Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекеттiң пайда болу себептерi. Мемлекеттiң пайда болу



бет2/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 Мемлекеттiң пайда болу себептерi. Мемлекеттiң пайда болу
формалары.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзаққа созылған даму процесі біртіндеп, оның сапа жағынан өзгеруіне алғышарттар жасады. Еңбек қүралдарының жетілуіне байланысты, өндірушілік дағдылар қалыптасып, еңбек өнімділігі, мәдениеттілік, адамгершілік негізінде дамиды. Қоғам мүшелерінің мүдделері әр түрлі болып, қарама-қайшылықтар туа бастайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан, сапалы жаңа өндіріске көшуде ең маңызды рөл атқарған коғамдағы еңбектің бөліну процесі, себебі, әйел мен еркектің арасындағы еңбектің қызметі олардың табиғатына қарай белгіленгендігінде. Ең бірінші, үлкен қоғамдық еңбектің бөлінуіне мал бағумен, жерді игеру жүмыстарының бір-бірінен даралануы жатады. Келе-келе жерден кәсіпкерлік бөлінді. Кейіннен, белгілі адамдар тобы дараланып тауар айналымымен шүғылдана бастайды, оларға саудагерлер жатады.
Қоғамдык еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек қүралдарының жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Осындай жағдайда жеке адамдардың өз өміріне кажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жске меншіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедсй адамдар пайда болып, олардың мүдделері бір-біріне қарама-қайшы келе бастайды. Әр отбасы өзінің тәуелсіздік жағдайын жасауға үмтылатын болды.
Бұл экономикалық жағдай рулық-тайпалық билікті қүруға мүмкіндік бермеді. Қоғамдық билік мүдделері сәйкес келмейтін адамдарды басқаратын коғамға әлі икемделмеген еді. Сондықтан, коғамға өзінің әрбір мүшелерінің мүдделерінің ерекшеліктерін, басқа мүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін өкімет органдары қажет болады. Қоғамдық катынастарды үйлестіру, мүндай жағдайда, өзінің тепе-теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайларына байланысты топтарға (кластарға) бөлінуі объективті түрде, бірінші жағынан үстем таптын мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап етеді.
Алғашқы қауымдық қоғамды жақсы түсіну үшін, осы қоғамның дамуын, тарихи кезендерін сипаттайтын ғылымдарға көңіл аудару қажет. Басқаша айтқанда, бүл қоғамның бір орында тұрмай даму үстінде болғандығы және белгілі кезеңдерден өткендігі туралы болып отыр. Осындай кезеңдердің бірнеше түрлеріне, жалпы тарихи кезең "неолиттік" революцияны жатқызуға болады.
"Неолиттік" революция ұғымын тарихи ғылымға ағылшын археологы Г. Чайлд XX ғасырдың ортасында енгізген.
Адам баласының бұл өтпелі дәуірі жер шарының әр ауданында әр түрлі болғандығы, бірнеше мывдаған жылдарды камтитыны белгілі.
Жоғарыдағы көрсетілген өтпелі дәуір алғашқы коғамның материалдық негізін сала отырып, оның әлеуметтік рухани дамуының негізін қалады. Сондықтан ол кезеңді шын мәнісіндегі бірнеше мың жылдарға созылған адам өміріндегі алғашқы революция деп айтуға әбден болады.
Сонымен "неолиттік" революция адам баласының өндірістік экономикаға келуіне мүмкіндік жасады, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуіне, таптардың пайда болуына әкеліп соқтырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет