Екінші ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез табысқа жету мџмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай - талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жџргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Џшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.
1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда: Этикалық тџсініктерді меңгеріп, кџрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: Дџниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, кџрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске асады.
Бұл сатылар арасанда шек болмайды, бір- бірімен тығыз байланыста өрбиді.
Төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте кџрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып тџсіндірілуі.
Бесінші ерекшелігі- тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Музыка пәні мұғалімінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен , ниетімен ,өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи џйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде де, музыка пәні мұғалімі де, оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің кџшті болуының мәні зор .А.С.Макаренко “Тәрбие беру жұмысы ең алдымен ,ұйымдастырушының жұмысы” деп бекер айтпаған . Музыка пәні мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыларға ықпал етіп ,оқушылар ұжымының қарым – қатынасынын жолға қойып жұмылдыра алады .
Жетінші ерекшелігі- тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама, ауызша сұрау, есеп алу т.б.) ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.
Сегізінші ерекшелігі- тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бџгін мен мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.
Бџгінгі жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы және алыс мақсатқа жетудің негізі. Бџгінгі оқушы- ертеңгі азамат, маман, қоғамдағы дамытушы, алға апарушы, қоғам иесі.
Музыкалық-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, өзіндік қиыншылықтары да бар. Атап айтсақ:
а) тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.Оқу белгілі уақытта,сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысының уақытын музыка пәні мұғалімінің оқушылардың бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
ә) тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпылама жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке- жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мџмкіндік бермейді.Тәрбие салаларына байланысты тақырыпқа бөлініп жасалған бағдарлама, бағдарламаға байланысты құрастырылған хрестоматиялық жинақтар, әдістемелік құралдар тапшы.
б) тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, музыка пәні мұғалімі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып иснцинировка , жоспар жасайды. Бұл біріншіден музыка пәні мұғалімінің қыруар уақытын алса, екіншіден кџрделі, жан- жақты еңбекті талап етеді.
Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар музыка пәні мұғалімінен сан – салалы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.Өйткені, ол әр оқушының жеке басы қасиеттерін және сынып ұжымын зерттеп таниды. Тәрбие құралдары мен әдістерін таңдайды, сол арқылы олардың жеке дамуын, ұжымға бірігуін, ынтымағын, татулығын қамтамасыз етеді. Осы орайда, музыка пәні мұғалімі тәрбиені кешенді жџргізуге тырысады. Оның мәні - тәрбие ісінде мақсат, міндет, мазмұн, әдіс- тәсіл тџрлерінің бірілігігн сақтау, тәрбиені жоспарлау, есепке алу, нәтижесін ескеру, сана-сезімге, мінез- құлыққа бірдей тұтас ықпал ету, тәрбиелеу, тәрбиеде барлық әлеуметтік кџштердің бірілігін қамтамасыз етеді. Демек, тәрбиені кешенді жџргізу тәрбиеге бір жақты келуден, жџйесіздіктен құтқарады.
Халқымыздың ұлы перзенті Абайдың “Артыңа із қалдырғың келсе, кейінгі ұрпаққа білім нұрын сеп, білімге тәрбиелеу, болашағымызды өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең тџсінетін болсын” деген өсиеті де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің қажеттігі мен маңыздылығын дәлелдейді. Бџгінгі оқушы, тәрбиеленуші- ертеңгі дџние тұтқасын ұстап, халық мәдениетін көтеретін азамат. Ұстаздықтың, соның ішінде музыка мұғалімі қызметінің қиындығы да осында. Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беруші, білікті маман ғана емес, музыкалық- тағылымдық жұмыстарды жџргізуші мерекелік кештер мен концертттерді, тџрлі кештерді џйірмелерді ұйымдастырушы.
Оқушылардың өткізілетін әрбір даталық, тақырыптық, өнертанымдық кештерді әзірлеу барысында балалар өз бетімен ізденуге, творчестволық қабілетін танытуға мџмкіндік алады. Өнерпаздық қабілеттері ұшталып, арман қиялдарына қанат бітеді. Сондықтан жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларды дәстџрімен, өнер атты әлемнің шоқтығы биік жұлдыздары шығармашылығымен таныстыру, олардың ой- пікірін оқу тәрбие ісінің тірегін айналдыру- бџгінгі кџннің өзекті мәселесі деуімізге әбден болады.
Біздің дәуірімізде мектеп жастарын тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде ән- музыканың , сабақтан тыс көркемөнер џйірмелерін жџргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық тәрбиенің, оның ішінде сыныптан тыс жұмыс жџргізудің мақсаты жастарды білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық тәрбие жұмысын жетілдіру мәселесіне зор көңіл бөлінеді.
Білім беру жџйесінің ажырамас бөлігі оқушылармен жџйелі тџрде сыныптан тыс тәрбие жұмысын жџргізу. Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыурға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мџмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтады. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері мен ата- аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе оқушылар ішіндегі ең белсенді, дарындыларды жџргізеді. Әр педагог сыныптан тыс жџргізілетін тәрбие жұмысының жџйесін ұтымды ойластыруға міндетті.Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін кеңейте, молықтыра тџсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта тџсерліктей болғаны жөн. Мұндай істердің барлығы да, бұл тәрбие жұмысының материалының мазмұныдылығы методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Ең алдымен, оқушыларға әңгіме тақырыбын ұғындырып, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалім тапсырмасын орындай отырып, бұл жұмыстың мазмұнына қанығады, оның пайдалы жағын ұғынады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын жџргізгенде еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жџргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн. Ол џшін мұғалім оқушыларды тџгелдей қатыстыра отырып, оларға тџрлі тапсырмалар беріп, әр оқушының шамасына қарай, нәтиже алып, ұялшақ, бұйығы, џлгерімі нашар балаларға көмектер көрсетіп, қабілетін арттыру џшін іске џздіксіз жаттықытурға міндетті. Мұның өзі жџйелі және творчестволық жоспарлы еңбек арқылы іске асады.
Сыныптан тыс жұмыстарды мазмұнды жџйелі жџргізу арқылы осы жұмыстар жөнінде оқушылармен џнемі пікірлесіп, ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың жеке істер жџргізуіне, еркін ұсыныстар айтуына шек қойылмауы керек.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен олардың белгілі бір өнер тџріне бейіміділігін ескере отырып ұйымдастырылады.Осы мақсатта алуан тџрлі џйірмелер, қоғамдар, клубтар мен студиялар құрылуда. Олардың ішінде оқушыларға тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар џйірмелері ерекше орын алады. Қазіргі кезде көркемөнерпаздар џйірмелері жоқ мектептер кемде-кем. Халық музыкасын оқушылардың музыкалық- эстетикалық жән адамгершілік тәрбиесін жетілдіруде пайдалану мәселері А.Нұғманова, Т.Тұрсынов,А.Хасанов т.б зерттеулерде айтарлықтай көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани дџниесіне ықпалы зор тәрбие құралы екендігі дәлелденген.
Қоршаған дџние, табиғи орта, кџнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауық кештері, қарым- қатынас жасап араласып жџретін балалардың моральдік бейнесі, тәртібі, қазақ халқының салт- дәстџрі музыкалық-эстетикалық тәрбие құралының тиімді тџрлері болып табылады.
Жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беріп, сезіміне ықпал етуде атап өткеніміздей халықтың салт- дәстџрі, әдет- ғұрпы, музыкалық шығармалары, ән- кџйлері, аңыз- кџйлері, мақал- мәтелдері, жыр- дастандары, қолданбалы өнері, ою- өрнектері т.б. эстетикалық мәні бар өнер шығармалары пайдаланылады.
Қазақтың халықтық педагогикасында музыкалық- эстетикалық тәрбиенің құралдары сан алуан. Халқымыз “Ақылды болсаң, ән тыңда”, “Ән - көңілдің ажары”, “Ауылдың алты ауызы”, “Қонақ кәде” айту, кџй шерту, кџй жарысы, айтыс, терме айту, сазды ойындар ойнау, би билеу сияқты құралдары отбасында ,мерекелерде, той думандарда т.б. салт-дәстџр арқылы тәрбиелеген.
Оқушыларды концерттерге , театрға, киноға, көрмелерге ұжымды тџрде баруын ұйымдастыру мұғалімнің сыныптан тыс дәстџрлі шараларына айналған. Тағы бір сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда кітапханалардың џлесі өте зор. Олар музыка және музыканттар туралы, театр және кино актерлері, әнші, кџйшілер туралы көрмелер ұйымдастырады. Мысалы : “Ұлы дала кџйшісі-Құрманғазы” . Соған байланысты көрме ұйымдастырылып, оған өмірбаяны, кџйлері және кџйлерін жеткізуіші шәкірттері туралы мақалалар көрсетіледі.
Барлық мектептен тыс мекемелердің мақсаты- балаларды әсемдік әлеміне, мәдениет жетістіктеріне тарту, тұтас алғанда шығармашылық қабілетін дамыту, жан- жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу. Ал мұның өзі џйірмелердің алуан тџрі : хор, вокал, би, аспаптық, оркестрлік џйірмелер арқылы жџзеге асады. Олар оқушылардың музыкалық даярлығын тереңдетудің аса маңызды факторы болып табылады.
Негізінен алғанда оқушыларға сыныптан тыс уақыттарда музыкалық білім берудің бірнеше тџрі бар. Ондай жұмыстарға :
Өнер сџюшілер клубы
Өнер туралы мектептік кештер
Эстетикалық мақсаттағы саяхаттар
Өнерқайраткерлерімен кездесулер
Пікірталас кештері
КВН
Әдеби-музыкалық кештер т.б.
Өнер сџюшілер клубын өнер сџюшілер џйірмесі деп те айтуға болады. Бұл клубқа мџше болған мектеп оқушыларынң бәрінде бірдей өнер қабілеті бар деп айту қиын. Алғашқы џйірменің алдына қойған мақсаты- оқушыларға өнердің әр тџрі туралы элементарлық тџсінік беруден басталады.
Әдемілікті сџйсіне сезініп, ұнату бағалай білу қабілеті оқушының бойына бірден бітпейтінін тек дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің, алған білімнің нәтижесінде, ең алдымен жоғары идеялы, шын мәніндегі көркем шығармаларды оқып џйрен, өнер , техника туындыларын меңгеру, табиғаттың тамаша көрінстерінің адам мақсатына лайық әсер етуі арқылы дамитыныдығын естен шығармау қажет.
Оқушылардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын дамытып, тәрбиелеу сыныптан тыс уақыттар мен сабақ оқыту процесінде іске асырып отырады. Әсіресе әдебиет, ән – кџй, музыка сабақтары оқушылардың эстетикалық талғамын арттыра тџседі және бұларға деген олардың сџйіспеншілігін шыңдай тџседі. Оқушылардың сыныптан тыс уақыттарда жџргізетін өнер сџюшілер клубы жұмыстарының тџрлері көп. Бұларға : хор, оркестр, балалар театры, бейнелеу студиясы, мәнерлеп оқу жатады. Эстетикалық тәрбие беру ісінің ең негізі- оқушылардың өмір мен өнегеге деген ынтасын арттыру. Сондай- ақ өмір мен өнердегі озаттық пен жарасымдылыққа ынтық та құштар болып, шын өнерді боямадан айыр білу, сонымен қатар саяси қозқарасын қалыптастыру, өмір мен өнердегі тартымдылықты тартымсыздықтан айыр білетін етіп тәрбиелеу- басты роль атқарады. Содан кейін џйірме мџшелерінің әрқайсысы өздері сџйетін өнер тџріне бейімділігін анықтап, олардың өз тілектеріне қарай шағын топтарға бөліп, музыка, мџсін өнерлері мен әдебиет сџюшілер тобына жазады.
“Музыкалық өнер сџюшілер клубы” арқылы эстетикалық тәрбие беру. Музыка өнері туралы тџсінік алғаннан кейін қазақ халқының композиторлары Құрмағазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина туралы қысқаша таризхи тџсініктер алады және олардың кџйлерін тыңдап көреді.Музыканың әуені мен мазмұны оқушылар жџрегінде жаңа жақсы сезім туғызып, оның эмоциялық әсер алу қабілетін ілгері дамытады, олардың бойында ұнамсыз әдеттердің, мәдениетсіздіктің болмауына жәрдемдеседі. Сонымен қатар музыканы тыңдап - өсуіне , тџсінуіне оқушыларды жарқын сезімге, өмір қуанышына бөлейді.
Сыныптан тыс өтілетін жұмыстардың тәрбиелік пәрменділігі оқушылардың жас шамаларына, өзіндік жеке дайындығына байланысты.
Эстетикалық тәрбиеде , сонымен бірге оқушылардың өлеңдерді, әндерді, әңгімелерді, ертегілерді қайталап қабылдау әдістері пайдаланылады.
Көріп отырғандай , эстетикалық тәрбиенің оқу процесіндегі мџмкіншіклетір ұшан- теңіз. Оларды тек пайдалана білу керек. Дегенмен де өнермен тікелей байланысты шешуші роль оқу сабақтарына байланысты.
Өнер адам сезіміне көркем образ арқылы әсер етеді, оның жарқын толғанысын оятады, әр тџрлі сезімдерді қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Сондықтан оқушылармен жұмыс жџргізген кезде , балаларға әсемдігін ашып, олардың рухани бейнелерін байыту џшін, қоғамдық қызметке деген белсенділігін оятып, адамның өмірдегі жақсы мұраттарын бекітуге бөгет болатындармен кџрес жџргізу џшін, өнермен шұғылдану жолында әрбір мџмкіндікті пайдалану қажет.
Сонымен музыка пәні мұғалімі оқушыларға музыкалық білім берумен қатар, жан- жақты дамып қалыптасуына жџйелі жџргізілетіні жұмыстар арқылы џздіксіз ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын музыка пәні мұғаліміне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне байланысты. Олай болса, музыка пәні мұғалімінің жеке басы қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен біліктілігі т.б. жатады. Бұл талап музыка пәні мұғалімінің өзін- өзі тәрбиелеу процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |