Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет11/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
II тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім беру әдістемесі
Бџгінде балаларды тәрбиелеудің, оларға дџние танытудың алуан жолдары бар. Бұл реттен мектепте музыка өнері мен көркем әдебиеттің бірігуі, олардан шыққан туындылар- басты құрал болып табылады. Көркем әдебиет пен музыканың мәні мен құнын арттыратын ең қолайлы нәрсе- мектеп сахнасы екені даусыз, яғни балалар көркем әдебиеттен көркемдікті, тілді, ой- сана мәліметтерін џйренетін болса, ал музыка саласынан әсемдікті, өнер атты әлемнің құпияларын, оның адам санасына әсерінің қандай екенін біледі. Мектептегі көркем әдебиет пен музыка саласымен тығыз байланыста өткізілетін тәрбие шараларының кең таралған формасы тџрлі тақырыптарда өткізілетін кештер, кездесулер, ойын сауықтар болып табылады. Бұл істерді сыныптан тыс сабақ уақытында тақырыппен байланыстыра жџргізіледі.

Мектеп оқу процесінде баланың бойында жақсы қасиеттері мен саналары қалыптастырады. Мектеп баланың дџниеге көзқарасымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады дейтін болсақ баланы сабақ џстінде ғана тәрбиелеп қоймай сабақтан тыс уақыттарда да әртџрлі жұмыстарға тарту арқылы мысалы, лекция концерттерде баланың жеке орындайтын номерлері болмаса, көркемдеу жағына, әр тџрлі көрнекіліктерді жасауға қатыстырған жөн, ал соңында әр баланың еңбегіне қарай бағалаған жөн. Бұл жағдайда баланың еңбекке деген талпынысы кџшейіп, бойында өнерге деген қызығушылық кџші пайда болады. Оқу мен тәрбие ісін бөліп қарамай, олардың џнемі байланысты болуын оқыту мен білім беру ісінің жаңаша қазіргі заманғы тәрбиеге негізделгенін есте ұстағаны абзал. Бұл орайда музыка пәні мұғалімі сыныпта сабақ беру шеберлігін ғана жетілдіріп қоймай балалар мен жасөспірімдер арасында музыкалық тәрбие беру ісінде лекция-концерттер жџргізу арқылы тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн.

Сыныптан тыс жұмыстардың бірі–лекция- концерт өткізу музыкалық- ағартушылық тәрбие негізінде іске асады. “Лекция- концерт” деп аталтын жұмыс тџрі оқушылардың музыка әлеміне терең џңілуіне, халықтың өте бай мұрасымен танысуға қазақ музыка өнері, шетел музыкасының қайраткерлері, композиторларының шығармашылығымен танысып, одан нәр алуға баулитын салалы жұмыс.

Лекция- концерт дайындап өткізуде қоятын мұғалімге қоятын џлкен талаптар бар. Ол “сегіз қырлы, бір сырлы” болса, істеген ісі сапалы болмақ. Мұғалім лекция- концерттер өткізу кезінде сөз бен саздың џйлесімділігіне, џндестігіне қатты назар аудару керек. Осы орайда Б.Сухомлинский былай дейді :”Сөз ешқашанда музыканың шын мәніндегі тереңдігін шегіне жеткізе тџсіндіре алмайды, бірақ сезім дџниесінің осы бір өте нәзік саласын сөзбен ғана сезініп тџсінесіз. Сөз жџректің аса сезімтал қылын басып, құлақ кџйін еліктіруі тиіс, музыканы тџсіндіру поэтикалық тұрғыда, сөзбен музыканың байланыстылығы негізінде жџзеге асырылады”. Расында, лектор-музыкантқа творчестволық ізденіс, тапқырлық, зеректік қажет. Орындалатын музыкалық шығарма өзінің әсемділігімен ғана емес, жџрекке әсер ететін мағыналы сөзімен, џндеуімен қымбат. Жалпы лекция- концерттер арнайы тақырыптық немесе мерекелік және танымдық (лекция- концерт) тџрінде жџргізіледі. Мәселен, тақырыптық лекция- концерттерді арнайы бір мерекелерге, композиторлар (мысалы, “Құрманғазы Сағырбайұлы- 200 жаста” т.б.) негізінде жџргізуге болады. Сонымен бірге мерекелік кџндерге, 8 наурыз мерекесіне “Анамызға мың алғыс”, “Бас иеміз Анаға” деген тақырыптарда “Батыр ана” немесе ұстаз арқылы толықтыру.Ұлыстың ұлы кџні Наурыз мейрамына арнайы ұлттық салт- дәстџрді негізге ала отырып, халықтық дәстџрмен байланыстыра лекция- концерт жџргізу. Бұдан басқа ұстаздар кџніне арнап әр тџрлі жұмыстар жџргізу арқылы балаларға эстетикалық тәрбие негізі етіп, музыкалық тәрбие беруге болады.

Ал, танымдық лекция- концерттер оқушыларға ақыл-ой, музыкалық тџсінік беру, музыкалық қабілеттеріне ары қарай дамыту, эстетикалық тәрбиенің бір негізі болып табылатын балалардың өнер атты сұлулық әлеміне деген құлшынысын арттыру негізінде жџргізіледі. Мәселен, “Ән табиғаты” деген тақырыпта лекция жџргізер алдында, оның мақсатын, яғни бұл лекция- концертті жџргізуде нендей мақсат қоямыз ? Қандай тәрбие беруге болады Осыған байланысты жоспар құрылып көрнекі құралдарды пайдалануымыз керек.

Бұл лекция- концерттің негізгі мақсаты- табиғаттың адам баласына тарту еткен сыйы- ән және әншілік дәстџр жайлы әңгімелеу, яғни, ән- адам баласының жџрек сезімін џн, дауыс және сөз арқылы жеткізе білетін асыл мұра екендігі жөнінде әңгімелесу. Шынында да, халықтың қайсы бір ән- кџйін, жыр – толғауын, терме- желдірмесін алып қарасақ, онда тұрмыс- салт өміріне, белгілі бір тарихи оқиғаға, адамға , заман ағымына байланысты құбылыстар, тәрбие, ой толғанысы, сезім тџсінігі, ой- пікірі, өмірлік тәжірибесі, танымы көрініс табады. Сондықтан халық даналығында әнді ертеден- ақ ерекше бағалап, оны халықтың жаны деп атаған. Қазақ халқы әнге бай.

Ән туралы халық арасында көптеген ақын- жазушыларымыз, зертеушілеріміз өз ойын айтып кетті. Оның ішінде, ұлы Абай атамыз :

Туғанды дџние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-

деп жырласа, қазақ халқының әдебиеті мен өнерін зерттеген, Шоқан Уалихановтың досы Потанин : “Маған бџкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді”,- деген. Яғни, қазақ халқы бар өмірін туғаннан бесік жырынан бастап , соңғы ғұмырына дейін ән тербеген, әнмен қуанып, әнмен жазылған. Қазақ халқының әншілік өмірі жайлы , ерекшелігі жайлы халық арасында мынадай аңыз бар :

“Ән аспаннан қалықтап ұшып, жер бетіне келеді, оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық әнді ұстап қалған, ал жоғары қалықтаған жердің адамдары ештеңе џйрене алмаған. Құдайдық құдіретімен келген ән қазақ жерінде, тіпті төмен ұшқан қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған. Қазақтардан басқа халықтардың әнді жақсы айтатын себебі де сол екен.”

Осы сияқты аңыз әңгімелер айтып, нақты сөздермен, мысалдармен жеткізу сол ұтымды болмақ және де әннің қазіргі кездегі жетістіктері жөнінде әңгімелеп халық әндері мен халық композиторларының әндерін тыңдатқызып, арасындағы айырмашылықтарын айту. Қазіргі кездегі классикалық әндер жөнінде , бұрынғы халық әндерін өңдеп, қазіргі классикалық музыкаға бейімдегені жөнінде әңгімелеп, әр тџрлі әнді тыңдатып өздеріне қандай өзгешеліктер барын, байқағанын сұрау. Әр тџрлі әндер тыңдатықызып, дауыстар , олардың тџрлері жөнінде әңгімелеу, әр дауысқа сипаттама беріліп, әр дауыстағы әншілер әндерін кџйтабақтан тыңдату. Шығармаларды тыңдап болғанна соң, тџрлі сұрақтар қойылып, пікір алысу бџгінгі өткізілген лекция- концерттің қаншалықты танымдық функция атқарғанын байқау.

Егер мұғалім бұл тақырыптағы лекция- концертті ешқандай қосымша жұмыс тџрлерінсіз , педагогикалық әдіс- тәсілсіз жџргізіетін болса, онда сабақтың жџргізу мақсатына жетпей, оқушылар бұл тақырыптағы мәліметтерді ешқандай құштарсыз , ынта- ықылассыз жалпылама тџрде игеруі сөзсіз. Лекция- концерттерді жџргізудегі басты мән беретін проблеманың бірі- оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын, құштарлығын арттыратын әдіс- тәсілдерді кеңінен пайдалану. Атқарылатын іс- әрекетке қызықпаған жағдайда оқушының музыка әлемінің сырларын тџсінуі, оны терең, нәтижелі игеруі мџмкін емес.

Ұстаздың қысқа да, тұжырымды, ћәм тартымды әңгімесі оқушыларды бірден баурап, музыканы тџсінуге ынталандырса, ал орында пайдаланылған әсерлі, џзінділер оқушылардың өнер, музыка жайындағы білімдік, танымдық әсерлерін тереңдте тџседі.Лекция- конццерттерді жџргізуде мына әдістерді пайдаланылған жөн : мысалы, сабақ барысында кџйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығмен “Кісен ашқан” кџйі жоспарланды делік. Бұл жағдайда ең бірінші кџйші және кџй туралы оқушыларға сұрақ қойып, олармен әңгімелесу; көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану, кџйлерден џзінді тыңдату ; ғұмырнамалық музыка әдебиетінен џзінді оқу. Бұл жерде мұғалім ескеретін нәрсе кџй туралы немесе кџйші шығармашылығы жайлы ұзақ әңгіме айтып кетпеу керек. Ұстаз кџйді тыңдап немесе өзі орындап көрсетіп, оны көркемдік, ырғақтық жақтарына тоқталған жөн.

Міне, лекция- концерттік жџргізудегі осындай жан- жақты жұмыс тџрлері мен методикалық әдіс- тәсілдері, оны көркемдік ерекшеліктерін терең тџсінуге, музыка тыңдауға мџмкіндіктер туғызады. Оларды ән мен кџйге , халық композиторына немесе жалпы өнер адамына деген қызығушылығы мен құмарлығы артады. Жалпы алғанда, музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстардың осы тџрі, лекция- концерттердің біріге жұмыс жасауы, жан- жақты музыкалық-методикалық әдіс- тәсілдерін пайдалануы арқылы жџргізу-бұл ұстаздың џлкен педагогикалық шеберлігі.

Лекция- концертті жџргізетін тақыоыптар өте көп, оны ең алдымен таңдап алып, талғап құрастыра білу керек. Өткізілетін лекция- концертті музыкалы етіп өткізсе, жұрт жалықпай , қызыға тыңдап, балалардың ой- өрісіне де әсері көп болады. Мәселен, балатек ғана өнер дегенге өнер адамының өзін ғана біліп қоюмен шектелмей, сол өнер әлемінің сырлы әуенімен, сазымен суысындауы керек. Ол џшін тақырыпқа сай әндер мен билерді таңдай білу керек. Әр әнді орындаушы оқушының аты- жөнін атап, авторлармен таныстырған жағдайда, оқушылар көңіл –кџйіне де әсер етіп, жџргізілері сөзсіз.

Егер лекция- концерттің мазмұнына немесе тақырыбына сәйкес оған ән- кџйдің, бидің қажеттілігі болмаса, соңында екінші бөлім етіп, концерт қойып жіберу керек. Концерт соңынан жұмбақтар, викториналар шештіруге, тџрлі ойындар ойнатуға болады. Жұмбақтар мен викториналарды бәрінен де көп шешіп, ойынға белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі. Сыйлықтарды жиын өткізген сынып өз кџшімен дайындайды.

Тәжірбиелі музыка мамандары жұмыс істеген мектепте ғана оқушылардың әдеміліктен, көркемөнер, музыкадан, мәдениеттен ләззат алуға қабілеті оянады, өзінің музыкалық қабілеттіліктерінің одан әрі дамытуға мџмкіндік алады.

Жалпы алғанда музыкамен байланыста жџргізілетін барлық байқаулар, лекция- концерттерді жџргізуде ескеретін жағдай, оны қорытындылау. Мәселен, байқаудан соң, әр сыныпты немесе әр оқушының еткен еңбегіне қарай бағалап, оларға мақтау айтып, оларды кейінгі сыныптарға џлгі ету- бұлардың бәрі оқушылардың сана-сезіміне тікелей әсер етіп, қуаныш әкеледі. Оларды келесі концертке немесе өнер байқауына қатысуына деген құлшынысы артады. Музыка пәнінен деген қызығушылығы одан да арта тџсетінін байқадық.

Лекция- концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен әнші, кџйші, сазгерлер шығармашылығымен , өнер жолдарымен таныстыруға мџмкіндік береді, сондай –ақ алған мағлұматтары мен тыңдаған музыкаларын әрі қарай игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға кџйтабақ арқылы музыка тыңдату, өнер қайраткерлерімен мџмкіндік бар жерде кездесу кештерін ұйымдастыру, осы бағыттағы концерттерге өнер сџйгіш балаларды қатыстыру, оларды музыка құдіретін тџсінуге, бала жџрегінің нәзік те мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Өткізілетен лекция- концерттердің балалар санасына тікелей әсер ететіндей етіп жеткізу арқылы, жоғарыда айтылған қаситтерді бойға сіңіретіндей тәрбие беру осы ретте басты мақсатымыз болып саналады.

Лекция- концертті өткізуде композитор, әнші өмірінен басқа осы таныс есімдер өнернамасын басқа қырынан көрсететін, балалар ойын өрістетіп, қиялына қанат бітіретін тақырыптарды, мәселен әр аспаптың шығу тарихы, өзіне тән ерекшелігі, музыка тілі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы т.б. алуға болады.

Мектепте сыныптан тыс жұмыс жџргізудің қажеттілігі бџгінгі заман талабы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты жаңарып өзгеріп отыр.

Балалар бойындағы қасиеттерін, музыкалық қабілеттерін азаматтық сезімдерін оятуға музыка пәнінің мұғалімі сияқты ешқандай педагогикалық мамандық жан- жақты алуан тџрлі әдістемелік тәсілдерді талап етпейді. Сонымен қатар басқа ешқандай мамандық тәрбиесінің қолына өз елін, оның табиғатын жырлайтын әндер, опералар, симфониялар, концерттер, балеттер тџріндегі бай материалдарды бермейді. Сондықтан, мұғалім жалпы музыкалық мәдениетпен таныстыруда музыка арқылы, танымдарын арттырады, оқушылар бойында шабытын оятады. Мұғалімнің әрбір айтқан әңгімесі әсерлі, тартымды, бағдарламаға сай, жоғары сапада өткізу, сабақтың әрбір сәтін, кездесудің әрбір сәтін тиімді пайдаланып, берілген мазмұнын ойластырып, ұтымды өткізудің жолдарын талап етеді. Тартымды, әсерлі өткен әр кештің немесе лекция- концерт, тіпті жай пікірталастың өзі де оқушылар тәртібіне, олардың тәлім- тәрбиесіне џлкен әсер етеді. Бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, концерттік залдарға, театрларға қойылымдар немесе әр тџрлі концерттерге бару, өнер шеберлерінің өмірімен , өнердегі сәттерімен танысу, бџгінгі кџнгі мәдениетіміздің театрдағы, сахнадағы деңгейін көру, олардың өнерін бағалау, - бәрі де баланың музыкалық танымдық деңгейін өсіреді.

Соңғы жылдары көптеген композиторлардың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылар жиі- жиі лекциялар тыңдап, едәуір мағлұматтар алып отырады. Сонымен қатар, мектепте жеке композиторлардың шығармасына байланысты кештер, әңгіме, лекция, музыка сағатын өткізіп отырамыз.

Педагогикалық тұрғыдан дұрыс және жџйелі ұйымдастырылған музыкалық кештер оқушылардың өнер туралы, музыка туралы тџсінігін молайтып, тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар көркемдік туралы оқушының ой- туындап әрі қарай, оны игерудің шеңбері, сондай-ақ музыканың мәнін терң тџсінудің сипаты да өзгеріп отыратындығы байқалады.

Қазір өздеріңізге 7 сыныпта өткізген «Балалықтан болашаққа атты әдеби музыкалық танымдық кештің џлгісін ұсынамыз. Кешті өткізуде оқушылардың қабілеттері, қызығушылығы ескеріліп, жоспарды құруда бала санасына тәрбиені тікелей әсер ететіндей қасиеттер ескерілді. Балалық шақтан болашаққа атты әдеби музыкалық кештің мақсаты оқушыларға оқу бағдарламасы бойынша тџрлі пәндердің қызығын музыкалық шығармалар арқылы өмірдегі қажеттілік тұрғысында көрсету. Балалықпен қоштасу, есеюге алғаш қадам жасай отырып, мақсат қою, оған ұмтылу шартын тџсіндіру оларды ізденімпаздыққа тәрбиелі бауырмалдық, Отансџйгіштік қасиетін арттыру. Адамгершілік қасиетін қалыптастыру.Бұл кеш сегіз бөлімді қамтиды. Ашылуы ата-аналар даярлаған сәбидің дџниеге келуінен тілашарға дейінгі бейнелейтін көріністен басталады.Оқушылар одан әрі әдеби музыкалық монтажбен жалғастрады. Мџшел 13 жаспен құттықтай отырып, адамның қоғамдағы орны қандай, адамның бойындағы жақсы қасиеттерін салыстыра кеттетін бұл бөлімде келесідегідей музыкалық шығармалар арқылы «Ана туралы жыр», «Әке туралы ән», «Туған жер» әндкері арқылы адамның шын мағынасы мен адам болуы џшін өзін сџюі, жақындарын сџюмен қанағаттандрмайды. Жалпы адамзатты сџюі шарт екеніне балалардың көзі жетті. Кештің толық мазмұны қосымшаларда ұсынылады.

Сыныптан тыс жұмыста бағалауға арналған џлгі бойынша мектеп әкімшілігі.

Төмендегі келтірілген сыныптан тыс жұмысты талдау џлгісі бойынша мектеп әкімшілігі мен өзге ұстаздар көрген тәрбие шараларын бағалап отырады.



1.Сыныптан тыс жџргізілетін тәрбие жұмысының тақырыбы,мақсаты, тџ, әдісі.

2. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушының аты- жөні, қатысушылардың саны.

3. Тәрбие шарасын өткізу џшін алдын- ала жџргізілген дайындық жұмыстары. Жазған ұрандары, шығарған қабырға газеттері. Т.б.

4. Белгіленген бағдарламаның орындалуы немесе одан ауытқуы.



  1. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттың орындалуы.

  2. Тәрбие процесінің ең тиімді ,әсерлі, қызықты кезеңдері.

  3. Оқушылардың қабылдауының эмоциялық көрінісі.

  4. Тәрбие жұмысына пайдаланылған қосымша материалдар, көрнекі және техникалық құралдар.

  5. Музыка пәні мұғалімінің жеке басы, сыртқы бейнесі, көрінісі, киімі, шашын әсемдеп тарануы.

  6. Музыка пәні мұғалімінің тәрбие жұмысын өткізуде өзін- өзі ұстауы, оқушылар алдындағы іс- әрекеті,сөзі мен мимикасы.

  7. Музыка пәні мұғалімінің білім дәрежесі, тақырыпты меңгеруі.

  8. Музыка пәні мұғалімінің педагогикалық жұмысқа икемділігі, әдептілігі, педагогикалық тактыны игеру дәрежесі.

  9. Музыка пәні мұғалімінің оқушыларды ұйымдастыра білу, ұжымды џйіріп ала білу қабілеті.

Баланы музыкаға тәрбиелеу өнер әлемінің тџпсіз тұңғыйық әлеміне енгізу мұғалімнің сабақ барысындағы істеріне ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет