Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі


Тәрбиенің біртұтастығы, бірізділігі, жџйелілігі, џздіксіз принципі



бет8/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
-dip -synyptan-tys-muzykalyq-bilim-beru

Тәрбиенің біртұтастығы, бірізділігі, жџйелілігі, џздіксіз принципі.Тәрбие- џздіксіз іске асырылатын біртұтас прицип.Жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін џзік- џзік, бөлек- бөлек тәрбиелеуге болмайды .(А.С.Макаренко өйткені тәрбиенің біртұтастығы, жџйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен , оқыту мен тәрбиелеудің және тәрбие бағыттарының арасындағы өзара логикалық байланыс кешенді жџргізуді талап етеді.

Халық бала дџниеге келгенде әр тџрлі ішкі кџшпен,мџмкіндікпен, қабілетпен типпен, темпераментпен, жџйе- жџйесіне келетінін :

“Бір бала атаға жете туады,

Бір бала атадан өте туады,

Бір бала кейін кете туады”,

дейді, осыған орай әр баланың даму дәрежесі, мінез- құлқы сан қилы болып қалыптасады. “Жетесінде жоқ жете сыйламайды”, ”Тентекке-келтек”, ”Көргенсіз бала көкірек”, ”Ана алдында – құрмет,ата алдында- қызмет”, ”Арсыз болса, қыз қорлық” сияқты қағидалар, әр тџрлі мінезді болып дамып келе жатқан жастарды тәрбиелеудің жолдарын, әдіс- тәсілдерін таңдап қолдану керектігін меңзейді. Сондықтан да оқу- тәрбие процесінде жеке тұлға, білім беру, дамыту, тәрбиелеу қатар жџргізіледі. Бұны іске асырудың шарты- ата- аналар мен педагогтардың оқушыларға қоятын талабының бірлігі. Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы мен бірізіділігі , оқу, тәрбие мазмұны мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларға жоспармен , жџйелі, џздіксіз ықпал ету арқылы шешіледі.

Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жџйесі жасалғанымен, музыка пәні мұғалімі тәрбиелудің негізігі әдістері мен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса , тәрбиені іске асыра алмайды.

Әдіс - алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері- тәрбие міндеттеріне жету џшін жасалған музыка пәні мұғалімі мен тәрбиеленушілер ұжымының өзара байланыс әрекеттерінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі баийды, мінез- құлқы, қажетті әдет- дағдылары, іскерліктері қалыптасады. Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі- оқушылар мен музыка пәні мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің кџрделі комплексі. Әрбір әдіс оқушылардың сезіміне, санасына ықпал ететін музыка пәні мұғалімі қолындағы құрал ретінде көрінеді. Оқу-тәрбие әдістері нің бәрі бір- бірімен өзара тығыз байланысты, оларды классификациялау тек шартты тџрде болмақ.

Музыкалық-тәрбие ісі сан тџрлі формада ұйымдастырылуы мџмкін. Оны ұйымдастыру формасы кең мағынада және тар мағынада тџсініледі. Кең мағынадағы музыкалық-тәрбие жұмысының формасы тәрбие жұмысының тұтас ұйымдастырылуымен сипатталады: оқыту процесінде тәрбиелеу, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда тәрбиелеу, отбасында тәрбиелеу формасы тџгел қамтылады. Тәрбие процесінде сынып оқушылары тџгел қатысуы, қатыспауы, тџгел ұйымдастырылуы, топпен және жеке ұйымдастырылуы ғылыми негізде, педагогикалық әдебиеттерде қалыптасқан және кең тараған. Соңғы жылдары музыкалық-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары көрініс тапты : әр тџрлі клубтар, ғылыми қоғамдар, мәдениет университеті, мектептегі көркем - өнер театры, кино студиялар, алқалы жиындар т.б жарыстар (“Ал, қанеки қыздар!”, ”Өнерпаздар жарысы”, ”Алтын сақа”, ”Мамандықты қорғау”, ”Ән жарысы” т.б.). Тәрбие сияқты кџрделі процесте бір формамен шектеліп, қанағаттануға болмайды немесе кез келген өмірдегі жағдайға байланысты тәрбиенің жаңа формасын қолдана беруге де болмайды. Қандай жаңа болса да, дайын бір ғана тәрбие формасы арқылы жас ұрпақты баулудың барлық мәселелерін шешуі мџмкін емес, сондықтан аталған тәрбие формалары џнемі бір- бірімен алмастырылып, кезектесіп ұйымдастырылады.

Еліміздегі көптеген мамандық иелерінің жеке тұлғасының “Сегіз қырлы, бір сырлы” дамуы алдымен сабақ процесінде (Әр тџрлі пәндерді оқу џстінде) іске асса, ал сыныптан тыс кездерде тәлім- тәрбиенің өзге формалары қолдану арқылы тџрлене тџседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет