетеді [41]. Қазан төңкерісіне дейін жазылған кітаптардың кейбірінде «-рақ», «-рек» жұрнағы кейде «дырақ» түрінде де кездесіп отырған [40]. Бірақ бұлар қазіргі қазақ әдеби тілінде сирек ұшырасады. Дегенмен осы «-дырақ», «-тырақ» түріндегі жұрнақтардың Түркияда тіршілік ететін түріктердің арасында кездесетіндігін айта кету керек. Мәселен, mavimtırak (көкшілірек), ekşimtırak (қышқылырақ), acımtırak (ащырақ). Түрік тілінің грамматикасын арнайы зерттеген ғалым Кононов «аффикстің құрамы анық емес, бәлкім, бұл -імти –рақ жұрнағынан тұратын күрделі аффикс болуы мүмкін, мұндағы - ымты – сөзжасам аффиксі, ал –рақ салыстырмалы шырайдың көнерген аффиксі» [18, 73] деген жорамал айтқан. Бұл жұрнақтың Алтай тілінде де кездесетіндігі Будаговқа тиесілі пікір [42, 694].

Жұрнақтардың басқа бір функцияға ие болуы, қызметінің ауысып отыруы кейбір жұрнақтардың көнеріп, мүлдем қолданыстан кетуі немесе басқа бір формада қызметін жалғастыруы тілдердің бәріне тән құбылыс. Яғни ешқандай тіл бір орнында қатып қалмайды, ол да тірі организм сияқты үнемі дамып-жетілу үдерісінде тұрады. Сондықтан кез келген тілдің грамматикасын қарастырған кезде сөздердің де, қосымшалардың да өзгеріске ұшырауы мүмкін екендігін ескеру керек.

Ғ. Мұсабаев «-рақ», «-рек» жұрнағының басқа сөз таптарына тиесілі сөздерге тікелей жалғана алмайтынын айтады. Ол үшін басқа сөз табындағы сөз, алдымен, сын есімге айналуы (адъективтену) керек. Осы процесс жүзеге асқаннан кейін барып «-рақ», «-рек» жұрнағы жалғанады.

Зерттеуші осы «-рақ», «-рек» жұрнағы жалғанатын сөздердің сөйлем ішінде сапалық, сонымен бірге предикаттық қызмет атқаратын ерекшелігі бүгінгі күнге дейін зерттелмегендігін көрсетеді. Аталмыш жұрнақтардың басты ерекшелігі осы болуға тиіс деген ой айтады. Сонымен бірге айта кететін тағы бір мәселе, бұл жұрнақ үстеу сөздерге де жалғана береді. Зерттеуші «-рақ», «-рек» жұрнағына қатысты ойларын тиянақтай келе, ол үстеулерге де жалғанғанымен, негізінен сын есімнің жұрнағы деген пікірге табан тірейді. Олардың функциясы өзі жалғанған сын есімге шырай мағынасын үстеу, яғни бір заттың қасиеті мен сапасының басқа бір заттың қасиеті не сапасынан не артық, не кем дәрежесін білдіру.

Ғ. Мұсабаев «-рақ», «-рек» жұрнағының өзге түркі тілдеріндегі қызметі мен көрінісіне де талдау жасай отырып, оның қырғыз тілінде екі заттың мөлшеріндегі айырмашылықты көрсететінін алға тартады [43, 43]. Ал өзбек тілінде «салыстырмалы сын есім «-рақ», «-рек» жұрнағы жалғану арқылы жасалады» [44, 69]. Түрікмен тілінде де «бір заттың басқасынан кем екендігін көрсеткен кезде «-рақ», «-рек» қосымшалары жалғанады» [45, 90]. Бұл жұрнақ башқұрт, шор тілдерінде де бар. Мәселен, шор тілінде «Салыстырмалы шырай сапалық сын есімге «-аарақ», «-арық», «-арақ» қосымшаларының жалғануы жолымен жасалады. Сапалық сын есім бұл тіркесте бір заттың екінші бір заттан артық не кемдігін көрсетеді. Мысалдар: қызыл аарақ – қызылырақ: қызыз (әдемі). Ақ аарақ – ақ – арық – ақырақ» [14, 76].

Құмық тіліндегі салыстырмалы шырай туралы осы тілді арнайы зерттеген Н.К. Дмитриев былай деп ой қорытады: «Салыстырмалы шырай тарихи және теориялық жағынан «-ракъ», «-рек» аффиксімен сипатталады. Мәселен, алаша – алашарақъ, тенг – тенгрек. Тағы қоса кететін мәселе, құмық ауызекі сөйлеу тілінде бұл аффикс сирек қолданылады және әрбір сын есім бірдей кем не артық сипатты білдіре бермейді. Құмық тіліндегі салыстырмалы шырайдың қалыпты арақатынасы синтаксистік жолмен көрінеді және бұл тұрғыда оған бірқатар түркі тілдері (түрікмен, түрік және т.б.) жақын келеді [19, 70].

Ноғай тілінің грамматикасын қарастырған ғалым профессор Н. Баскаков «-рақ», «-рек» (ыр + ық, ир + ек) аффиксі сапалық сын есімдерге жалғана отырып, сол тектес белгілердің бар екендігін көрсететін сын есім формасын жасайды, мәселен: қызыл, қызылырақ, ақ – ағырақ, қатты – қаттырақ, тегіс – тегісірек, қиын - қиынырақ» дейді [17, 71].

Н.А. Баскаков қарақалпақ тіліндегі салыстырмалы шырай туралы былай деген:

«Сын есімнің «-рақ», «-рек» жұрнағы жалғану арқылы тікелей өзгеруі байқалады» дейді. Мәселен: қара-қарарақ, сары – сарырақ, қызыл – қызылырақ, жақсы – жақсырақ, ұзын – ұзынырақ, жас – жасырақ [16, 35-36]. Ал «түрік тіліндегі «-рақ», «-рек» жұрнағы – өнімсіз аффикс, оның көмегімен салыстырмалы шырай қалыптасқан. Қазіргі түрік тілінде құрамында көрсетілген аффиксі бар тек шектеулі ғана сын есімдер кездеседі, мәселен:

«acı (ащы) – acırak (ащырақ), ince (жіңішке) – incerek (жіңішкерек), alçak (төмен) – alçarak (төменірек), küçük (кіші) – küçürek (кішірек)» [18, 73].

Ғ. Мұсабаев «-рақ», «-рек» жұрнағының түрік тіліндегі функциясының осындай шектеулі сипатына қарап, оны сын есім шырайын жасайтын жұрнақ емес, сөз жасайтын жұрнақ деп қарастырған жөн дейді. Ол бұл мәселеде профессор А. Кононовтың, мәселен, бірқатар түркі тілдерінде салыстырмалы шырай жасау үшін қызмет ететін ufak (ұсақ) – ufarak (ұсағырақ), küçük (кіші) – küçürek (кішірек), «-рақ», «-рек» жұрнағы Анадолы түрік тілінде өнімсіз және тек кей сөздерде ғана сақталған» дейді [18, 169]. Демек, кейбір түркі тілдерінде бұл аффикс өлі жұрнаққа айналып бара жатқандығы айқын.

Түркі халықтарының көне әдеби жәдігерлерін зерделеп отырғанда, бұл жұрнақтың жиі кездесетіндігі байқалады. Мәселен, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде, Насируддин Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында», Бабурдың жолжазбаларында «Бабурнаме», Әбілғазының «Шаджара и-түрк» кітабында осы шырай жұрнақтары ұшырасады. Осыған қарап, сын есімдегі салыстырмалы шырай жасауға қатысатын осы жұрнақтардың ең ескі қосымшалар деп санауға негіз бар. Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімге тиесілі жұрнақтардың ешқайсысы көне әдеби шығармаларда кездеспейді.

Ғ. Мұсабаев шырайлардың екінші түрін бәсең шырай деп береді. Ол шырай дәрежесін солғындатып, бәсеңдеу танытатын шырай түріне жатады. Бәсең шырайды жасауға қатысатын жұрнақтар «-дау/деу», «-тау/теу», «-лау/леу» жұрнақтары. Аталмыш жұрнақтарға қатысты ой айтқан қазақ тілі мамандары С. Аманжолов, профессор І. Кеңесбаев пен Н. Сауранбаев оларды салыстырмалы шырайға еншілеп береді. Ғ. Мұсабаев бұл пікірдің дұрыс екендігін алға тартады. Бірақ екеуінің функциясы бірдей емес, себебі бәсең шырайда екі заттың қасиетін бір-бірімен салыстырмайды, бірінің қасиетін екіншісінен әлсіз, бәсең етіп көрсетеді. Бұл жайлы ХІХ ғасырдың екінші жартысында Мелиоранский тұспалдап болсын айтып кеткен [46]. Бәсең шырайға телінетін «-дау/деу», «-тау/теу», «-лау/леу» жұрнақтары Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде, Н. Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында», Бабурдың «Бабурнамесінде», сонымен қатар Әбілғазының «Түрік шежіресінде» кездеспейді. Соған қарағанда, бұл жұрнақтың кейіннен енген жұрнақ болмағы айқын деген ой айтады.

Ғ. Мұсабаев шырайдың үшінші түрін шағын шырай деп көрсетеді. Ол сын есімнің сапалық дәрежесін мүлдем төмен, әлсіз етіп жеткізеді. Ғалымның сөзінше, шағын шырай сапалық сын есімге төмендегі қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады: - ғыш, -ғылт, -шыл, -шіл, -ілдір, -ша, -ше. Осылардың ішінде «-ғыш» жұрнағы өте сирек қолданылады. Түркі тілдерінің тілдік мысалдарына жүгінгенде, өзбек және түркімен тілінде кездесетіндігі байқалады. Мәселен, «ақ – ақыш, көк – көкіш, сары - сарғыш». Ал «-ғылт» жұрнағы негізінен «сары», «қызыл» деген түр-түс атауларына жалғанады. Бірақ бұл «қызыл» сөзіне жалғанған кезде оның құрамындағы «-ыл» жұрнағы түсіп қалады. «Сары» сөзіндегі «-ы» қосымшасы да түседі. Сонымен қатар «шыл/шіл» жұрнағы негізгі сын есімге жалғанып келгенде ғана шырай мәнін туғызады. Ал бұл жұрнақ басқа сөз таптарынан болған сөздерге қосылғанда олардан сын есім тудыратын жұрнақ функциясын атқарады. Мысал ретінде, қора + шыл. Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн. Махамбет. «Шыл» жұрнағының жіңішке нұсқасы «шіл» болса, көбінесе түр-түс атауларына жалғанып, олардың төмен сипатын көрсетеді. Мәселен, көкшіл.

Ғ. Мұсабаев шырайдың төртінші түріне күшейтпелі шырайды жатқызады. Ол «бір заттың біркелкі сапасы мен қасиетін, санын салыстыра келіп, бір нәрседен екінші нәрсенің сапа деңгейін әсірелеп, күшейтіп көрсететін шырай түрі» [6, 69]. Оның жасалу жолдарына назар аударғанда, негізінен күшейткіш буындар арқылы туатынын көреміз. Мысалы: жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, қып-қызыл, үп-үлкен. Бұл шырай түрін түркі тілдерін зерттеген ғалымдардың бәрі бір ауыздан күшейтпелі шырай ретінде мақұлдаған. Күшейтпелі шырай түркі тілдерінің бәрінде дерлік орын алған. Башқұрт, татар, түрікмен, өзбек, қырғыз, ноғай тілдерінде күшейтпелі шыраймен келетін сын есім түрлері зерттелген.

Ғалым шырайлардың бесінші түрі ретінде үдетпелі шырайды келтіреді. Оған қарағанда, үдетпелі шырай «бір заттың біркелкі қасиеті мен мөлшерін салыстыра отырып, оның басқа бір заттың қасиеті не мөлшерінен өте артық не өте кем екендігін білдіретін шырай түрі» [6, 76]. Бұл шырайдың басқа шырайлардан ерекшелігі, оған ешқандай сын есімнің жұрнағы жалғанбайды. Тек сын есімнің алдына үстеу сөздер қосылуы қажет. Мағынасы жағынан бұл шырай түрі күшейтпелі шырайға жақын келеді. Бірақ Ғ. Мұсабаевтың ескертуіне сәйкес, екеуінің арасында әрі мағыналық, әрі тұлғалық жағынан айырмашылық бар. Басты айырмасы үдетпелі шырай сын есім сөзге жұрнақ жалғанбай немесе алдына күшейткіш буын қосылмай, алдына үстеудің келуі арқылы туындайды. Зерттеуші осындай жеке сөздерді тізбелеп келтіреді. Олар: тым, тым-ақ, дым-ақ, тіпті, тіптен шым, шымқай сөздері. Осы сөздер сын есімнің алдында келген кезде үдетпелі шырай туады деп көрсетеді. Ал үдетпелі шырайдың қызметін атқаратын сөздер де бар: қырмызы, мақпал, әсіре, орасан.

Ғ. Мұсабаевтың шырайларға қатысты классификациясының өз қисыны болғанымен, қазіргі қазақ тілінде бәсең шырай, шағын шырай мен үдетпелі шырайдың жоқ екендігін ескеру керек. Ғалым сонымен бірге қазақ тіліндегі шырайлардың жасалу жолдарына да назар аударады. Ол шырайдың жасалуының үш түрлі жолын көрсетеді: 1 – аналитикалық тәсіл; 2 – синтетикалық тәсіл; 3 – интонация тәсілі [6, 84].

Аналитикалық тәсілмен жасалатын шырайлар синтаксистік қатынастың әсерімен байланысқа түседі. Бұл шырай түрлеріне салыстырмалы, үдетпелі шырайларды жатқызуға болады. Яғни бұл шырай түрлері жұрнақсыз, жеке үстеу сөздер арқылы жасалатын шырайлар мен синтаксистік құрылыстар, яғни септік жалғаулары арқылы жасалатын шырайларды құрайды [6, 86]. Бұл тәсіл Ғ. Мұсабаевқа дейін қазақ тіл білімі саласында мүлдем зерттелмеген, қарастырылмаған тақырып. Аналитикалық тәсілмен жасалатын шырай түрлерін тудыратын шылаулар да/де, көрі/гөрі, анағұрлым, соғұрлым, шығыс септік жалғауы, ілік септігі, көмектес септігі.

Ал синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын шырайларға салыстырмалы шырайлар мысал бола алады. Синтетикалық тәсіл шырайдың қасиетін бір сөздің ішінде қосымшалар арқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасауға қатысатын жұрнақтар төменде берілген: «-рақ», «-рек», «-дау/деу», «-тау/теу», «-лау/леу», «ғыл-ғылт», «ғылтым», «ілтім», «шыл-шылтым» жұрнақтары.

Сонымен қатар шырай жасаудың үшінші тәсілі интонация деп аталады. Ол сөйлемдегі сөздердің екпініне, интонациясына байланысты туады. Мәселен, Шіркін, жеңгей-ай, ұстаған асың алтын-ау (С. Мұқ.). Таңғажайып, бір керемет (Əд. ж. И.). Əттең көзі кішілеу, əйтпесе, тамаша оратор, өткірін-ай көзінің, теңіздей тереңін-ай (Ғ. Мұст.). Мұның өзі таңғажайып, мүлде таңғажайып іс (бұ да сонда). Таңданып, атқа бір қарап: – мал-ақ-ау шіркін, – деді (Ғ. Сл.). Па, шіркін, жүрісіне болайын. Жүрісі қандай жақсы (С. Мұқ.). Суы мол, арасы кең айдын, орманды өзен жағасы, қандай сұлу (Əд. ж. И.) [6, 87]. Бұлар көбінесе таңырқау, мақтау, қолпаштау, дәріптеу мәнінде айтылатын сөздерден байқалады.

Терминдерді бірыңғайластыру жайында. Ғ.Мұсабаев аса жақсы, өте үлкен, аласа тәрізді аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын форманы үдетпелі шырай деп атаса, Ж.Шәкенов оны таңдаулы шырай деп атаған. Ал «Қазіргі қазақ тілі» кітабында ол форма асырмалы шырай делінген. Егер де мазмұнына қарасақ, аса жақсы дегеннен үдеу мәні емес, асыра мақтау мәні аңғарылады. Мұнда, әрине, таңдау мәні жоқ емес, бірақ бұл термин жоғарыдағы формалардың сырын аша алмайды, өйткені оларда таңдаулық қасиет жоқ, керісінше, бір белгіні я асыра ұлғайту, я асыра төмендету мағыналары бар. Сол себептен де үдетпелі шырай немесе таңдаулы шырай деген терминдерден гөрі асырмалы шырай деген мазмұны жағынан әлдеқайда орынды да, қолайлы да.

Қазақ тіліндегі сын есімді сөз еткенде өз алдына тоқтауды керек ететін - Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген тақырыпта жазған еңбегі. Осы еңбегінде тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы өзгеретін сияқты жұрнақтар да бірден пайда болмаған, бұлар да тілдің өсу, даму жолында қалыптасып, грамматикалық құрлымының ерекшеліктеріне лайық болғанына тоқталып, туынды сын есім жасайтын жұрнақтардың кейбіреуіне тоқталған.

Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлелі бар екендігі, бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі – сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді. Мәселен, жоғарыда аталған еңбекте сын есімде төрт түрлі сипаттың барлығы:

1) Лексикалық мағынасының болуы;

2) Шырай жұрнағының -рақ, -рек, - ті жалғай алуы;

3) Зат есімге тән жұрнақ – жалғаудың тіекелей қосылмайтындығы;

4) Сөйлемде анықтауыш мүше қызметін атқаруын, егер осы төрт түрлі белгісі бір жерде түйісіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын, сын есімге қоятын өлшемдердің осы екендігін айтқан.

Ғ. Мұсабаев «-дай», «-дей», «-тай», «-тей» жұрнағының тарихи шығу тегіне, яғни этимологиясына және функциясына арнайы тоқталған. Бұл қосымшалар қазіргі қазақ тілінде көп кездеседі және негізінен зат есімнен сын есім тудыру үшін қолданылады. Сонымен қатар теңеу мәнін де береді. Бұл жұрнақ түрлері барлық түркі тілдерінде де бар. Будагов бұл жұрнақты «ұқсату, теңеу, жатқызу, ұйғару» мәніндегі қосымша деп көрсетеді [42, 87]. Кезінде шағатай тілі кең қолданыста болған кезде бұл қосымшалар «дек, дик, дәк» түрінде берілген. Бұл Абайдың араб әріптері негізінде алғаш жазған өлеңінен де орын алған. Ескі түркі әдеби шығармаларында, мәселен, Насируддин Рабғузидің «Қисса сүл-әнбия» еңбегінде «тақ-/тек», «-дағ/тек» жұрнақтары «-дай», «-дей», «-тай», «-тей» жұрнақтарының орнына қолданылған. Бұл форма Әбілғазы Баһадүрдің «Түркі шежіресі» кітабында да «тек, дек» түрінде келе береді. Сонымен бірге бұл жұрнақ формасы қазақ, құмық тілдерінде «лайын», «дайын» нұсқасында да келе береді. Мәселен, қазақ тілінде «Сұңқардайын сыланып, аққудайын таранып» деген сипатта кездеседі. Мұның бәрі тілдің өзгеріп даму барысында ондағы жұрнақтардың да өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді. Осы тілдік мәліметтердің бәрін тарихи грамматикалық тұрғыдан іздеп, тауып дәлелдеген Ғ. Мұсабаевтың қазақ тілінің сын есім табы мен шырай категориясының зерттелуіндегі үлесі айрықша деп бағалауға болады.

Ғалым Сейілбек Исаев та қазақ тіліндегі сын есімдердің зерттелуіне қатысты ғылыми ойларын білдірген. Ол қазақ əдеби тілі мен тіл тарихынан басқа қазақ тілі грамматикасының теориялық мəселелерімен де үзбей айналысты. Соның нəтижесінде «Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар» (1992), «Қазақ тіліндегі сөздердің негізгі грамматикалық сипаты» (1998), серіктес авторлармен бірлесіп жазған «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі» (1997) секілді іргелі, көлемді кітаптары жарық көрді.

Сейілбек Исаев «Қазақ тілі» атты еңбегінде сын есімнің алты негізгі белгісін атап көрсетеді. Олар мыналар:

1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ қағаз, көк сия, қара костюм, сұр бұлт, құла бие, күрең ат, қызыл сиыр, жасыл желек, т.б.

2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік үй, кіші інісі, тар бөлме, ұзын жіп, жеңіл жүк.

3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы сөз, жаман ырым, сараң адам, тентек бала, алғыр оқушы, зерекоқушы, жалқау кісі.

4. Заттың дәміне, иісіне және басқа да сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы сөз, тұщы ас, қышқыл қымыз, тәтті су, жұмсақ төсек.

5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты жер, балалы үй, білімді жігіт, көтеріңкі көңіл, сусыз арна, қысқы каникул, аспалы шам, жазғы демалыс, төменгі ағыс.

6. Сын есім қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы; жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?)бөлме, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы.

Автор сын есімнің негізгі белгілерін осылай 6 топқа бөліп қарастырады да, оны құрамы жағынан негізгі және туынды болып екіге бөлінеді дейді. Ешбір қосымшасыз негізгі, ал қосымша арқылы жаңа сөз тудырса оны туындысын есім деп атайды. Сын есімнен туынды сөз тудыратын қосымшалар екіге бөлінеді: есім сөзден сын есім тудырушы және етістіктен сын есім тудырушы жұрнақтар.

Есім сөздерден сын есім тудырушы жұрнақтарға –лы (-лі, -ды,-ді, -ты, -ті), -сыз (-сіз), -ғы (-гі, -қы, -кі), -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік), -шыл (-шіл), -шаң (-шең), -дай (-дей, -тай, -тей), -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз, -и, -ы, -і жұрнақтарын алады. Сонымен бірге –лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) қосымшаларын зат есім жасайтын жұрнақтар дейді. Мысалы, күнделік, орындық, жақсылық,жамандық, т.б.

Етістіктен сын есім тудырушы жұрнақтарға –ғақ (-гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек): ұрысқақ, тайғақ, үркек; -ық (-ік, -қ, -к): толық,сынық, аштық, ақсақ; -ғыш (-гіш, қыш, -кіш): білгіш, жазғыш, көргіш; -ғыр (-гір, -қыр, -кір): өткір, ұшқыр, алғыр, тапқыр; -шақ (-шек): ұрыншақ, жасқаншақ, еріншек, мақтаншақ; -ыңқы (-іңкі, -ңқы, -ңкі): басыңқы, көтеріңкі, шашыңқы, салбыраңқы; -ынды (-інді, -нды, -нді): жасанды, белсенді, түйінді; -малы (-мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі): көтермелі, таңдамалы, айналмалы, көшпелі; -ымды (-імді, -мды, -мді): жарамды, шыдамды, қонымды: -аған (-еген): қашаған, сұзеген, тебеген, қабаған; -улы (-улі): ілулі, аяулы, асулы; -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе): қызба, бұрама, баспа, бояма.

Сын есім құрамы жағынан негізгі және түбір сын есім деп екіге бөлінетін болса, мағынасына қарай да екіге бөлінеді. Бірінші түрі сапалық сын есім. Оның екінші қатыстықсын есімнен басты айырмашылығы – түбірі сын есімнің өзінен болып, нәрсенің сынын тікелей анықтап көрсетеді. Мысалы, ақ, сары, биік, аласа, үлкен, үлкенірек, кішірек деген секілді. Ал басқа сөзтабы арқылы жасалған сын есімдерді қатыстықсын есімге жатқызамыз. Атауы айтып тұрғандай басқа бір есімнің қатысуымен жүзеге асады. Оның мағынасы қосымшалары жалғанған сөздің мағынасына, соның сыртқы-ішкі тұлғасына тікелей қатысты болуы керек. Мысалы, сулы киім деген тіркесті алатын болсақ осы жердегі сулы сөзі қатыстық сын есім болып табылады. Себебі су – зат есім, яғни басқа есімнің қатысуымен жасалды. Оған зат есімнен сын есім тудырушы –лы жұрнағы жалғану арқылы жаңа сөзді жасап тұр. Яғни, киімнің су екенін, ылғал екендігін көрсетіп мағыналық жағынан ұйқас болып тұр. Қатыстық сын есімнің жасалуындағы басты қағида – осы.

С. Исаевтың «-и тұлғалы қатыстық сын есімдер» деген еңбегі қазақ лексикалық қорындағы «-и» жұрнағымен келетін сын есімдердің этимологиясын, маңызын, қолданысын, функциясын анықтауда айрықша орынға ие. Ол қазіргі қазақ тілінде «-и» тұлғалы қатыстық сын есімдердің азайып кеткенін айтады. Олар: әдеби, әскери, ғылыми, іліми, діни, кәсіби, кітабы, мәдени, ресми, рухани, саяси, табиғи, тарихи т.б. сөздер. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көріп тұрған мерзімді баспасөз құралдарында бұл сөздердің көбісі кездеседі. Бұл кезеңдегі жағдайға байланысты саяси сөзімен келетін тіркестер көп ұшырасқан. Саяси сауат, саяси партия, саяси сабақ, саяси тəрбие, саяси сауатсыздық, саяси қаталық, саяси жағы, саяси адамдар, саяси орталық, саяси банкрот, саяси жол, саяси ағым, саяси бағыт, саяси мақсат, саяси хал, саяси тұрмыс, саяси ағарту, саяси жағдай, саяси бөлім, саяси басшы, жолбасшы, саяси астар, саяси сауат ашқыш мектептер, т.б. тіркестері қолданылған. Осы кезеңдердегі мерзімді баспасөз беттерінде мəдени, ресми, əскери, əдеби, тарихи, табиғи, ғылыми, ресми сөздерінің де тіркесімділігі арта бастағаны байқалады [47, 360].

Сын есімнің шырайлары тақырыбында ғалым С. Исаев оны былай түсіндіреді. Нәрсенің сапасы әрқашан бірдей бола бермейді. Олар бірде бірінен асып тұрады, бірде бірінен кем болады. Мысалы, ақ түстің өзі ішінен бірнеше түстерге бөлінеді. Аппақ болуы мүмкін, бірде ақ, ақшыл, ақтау, ағырақ болуы мүмкін. Сол сияқты басқа да сөздердің осындай салыстырмалы түрдегі белгілері бар. Осындай бір нәрсенің екіншісінен артық не кемдігін анықтап көрсету мақсатын білдіруді сын есімнің шырайлары деп атаймыз.

Шырай категориясы, әдетте, сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есім сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы, жақсы -жақсырақ – жап-жақсы, үлкен-үлкендеу, үп-үлкен, сары – сарылау – сап-сары – өте сары т.б. болса да, таулыдегеннен таулырақ, не тап-таулы, қте таулыдеп, кешкі дегеннен кешкілеу, не кеп-кешкі, аса кешкі деп шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни, сын есімнің бір түрі сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы – қатыстықсын есімдерге шырнай жұрнақтары жалғана алмайдыда, одан шырай түрлері жасалмайды. Яғни шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі – сапалық сын есімге ғана тән. Екіншіден, сын есім – қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық, қызметтік ерекшелігі – зат есімнің әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны белгілі.

Шырай категориясы семантикалық жағынан қарастырғанда сапалықсын есімнің реңдік мәні немесе белгі реңінің бір көрінісі болып табылады. Сөз табының реңдік мәні оның ерекше семантикалықтүрі болып саналады да, грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясы дәрежесіне жете алуы да, жете алмауы да мүмкін. Осы мәндес зат есімнің реңдік мәнді түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалатын тобы (әр түрлі эмоциялық-экспрессиялық мән үстейтін, сыйлау,құрметтеу, еркелету, қомсыну, кем тұту т.б. мән үстейтін) болса да зат есімнің жеке грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясы болып таныла алмайды. Ал етістіктің модальдылық сипаттағы түрлері бір емес, бірнеше грамматикалық категориясы (рай және шақ категориясы) болып қалыптасқан. Ал модальдылықтың үшінші бір тобы көмекші етістіктер (айтатын көрінеді, сөйлеп болмайды) және қосымшалар арқылы (-сы, -сі, -сын, -сін, -ымсыра, -імсіре, т.б.) жасалатын жеке сөздер де грамматикалық немесе лексика-грамматикалық дәрежесіне көтеріле алмады. Сондықтан да сапалық сын есімнің реңкі, сынның не белгінің рең мәнді тобы толық грамматикалық, лексика-грамматикалық категориясы бола алмай, оның белгілі реңкінің бір түрі –шырай түрі ғана лексика-грамматикалық категориясы болып қалыптасқан. Сондықтан да сынның белгісінің артық я кемін, солғын я айқын сияқты дәрежелерін білдіргеннің бәрі шырай көрсеткіші деп танылып келсе, әсіресе ондай таным арнайы зерттеулерден берік орын алса да, кейінгі еңбектерде оларды жаппай шырай тұлғалары деп тани бермей, осы айтылғандай сипаттары зерттеушілерді ойландыруда. А. Ысқақов белгінің реңін және шырай категориясын бөлеотырып, заттың белгісі, сипатыы біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрежеде болатындығын, яғни, сипатының немесе белгінің бір затта артық не кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады дейді. Ол заттың сындық белгілерініғ бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға –ғыл (-қыл), -ғылт (-қылт), -ғылтым (-қылтым), -ғыш, -ғана (-кене), -ілдер, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл (-шіл), -шылтым (-шілтім), -ша (-ше) қосымшалары жататынын айтады. Сонымен бірге шырай категориясы жасайтын қосымшаларға –рақ (-рек, -ырақ, -ірек) және -лау (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) екі қосымшасынан басқа өнімсіз жұрнақтар ретінде –қыл (-кіл, -ғыл, -ғылт), -тым, -шыл (-шіл), -қай, -ақ қосымшаларын жатқызады. Шырай формаларының қатарына –ша, -ше, -ақ, -ек, -ғыш, -қана, -кене секілді қосымшалар енбей қалған. Ал Ы. Маманов шырай категориясының тұлғалары деп бірді-екілі емес, сапалық сын есімнің баршасына да жалғана алатын, сөйтіп, сапалық сын есімнің кез-келген шырай түрін жасай алатын қосымшаларды айтады.

Сын есім шырайларын бөлу кезінде қазірге дейін шешілмей келе жатқан біршама мәселелер бар. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов оны үш топқа бөліп қарастырған. Кей оқулықтарда оның үш не төрт түрі бар деп те жазылады. Ал, Исаев оның тек екі түрін ғана көрсетеді. Олар: салыстырмалы және күшейтпелі шырай. Оларға анықтама бермес бұрын жоғарыда айтып өткен ерекше ақпаратты береді. Ол – шырайдың жасалу жолындағы екі түрлі ерекшелігі. Бірінші ерекшелігі – шырай тек сапалық сын есімдерден жасалуы. Оған таулы, таусыз сөздерін мысал етіп, бұл сөздердің тек бірнәрсеге қатыстығын беріп тұрғанын, оның не артық, не кемдігін көрсетпей тұрғанын айтады. Екінші ерекшелігіне сапалық сын есімге қосымшалар жалғану арқылы шырай жасалуын көрсетеді. Яғни, шырайлар жасалатын сын есім түрі – сапалықсын есім екенін жеткізеді.

Салыстырмалы шырай бірінші затты екіншісімен салыстыру арқылы жасалады. Ахмет Байтұрсынов сын есімнің жұрнақтарына тек –рақ, -рек жұрнақтарын қосқан. Ал Исаевта –лау (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу): жақсылау, сырылау, тереңдеу, сұрлау; -ғыл (-қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым): қызғылт, қызғылтым, сарғылт, бозғылт; -шыл (-шіл, -шылтым, -шілтім): ақшыл, ақшылтым, көкшіл; -ғыш, -ілдір: сарғыш, көгілдір, бозғыш; -ақ, -қай, -ша, -ше: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша және т.б.

С. Исаев күшейтпелі шырайды заттың не артық, не кем екенін көрсетуде береді деп атады. Қазір де күшейтпелі шырайдың қызметі нәрсенің артық-кемдігін беру арқылы жасалынады. Сонымен бірге «Тіл тағылымы» еңбегінде автор күшейтпелі шырайдың тек бір ғана жасалу жолын көрсеткен. Оған ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер деп алған. Ал С. Исаев бұлармен қатар тіпті, нағыз, шымқай, орасан, ыңғай, кілең, сияқты кұшейткіш үстеулердің тіркесуіарқылы жасалатын бір жолын көрсетеді. Екінші жолы сапалық сын есімнің алдына күшейткіш буындардың қосуылуы арқылы жасалады. Мысалы: біп-биік, ұп-ұзын, жап-жақын, сұп-суық, т.б.

Автор сын есімнің түрлерімен қатар оның жазылу емлесіне де көңіл бөлген. Дефис арқылы жазылатын сын есімдерге қайталанатын, күрделі сын есімдер мен күшейтпелі шырай арқыл жасалған сын есімдерді жатқызады: ап-ашық, ұзын-ұзын, қып-қысқа. Ал бөлек жазылатын сын есімдер қатарына тіркесу арқылы жасалған және күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрлелі күшейтпелі шырайларды жатқызады: тым әдемі, тым жақсы, ұзын бойлы, қара торы.

Бір түрлі түстің (белгінің) осындай әр қилы реңдері әдетте салыстыру арқылы айқындалады дедік. Бірақ ондай салыстырылатын түстің (заттың) я басқа сапаның реңдері я дәрежелері ең аз дегенде екеуден кем болмауы керек, өйткені түс я белгі біреу ғана болса, оны шендестіріп салыстыратын обьект болмайды. Ал осылайша кемі екі я онан да көп заттарды салыстырғанда, белгілердің реңдері, жоғарыда айтылғандай, я бәсең не солғын болып немесе ұлғайтып ауысып отырады. Мысалы, жоғарыдағы ақшыл, ақшылтым дегендер сол түстің реңі бәсең екенін білдірсе, ағырақ, аппақ, өте ақ дегендер сол ақ деген түстің реңі күшті екенін білдіреді.

Сонымен, заттың белгісі я сипаты (түрі, түсі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыны т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі (әр келкі) дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады. Заттың сындық белгілерін бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға –ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым, -ғыш, -ғана(-кене), -ілдір, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл, -шіл, -шылтым, - шілтім,, -ша (-ше) қосымшалары жатады.

Бұл қосымшалардың туынды формалар жасау қабілеттері сондайлықты мардымды емес. Олардың кейбіреуі тек бір ғана сөзге ( көг-ілдір, құба-қан), кейбіреулері екі сөзге (кішкене, азғана, кішкентай, азғантай, қоңырқай, құбақан, ақшыл, көкшіл, ақшылтым, көкшілтім) ғана жалғанса, кейбіреулері сарғыш, бозғыш, қызғыш, сұрғыш деген формалар –ғыш жұрнағы арқылы сары, боз, қыз(ыл), сұр деген түбірлерден жасалған. Ал бозғыл, сарғыл, қызғыл, сұрғыл, қуқыл, қатқыл, ашқыл, тұшқыл, қышқыл деген сөздер –ғыл(-қыл) жұрнағы арқылы жасалған: осы сөздердің бәріне де әуелі –т жұрнағын (бозғылт, сұрғылт), одан кейін –ым жұрнағын тіркеп ( сарғылтым, қызғылтым) жаңа формалар жасалады. Мысалы: Абайдың жүзінде ақшыл сұрғылт тартқан бір толқын білінді (М.Әуезов). Маржандай жылтыраған жұлдыз сөніп, Көк жүзі бозғылт тартты түсі өңіп (Б.Майлин). Бір сәтте сарғыш сәуле сұрғылт тартты (М.Әуезов).

Өзге қосымшаларға қарағанда, жаңа формалар тудыру жағынан –ша(-ше), -аң (-ең, -ң) жұрнақтары әжептәуір өнімді.

–ша (-ше) жұрнағы кейбір сапалық сын есімдерге еркін жалғана береді (ақша, қараша, сарыша, көкше, қызылша, сұрша, семізше, төртпақша, қысқаша т.б.) Бірақ, бұл жұрнақ сын есімнің өзге түрлерінің бәріне жалғанбайды. Ал бұл жұрнақ жалғанған сын есімнен сапаның олқы екені түсінілумен қатар, оған кішірею, бәсеңдеу реңі жамалғаны да білінеді. Мысалы, Ақ үйдің оң жағында кішірек қоңырша үй тұр(Ғ.Мұстафин). Ақша қар, көкше мұздар шағылысып, ғажайып бір суреттей жарқырасады (А.Тоқмағамбетов). Биікше тастақ төбенің басында кешкі ауылдың тірлік тынысын тыңдап Абай отыр (М.Әуезов) т.б. Осы сөйлемдердегі қоңырша, қараш, ақша, көкше деген сөздерден аталған түстердің толық емес, жетімсіз екенін аңғарсақ, биікше деген сөзден тастың биік емес, шағын я сәл ғана биік екенін бағдарлаймыз.

Тіліміздегі сын есімдерге тән қосымшалардың ішінен салыстыру мәнін туғызатын да, салыстыру қызметін атқаратын да формалар –лау(-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) және –рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнақтары ғана. Бұл екі жұрнақтың екеуі де тиісті белгіні салыстыру үшін қолданылады. Олардың формалары екі басқа болуларына қарай, үстейтін мағыналары мен қызметтері де екі түрлі. Атап айтқанда, –лау(-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнағы өзі қосылатын сындық белгіге (сын есімге) бәсеңдік, солғындық, шағындық реңк жамаса, –рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы, керісінше, басымдық, артықтық, молдық реңк жамайды. Сөйтіп, бұл екі форма заттың сапасын ( белгісін, аумағын, көлемін, қасиетін) атап қана қоймайды, ол сапа басқа бір салыстырылатын заттың сол сияқты сапасынан я кем, я артық (басым) екенін білдіру үшін қолданылады. Осыған сәйкес, олар салыстыру формалары (жұрнақтары) деп аталады.

–лау(-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнағы өзі жалғанатын сөздің лексикалық мағынасын өзгертпейді, тек оның семантикасына бәсеңдік, солғындық реңк үстейді. Осы ерекшелігіне сәйкес. Бұл жұрнақ сындық белгіні солғындатып, олқы етіп көрсетеді. Бұл жұрнақ негізгі және туынды сын есімдерге еркін жалғана береді. Мысалы, аласалау, ашықтау, алыстау, ақырындау, баяулау, биіктеу, әдемілеу, әдемішелеу, әдептілеу, ескілеу, көкшілдеу, көгілдірлеу, кішілеу, жуандау, жуастау, үлкендеу, ұзақтау, шолақтау, ұшқырлау, суықтау, сұйықтау, көтеріңкілеу, жабырқаңқылау т.б. Ол сөзін әдепсіздеу, тұрпайылау көрді(М.Әуезов). Сайлауларда сол мұнара қалыңдау ұялаған (М.Әуезов). Ол – момындау жігіт (Ғ.Мұстафин).

Бұл жұрнақ кейбір зат есімдерге де, үстеулерге де жалғанады да, оларға бәсең, солғын рең жамайды. Мысалы, дөңдеу, дөңестеу, далалау, балалау, бозбалалау, жарлау, кедейлеу, қарттау, қыраттау, ойпаттау, ызғырықтау т.б. Жұмыстан ол кештеу қайтады (Ғ.Мұстафин).Тек бір ғана балалау жігіт – күндізгі жылқышы бар екен (М.Әуезов).

–рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы да жалғанатын сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оның семантикасына артықтықты, басымдықты, молдықты білдіретіндей қосымша рең жамайды. Осы ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақ сындық белгіні күшейіңкі, өсіңкі етіп көрсетеді. Бұл жұрнақ та негізгі және туынды сын есімдерге жатырқамай, еркін жалғана береді. Мысалы, ащырақ, ауырырақ, алысырақ, биігірек, әдемірек, жуанырақ, сезімталырақ т.б.

-дай (-дей), -лық (-лік), -нікі, -малы және басқа кейбір жұрнақтар арқылы туған сын есімдерге –рақ (-рек, -ырақ, -ірек) қосымшасы қосылмайды.Мысалы, Акула біраз сұңғағырақ, Бұланбай біраз кесегірек көрінді (Ғ.Мүсірепов). Тиімдірек, қолайлырақ жұмысты оларға бересің (Ғ.Мүсірепов). Бұндай тиышсыздықтар тиыштықтан жайлырақ (Ғ.Мүсірепов).

–рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы үстеу сөздер мен модаль (бейтарап) сөздерге жалғанып, оларға ұлғайту, молайту, көбейту реңдерін үстейді. Мысалы, ілгерірек, төменірек, жоғарырақ, шеткерірек, бұрынырақ, қажеттіре т.б. Қаладан шетірек, биік элеватордың басында күшті прожектор айнала жанып тұр (Ғ.Мұстафин).Бұланбай бөлініп алғарақ шықты(Ғ.Мұстафин). Добров шапшаңырақ басып стол басына келді (С.Шаймерденов).

–рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы кейбір зат есімдерге де жалғанады. Мұнда да зат есімдердің семантикасына түрлі өсіңкі реңдер жамалады. Мысалы, баларақ, ұятырақ т.б. Баларақ кезімде көрген бір оқиға есіме түсіп кетті (С.Мұқанов). Топ арасында құлап жатсақ ұятырақ болар (С.Шаймерденов).

Заттың белгісінің реңі сын есімге тән үстеме буын арқылы да беріледі. Мысалы, қызыл мен қып-қызыл бір түрлі түсті білдіргенімен, бір-бірінен айырмашылығы бар екі түрлі реңді білдіреді. Мұндағы қызыл сөзі кәдімгі қалыпты қызыл деген түсті білдірсе, қып-қызыл сөзі қан қызыл, өте қызыл деген тәрізді өсіңкі түсті білдіреді. Сондай-ақ, жақын мен жап-жақын деген көлемдік белгіде де, ауыр мен ап-ауыр деген салмақтық белгіде де, қышқыл мен қып-қышқыл деген дәмдік белгіде де, жақсы мен жап-жақсы деген сапалық белгіде де рең я дәреже жағынан өзара азды-көпті айырмашылық бары даусыз. Солай болса, сын есімге тән үстеме (күшейтпе) буын бір заттың белгісін екінші бір затқа салыстырмағанымен де, сапаның күшті екенін білдіретін форма есебінде қызмет етеді. Мысалы, Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойны бар. Үлбіреген тамағын күн шалмайды(Абай). Мұғалімге арнаған кіп-кішкене бөлмесі жап-жарық айнадай жалтырайды (Б.Майлин).

Заттың белгісінің реңі күшейту үстеулерінің сын есімге қабаттасуы арқылы да өзгереді. Мысалы, үлкен мен аса үлкен дегендерден реңдері бір-бірінен басқашалау көлемдік белгі аңғарылатыны сияқты, тәуір мен тым тәуір дегендердің де сапасы бір болғанымен, олардың өзара айырмашылығы барлығы білінеді. Ендеше, күшейту үстеуі мен сын есімнің тіркесулері арқылы да бір заттың белгісі екінші бір заттың сондай белгісіне салыстырылып, араларындағы реңді ажыратуға дәнекер болатынын көреміз. Мысалы, Келден қарт мұнымен аса тату дос екен (М.Әуезов). Ол саған аса ынтық тәрізді. Көңілдерді біржола ұйытып тастау үшін ең соңғы сақтаған, ең салмақты бұйрығын берді (Ғ.Мүсірепов).

Жалпы зат атауларының белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде әр алуан рең болатынын, ол реңдердің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген не, тілімізде қандай-қандай және олар қандай тәсілдер арқылы жасалады деген мәселелерді де анықтау қажет болады[36] .

Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі қара, біреуі сары, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі сопақ, біреуі текше тәрізді нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай көк түсті әлденеше заттардың көлем аумақтарындағы артық я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине, ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да салыстырылады. Өйткені, біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде, шырайларды бір-бірінен ажырататын өлшеу де, тірек те, негіз де болып саналады. Осыған орай, әрбір шырайдың өзіне тән мазмұны мен формасы болады.

Тіліміздегі «шырай» деген сөздің мағынасы да, лингвистикалық термин болып қалыптасқан ұғымы тым кең. Мысалы, шырай деген терминнің ұғымына сын есімге жалғанып не үстеліп, я кішірейту я ұлғайту, я солғындату, я өсіру реңдерін жамайтын жұрнақтар мен басқа грамматикалық формалары және олардың мағыналары енеді. Екінші сөзбен айтқанда, шырай деген ұғым екі нәрсені я екі белгіні салыстырудан туатын реңді ғана емес, салыстырмай-ақ та тікелей тиісті формалар арқылы туатын реңді ғана емес, салыстырмай-ақ та тікелей тиісті формалар арқылы туатын әр алуан сындық мағыналарды да қамтиды. Мысалы, сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды (Абай). Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш (М.Әуезов). Қаны қашқан, сарғылт жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді. Жуан біткен, тармағы көп, түстері қызыл биік ағаштың жапырақтары ұп-ұсақ кестедей.

Осы мысалдардағы сұрғылт, ақшыл, қызғылт, сарғыш, сарғылт, көкшіл, бозғыл, ұп-ұсақ деген формалардың мағыналары өздерінің негізгі түбірлерін (сұр, ақ, қызыл, сары) лексикалық жағынан өзгешеленбей, тек семантикалық жағынан ғана әр түрлі дәрежеде ерекшеленіп, тиісті белгінің я солғындығын, я өсіңкілігін аңғарарлықтай қосымша реңдер жамап алған. Оның бер жағында, бұл формалардың кейбіреулері белгінің я солғындық, я өсіңкілік реңін екі нәрсені салыстыру арқылы білдіретін болса (мысалы, кішірек, сақалдылау) кейбіреулері ондай реңді ешқандай салыстырусыз-ақ, тікелей білдіреді (сұрғылт, ақшыл, сарғыш, бозғыл, ашаң, қоңырша, ұп-ұзын т.б.).

Ж.Шәкенов еңбегінде қазақ тілінде бес түрлі шырай бар деп есептейді де, оларды, біріншіден, жай шырай («бастапқы қалпында тұрған сапа сындарының барлығы»), екіншіден, салыстырмалы шырай (терең-ірек, жарық-ырақ, алыс-ырақ), үшіншіден, бәсең шырай (сүйір-леу, бозғыл-дау), төртіншіден, күшейтпелі шырай (қап-қара, үп-үлкен, мөп-мөлдір), бесіншіден, таңдаулы шырай (өте жақсы, тым биік, аса сұлу, ең әдемі) деген топтарға бөледі. Сөйтіп, бұл топтастырудың қайсысында болса да белгілі формалар мен олардың мағыналары есепке алынған, Бірақ бұл екі көзқарастың арасында, біріншіден, шырайға қойылатын негізгі талапқа байланысты, екіншіден, соған сәйкес, шырайға беретін анықтамаға орай, үшіншіден, бір-бірінен тым алшақ пікірлер болмаса да, тиісті терминдер жайында кейбір айырмашылықтар бар.

Белгілі бір тілдік құбылысты дербес категория деп тану үшін, әрине, оның өзіне тән белгілі мағынасы мен формасы болуға тиісті. Ендеше, ондай тілдік құбылыстың категориялық қасиетін бағдарлап алу үшін де, оны категория деп тану үшін, ең алдымен, тілдің нақтылы фактісі әрі негіз, әрі тірек болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тіліндегі сын есімде де мазиұны мен формасы бір-біріне орайласып, белгілі бір жүйе бойынша қалыптасқан шырай категориясы барлығына ешкім де шек келтірмесе керек. Бірақ сол категорияның ішкі жүйесін дұрыс анықтау үшін, оның сала-тармақтарын дұрыс ажырату, олардың сыр-сипаттарын дұрыс ашу, сөзсіз, бұл категорияның егжей-тегжейін жете білуге керекті шарттар[36,21] .

Жоғарыдағы екі түрлі жіктеуде соншалықты теріс деп санарлықтай ойсыраған олқылық жоқ, өйткені екеуінде де белгілі жүйе мен тиісті талап-талғам бар, екеуінде де белгілі формалар, олардың мағыналары еске алынған.

Дегенмен, бұлардың басқа да бұрынғы-соңғы таптастыруларды қарастырғанда, осы күнгі қолданылып жүрген жіктеуге, біріншіден, терминологияны бір ыңғайластыру үшін, екіншіден, шырайлардың мағыналары мен формаларын таптастыруды бір ізге түсіріп, өзара орайластыру үшін кейбір өзгерістер енгізген мақұл сияқты. Атап айтқанда, олар мыналар:

1. Жай шырай мәселесі жөнінде. Жай шырай деп сын есімнің өзге шырайларының мағыналарына да, формаларына да әрі негіз, әрі таяныш болатын мағыналық та, тұлғалық та форманы айтамыз. Мысалы: ақша, ақшыл, ақшылтым, ақшылдау, ақшылырақ, ақшылтымдау, ақтау, ағырақ, ағырақтау, аппақ, өте ақ дегендердің бәрінің де мағыналары мен формаларын анықтау үшін, әрі негіз, әрі таяныш болатын сөз де, форма да –ақ сөзі, егер бұл негізгі форма болмаса, өзге туынды формалардың бірде-біреуінің де я мағынасын, я формасын айқындай алмас едік. Солай болса, табан тірейтін, таяныш ететін негізгі форманы өз алдына шырай деп те, дербес форма деп тану лайықсыз-ақ. Рас, ақ деген сөзде салыстыру мағынасы жоқ екені даусыз. Егер олай десек, ақшыл, ақшылтым дегендерден де салыстыру мағыналарын таба алмаймыз. Тіпті олар былай тұрсын, ап-аласа, біп-биік, түп-түзу деген сияқты үстеме буынды сын есімдерде де ешқандай салыстыру мағынасы жоқ, тек күшейту мағынасы ғана бар. Ал ақ дегенде грамматикалық көрсеткіш жоқ, ақша, ақшыл, ақшылтым, аппақ дегенлерде ондай формалар ма, сондықтан ол форма шырай бола алмайды десек, бұл қағида да дұрыс болмайды. Өйткені, біріншіден, ақ деген сөздің (сондай-ақ сары, сұр, биік, аласа т.б.) сол тұрған қалпының өзі форма болмаса, онда ол сөз өз алдына лексика-семантикалық мағынасы бар сөз де бола алмаған болар еді. Солай болса, тікелей атау формасында тұрған ат, кісі, сөз сияқты зат есімдер, мен,сен,ол сиқты есімдіктер, алты, он, отыз секілді сан есімдер, кел, бар, оқы деген етістіктер қандайлықты киім киіп, жамылғыш жамылып, формаланып тұрған сөздер болса, ақ, сары, биік деген атау формасындағы сын есімдер де- өз формаларында тұрған сондайлықты сөздер. Екіншіден, қол, үй тәрізді зат есімдер атау септіктің формасы, отыр, сөйле тәрізді сөздер етістіктің түбір формасы болып қызмет етсе, қоңыр, аласы дегендер де сын есімнің атау түрінің формасы болып қызмет етеді. Ендеше, сын есімнің ақ, жақсы, биік, түзу деген тәрізді негізгі атау түрлерін сын есімнің негізгі (жай) шырайы деп тану қажет те, оны өзге шырайларды мағыналық жағынан да, формалық жағынан да салыстыратын негізгі (жай) шырай формасы деп санаған мақұл.

2. Кейбір шырайларды топтау туралы. Шырай түрлерін саралауда бірізділіктің жоқ екенін жоғарыда байқадық. Бірде жұрнақтар арқылы жасалатын формаларды шағын шырай, бәсең шырай, салыстырмалы шырай деп үшке бөлсе, бірде олардың алғашқысын танымай, соңғы екеуін екі түрлі шырай деп санайды. Дұрысында, жоғарыда айтылғандай, көкше, көкшіл, көкшілтім, көгілдір, бозғыл, бозғылтым, қоңырқай дегендер ешбір салыстырусыз-ақ, тікелей тұрып тиісті реңнің жетімсіздігін, қалыпты көк, боз, қоңыр деген реңдерден солғын, бәсең екенін білдіреді. Ал көктеу, көкшілдеу, көкшілтімдеу, көгілдірлеу, бозғылдау, бозғылтымдау, қоңырқайлау деген формалар тиісті реңдердің я сәл бәсеңдігін, я сәл өсіңкілігін білдіреді. Сондай-ақ көгірек, көгіректеу, көкшілірек, көкшіліректеу, бозырақ, бозырақтау, бозғылырақ, бозғылырақтау, қоңырқайырақ, қоңырқайырақтау деген формалар да, морфемалық құрамдарына қарай негізгі реңнің я өсіңкілігін, я бәсеңдігін аңғартады. Оның бер жағында, көгілдір, көкшіл, көктеу, көгірек деген реңдердің айырмаларын я миллиметрлеп, я сантиметрлеп өлшеуге болмайтындығы сияқты ауырлау мен ауырырақ дегендердің де айырмашылықтарын не миллиграммен не граммен өлшеу мүмкін емес. Олай болатын себебі – бұл реңдердің қай-қайсысы болса да, бір түсті реңді не сапаны я нақтылы заттардың белгілеріне қарай, не тікелей конкретті түрде, не ойша топшылап салыстыру арқылы аталған. Солай болса, белгінің я жетімсіздігін, я олқылығын, я солғындығын, я бәсеңдігін, я өсіңкілігін білдіретін формалардың (жұрнақтардың) бәрін бір топқа үйіріп, салыстыру шырай формалары деп атаған жөн. Оларды іштей белгіні бөліп атаумен ғана танып, бірақ алды-алдына шырай деп есептемей-ақ қойған жеткілікті. Егер осылай атап қана қойса, тек бірен-сарандаған сөздерге ғана жалғанып(-ғылт, -ғыл, -ілдір, -шіл, -қай), сын есім атаулыға жапа-тармағай қосылмайтын, демек тыңғылықты жүйе болып қалыптаса алмаған, формалардың ерекшеліктері де, сын есім атаулыға жатырқамай жалғана беретін –лау..., -рақ... формаларының ерекшеліктері де тегіс қамтылады.

Сонымен, жоғарыдағылады жинақтай келгенде, тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар:

1) жай шырай,

2) салыстырмалы шырай,

3) күшейтпелі шырай,

4) асырмалы шырай.

Жай (негізгі) шырай деп заттың жай белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын т.б. сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есімдер есептеледі. Мысалы, биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия т.б.

Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салғастыратын негізгі форма болып саналады.

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші бір заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен. Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ.

-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. Сол ауылда таныстау бір шал бар еді.

Бұл екі форма - өте өнімді формалар.

-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл, -қай, -аң, -шылтым: Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді. Жігіттің сұрғылт, жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты.

Бұл жұрнақтар – белгілі бір азғана сын есімдерге қосылатын, өнімсіз жұрнақтар.

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалады және өте өнімді форма. Мысалы, Үй іші жап-жарық. Ауыз үй тап-таза, айнадай.

Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым, тым-ақ, тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл да - өте құнарлы тәсіл. Мысалы, Бұл іс – тым қиын да, абыройлы да іс. Ол тіптен жақсы адам екені анық.

Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп те жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны –лау, -леу... жұрнақтары. Мысалы, Ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өң беріп тұр. Жүзі қуқылдау, күлім көз жігіт өзінен-өзі жымиып қойды.

Соңғы шыққан "Қазақ грамматикасында" жай шырайды шырай категориясына жатқызбайды, ал салыстырмалы мен күшейтпеліні бір шырай деп есептеп, шырайдың екі-ақ түрін - салыстырмалы мен күшейтпелі шырайды көрсеткен.

1945 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындап берген қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған кітабы басылып шықты. Мұнда да сын есім өз алдына сөз табы ретінде қаралады. Оның сын есім тарауын жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сын есімнің негізгі мәселелерін қамтып, оны дұрыс түсіндірген. Кейінгі шыққан «Қазіргі қазақ тілі» морфологиялық еңбектерде де А.Ысқақов сол көзқарасты ұстанады. Ғалым сын есімнің жалпы сипатына, семантикалық топтарына, морфологиялық құрылымына, жасалу жолдарына, шырай категориясына тоқталады. Ахмеди Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» еңбегі қазақ тіл білімінің дамуындағы үлкен жетістік. Алғаш рет жүйелі түрде сөз таптарына тән сөз тудырушы тұлғалар сарапталып, аффикстердің мағыналарымен түбірлердің мағыналары бөлек сипатталады.

Сын есім туралы жазылған келесі бір еңбек – Ж.Шакеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесінде айтылған бұрын – соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айту мақсаты көзделген. Автор түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. Яғни М.Қазембек, Н.Гигамов, С.Б.Астремский, А.К.Боровков, И.А.Батманов, Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, т.б. ғалымдар еңбектерінде берілген сын есімдердің ерекшеліктеріне тоқталады ондағы қайшылықтарға сын көзбен қарайды.

Автор сын есімді категория ретінде танып, оның белгілерін көрсетеді. «Сөз табы дегеніміз беретін мағынасы, грамматикалық категориялары, сөйлемде атқаратын қызыметі жағынан жекелеген сөздердің лексика – грамматикалық тобы».

1) Сын есімнің мағынасы–заттың алуан түрлі сипатын білдіру;

2) Сын есімнің морфологиялық белгісі – шырай формаларымен өзгеруі;

3) Сын есім зат есім мен анықтауыштың, етістікпен қабысып пысықтауыштың қызметін атқарады.

Ж.Шәкенов сын есімнің шырайларына талдау жасайды, жасалу жолдарын көрсетеді. Синтаксистік қызыметін талдайды. Тіпті сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері жайында сөз етеді.

Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Туынды сын есімдер зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалады деп көрсетіп кеткен. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл).

Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төртке бөлген. Сыр сынына түбір сөздерді жатқызады, қатыстық сынына заттың тегін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшалары арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады.

Қатыстық сын есімдер мәселесі түркі тілдерінде біршама зерттелген. Қазақ тілінде де осы тәсілмен туындаған сын есімдер көптеп кездесетіндіктен, тілші ғалымдар оны арнайы зерттеу саласына айналдырған. Бұған қатысты С.М. Исаевтың: «Қатыстық сын есімдер тұлғалық құрамы жағынан туынды түбірлі болып келеді де, оның мағынасы сол сөздің түбірі білдіретін мағынаға байланысты» [4, 6] деген пікірлерін келтіруге болады.

Қатыстық сын есім жасаушы жұрнақтар көне түркі тілдерінің жазба мұраларында да кездесетін өнімді жұрнақтар болып саналады. Көне түркі тілдерінің тарихи грамматикасын зерттеген М. Томанов былай деп көрсетеді: «Сын есім жасайтын аффикстердің көпшілігі-ақ қазіргі басқа түркі тілдерінде де, ескі жазбалар тілінде де ұшырасады. Белгілі бір аффикстердің шығу негізі жайлы мәселені былай қойғанда, аффикстердің басым көпшілігі бұрынғы семантикасы мен фонетикалық пішінін аса көп өзгертпей сақтаған» [5, 185]. Осылайша, ғалым олардың семантикалық, тұлғалық жағын көне ескерткіштер тілімен байланыстырса, Ж. Шәкенов қатыстық сын есім тудыратын жұрнақтарды түркі тілдерімен салыстыра зерттейді [6, 20].

Қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтардың ішінде тарихи жағынан көнесі, бірақ қолданылуы жағынан ең өнімдісі – лы, - лі, - ды, - ді ... жұрнақтары. Бұл жұрнақтың тек қазақ тілінде ғана емес барлық түркі тілдерінде де ұшырасатындығы Казем-бектің еңбегінен белгілі болды. Одан басқа В.М. Жирмунский, М. Томанов, Ж. Шәкенов сынды ғалымдар да бұл жұрнақтардың барлық түркі тілдерінде өзінің функциясы мен сипатын сақтағандығын дәлелдеп көрсетеді [7, 7].

Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан-жақты қарастырған еңбек жазды. Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есім категориясының XIX ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген. Бұдан кейін А.К. Боровков, И.А. Батманов, Н.К. Дыренкова, А.Н. Кононов, А. Баскаков, Н.К. Дмитриев, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге қатысты пікірлерге талдау жасаған. Сондай- ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты- сын есім мәселесінде айтылған бұрын-соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру болған.

Бүгінгі таңдағы оқулықтар мен ғылыми грамматикалардағы сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдерге бөлу, зат есімнен бұрын тұрған сын есімнің түрленбейтіні, сын есімдердің шырай жұрнақтарын қабылдайтыны, сын есімнің затсымақтануы, үстеусімектенуі туралы тұжырымдар А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сарындас. Алайда кейбір талас мәселелер де байқалады. Бұл, негізінен, сын есім шырайларын тануға байланысты.

а) Кейінгі грамматикалар мен оқулықтарды жай шырайды тану жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) жай шырайды шырайдың бір түрі ретінде қарастыратын еңбектер: «Қазіргі қазақ тілі» (1954), А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (1974); 2) шырай қатарына жай шырайды қоспайтын еңбектер: Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» (1951) [127]; «Современный казахский язык» (1962); «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967); Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі» (1973), С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (1998) т.с.c. Яғни, екінші сөзбен айтқанда, жай шырайды шырайлар қатарында келтірмеу жағынан Ғ.Мұсабаев, С.Исаев‚ «Cовременный казахский язык», «Қазақ тілінің грамматикасы» т.б. еңбектер Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен үндес.

Бұл орайда С.Исаев былай дейді: «Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын, сөйтіп басқа түрлермен тепе-тең парадигмалық жүйе жасай алмайтын тұлға, ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды... Сапалық сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым бір болса, ол бір ұғымды, біріншіден, екі түрлі атағаннан не ұтамыз? Екіншіден, категориялық түрлену тұлғаларына негіз болатын түлға - ол категорияға (шырай түріне) енбейді.

ә) Қазіргі қазақ тілінде -ғыл, -ғылт(-ым); -шыл, -аң, -қай, -ілдір т.с.с. жұрнақтардың танылуы жағынан да екі түрлі пікір бар;

1) аталған жұрнақтарды форма тудырушы жұрнақтар деп танып, оларды шырай көрсеткіштері ретінде қарастыру Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» (1951); «Қазіргі қазақ тілі» (1954); «Современный казахский язык» (1962); «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967); А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (1974) т.б. еңбектерде өріс алған. Сонымен қатар өзбек‚ ұйғыр‚ түрікпен тілдерінің грамматикаларында да аталған қосымшалар шырай көрсеткіштерінің қатарында берілген.

2) оларды сөз тудырушы жұрнақтар ретінде тану: Ж.Шәкенов «Қазақ тіліндегі сын есім категориясы» (1961), Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі» (1973); С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (1998) т.б. еңбектерге тән. Түркология бойынша Н.А.Баскаков‚ Э.В.Севортян‚ Б.О.Орузбаева‚ Дж.Уметалиева ‚ Ф.А.Ганиев‚ М.Хабичев‚ К.Любимов‚ А.Г.Хамитова т.с.с. ғалымдардың еңбектерінде де бұл жұрнақтар сөз тудырушы қосымшалар ретінде танылады. Яғни, -ғыл, -ғылт(-ым), -шыл, -аң, -қай, -ша т.б. жұрнақтарды сөз тудырушы қосымшалар қатарында танитын Ж.Шәкенов, Ы.Маманов, С.Исаев еңбектері А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сабақтас екенін көреміз. Ғалымдар аталған қосымшаларды сөзжасам жұрнақтары деп тануда олардың мағынасын, кез келген сын есімге жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алмайтынын, яғни сын есімдерді таңдап жалғанатынын әрі лексикалық бүтін болып қалыптасып, сол күйінде (көкшіл, сұрғылт т.б.) сөздік құрамға енетінін негізге алған.

Сонымен, жай шырайды шырай қатарында қарастырмау, -ғыл, -ғылт(-ым)‚ -шыл, -ша, -ілдір т.б. жұрнақтарды шырай көрсеткіштері ретінде танымау жағынан Ы.Маманов, С.Исаевтар Қ.Кемеңгерұлы тұжырымдарын басшылыққа алғаны байқалады. С.Исаевтың бұлардан басқа а) асырмалы және күшейтпелі шырайды біріктіріп, топтастырып беруі; ә) шырай жұрнақтары кез келген сын есімге емес, сапалық сын есімдерге ғана жалғанатынын көрсетуі де Қ.Кемеңгерұлы еңбегімен сарындас. «Современный казахский язык», «Қазақ тілінің грамматикасында» сын есімді басқа сөз таптарынан ерекшелейтін белгісі ретінде шырай жұрнақтарын қабылдай алатыны сөз болса, С.Исаев еңбектерінде қатыстық сын есімдердің, негізінен, шырай жұрнақтарын жалғай алмайтыны, бұл қасиет сапалық сын есімдерге ғана тән екендігі баса айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет