Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру принципі. Тұтас дамуына ықпал ету. Музыка пәні мұғалімі ең алдымен ұжымдық қатынасты қалыптастырудың ерекшелігін, оқушылардың жас арасындағы өзгешелігі,мен байланысын біліп, оны сынып ұжымының дамуымен бірлікте қарайды. Оқушыны ұжымнан бөліп ерекшелеп те, ал ұжымды жеке адамдардың өзіндік ерекшелігі жоқ “тобыр” деп те қарауға болмайды. Музыка пәні мұғалімі әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жџйке- жџйесінің қызметін, мінез- құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін негізге алуы ,сөйтіп әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал
Бұл принцип халықтық педагогикада да ескерілген : “Жаманнан жақсы туады, атасын айтсаң – нанғысыз, Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. ”, “Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу” – деп әр адамның жеке ерекшелігі,мінез –құлқы, ақыл- парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан тәрбиеде әр балаға жеке келу қажеттілігн танытады. Соынмен бірге тәрбие жұмысында жас ерекшелігін ескеру керектігін:”Баланы бес жасқа дейін- патшадай қара, он жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңа бала”,- деп бағдар берген.
Достарыңызбен бөлісу: |