Музыкалық білім беру жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:
1.Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жџргізілетін жұмыстар бірімен - бірі тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін- бірі толықтыра , бірізді , жџйелі жџргізілуі тиіс.
2.Адамды тәрбиелеу џшін оны жан- жақты тџгел зерттеп, психофизио
логиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мџмкіндігін біліп, оған жеке- дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3. Ммузыкалық - тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін тџгел тескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4. Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.
Осы аталған тәрбие шарттары мен принциптерін ескеру, тәрбие әдістері мен формаларын дұрыс таңдау музыка мұғалімінің сыныптан тыс жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Музыка мұғалімі өз жұмысының арттыру џшін музыкалық оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігі мен қиыншылығын білуі тиіс.
Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік кџштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |