Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекеттің таптық мәнi және мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк мәнi



бет4/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
4 Мемлекеттің таптық мәнi және мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк мәнi.
Мәнділік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан бөліп алатын, зерттелетін құбылыстың басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі
пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттің мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұл бір жақты, демек - ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп саятындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану мүмкіндіктерінен айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді. Ал В. И. Лениннің сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық, және капиталистік мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен кагшталистер тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудін белгілі негізі бар және көбінесе қоғамдық даму тәжірибесімен расталады. Адамзат тарихының бірнеше кезеңдері бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан қоғамның манызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бір тап екіншiсін құлатып, өз үстемдігін орнатты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық сахнадан кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.
Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық кажеттілікпен мақсаттылық тұрғысынан пайымдалған бұл факт мемлекет туралы таптық ілімнің негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін сақтау үшін, бір тапты екінші тап қанау үшін үстемдігін қолдайтын машина болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет