Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекет механизмi ұғымы және құрылымы



бет9/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
6 Мемлекет механизмi ұғымы және құрылымы.
Мемлекеттің саясаты, оның стратегиясы мен тактикасы мемлекет механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі - мемлекеттің функциясын (кызметін), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында "мемлекет механизмі" және "мемлекеттік аппарат" түсініктері синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген органдарды жатқызады, ал "мемлекет механизмі" түсінігіне мемлекеттік аппараттың "материалдық қосылымдары" кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет механизміне - қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізгі мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік механизмнің жалпы сипаттағы белгілері мынадан көрінеді:
Біріншіден, мемлекет механизмі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік механизм органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық кызметтері ұйымдастыру және қаржы (финанс) құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет механизмі азаматтардың заңды мүдделерін, құкықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері кұқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адалдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, яғни оның функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекеттік орган мемлекет механизмінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Заң ғылымында мемлекеттік органдары өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет