Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14.
№13 дәріс тақырыбы: М.Әуезов туындыларының әлем
тілдеріне аудырылуы.
Дәріс тезисі: Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов
туындыларының әлем тілдеріне аудару қазақ сөз өнерінің
құдыретін әлемге таныту болып табылады. «Абай жолы» роман-
эпопеясын француз, ағылшын, қытай, түрік тілдеріне аударуда
маңызды қадамдар жасалуда. Францияда Луи Арагон ықпалымен
Антуан Витез Абай, М.Әуезов шығармаларын аударды. «Антуан
Витездың жұбайы: «Ол «Абай жолының» орыс тіліндегі
нұсқасына көңілі толған жоқ. Түрік тілін жетік білетін достарын
үйге шақырып алды. Бір қазақты тапты. Ол қазақ тілінде оқып,
оның әуенін жеткізіп отырды. Романның әуені мен ритмі мен
үшін өте қажет дейтін. Кішкентай балаларымыз бар. Ол кезде
жаспыз. Антуан күнде кеш батқанда жанына үйдегілерді
шақырып алып, аударғандарын оқиды. Менің мақсатым –
француз тілінде Әуезов романының ритмикасын сәйкестендіру.
Ол формасына да үлкен мән берді», – деп айтқан. «Абай жолы»
бұл – Батыс үшін ашылған жаңа әлем. Мамандар салыстырып:
««Абай жолының» ең сәтті аудармасы француз тілінде» деп әділ
бағасын берген. Өкінішке орай, ағылшын тілінде Әуезов жоқтың
қасы. Кезінде Мәскеуде «Прогресс» деген баспада «Абай жолы»
ағылшын тіліне аударылған. Кеңес әдебиетін шетелге насихаттау
мақсатымен көптеген дүниелер тәржімаланды. Таза саясат
болатын. Сапасы сын көтермейтін. Зауыт секілді келген
кітаптарды тарсылдатып тез-тез аударатын. Соның ішінде «Абай
жолы» романы да бар. Шығарма қатал цензураға ұшырап,
туындыны қысқартып, біршама жерін алып, Құнанбайдың
бейнесін мүлде өзгертіп тастаған. Сондықтан «Абай жолы»
романы ағылшын тіліне аударылған деген сөзге сенуге болмайды.
Елуінші жылдарда жазушы қиын кезеңдерді бастан өткерді.
Іздеуде жүріп, Мәскеуге ұшып кетуге мәжбүр болды. Бірақ
Құдайға шүкір роман француз тіліне керемет аударылды. Бұл тек
қана Әуезов пен Абай үшін ғана емес, қазақ әдебиеті, қазақ ұлты
24
үшін үлкен мақтаныш. Осы тұрғыда қазақ халқы Луи Арагон мен
Антуан Витездың есімін ұмытпауы керек.