Ќазаќстан республикасы білім жѕне ѓылым министрлігі



бет2/14
Дата05.03.2022
өлшемі276 Kb.
#27120
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
I тарау. Сыныптан тыс музыкалық білім берудің педагогикалық негізі
Бџгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде оқу-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Әр халықтың тарихы, ұлттық дәстџрлері бџкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады. Қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жџйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен тџсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сондықтан білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге џйрету, дџниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті, музыкалық талғамды бойына дарыту көзделіп отыр. Ал білім мазмұны – жеке ұрпаққа музыкалық эстетикалық білім-тәрбие беру ісініің мазмұнын тәрбиелеуге батыл шығармашылықпен кірісу мәселесі іспетті.

Білім мазмұны деп- жеке адамның ой- өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік - имандылық қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез- құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстџрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сџруге дайындайтын ғылыми- білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жџйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, ал тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.

Байқап отырғанымыздай, халыққа білім беру қызметкерлерінің, яғни мұғалім соның ішінде музыка пәні мұғалімінің алдында жас ұрпаққа музыкалық, эстетикалық білім - тәрбие беру ісінің мазмұнын тәрбиелеуге батыл, шығармашылықпен кірісу мәселесі тұр.

Тәрбие жұмысы мақсатында педагогикалық џйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек џстел басындағы сұхбат, тақырыптық, кештер, кездесулер, айтыстар, пікірсайыстар, атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми- шығармашылық қоғамдар, достық-танымдық сапарлар, саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен, оқыту процесін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі, саналы іс-әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады.

Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл- ойы, талап- тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мџмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, џлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жџргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.

Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол џнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт тџрлі әлеуметтік кџштің бірлескен жұмысы арқылы жџзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы кџштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын–музыка мұғалімі.

Музыкалық білім беру дегеніміз- музыкалық шығармалар арқылы жас ұрпақты өмірдегі, кџнделікті тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, тџсініп бойына сіңіре білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып отыруға баулу, әсемдікті тани, жасай білуге џйрету. Музыкалық білім берудің мақсаты - әр адамның ақыл- ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым- қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Эстетикалық тәрбие жан- жақты дамыған, еңбек сџйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті жастарды тәрбиелеудің басты бір саласы.

Музыкалық білім - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың сұлулығын тану кезінде, адамдармен қарым- қатынас џстінде тәрбиеленеді. Өскелең ұрпаққа музыкалық білім берудегі біздің алдымыздағы ең басты міндет - оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын тџсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және тәрбиелік кџші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мџмкіндіктерін жақсы пайдалану қажет. Музыкалық тағылым мен эстетикалық тәлім- тәрбие беру жөнінде көптеген айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде оның тџрлері, ұйымдастыру әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және басқалардың зерттеулеріне көрініс тапты. Бџгінгі таңда оқушылардың музыкалық- эстетикалық білім беру, тәрбие мәселесі Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов, М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған. Ал мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр тџрлі формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр тџрлі тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Ә.Табылдиев, оның “Тәрбие очерктері”, “Көңілді кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың ”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жџзер” т.б. жинақтарын айта кетуге болады. Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің , мектеп сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы жақтарымен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған ел мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің қалыптасуына көмектеседі. Жеткіншек ұрпаққа музыкалық білім беру мәселелері бойынша материалдарда бџгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына қарамастан бұл проблеманың көптеген жџйелері әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты бағытталған әдіс- тәсілдермен жџзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртџрлі жџйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар жџргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.

Ғалымдар эстетикалық білім беруді қоғамдық - мәдени өмірдің жан- жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің алдыңғы қатарлы дәстџрі мен тәжірибесіне сџйенеді. Әсемдік болмыста объективті тџрде өмір сџреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты.

Музыкалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысынан бастау жан- жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет